"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18386 болып тіркелді. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар) мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталға құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін өтініштін қабылданғандығы туралы белгі пайда болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі