Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10890 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8648 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
1-қосымша
  Үлгілік нысан

_________________________________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы) 20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Жылдар

Жиыны

Аяқтау нысаны

20_

20_

20_

1. Аңшылық алқаптарды қорғау

1.

Жануарлар дүниесі объектілерін қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды жүргізу *(рейдтер саны / километр)





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет

2.

Аншлагтар: *
орнату (дана);
жаңарту (дана);





Орындалған жұмыстар актісі

3.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау*:
мақалалар (дана);
буклеттер (дана);
сұхбат (дана).





Мақалалар, эфирлік анықтама

4.

Қорықшылық қызметті қамтамасыз ету*:
арнайы киіммен (комплект);
жанар-жағармай (литр);
қызметтік қарумен (бірлік);
байланыс құралдарымен (дана).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

5.

Ұшқышсыз ұшатын аппараттарын сатып алу (бірлік)***





6.

Фото тұзақтарды орнату (бірлік) ***





7.

Бейнебақылауды орнату (бірлік) ***





2. Жабайы жануарларды есепке алу

8.

Жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алуды жүргізу (километр/ гектар) *





Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет

3. Өсімін молайту іс-шаралары

9.

Тұз жалау орындарын*:
Салу (дана)
Жаңарту (дана).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

10.

Тұз*:
сатып алу (килограмм)
Орналастыру (килограмм)





11.

Қосымша қоректендіру алаңқайларын жабдықтау (дана) *





12.

Жем астауларын жасау және орнату (дана) *





13.

Бұдан бұрын орнатылған жем астауларын жөндеу (дана) *





14.

Пішен*: дайындау (тонна);
орналасу (тонна)





15.

Астық қалдықтары*:
дайындау (килограмм);
орналасу (килограмм).





16.

Жемшөп алқаптарын егу (гектар)**.





17.

Жасанды су айдындарын құру (дана)**.





18.

Ремиздерді отырғызу (гектар)**.





19.

Жануарлар дүниесі объектілерін реинтродукциялау, Жануарлар түрі (дарақ)***.





Жануарлар дүниесін реинтродукциялауға рұқсат

20.

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіру, жануардың түрі (дарақ)***.





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

21.

Құрылыс * * (жалға алу): қоршаулар (гектар/жануар түрі), питомниктер (дана/жануар түрі).





4. Аңшылық шаруашылығы іс-шаралары

22.

Қорықшы кордондарын салу** (жалға алу) (дана),
техниканы (бірліктерді) сатып алу (жалға алу).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

23.

Ветеринариялық қызметтер жүгінген жағдайда, тиісті аймақтың ветеринариялық қызметтерімен жабайы етқоректі жануарлардың құтыру ауруына қарсы алдын-ала иммунитеттеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу (қорек арқылы иммунитеттеу үшін брикет-қармақжемдерін тарату дана/гектар)





Орындалған жұмыстар актісі

      Ескерту:

      * - іс-шаралар орындау үшін міндетті болып табылады.

      ** - егер аңшы пайдаланушы бекітілген аңшылық алқаптың жер иесі болып табылса, іс-шараларды орындау.

      *** - іс-шаралар ұсынымдық сипатқа ие, олардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты аңшы пайдаланушының қалауы бойынша орындалуы.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
2-қосымша
  Үлгілік нысан

Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспары

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.