Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31262 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) мыналар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1. Осы Қағидалардың "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кәсіби диплом немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы немесе кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды жолдайды:

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-1. Осы Қағидалар "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген) мыналар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.

      Емтихандар қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 1-өтініш) жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      8. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқада ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту негіздері "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Емтихан өтініш берушіге арналған жұмыс орындарымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайында (емтихан сыныбында) өткізіледі.

      "Тестілеуді өткізу кезінде үй-жайды техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар осы Қағидаларға 2-2 қосымшада келтірілген.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      30. Жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына рәсімделген куәлікті, "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесімен белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімінін өтуі бойынша шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, құжаттарды порталға тапсырған күні 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады және жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.";

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-2-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 736 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша

"Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Кәсіби диплом;
2) Кәсіби дипломның телнұсқасы.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2. "Электрондық үкіметінің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Кәсіби дипломды беру мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
2) Кәсіби дипломның телнұсқасын беру мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
"электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін сұрау салуда көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы бойынша алады.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі ––Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) кәсіби диплом:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжат (диплом);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;
2) кәсіби дипломның телнұсқасы:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет.
"Электрондық үкіметінің" веб-порталына:
1) кәсіби диплом:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесі;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
073/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
2) кәсіби дипломның телнұсқасы:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не алушы ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетіледі) "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.______________ Телефон:__________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__ жылғы "__" _________

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
7-қосымша

"Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама;
2) Аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
"электрондық үкіметінің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
2) Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
"электрондық үкіметінің" веб-порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Электрондық үкіметінің" веб-порталы:
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дипломның электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқа:
жоғалу немесе бүліну мән-жайлары мен себептері көрсетілген осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оның құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
1-1-қосымша

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;
2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру;
3) Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру;
4) Жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Барлық кіші түрлер бойынша – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы, не бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру мемлекеттік корпорацияның таңдалған бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауп түріндегі мемлекеттік қызметтін нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).
4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
4) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Бұйрыққа
5-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан
  Тегі аты әкесінің аты
(бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не алушы ұйымның атауы
________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетіледі) "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.

      Телефон:

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "__" _________

  Бұйрыққа
6-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
2-2-қосымша

Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар

      1 Тестілеуді электрондық форматта өткізу кезінде тестіленушілер жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша немесе ЖСН бойынша сәйкестендіруден өтеді.

      2. Тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып келуіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады. Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

      3. Тестілеуді бастау үшін тестілеушіге биометриялық сәйкестендіру (Digital ID) арқылы жеке басын растау қажет. Бетті экран аймағының ортасына қойып, экранда көрсетілген нұсқауларды орындау қажет.

      4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды кондиционерлеу жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс;

      5. Әрбір жұмыс станциясы бейнежазба жүргізу, үміткердің фотосуретін түсіру және фотосуретті электронды сертификаттарға орналастыру үшін веб-камералармен жабдықталуы керек;

      6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне-аудио бақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы керек;

      8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс;

      9. Тестілеу залы ұялы байланыс сөндіргішімен, сондай-ақ тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін-техникалық жазу құралдарымен (диктофон, фотоаппарат және т.б.) жарақтандырылады.)

      10. Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына және бейнебақылауға байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.

      11. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудитория өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      12. Әрбір отырғызу орны үміткердің фотосуретін түсіру және тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      13. Тестілеу бөлмесіндегі әрбір отыратын орын екі жеке камерамен жабдықталуы тиіс. Бірінші камера ситуациялық орталықта тестілеу процесін жазады және таратады, сонымен қатар прокторинг жүйесі үшін қолданылады. Екінші камера тестіленушінің бетінің биометриясын қолдана отырып, тестілеу алдында, кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін сәйкестендіруді қамтамасыз етуге арналған.

  Бұйрыққа
7-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Жергілікті атқарушы органның
басшысына
____________________________
Тегі аты әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
___________________________
(Т.А.Ә. туған күні, үйінің
мекенжайы, байланыс телефоны,
Жеке сәйкестендіру номері)

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

      Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.

      20__жылғы "__" ________ өздігінен жүретін шағын шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай жағдайларда жоғалған:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1.____________________________;

      2.____________________________.

      3.____________________________;

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ жылғы "___" ___________ ____________________________

      (өтініш берушінің жеке қолы)