Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11197 тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылық ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 3 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ______________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 21 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 354 бұйрығымен бекітілген

Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін айқындайды және жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме билеті – шағын көлемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;

      2) судағы жүрдек аттракцион – шағын көлемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі ("банандар", "шайбалар", "су шаналары" және басқалар);

      3) шағын көлемді кемені басқару куәлігі – шағын көлемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;

      4) шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын, құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы:

      5) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын көлемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізде басқаруына қарамастан, шағын көлемді кемені басқаратын және тиісті куәлігі бар адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.

      3. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Шағын көлемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде кеме иелері судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.

      5. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде кеме иесі кеме жүргізушісінен басқа тіркеп сүйрейтін шағын көлемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету және байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды.

2. Шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібі

      6. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтергіштігі, шекті қуаты және қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, су үсті бортқа отыру, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық және басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды және техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелгеннен, борт тіркеу нөмірлерінің белгіленуінен, сонымен қатар техникалық куәландырылуынан кейін оларды пайдалануға жол беріледі (палубалы шағын көлемді кемелер үшін).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.10.2018 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік тіркеуден өткен өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 Заңының 9–бабы 1 тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес бекітілетін Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес куәліктері бар кеме жүргізушілеріне жол беріледі.

      8. Кеме қатынасы (навигациялық) жағдайы жоқ су объектілерінде тарау кезінде өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді маневрлеу оң жақты (сол жақ борттарымен) қозғалысты ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

      9. Елді мекендердің, порттардың, айлақтардың, шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базалардың (құрылыстардың) акваторияларында және шекараларында шағын көлемді моторлы кемелердің қозғалысы сағатына 20 километрден аспайтын, ал жаға мен суға түсу орындарының маңайында сағатына 10 километрге дейін жылдамдықта жол беріледі.

      10. Шағын көлемді кемелермен жүзу кезінде:

      1) мынадай:

      кеме кітабында тіркелмеген;

      техникалық куәландырудан өтпеген (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);

      борт нөмірлері жоқ;

      қайта жабдықталған;

      тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан және жүзу шарттары бойынша нормалары бұзылған;

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі жоқ;

      мас күйінде шағын көлемді кемені басқаруға;

      2) басқаруға құқығы жоқ немесе мас күйіндегі адамға өздігінен жүзетін кемені басқаруға беруге;

      3) қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруға;

      4) гидротехникалық ғимараттарға, техникалық құралдарға, кеме қатынасы және навигациялық жағдай белгілеріне ақау келтіруге;

      5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;

      6) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 10 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға;

      7) кемеде үлкендердің қарауынсыз он төрт жасқа толмаған балаларды тасымалдауға;

      8) шағын көлемді кемелерде оған арналмаған қауіпті жүктерді тасымалдауға;

      9) арқандап байлауға, тоқтауға, жүзбелі навигациялық белгілерде, жүк және жолаушылар айлақтарында, пирстерде, дебаркадерлерде, докаларда (жүзу докаларында) және көпірлердің астында зәкірге тұруға;

      10) теңіз және өзен флотының көліктік және техникалық кемелеріне тікелей жақын маневрлеуге, өз іс-қимылдарымен кеме қатынасына кедергі жасауға;

      11) кеме билетінде тиісті жазбасы болмаған кезде ескек қайықтарға моторлар орнатуға;

      12) осы мақсаттарға арналмаған жерлерде ескек қайықтар мен кемелерге желкен орнатуға;

      13) қозғалыс кезінде адамдардың бір кемеден екінші кемеге ауысуын жүзеге асыруға;

      14) тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, отын құюды жүзеге асыруға;

      15) тәуліктің қараңғы мезгілінде навигациялық сигнал оттарымен жабдықталмаған ескекті, желкенді және моторлы қайықтармен жүзуге шығуға;

      16) шектелген көріну кезінде (1 километрден кем) кемемен жүзуге шығуға;

      17) авариялық жөндеу қоршаулары, өткел және жұмыс істейтін жер снарядтары, сондай-ақ шлюздерге жақындау кезінде көпірлердің бойлары мен жақындау арналары орындарында кемелердің айырылуы мен басып озуын жүзеге асыруға;

      18) ештеңе көрінбейтіндіктен тұспалдау мүмкіндігі болмайтын тәуліктің қараңғы мезгілінде, тұманда немесе қолайсыз метео жағдайларда шағын көлемді кемелерді басқаруға;

      19) су акваториясын мұздан толық тазартқан сәтке дейін шағын көлемді кемелердің жүзуіне;

      20) шомылуға арналған жерлер акваториясында үрмелі серуендеу жүзу құралдарын, сонымен бірге ұшу құралдарын (парашют), сондай-ақ аталған құралдарды тіркеуге алуға арналмаған кемелермен тіркеп сүйреуге;

      21) жеке құтқару құралдарынсыз жүзуге шығуға жол берілмейді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.10.2018 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мынадай ақаулықтар болған кезде шағын көлемді кемелерді пайдалануға рұқсат етілмейді:

      1) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусының толассыз тесігі болса;

      2) кеменің гермобөлімдері және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе ашылып кетуі;

      3) конструкцияда көзделген рульдік құрылғыны бекіту бөлшектерінің болмауы немесе оның құрамдық бөлшектерінің бұзылуы немесе оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етпеу;

      4) отын ағуының, дірілдің болуы, тұншықтырғыштың болмауы немесе ақаулығы, қозғалтқыштың қашықтықтағы басқару жүйесінің бұзылуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуын (қосылмауын) қамтамасыз етпеу, қосылған реверс кезінде қозғалтқышты (мотор) қосуды блоктаудың ақаулығы;

      5) кеме билетінде көрсетілген кемені жинақтау мен жабдықтаудың сәйкес келмеуі;

      6) белгіленген талаптардың ерекшелік оттарының болмауы, ақаулығы немесе сәйкес келмеуі.

      12. Шағын көлемді кемелер және тіркеп сүйретілетін жүзу құралдары шағын көлемді кемедегі немесе тіркеп сүйретілетін жүзу құралындағы кеме жүргізушілері мен басқа адамдар үшін тиісті өлшемдердегі жеке құтқару құралдарымен жарақтандырылады.

      13. Жеке құтқару құралдарын (құтқару кеудешелері, белдіктер, кеудешелер) шағын көлемді кемедегі немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралындағы кеме жүргізушісі немесе басқа адамдар киіп, түймелеп алуға тиіс.

      Шағын көлемді кеме зәкірде тұрған кезінде үрлемелі және ескекті шағын көлемді кемелерді қоспағанда, шағын көлемді кемеде жеке құтқару кеудешелерін кимеген адамдардың болуына рұқсат етіледі.

      14. Кеме жүргізушісі мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) осы Қағидалардың талаптарын, "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасының талаптарын, 1972 жылғы Теңізде кемелердің соғылысуының алдын алу жөніндегі халықаралық қағидалардың талаптарын орындайды;

      2) жүзуге шығар алдында белгіленген нормаларға сәйкес кеменің және оның механизмінің жарамдылығын, қажет жабдықтармен, құтқару құралдарымен және басқа қамтамасыз ету заттарымен жарақталуын тексереді;

      3) отырғызу алдында жолаушылардың кемедегі тәртібі бойынша нұсқау жүргізеді, отырғызу, шығару кезінде және олардың кемеде болу кезеңіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      4) кеменің белгіленген класына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) жүзуді жүзеге асырады, жүзу аудандарындағы жүзу шарттарын, навигациялық және гидрометеожағдайларын біледі;

      5) ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) лауазымды адамы немесе оған құқығы бар басқа лауазымды адам берген тоқтау туралы белгіленген сигнал болған кезде кеменің қозғалысын тоқтатады және тіркеу құжаттары мен кеме жүргізуші құжаттарын тексеруге береді;

      6) суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетеді, аумақтық бөлімшеге кемелердің кемелермен болған көлік оқиғасы жағдайларын және су объектілеріндегі адамдармен болған жазатайым оқиғаларды хабарлайды;

      7) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жол үстіндегі немесе өз кемесімен жақындағы медициналық ұйымға жібереді және аумақтық бөлімшеге көлік оқиғасына қатысы орын алған немесе осы көлік оқиғасына қандай да бір қатысы бар жағдайда өзінің тегін, мекенжайын, көрген адамдардың тегін, олардың мекенжайлары, шағын көлемді кеменің борт нөмірін (жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып) хабарлайды;

      8) аумақтық бөлімшелер лауазымды адамдарының талаптарын, басқа да бақылау және қадағалау органдарының жүзу қауіпсіздігіне, су объектілеріндегі құқықтық тәртіпті сақтау, адамдардың өмірін және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша талаптарын орындайды;

      9) аумақтық бөлімшелерге, табиғат қорғау және балық қорғау органдарына қоршаған ортаның ластануы, тазартылмаған ағынды сулардың шығарындыларын, балықтар мен басқа биоресурстардың жаппай қырылу жағдайлары туралы хабарлайды.

      15. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 14-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда шағын көлемді кемені пайдалану ақысыз жүргізіледі.

      16. Тіркеп сүйрейтін шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісі қоршаған ортаны қадағалауды тұрақты түрде жүргізеді. Тіркеп сүйретілетін ойын-сауық жүзу құралын үздіксіз қадағалауды тіркеп сүйреу кемесіндегі жауапты адам қамтамасыз етеді.

      Тіркеп сүйрейтін шағын көлемді кеме және тіркеп сүйрелетін жүзу құралы кез келген жағдайда басқа кемелерден, жағадан және суға түсіп жатқан адамдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.

      17. Кеме жүргізушісі авариясыз жүзуді қамтамасыз ететін кеме жүргізу практикасына немесе ерекше жағдайларға қатысты барлық шараларды қабылдайды.

3. Базаларды (құрылыстарды) шағын көлемді кемелердің тұрағы үшін пайдалану тәртібі

      18. База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталады:

      1) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн арнайы жабдықталған айлақтар;

      3) шағын көлемді кемелерден сарқынды суларды, өңделген мұнай өнiмдерiн, құрғақ қоқыс, тағам қалдықтарын қабылдауға арналған контейнерлер мен арнайы сыйымдылықтар;

      4) аумақтарды және су акваториясын, пирстердi, бокстарды, арқандап байлау құрылғыларын, құтқару және өртке қарсы құралдарды жарықтандыру үшiн жарық беру құрылғылары. Жарық беру құрылғылары бағытты әрекетке арналған қалпақтармен жарақталады. Қараңғы түскеннен бастап айлақтардың өзектi артқы жағында айнала жарық беретiн ақ оттар әрбiр 50 метр сайын жағылады, бiрақ айлақ төсемiнен екi метр биiктiкте орналасқан кемiнде екi от болады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Пирстер мен айлақтар құтқару құралдарымен жабдықталады. Құтқару шеңберлерi айлақтардың өзектi артқы жағында орнатылған арнайы қалқандарда, сондай-ақ пирстердiң периметрi бойынша қоршау тiреулерде, 25 метр сайын тұтас бекiтiледi. Құтқару шеңберлерiнiң бекiтілуi олардың тез алынуын қамтамасыз етуi тиiс.

      20. Айлақтарда, пирстерде тұтас төсенiм болады, база-тұрақ иесi жыл сайын тексеру актiсiн жасай отырып, оның берiктiгiн тексередi. Көпiрлер, траптар, түскіштер тексеруге жатады. Тексеруден кейiн барлық құрылғылар "сыналған" деген сөзбен таңбаланады.

      Айлақтардың, пирстердiң, басқыштардың, көпiрлердiң екi адам өту үшін жеткiлiктi енi болуы тиiс, олар сыртқы периметрi бойынша (су жағынан) сақтандыру қоршаулармен жабдықталады. Сақтандыру қоршауы кемiнде 900 миллиметр биiктiкте бекiтiледi, қоршау тiреулер араларының қашықтығы - 1500 миллиметр.

      21. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Өртке қарсы құралдар жарамды жай-күйде және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарында көзделген көлемде ұсталады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Су акваториясының шекарасы дамбалармен, понтондармен, бактермен немесе жүзбелi белгiлермен қоршалады. Жобада белгiленген шекаралардағы жағалау аумағы қоршаумен қоршалады.

      24. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Кеме қатынасы үшін ашық кеме қатынасы су жолдары тізбесіне жатқызылған ішкі су жолдарындағы жалға беру базасының су акваториясы жүзбелi белгiлермен белгiленедi, өздiгiнен жүрмейтiн жалға беру жүзбелi құралдарының оның сыртына шығуларына тыйым салынады.

      26. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. База-тұрақтарды пайдалану осы Қағидалармен регламенттеледi, онымен барлық кеме жүргiзушiлері мен қызмет көрсететiн персонал қол қойғызып, танысуы тиiс.

      28. База-тұрақ шағын көлемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын көлемді кемелердiң, моторлардың және басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру және басқа жұмыстардың орындалу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын көлемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

      29. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады.

      33. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi.

      Шағын көлемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды:

      1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының ( кеме билетi) және шағын көлемді кеменi басқару құқығына куәлiгiнiң болуын;

      2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын көлемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын;

      3) шағын көлемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi.

      База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тәртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады.

      35. Шағын көлемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда:

      1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);

      2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сәйкес келмесе;

      3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса;

      4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса;

      5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдары кемеде болмаса;

      6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса;

      7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса;

      8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттар болса;

      9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса;

      10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.10.2018 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      36. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      37. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.