Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13279 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидалары бекітілсін.

      2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ. осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 22 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі брокерлік қызметінің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі брокерлік қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы брокерлік қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңның және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарымен реттеледі және жүзеге асырылады.

      3. Ұлттық Банктің брокерлік қызметі деп клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға бағытталған қызмет түсініледі.

      4. Қағидаларда Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) биржа нарығы – сауда-саттықтарды тікелей жүргізу арқылы оларды ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықтарды ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастардың жиынтығы;

      2) биржадан тыс нарық – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының сауда-саттықтарды ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылмайтын қатынастарының жиынтығы;

      3) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бөлімшесі;

      4) инвестициялық кіріс – активтердің ақшалай көрсетілген, оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өсімі;

      5) клиент – Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес Ұлттық Банкпен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлға;

      6) клиенттің бұйрығы – қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға клиенттің нұсқауы бар өтінімі;

      7) мүдделер қақтығысы – Ұлттық Банк бірмезгілде брокер және қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болған кезде Ұлттық Банк пен оның клиентінің мүдделері өзара сәйкес келмейтін жағдай;

      8) сауда бөлімшесі – Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын бөлімшесі;

      9) сыртқы қаржы нарығы – шет мемлекеттік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында мәмілелер жасау процесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы;

      10) ішкі қаржы нарығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері арасында мәмілелер жасау процесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы.

2-тарау. Ұлттық Банк пен клиент арасында брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Брокерлік қызмет көрсету туралы шартты Ұлттық Банк клиентпен Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде қаржы құралдарымен өзара байланысты бір немесе бірнеше мәмілелер жасау мақсатында немесе клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасайды.

      6. Әлеуетті клиент брокерлік қызмет көрсету туралы шартты жасау үшін Ұлттық Банкке клиенттің бұйрығына қол қоюға уәкілетті клиенттің қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты үш данада ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнаманың және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

      Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт ол жасалғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей кейіннен брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың тұпнұсқасымен ауыстыра отырып, факсимильдік көшірмелерді алмасу арқылы жасауға рұқсат етіледі.

      8. Ұлттық Банк брокерлік қызмет көрсету туралы шартты жасау кезінде әлеуетті клиентке мүдделер қақтығысының ықтимал туындауы туралы жазбаша хабарлайды.

      Әлеуетті клиент брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес жазбаша нысанда өзінің әлеуетті клиент және Ұлттық Банк бірмезгілде брокер және қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болған жағдайда брокер ретінде Ұлттық Банк арасында мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін екені туралы хабардар екенін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделер қақтығысының бар екені туралы растаманы Ұлттық Банкке ұсыну арқылы растайды.

      9. Әлеуетті клиентпен брокерлік қызмет көрсету туралы шартты әзірлеу мен жасауды және сыртқы қаржы нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінде банк шоттарын ашуды сауда бөлімшесі жүзеге асырады.

      Клиенттердің бұйрықтарын қабылдауды және Ұлттық Банктің атынан және клиенттердің атынан қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды, брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес хабарламалар беру мен брокерлік қызмет көрсетуді сауда бөлімшесі жүзеге асырады.

      10. Ішкі қаржы нарығында қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін ағымдағы шоттар, қосалқы шоттар, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссиялар есептеу мен есептен шығару үшін шоттар ашуды, клиенттің қаржы құралдарын есепке алуды есеп айырысу бөлімшесі жүзеге асырады.

3-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Клиент қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттің бұйрығын Ұлттық Банкке ұсынылады.

      Клиенттің бұйрығына клиент немесе оның өкілі қол қояды және брокерлік қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімде екі данада Ұлттық Банкке ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сауда бөлімшесі клиенттің бұйрығын алғаннан кейін клиенттің бұйрығына қол қойған тұлғаның өкілеттігін және клиент бұйрығының Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және клиент бұйрығының клиенттің алғаны туралы белгі қойылған екінші данасын қайтарады.

      13. Сауда бөлімшесі:

      1) Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмеген;

      2) қаржы құралдарымен мәміле Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес келмеген жағдайда;

      3) клиенттің шотында мәміле орындау үшін қажетті ақша немесе қаржы құралдары болмаған жағдайда клиенттің бұйрығын орындауға қабылдамайды.

      14. Ұлттық Банк брокерлік қызмет шеңберінде жасайтын қаржы құралдарымен мәмілелер биржалық және сол сияқты биржадан тыс нарықтарда жасалуға тиіс.

      15. Сауда бөлімшесі тиісінше мәміленің жасалғаны расталғаннан кейін не клиенттің бұйрығын алғаннан кейін себептеріне көрсете отырып клиентке қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау туралы немесе жасауға мүмкін еместігі туралы уақтылы хабарлайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
брокерлік қызметінің
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мүдделер қақтығысының болуы жөнінде хабардар екені туралы растама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Клиент осымен брокерлік қызмет көрсету туралы жасалатын шарт бойынша мүдделер қақтығысының ықтимал туындауы туралы өзінің хабардар екендігін растайды және төменде баяндалған талаптарды толығымен қабылдайды.

      Мүдделер қақтығысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржы құралдарымен бір уақытта брокер және мәміленің тарабы (қарсы әріптес, сатушы/сатып алушы, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті) болған жағдайда туындайды.

      Ұлттық Банк мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүзеге асыру кезіндегі қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болып табылады:

      1) Ұлттық Банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу/сату кезінде;

      2) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу/сату кезінде;

      3) РЕПО мәмілелерін жасау кезінде (тура және кері);

      4) депозиттер қабылдау кезінде;

      5) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде;

      6) шетелдік валютамен мәмілелер жасау кезінде;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында жасалатын өзге мәмілелер жасау кезінде.

      Ұлттық Банк мүдделі тарап ретінде Клиентке мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда Клиент мүддесінің Ұлттық Банктің жүргізіп отырған мемлекеттік ақша-кредит саясатының мүддесінен жоғары қойылатынына кепілдік бермейді.

      Ұлттық Банк Клиентке мүдделер қақтығысы орын алатын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде ұсынымдар бермейді.

      ______________________________________             _________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   Клиенттің қолы, күні

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің брокерлік қызметінің
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Клиент бұйрығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      № ___________                         20___ жылғы "___"_____________

      Клиент__________________________________________________________

      Бағалы қағаздарға арналған депо қосалқы шоты __________________________

      Брокер (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) жүргізілетін мынадай мәмілелерді жүзеге асыруды сұраймыз:

      мәміле түрі ______________________________________________________

      сатып алу/сату, депозит, тікелей/кері РЕПО және тағы сол сияқты

      қаржы құралы __________________________________________________

      валюта, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және тағы сол сияқты)

      қаржы құралының бағасы _________________________________________

      (шамамен бағасы/бағамы/баға белгілеуі, баға/бағамы/баға белгілеу дәлізі)

      сыйақы (кірістілік) мөлшерлемесі ______________________________________

      қаржы құралының саны ____________________________________________

      мәміленің жалпы сомасы ___________________________________________

      депозитті орналастыру күні _________________________________________

      депозитті аяқтау күні _______________________________________________

      депозит бойынша сыйақы сомасы ____________________________________

      Клиенттің бұйрығын орындау мерзімі немесе күні _______________________

      Клиенттің бұйрығының қолданылуының аяқталу уақыты __________________

      Деректемелер ____________________________________________________

      Қосымша ақпарат (бағалы қағаздар бойынша):

      бағалы қағаздардың эмитенті _______________________________________

      ұлттық сәйкестендіру нөмірі_________________________________________

      шығарылған күні___________________ өтеу күні______________________

      Бірінші басшы ___________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер __________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      осы бөлікті сауда бөлімшесінің қызметкері толтырады:

      ___________________________________________________

                  Клиенттің бұйрығын қабылдау күні және уақыты

      ___________________________________________________

                  сауда бөлімшесі қызметкерінің тегі, аты