"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11143 тіркелді. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________Ә. Исекешев

      201 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________Е. Досаев

      201 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________М. Құсайынов

      201 жылғы "___" _________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген

"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

      лицензия берген кезде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алты айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады.

      Көрсетілетін қызметті алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден он пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен төрт АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады.

      Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден жүз пайыз мөлшерінде алынады.

      Алым сомасы лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

      Порталға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу кезінде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар) мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталға құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін өтініштін қабылданғандығы туралы белгі пайда болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.03.2019 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;

      2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының келісуші мемлекеттік органның лицензия беруге келісім хатын ұсынбауы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық шағым жібергін кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін.

  "Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ________________________________________________________

      (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________________

      Телефондары ________________________________________________________

      Факс _______________________________________________________________

      Банк шоты __________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Басшы ____________       _______________________________________________

      (қолы)                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны       Толтырған күні: 20 __ жылғы "___" ________________