Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10371 тіркелді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________Ә. Исекешев


      201 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 29 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 959 бұйрығымен
бекітілген

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2021 № 146 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 19.08.2021 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Біліктілік талаптар

Құжаттар

Ескертпе

1-тарау. Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымын:

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ

Жеке куәлік

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі – ЖТ МДБ) алу

2.

жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі жоқ

Диплом немесе еңбек қызметін растайтын мәліметтер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕжХӘҚМ АЖ) ақпараттық жүйесінен алу

3.

арнайы даярлықты өтпеген

Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі

Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады

4.

психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) алу

5.

қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар

Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Арнайы есеп" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК АЕ ААЖ) алу

6.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК АС) алу

7.

күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

8.

бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған

9.

мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған

Еңбек қызметін растайтын мәліметтер

ҚСжАЕАК АС-тен алу

10.

бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымын атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды

ҚР ЕжХӘҚМ АЖ-дан алу

2-тарау. Күзетші лауазымын:

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ

Жеке куәлік

ЖТ МДБ-дан алу

2.

жасы 19-дан төмен

3.

арнайы даярлықты өтпеген

Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі

Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады

4.

психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар

ҚР ДСМ АЖ-дан алу

5.

қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар

Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама

ҚСжАЕАК АЕ ААЖ-дан алу

6.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер

ҚСжАЕАК АС-тен алу

7.

күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

8.

бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған

9.

мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған

Еңбек қызметін растайтын мәліметтер

ҚСжАЕАК АС-тен алу

10.

бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды

ҚР ЕжХӘҚМ АЖ-дан алу

3-тарау. Жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктері террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін:

1.

күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің

күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия

"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) алу

2.

меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жайының

Орталықтандырылған күзет пунктінің жұмыс істеуі үшін алаңның болуын растайтын меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты

"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен алу не жалға алу шарты

3.

орталықтандырылған бақылау пультінің

Штаттық орналастыру.
Мыналардың:
1) күзет объектілерінде орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарынан сигналдарды қабылдауды жүзеге асыратын компьютерлік техниканың және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етудің;
2) күзет объектілерінен деректерді сақтауға арналған меншікті қорғалған сервердің

болуын растайтын техникалық құжаттама (түгендеу нөмірлері, жүкқұжаттар, фискалдық чектер немесе басқа құжаттар)

Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды

4.

радиобайланыстың

Тиісті радиожиілік органы берген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік (жалға алу) қызмет көрсетуге арналған шарт

Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды

5.

объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі мобильді топтарының (жедел ден қою топтарының)

Меншік құқығындағы көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды

Штаттық орналастыру және қызметкерлер санының нормативін негізге ала отырып, мобильді топтарды (жедел ден қою топтарын) құру және қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар

6.

қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуын көздейтін талаптарға сәйкес келуі тиіс

Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат

ЕЛ МДБ АЖ-дан алу

4-тарау. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1.

Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген талаптар;

Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген құжаттар тізбесі


2.

Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі.

Уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісуі

Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісім-хат