Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 28 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 457 бұйрығымен
бекітілген

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;

      2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға он сегіз жасқа толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту кезінде ұсынылады.

      6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.

      Емтихандар қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 1-өтініш) жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқада ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

      1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;

      2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;

      3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;

      4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;

      5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту негіздері "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда онда бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Ұсынылған құжаттарды қайтару мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі өткен соң өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, емтихан тапсырады.

3-тарау. Емтихандарды өткізу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Емтихандар өтініш берушінің теориялық білімін тексеру мақсатында өткізіледі.

      14. Емтихандар тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізуге даярлаудың үлгілік бағдарламасы көлемінде және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары (бұдан әрі - Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орнату және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.

      15. Емтихандарды өткізу нысаны - дара. Емтихан бір және бірнеше адамнан бір уақытта қабылданады. Бұл ретте бір уақытта емтихан тапсырушы адамдардың саны емтихандар тапсыру үшін жабдықталған жұмыс орындарының санына байланысты шектеледі.

      16. Емтихан тапсырған кездегі сұрақтар саны оннан аспайды. Емтихан тапсыру үшін бөлінген уақыт он бес минутты құрайды.

      17. Уақыт хронометражы емтихан тапсыру басталған сәттен бастап компьютерлік кешенмен жүргізіледі.

      18. Сұрақтарға жауаптар бірізділігін өтініш беруші дербес таңдайды.

      19. Емтихан өтініш берушіге арналған жұмыс орындарымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайында (емтихан сыныбында) өткізіледі.

      "Тестілеуді өткізу кезінде үй-жайды техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар осы Қағидаларға 2-2 қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Емтиханды өткізу кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіге көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) отыруды ұсынады. Кешен өтініш берушілердің АЖО қосылған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің орталық пультінен (бұдан әрі – ОП) тұрады. Әрбір АЖО клавиатурамен және монитормен жабдықталған.

      Емтихан басталар алдында мониторда АЖО нөмірі, жүзу ауданы және басқаруға емтихан тапсырылатын шағын көлемді кемелердің үлгісі, сондай-ақ осы АЖО белгіленген өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты енгізуді Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП арқылы жүзеге асырылады.

      Сұрақтардың емтихандық блогы өтініш берушінің АЖО клавиатурасында тиісті баспаны басқаннан кейін ғана монитор экранына қалыптасады және шығарылады.

      Емтихан барысында өтініш берушінің АЖО мониторы экранында емтиханның аяғына дейін қалған уақыт көрсетіледі.

      Емтихан тапсыру нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат өтініш берушінің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріліп болғаннан кейін немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін көрінеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      21. Емтихан аяқталғаннан кейін өтініш берушінің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.

      Емтихан нәтижесі өтініш берушінің АЖО-нан 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша басып шығару үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП-ге беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Емтихан барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда, өтініш берушіге қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.

      23. "Сынақтан өтті" деген баға өтініш беруші белгіленген уақытта сұрақтардың кемінде сексен пайызына дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда, өтініш берушіге "сынақтан өткен жоқ" деген баға қойылады.

      Ескертпе: "Сынақтан өтті" деген баға өтініш беруші емтиханға келмеген жағдайда да қойылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. "Сынақтан өткен жоқ" деген бағаны алған адамдар емтихан тапсыруға жеті жұмыс күнінен ерте емес қайта тапсыруға жіберіледі.

      25. Кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса емтихан тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.

      26. Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

4-тарау. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні тіркейді.

      Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер береді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік бланкісі емтихан нәтижелері мен осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар негізінде толтырылады, жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды тұлғасы қояды және мөрмен куәландаралады.

      Жергілікті атқарушы органда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналы жүргізіледі.

      29. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына рәсімделген куәлікті, "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесімен белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті Мемлекеттік корпорация қызметкері онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде, жеке өзі келген кезде кеме жүргізушісіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы немесе сенімхат бойынша оның өкіліне береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      32. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын, қозғалтқыш қуаты сегіз киловаттан асатын өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілеріне беріледі.

      33. Жүзуге рұқсат етілген аудан туралы мынадай белгілер:

      1) "ТЖ" – егер кеме жүргізуші 1972 жылғы Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы Лондон Конвенциясы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы) қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына емтиханды тапсырса;

      2) "ІСЖ" – егер кеме жүргізуші Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына емтихан тапсырса;

      3) "ТЖ" және "ІСЖ" – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына емтихан тапсырса;

      4) "ІСЖӨ" (өзен учаскелері үшін) және "ІСЖК" (көл учаскелері үшін) – егер кеме жүргізуші кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемелерді басқару құқығына емтихандар тапсырса, қойылады.

      34. Егер кеме жүргізуші теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын сыйымдылығы он екі адамнан аспайтын жолаушы таситын серуендік кемені басқару құқығына емтиханды тапсырса, рұқсат ететін белгілер "ТЖ" жолына және "Механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме" жолына қойылады. Бұл ретте шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің осы бетінің төменгі жағына "Ерекше белгілер" бөліміне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Теңізде серуендеу кемесі" деген мөртабан қойылады.

      35. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме типін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме типіне арналған емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің түпнұсқасын қоса бере отырып, кеме жүргізушісінің жазбаша арызын Мемлекеттік корпорацияға беру арқылы жүргізіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағын көлемді кеме жүргізуші өтініште шағын көлемді кеменің тиісті жүзу ауданына және типіне емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетеді және Мемлекеттік корпорацияға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлікті алған кезде бұрынғы куәліктің телнұсқасын ұсынады.

      Бұл жағдайда шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, жергілікті атқарушы орган оның өтелуі туралы белгіні қояды және бір жылдан кейін жояды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімінін өтуі бойынша шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, құжаттарды порталға тапсырған күні 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады және жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті жоғалтқан жағдайда, кеме жүргізуші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға өтініш береді.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз, жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналында тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорацияда жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат қоса беріледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісін сот шешімі негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мәніне тексергеннен кейін жүргізіледі.

      Жоғалған куәліктің орнына берілген шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке "Телнұсқа" деген белгі қойылады, ал шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

5-тарау. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Жергілікті атқарушы органдар кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады.

      39. Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде жергілікті атқарушы органдарға:

      1) оқытушылар құрамының су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;

      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;

      3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмелерін қоса беріп, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің басталуы туралы хабарламаны жібереді.

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметін жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

      40. Кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірлейді және оқу ұйымы басшысының өтініші негізінде курстың ашылуы басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісіледі.

      41. Бағдарламаларды, тақырыптық және жұмыс жоспарларын жасау кезінде әзірлеушілер топ дайындалатын кемелердің типіне қарайды.

      42. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемелерді басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.

      Оқу нәтижесінде адам мынадай пәндер бойынша білім алады:

      1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;

      2) кеменің құрылысы;

      3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;

      4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар);

      5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);

      6) іштен жанатын қозғалтқыштардың жіктелуі (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);

      7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, типтелуі мен қағидаттық құрылысы;

      8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

      9) шағын көлемді кемелердің типтелуі, құрылысы және желкенді жабдықтары;

      10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;

      12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;

      13) гидрометеорология негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;

      14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары;

      15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары;

      16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;

      17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;

      18) алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негіздері.

      43. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгілік бағдарламада шағын көлемді кемелердің жүзу аудандары бойынша оқу сағаттары көрсетіледі.

      44. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға оқыту аяқталып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) бергеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімін жібереді.

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімінде куәліктің (анықтаманың) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      45. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың қызмет етуі туралы ақпарат бір жыл ішінде берілмеген жағдайда, бұл курстар есептен шығарылады.

      46. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органда есептен шығарылғаннан кейін курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) курстарды есептен шығару кезеңінен бастап жарамсыз деп есептеледі.

6-тарау.Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі.

      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Фотосуретке арналған орын

      Жергілікті атқарушы органның

      басшысына

      __________________________________

      (Т.А.Ә.)

      __________________________________

      __________________________________

      (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН)

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына
куәлікті беруге арналған өтініш

      Маған _________________________________________________ауданында

      (жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК,

      ТЖ және ІСЖ көрсету керек)

      _____________________________________________________________________

      (шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді

      қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)

      басқару құқығына куәлік беруді сұраймын.

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1.____________________________________

      2.____________________________________

      3.____________________________________

      4....

      Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) ________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ ж. "__" ___________ _____________________________

      (өтініш берушінің жеке қолы)

Емтихандар нәтижелері

Пәндердің және жүзу аудандарының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)

Емтихан қабылдау күні

Ескертпе

1

2

3

4

ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары







ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары







ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары







ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары








      _____________________________________________________________________

      (кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)

      Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті/сынақтан өткен жоқ)

      _____________________________________________________________________

      (кеме-(лер) санаты (үлгісі))

      Жүзу ауданында (аудандарында) _______________________________

      20__ж. "__" _____________

      М.О.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
1-1-қосымша

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;
2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру;
3) Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру;
4) Жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Барлық кіші түрлер бойынша – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы, не бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру мемлекеттік корпорацияның таңдалған бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауп түріндегі мемлекеттік қызметтін нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).
4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
4) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Свидетельство об окончании курсов по подготовке судоводителей
маломерных судов
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі
курстарды бітіргені туралы куәлік

      (алдыңғы беті/лицевая сторона) (артқы беті/обратная сторона)

Фотосуретке

арналған орын/

Место для

фотографии

(оқыту ұйымының атауы)

Куәлік

Сериясы № 0000000

_______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты,)

____ ж. "___" _________________

____ ж. "___" _________________

аралығында ___________________

______________________________

бағдарламасы бойынша оқығаны

және бітіру емтихандарында

______ ж. "__" ______________

№ _____________ хаттамаға сәйкес

________________________________ бағасын

("қанағаттанарлық", "жақсы", "өте жақсы")

алғаны жөнінде берілді.

Емтихан комиссиясының төрағасы: _______________________________

(Т.А.Ә., қолы)

Оқыту ұйымының басшысы:

_______________________________

(Т.А.Ә., қолы)

М.О.

(наименование учебной организации)

Свидетельство

Серия № 0000000

Выдано ___________________________

(фамилия, имя, отчество)

в том, что он(а) обучался(обучалась)

с "__" _______________ ____ г.

по "__" ______________ ____ г

по Программе ____________________

________________________________

и на выпускных экзаменах согласно

протоколу № ___________________

от "___" _____________ ____ г.

получил оценку ___________________________

("удовлетворительно", "хорошо", "отлично")


Председатель экзаменационной комиссии:

_______________________________

(Ф.И.О., подпись)

Руководитель учебной организации _______________________________

(Ф.И.О., подпись)

М.П.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан
  Тегі аты әкесінің аты
(бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не алушы ұйымның атауы
________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетіледі) "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.

      Телефон:

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "__" _________

  Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені
басқару құқығына
аттестаттау
қағидаларына
2-2-қосымша

Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру
бойынша ең төменгі техникалық талаптар

      Ескерту. Қағида 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1 Тестілеуді электрондық форматта өткізу кезінде тестіленушілер жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша немесе ЖСН бойынша сәйкестендіруден өтеді.

      2. Тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып келуіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады. Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

      3. Тестілеуді бастау үшін тестілеушіге биометриялық сәйкестендіру (Digital ID) арқылы жеке басын растау қажет. Бетті экран аймағының ортасына қойып, экранда көрсетілген нұсқауларды орындау қажет.

      4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды кондиционерлеу жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс;

      5. Әрбір жұмыс станциясы бейнежазба жүргізу, үміткердің фотосуретін түсіру және фотосуретті электронды сертификаттарға орналастыру үшін веб-камералармен жабдықталуы керек;

      6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне-аудио бақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы керек;

      8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс;

      9. Тестілеу залы ұялы байланыс сөндіргішімен, сондай-ақ тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін-техникалық жазу құралдарымен (диктофон, фотоаппарат және т.б.) жарақтандырылады.)

      10. Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына және бейнебақылауға байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.

      11. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудитория өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      12. Әрбір отырғызу орны үміткердің фотосуретін түсіру және тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      13. Тестілеу бөлмесіндегі әрбір отыратын орын екі жеке камерамен жабдықталуы тиіс. Бірінші камера ситуациялық орталықта тестілеу процесін жазады және таратады, сонымен қатар прокторинг жүйесі үшін қолданылады. Екінші камера тестіленушінің бетінің биометриясын қолдана отырып, тестілеу алдында, кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін сәйкестендіруді қамтамасыз етуге арналған.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді
есепке алу журналының нысаны

Құжаттың сериясы және нөмірі

Тегі аты әкесінің аты

Туылған күні

Үй мекенжайы

Хаттама

Берілді

Берілген күні

Ескертпе

Күні

Жүз ауданы

Кеме үлгісі

1











2











3






















  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

"Теңізде серуендеу кемесі" мөртаңбасы

Теңізде серуендеу кемесі


      Мөртабан ұзындығы - 17 мм. Мөртабан ені - 7 мм.

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Жергілікті атқарушы органның
басшысына
____________________________
Тегі аты әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
___________________________
(Т.А.Ә. туған күні, үйінің
мекенжайы, байланыс телефоны,
Жеке сәйкестендіру номері)

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.

      20__жылғы "__" ________ өздігінен жүретін шағын шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай жағдайларда жоғалған:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1.____________________________;

      2.____________________________.

      3.____________________________;

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ жылғы "___" ___________ ____________________________

      (өтініш берушінің жеке қолы)

  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
7-қосымша

Шағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі
үлгілік бағдарлама

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Жүзу аудандарына арналған оқу сағаттарының саны

ТЖ

КСІСЖ

ІСЖӨ, ІСЖК

ТЖ, КСІСЖ

1

2

3

4

5

6

1. Кемелер теориясының негіздері және шағын көлемді кеменің құрылысы

1

Шағын көлемді кемелерді жіктеу және кеме теориясының негіздері. Кемелердің құрылысы. Корпус

4

4

4

4

2

Шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүру және маневрлік қасиеттері

10

8

4

10

3

Кеме құрылғылары, жүйелер мен жабдықтау. Құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар

6

4

4

6

4

Кемелерге қызмет көрсету және оларды жөндеу. Такелаж және бояу жұмыстары

4

2

2

4

2. Кеме қозғалтқыштары мен қозғаушылары, оларды пайдалану. Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

5

Шағын көлемді кемелерде қолданылатын іштен жанатын қозғалтқыштардың үлгілері

4

2

2

4

6

Шағын көлемді кемелердің қозғаушылары, жіктелуі мен қағидаттық құрылысы

4

2

2

4

7

Шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары мен қозғаушыларына техникалық қызмет көрсету. Қауіпсіздік шаралары

4

2

2

4

8

Желкенді шағын көлемді кемелердің жіктелуі, құрылысы және желкенмен жабдықталуы

4

4

2

4

9

Желкенді кемені басқару техникасының негіздері, оған қызмет көрсету және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6

6

4

6

10

Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

6

6

4

6

3. Кеме жүргізу

11

Су жолдарының жалпы сипаттамасы және оларға қысқаша шолу

6

6

4

6

12

Гидрометеорология негіздері. Ішкі кеме журетін жолдардың лоциясы

4

4

4

4

13

Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары

6

12

4

12

14

Теңіз навигациясының негіздері және теңіздер лоциясы

14

1

1

14

15

Теңіздердің навигациялық жабдық құралдары (НЖҚ)

6

1

1

6

16

Кемелердің теңізде соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасы

8

1

1

8

17

Шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізу әдістері. Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда басқару ерекшеліктері

4

4

4

4

4. Су қоймаларында жүзу қауіпсіздігін,құқық қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

18

Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары мен әдістері

4

4

4

4

19

Шағын көлемді кемелерді және олардың тұруына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы. Кеме жүргізушінің әкімшілік жауапкершілігі

4

4

4

4

Барлығы

108

77

57

114