"Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 75-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысына қосымша |
Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2024 № 591 қаулысымен.
Р/с № | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
1-сынып – "қызметке берілетін рұқсаттар" | ||
1. | Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат беру | Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат |
4-сынып – "ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар" | ||
2. | Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою | Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық |
3. | Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру | Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат |