ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 170 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
мынадай редакциядағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Осы Қағидалар стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кәсіби диплом немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";
мынадай редакциядағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Осы Қағидалар стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
75, 76 және 77-тармақтары алып тасталсын.
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
".
2. "Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".
3. "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:
мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын::
"7-1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімінін өтуі бойынша шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, құжаттарды порталға тапсырған күні 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады және жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні; |
".