"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 126 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 тамызда № 19230 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметін жүзеге асыру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13223 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті – Ұлттық Банктің ұйымдық құрылымына кірмейтін, Ұлттық Банктің ішкі қаржы нарығында қалыптасқан ахуалды ескере отырып алдағы кезеңге арналған ақша-кредит саясаты саласындағы оралымды іс-қимылын айқындайтын консультативтік-кеңесші орган;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Теңгемен мәмілелер мен операциялар үшін "сut-off time" операцияның немесе мәміленің түріне қарай белгіленеді. Шетел валютасындағы мәмілелер мен операциялар үшін "сut-off time" орындау (есеп айырысу) үшін қажетті уақыты және әрбір жеке валюта үшін кастодиан және/немесе корреспондент банк белгілеген шектеулер сақтала отырып белгіленеді.

      Ұлттық Банктің мәмілелері мен операциялар үшін "сut-off time"-ды Ұлттық Банк белгілейді.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында депозиттік аукционды өткізеді және екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдауды жүзеге асырады.

      Ұлттық Банк Ұлттық Банкте банктік шоттарды иелерінен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдауды Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырады.

      Ұлттық Банкте жинақ шотын ашу депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру үшін міндетті шарт болып табылады.

      Депозиттік аукцион шеңберінде орналастырылатын депозиттерді (банктік салымдарды) қоспағанда, контрәріптестің Ұлттық Банкте операциялық күн ішінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті айқындаған мерзімге екі депозиттен (банк салымынан) аспайтын депозитті орналастыруына жол беріледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Депозиттік аукциондар және депозиттер (банктік салымдар) бойынша сыйақы сомасы қарапайым есептеу әдісі (сыйақыны есептеу депозит тартылған бірінші күннен бастап жүзеге асырылады) бойынша есептеледі, есептеу базасы ретінде ақшаның депозитте (банктік салымда) болу күндерінің нақты саны және жылына 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.

      Контрәріптестен қабылданатын депозиттің (банктік салымның) ең төмен көлемі:

      1) ұлттық валютада – 10 (он) миллион теңгені;

      2) шетел валютасында – 20 (жиырма) миллион АҚШ долларын құрайды.";

      28, 37 және 39-тармақтар алып тасталсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев