"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 324 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 18165 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13286 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруына қолданылмайды.";

      2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті бөлімшелердің функциялары";

      "3-тарау. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруы";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруды тиімді жүзеге асыруы мақсатында клиент дербес немесе Ұлттық Банкпен бірлесіп активтерді басқарудың инвестициялық стратегиясын және бэнчмарк құрылымын не оның болмауын айқындайды.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуетті клиент сенімгерлік басқару шартын жасау мақсатында Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) клиенттің жазбаша сұратуларға қол қоюға уәкілетті қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжат үш данада;

      2) егер Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделмесе, клиенттің уәкілетті органының Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімінің көшірмесі;

      3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер клиент өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырса – қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттар.

      12. Сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк пен клиент арасында жазбаша нысанда жасалады.".

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев