«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш беруші – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық білімін тексеруден өтетін Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.
Емтихандарды қабылдау мекенжайлары уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беруге өтініш;
2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
5) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).
Порталға жүгінген кезде өтініш беруші Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу кезінде Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері адамды осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушіні емтихан тапсыруға жібереді.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін порталда өтінішті қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте емтихан өтініш берушінің жеке кабинетіне хабарламаны жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
9. Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіге мынадай:
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған;
2) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күні – уақыт интервалы болмаған;
3) кеме жүргізуші курстарын аяқтағаннан кейін он екі ай өткен және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды қайта өтпеген;
4) емтихандарды он екi ай iшiнде үш реттен артық тапсыра алмаған және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;
5) жергілікті атқарушы органда есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) ұсынған.
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
6) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;
7) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда, емтихан тапсыруға жіберуден бас тартады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту себептерімен келіспегені туралы түскен өтініші ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен қарастырылуға жатады.»;
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Емтихан өтініш берушіге арналған жұмыс орындарымен жабдықталған Мемлекеттік корпорация үй-жайында (емтихан класында) өткізіледі.
20. Емтиханды өткізу кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіге көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) отыруды ұсынады. Кешен өтініш берушілердің АЖО қосылған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің орталық пультінен (бұдан әрі – ОП) тұрады. Әрбір АЖО клавиатурамен және монитормен жабдықталған.
Емтихан басталар алдында мониторда АЖО нөмірі, жүзу ауданы және басқаруға емтихан тапсырылатын шағын көлемді кемелердің үлгісі, сондай-ақ осы АЖО белгіленген өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты енгізуді Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП арқылы жүзеге асырылады.
Сұрақтардың емтихандық блогы өтініш берушінің АЖО клавиатурасында тиісті баспаны басқаннан кейін ғана монитор экранына қалыптасады және шығарылады.
Емтихан барысында өтініш берушінің АЖО мониторы экранында емтиханның аяғына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
Емтихан тапсыру нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат өтініш берушінің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріліп болғаннан кейін немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін көрінеді.
21. Емтихан аяқталғаннан кейін өтініш берушінің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.
Емтихан нәтижесі өтініш берушінің АЖО-нан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басып шығару үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП-ге беріледі.»;
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 29-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті жібереді.
31. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті Мемлекеттік корпорация қызметкері онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде, жеке өзі келген кезде кеме жүргізушісіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы немесе сенімхат бойынша оның өкіліне береді.»;
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме типін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме типіне арналған емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің түпнұсқасын қоса бере отырып, кеме жүргізушісінің жазбаша арызын Мемлекеттік корпорацияға беру арқылы жүргізіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағын көлемді кеме жүргізуші өтініште шағын көлемді кеменің тиісті жүзу ауданына және типіне емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетеді және Мемлекеттік корпорацияға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлікті алған кезде бұрынғы куәліктің телнұсқасын ұсынады.
Бұл жағдайда шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, жергілікті атқарушы орган оның өтелуі туралы белгіні қояды және бір жылдан кейін жояды.
36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімі өтуінен кейін шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады.
Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.
37. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті жоғалтқан жағдайда, кеме жүргізуші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға өтініш береді.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз, жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналында тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорацияда жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат қоса беріледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісін сот шешімі негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мәніне тексергеннен кейін жүргізіледі.
Жоғалған куәліктің орнына берілген шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке «Телнұсқа» деген белгі қойылады, ал шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2016 жылғы 29 қаңтар