Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13223 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында келісім жасау тәртібі";
"3-тарау. Операциялар және мәмілелер";
"4-тарау. Валюта өктемдігі және валюталық мәмілелер";
"5-тарау. Депозиттер (депозиттік салымдар) және депозиттік аукцион";
"6-тарау. Бағалы қағаздармен мәмілелер";
"7-тарау. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер";
"8-тарау. Қарыздар беру";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Тұрақты қолжетімді қарыздар кері РЕПО операциялары арқылы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Ұлттық Банк қарыздардың өзге түрлерін Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес береді.";
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер".
2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |