Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қарашада № 19647 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 196 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 211 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4439 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінде № 201 (1007) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 болып тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 23-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 14 жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 13-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 13-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13226 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13252 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13286 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13276 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13223 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13279 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16800 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 133 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17243 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17691 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17972 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      16. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18137 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18178 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      18. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 324 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18165 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      19. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19230 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).