"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына 1-қосымша |
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі стандартта көрсетілген.
5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының жоғарғы заңгерлік білімі туралы (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарғы заңгерлік білімді растайтын құжаттың (диплом) электрондық көшірмесі талап етіледі), соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына талаптарды жолдау жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1 | көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезінде – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушыларға Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшамен бекітілген |
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға/лицензияны қайта ресімдеуге/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беруді/лицензияны қайта
ресімдеуді/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетілсін)
Заңды тұлғаның мекенжайы (лары) ______________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
__________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондар _______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы,
__________________________________________________________________________
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________
Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшамен бекітілген |
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ақпарат
1) ___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
2. Күзет ұйымы басшысының, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері басшыларының біліктілік талаптары туралы мәліметтер
1) ____________________________________________________________________
(мамандығы және біліктілігі)
2) ____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғарғы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні)
3) ____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
4) ____________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні)
5) ____________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстан өткені туралы куәліктің нөмірі және берілген күні)
6) ____________________________________________________________________
(даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының атауы және заңды мекенжайы)
7) ___________________________________________________________________
(теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтер)
8) ___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшалары бойынша еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер)
3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымына, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер ("Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрін алған кезде толтырылады)
1) ____________________________________________________________________
(меншік құқығында кеңсе үй-жайдың болуы (ия/жоқ))
2) ____________________________________________________________________
(кеңсе үй-жайға құжаттың кадастрлық нөмірі (меншік құқығында болған жағдайда толтырылады)
3) ____________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың болуы (ия/жоқ))
4) ____________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және күні (болған жағдайда толтырылады))
5) _____________________________________________________________________
(мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) саны)
6) _____________________________________________________________________
(мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына) арналған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің нөмірі мен күні)
7) _____________________________________________________________________
(қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың нөмірі мен күні)
4. Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу туралы мәліметтер
1) _____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының нөмірі және күні)
5. Лицензиялық алымды төлеу
1) _____________________________________________________________________
(сомасы және төлеу туралы түбіртектің нөмірі және күні)
6. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту
1) _____________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат бергені үшін)
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Лицензия
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
___________________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________ айналысуға
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
Ерекше шарттары __________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына сәйкес)
Ескерту: __________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкілетті адам) ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Алғашқы берілген күні: "____" ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу мерзімі: "____" ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Лицензияға қосымша
Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) ________________________________
__________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат ________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Өндірістік база және/немесе объект ___________________________________________
(орналасқан жері)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары _______________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына сәйкес)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкілетті адам) ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қосымшаның нөмірі _________________
Қолданылу мерзімі "____" _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні _______________ 20 ____ ж.
Берілген орны _______________________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына 2-қосымша |
"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі стандартта көрсетілген.
5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жолдайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын, санитарлық нормаларға лайықты сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 28.09.2020 № 647 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 3 (үш) күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күні ішінде "Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын әзірлейді (бұдан әрі – Бұйрық), оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) мүдделі қызметтеріне және ІІМ-нің Қоғамдық кеңесіне құқықтық және редакциялық сараптамаларға жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сарапшылардың қорытындыларын алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күні ішінде Бұйрық жобасын келіседі (келісу парағы), оған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (Бұйрық) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1 | көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Күнтізбелік 20 (жиырма) күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауға арналған өтініші
________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді
даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын
айқындауды сұраймын _____________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
_________________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондар ______________________________________________________________
Факс ____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ___________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
__________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ____________
Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау бойынша мәліметтер нысаны
1. Жалпы ақпарат
1. ______________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2. ______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
3. ______________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
4. ______________________________________________________________________
(құрылтайшының (директордың) тегі аты-жөні, ЖСН, азаматтығы)
2. Меншік құқығындағы атыс тирі
5. ______________________________________________________________________
(кадастрлық нөмірі, мекенжайы, ауқымы, меншік құқығы)
3. Рұқсаттардың болуы
6. ______________________________________________________________________
("Атыс тирін (атыс орны) және стендтерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат
беру" қызметі бойынша рұқсаттың көрсетілетін қызметті алушыда болуын тексеру)
7. ______________________________________________________________________
("Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және
тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама" хабарламаның көрсетілетін
қызметті алушыда болуын тексеру)
4. Қоса берілетін құжаттар
8. ______________________________________________________________________
(тексеру акті, мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар, оқу бағдарламалары мен
оқу жоспарлары)
5. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту
9. _____________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабаның 2-бөлімі бойынша лицензия
алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат беру үшін)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына 3-қосымша |
"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі стандартта көрсетілген.
5. Құжаттарды Портал арқылы тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жолдайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құратын күзет ұйымын құруға алдын ала келісімін растау үшін монополияға қарсы органға хат жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері монополияға қарсы органнан жауап алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім – хатты әзірлейді, келіседі және басшысы қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 27.06.2024 № 519 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2021 № 171 (17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2021 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1 | көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісуге арналған өтініші
________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын келісуді сұраймын __________________
________________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
________________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондар ______________________________________________________________
Факс ____________________________________________________________________
Банктік шот ______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы __________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
_________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________
Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған);
2. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11132 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 23 шілдеде № 140 (28868) болып жарияланған);
3. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11100 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 23 шілдеде № 140 (28868) болып жарияланған);
4. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11368 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);
5. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11358 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);
6. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11352 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);
7. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 мамырда жарияланған);
8. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 мамырда жарияланған);
9. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 шілдеде жарияланған);
10. "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 441 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15279 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған);
11. "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16827 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 мамырда жарияланған);
12. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 454 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 шілдеде жарияланған);
13. "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17710 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада жарияланған);
14. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 895 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17996 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған);
15. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18385 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 наурызда жарияланған);
16. "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18386 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 наурызда жарияланған);
17. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18423 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 сәуірде жарияланған);
18. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18543 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 сәуірде жарияланған).