Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10929 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/158 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері

      Ескерту. Мөлшерге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.05.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


п/п

Жабайы хайуанның атауы

Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін)

1

2

3

Жердегі сүт қоректілер

1

Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы)

1500

2

Ілбіс*

2000

3

Борсық

10

4

Тиін

5

5

Құндыз

15

6

Қызыл қасқыр*

600

7

Орта азия кәмшаты*

400

8

Терістік кәмшаты

10

9

Сусары

10

10

Қабылан*

2000

11

Ақкіс

10

12

Қарақұйрық*

400

13

Үнді жайрасы*

200

14

Қара кірпі

5

15

Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян)

5

16

Доңыз

250

17

Құдыр

250

18

Қарақал*

600

19

Құндыз жарғанаты

100

20

Сібір тау текесі

250

21

Сасық күзен

10

22

Қарсақ

5

23

Елік

250

24

Шағыл мысығы*

200

25

Ала аяқ мәлін

5

26

Түрікмен құланы*

2000

27

Ақтөс* және орман* сусарысы

200

28

Ақ құлақ

10

29

Түлкі

5

30

Бұлан

500

31

Сабаншы*

300

32

Қоңыр аю

200

33

Тян-шань қоңыр аюы*

700

34

Балжегіш аю*

600

35

Американ күзені

10

36

Еуропа күзені*

600

37

Теңбіл бұғы*

700

38

Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы)

200

39

Су тышқан

5

40

Шұбар күзен*

200

41

Ала жертесер

5

42

Құну

100

43

Түркістан сілеусіні*

200

44

Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа)

20

45

Жолман*

200

46

Серке киік*

500

47

Ұрғашы киік, төлі*

350

48

Бүрме ерінді жарқанат*

200

49

Үлкен көртышқан*

200

50

Жанат текті ит

10

51

Бұлғын

40

52

Саршұнақ

5

53

Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр)

10

54

Мензбир суыры*

400

55

Балпақ-зорман

5

56

Сасық күзен

5

57

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері

100

58

Сүтқоректілердің басқа да түрлері

5

Құстар

59

Қара ләйлек*

200

60

Үлкен, кіші суқұзғын

1

61

Ителгі*

700

62

Бүркіт*

400

63

Сақалтай*

400

64

Тарбақ шырғалақ*

200

65

Тарбақ (үлкен және кіші)

5

66

Үлкен және кіші әупілдек

5

67

Қызыл және қара мамыққаз

10

68

Саңырау құр

10

69

Құр

5

70

Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген)

10

71

Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі)

5

72

Қутұмсық қаз*

600

73

Тұрымтай

5

74

Жек дуадақ*

700

75

Дуадақ*

700

76

Ақбас тырна*

100

77

Сұр тырна*

200

78

Жыланжегіш қыран*

400

79

Қызыл жемсаулы қараша қаз*

200

80

Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары)

10

81

Қарабай*

100

82

Бақылдауық

5

83

Кекілік

5

84

Қалбағай*

200

85

Сұнқар*

200

86

Тарғақ*

400

87

Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)*

200

88

Шалшықшы (ірі және орта)

5

89

Құмай*

100

90

Шіл

5

91

Сұңқылдақ аққу*, кішісі*

400

92

Сыбырлақ аққу

50

93

Құладын (батпақ құладынынан басқасы)

5

94

Қасқалдақ

5

95

Шыбыншы торғай*

100

96

Бақалтақ қыран*

100

97

Дала қыраны

20

98

Жыртқыш қыран

20

99

Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт*

400

100

Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан*

400

101

Бөдене

5

102

Ақ құйрық қызғыш*

200

103

Сұқсыр

5

104

Шаңқылдақ қыран

10

105

Көкқұс*

100

106

Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық*

200

107

Қарабауыр шіл

5

108

Убақ*

100

109

Лашын*

600

110

Балықшы тұйғын*

600

111

Жапалақ, байғыз (үкіден басқа)

5

112

Ақ тырна*

700

113

Алтай ұлары*

200

114

Гималай ұлары

10

115

Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы)

5

116

Қырғауыл

5

117

Үкі*

200

118

Қоқиқаз*

400

119

Дара шағала*

200

120

Бидайық*

700

121

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың басқа да түрлері

100

122

Басқа да құс түрлері

5

Бауырымен жорғалаушылар

123

Сұр кесіртке

20

124

Сары қыран кесіртке

1

125

Шұбар батбат

1

126

Сары қыран әбжылан

1

127

Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар)

1

128

Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар

1

129

Улы сұр жыландар

1

130

Қалқантұмсық жылан

2

131

Тасбақалар

2

132

Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері

1

Қос мекенділер

133

Жетісу бақатісі

100

134

Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері

1

Жәндіктер

135

Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына енгізілген қоңыздар мен көбелектер

3

136

Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер

0,5

137

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жарғаққанаттылар

3

138

Жабайы аралар (ұясы үшін)

0,5

139

Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері

0,5

Өрмекші тектілер

140

Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері

0,2

Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері

141

Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)*

300

142

Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін)

100

143

Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін)

100

144

Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін)

100

145

Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін)

100

146

Сүйрік (бір килограмм үшін)

100

147

Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін)

1,2

148

Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін)

1,3

149

Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін)

0,4

150

Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін)

0,8

151

Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін)

1,7

152

Каспий итбалығы (бір дарақ үшін)

193

153

Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін)

1,2

154

Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін)

3

      Ескертпелер:

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:

      әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;

      әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.