"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі і

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15083 болып тіркелді. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11132 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 29 шілдегі № 140 (28868) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде– 30 жұмыс күні;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті берушінің берген рұқсаттары туралы мәліметтер "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама нысанында бұйрықтың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда рұқсат бұйрық көшірмесі түрінде беріледі.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) барлық құрылтайшылары мен басшыларының (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және ЖСН) мәліметтерін көрсете отырып еркін нысанда өтініш;

      2) жарлық көшірмесі;

      3) сабақтарды өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің көрсетілетін қызметті алушыда оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар-жоғын растайтын тексеру актісі;

      6) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдысы бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдыларының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

      8) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының көшірмелері;

      9) белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтауға арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері (не қаруды сақтау шарты);

      10) көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылар) мен басшыларына қатысты психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамалары.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) жарлығының электрондық көшірмесі;

      3) сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің қызмет алушыда оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар-жоғын растайтын тексеру актісінің электрондық көшірмесі;

      6) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдысы бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      7) оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдыларының бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері);

      8) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;

      9) белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтауға арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (не қаруды сақтау шарты);

      10) көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылар) мен басшыларына қатысты психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер беретін медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын және сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын мәліметтерді, сондай-ақ соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-1-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің және (немесе) оның лауазымды тұлағаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым:

      1) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК) басшысының атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымдарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағыммен сотқа жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электронды нысанда жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 наурыз