Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен бекітілген |
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы заңына (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі заңына (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар қолданылады.
2-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібі
3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге еркін нысандағы өтініш талап етілетін құжаттар қоса беріліп, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ өзге де мәліметтер мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) жазылған.
Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері білдірген жағдайда өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді:
көрсетілетін қызметті алушының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:
Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;
Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше құжаттарды 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасының қарауына жолдайды. Қызмет берушінің Басқармасы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
7. Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысы келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінде) Басқарма қаулысының электронды көшірмесін қоса берумен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.
9. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) акцияларына тікелей немесе жанама иелік ету үлестерін қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғанды есептемегенде) акциялардың көлемінен тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының санына есептейді.
10. Тұлға мыналар қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдері анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:
1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар);
2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;
3) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан да көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.
Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:
оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;
жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
Осы тармақтың екінші бөлігінен басқа заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк немесе сақтандыру холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.
Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу пайыздан астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.
Егер заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма пайызға асатын болса, заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
Заңды тұлға банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленген жағдайда, заңды тұлға Банктер туралы заңда және Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен бір мезгілде банк немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алуға немесе банк немесе сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш береді.
11. Жеке және заңды тұлғаларға Банктер туралы заңның 13-бабының 1-тармағында және Сақтандыру қызметі туралы заңның 27-бабының 3-тармағында көзделген тәртіпте банк ашуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде тиісінше, банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім беріледі.
12. Қаржы ұйымының немесе банктің немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банк конгломератының құрамына кіретін банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне банк холдингінің мәртебесін берумен бір мезгілде банк конгломератының құрамына кіретін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.
14. Өтініш берушіге банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен еншілес банк құруға немесе иеленуге рұқсат беріледі.
Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.
15. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі жағдайында мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ұсынылған өтініш пен құжаттарды қарау мерзімін, егер оларды қарау процесінде аталған құжаттарда көрсетілетін қызметті алушы және оның қызметі туралы жалған мәліметтер, ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің шынайылығын тексеру қажеттілігі жағдайында тоқтата тұрады.
Өтініш беруші ескертулерді жойған және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Уәкілетті органның құжаттарды келесі қарауы Стандарттың 3-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
16. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
17. Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары қаржы ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша қаржы ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру қаржы ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
18. Банктің ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім алу үшін құрылтай құжаттардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талаптар Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаға мына талаптардың бірі орындалған жағдайда қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғада тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған "А"-дан төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде;
2) өтініш беруші тұрған елдің қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар (қатысу үлесі, жарғылық қызмет түрлері) және өтініш берушінің ірі қатысушылары жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына қолданылмайды.
19. Банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге ниет білдірген өтініш беруші тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
20. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлғаның әділет органдарында немесе Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтердің өзгеруі немесе Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерде өзгерістер пайда болған жағдайда көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса берумен уәкілетті органды хабардар етеді.
Берілген өзгерістерге және қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімге өзгерістер енгізуге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.
21. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті орган аталған келісімді берген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алуды растайтын үзінді-көшірме ұсынады.
Жаңадан құрылған қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға қаржы ұйымының акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алуды растайтын үзінді-көшірме ұсынады.
Осы тармақта белгіленген мерзімде үзінді-көшірме ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган берген келісім өз қолданысын тоқтатады.
22. Бұрын банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен тек банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілері ғана бар тұлға аталған сәйкессіздік орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның алдында банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті орган бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және аталған өзгерістерді ғана растайтын құжаттарды ұсынумен банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы өтінеді.
23. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк немесе сақтандыру холдингінің белгілері жоқ тұлға аталған сәйкессіздік орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның алдында аталған өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынумен уәкілетті орган бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтінеді.
Қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк немесе сақтандыру холдингінің) өтініші бойынша қаржы ұйымы акцияларының саны қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы қаржы ұйымының ірі қатысушысына (банк немесе сақтандыру холдингіне) тиесілі он (жиырма бес) пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап жойылды деп саналады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!24-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Шағымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинеттен өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!26-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
3-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
27. Өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы ақпарат, сондай-ақ өтініш берушінің қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешек туралы ақпарат беріледі.
28. Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспары мынадай ақпараттан тұрады:
қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің болжамды нашарлауының есебі және нашарлауына әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);
қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету бойынша шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).
Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.
Егер өтініш беруші банк немесе сақтандыру холдингі немесе басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
29. Бизнес-жоспар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттау;
қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
қаржы ұйымы қызметінің таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылындағы даму стратегиясы және ауқымы;
таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылға арналған толық жылдық қаржылық жоспар (негізгі қаржылық көрсеткіштерді есепке алу, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына оларды басқару тәсілдері);
таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына еңбек ресурстарын тарту жоспары;
өтініш берушінің және қаржы ұйымының болжалды есеп айырысу балансын қоса алғанда, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алғаннан кейін иеленудің қаржылық салдарын талдау, егер мұндайлар бар болса, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымын қоса алғанда, қаржы ұйымының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе қаржы ұйымының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.
Егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк немесе сақтандыру холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдау банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауына тексеруді қамтиды.
Осы тармақшаның тоғызыншы абзацында және Стандарттың 8-тармағының он бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкеледі;
егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі;
2) өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.
30. Стандартта көрсетілген құжаттарды, осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға ұсынған адамдар ұсынбайды. Бұл ретте уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолданылу мерзімі аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер (шығыс құжатының күні, нөмірі), сондай-ақ оларды ұсыну негіздері көрсетіледі.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.
31. Стандарттың 8-тармағында көзделген өтінімдерде мыналар көрсетіледі:
1) өтініш беруші жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі не өтініш беруші заңды тұлғаның бизнес – сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
2) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер;
3) қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжамдалған акциялары санының тиісінше орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандарды қоспағанда) акциялар санына және (немесе) қаржы ұйымының дауыс беруші акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;
4) қаржы ұйымының, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттармен қоса, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаты;
5) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (өтініш беруші жеке тұлға үшін) және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
32. Ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды қараудың Стандарттың 3-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде өтініш берушіге пошталық, факсимильдік байланыс, электрондық пошта және (немесе) портал арқылы өтініш берушіге оларды жою үшін ескертулермен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну туралы хат жолдайды. Бұл ретте уәкілетті органның келісім беруге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.
4-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алу тәртібі
33. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздер бойынша қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге берілген келісімді кері қайтарып алады.
Бұл жағдайда осындай шара қолданылған адам, Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында көрсетілген талаптар орындалған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннің ішінде уәкілетті органға осы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
"Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі: |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша: |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банк немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады. |
Өтініш беруші олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтер
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін) | Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Акциялар санының дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен), | |||
Жеке иелік ету | Бірлесіп иелік ету | ||
тікелей | жанама | пайыз | заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) |
5 | 6 | 7 | 8 |
Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
__________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)
Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының толық атауы
____________________________________________________________________
2. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)_______________________________
3. Өтініш беруші- заңды тұлғаның лауазымы және толық атауы (өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері толтырады)
____________________________________________________________________
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға)
_______________________________
7. Тұратын жері және заңды мекенжайы ______________________________
_________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (үй, жұмыс) _______________________________________
9. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін) | Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
10. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында оның жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары)қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Жұмыс орны және лауазымы | Заңды тұлғаның атауы | Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен) | |||
Жеке иелік ету | Бірлесіп иелік ету | ||
тікелей | жанама | пайызы | заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) |
8 | 9 | 10 | 11 |
11. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы - аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
12. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі (еңбек қызметі күнтізбелік 14 (он төрт) күннен астам жүзеге асырылмаған жағдайда көрсетіледі).
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, қаржы ұйымы тіркелген елді көрсету) | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
13. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)
14. Өтініш беруші - жеке тұлға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
15. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы мәлімет
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға
____________________________________________________________________
сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздері және осындай шешімді
____________________________________________________________________
қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)
16. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,
____________________________________________________________________
жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып
____________________________________________________________________
тәртіптік жазаны немесе сот шешімін қолдану туралы актінің деректемелері).
17. Бар жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
18. Өтініш беруші-жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе банкроттық фактілерінің болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19. Өтініш беруші ірі қатысушы - банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), үлестестік белгілері көрсетілсін)
20. Өзге де ақпарат (бар болса):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
_________________________________________________________________
(өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы
________________________________________________________________
қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)
Қолы _________________
Күні____________________
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша нақты берешегі туралы ақпарат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Есепті кезең
____________________________________________________________________
______________________________
3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат:
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Өткен есепті кезең үшін | |
Саны | Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге) | |||
1. | Есепті кезеңде алынған кірістер: | X | ||
1.1 | Жалақы | X | ||
1.2 | Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінен (акцияларынан) түскен дивидендтер мен кіріс | X | ||
1.3 | Салымдар бойынша сыйақы | X | ||
1.4 | Мүлікті жалға беруден түскен кіріс | X | ||
1.5 | Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс | X | ||
1.6 | Мүлікті өткізуден түскен кіріс | X | ||
1.7 | Кірістің басқа түрлері (талдамасымен) | X | ||
2. | Мүлік: | |||
2.1 |
Ақша: |
Х | ||
2.2 | Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар | |||
2.3 | Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жарғылық капиталына қатысу үлестері (пайызбен) | X | ||
2.4 | Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып) | |||
2.5 | Өзге де мүлік (талдамасымен) | |||
2n | X | |||
3. | Барлық міндеттемелер бойынша берешек | X | ||
3.1 | Өтелмеген қарыздар | X | ||
3.2 | Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек | X | ||
3.3 | Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасымен) | X | ||
3n | X |
кестенің жалғасы
Есепті кезең үшін | Есепті кезеңдегі өзгерістер | ||
Саны |
Кіріс (берешек) сомасы | Саны |
Кіріс (берешек) сомасы |
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X |
X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X |
Ескерту: Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.
Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
_______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысының қосымшасы |
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5165 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5397 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5618 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылдың 3 қарашасында № 456 (26299) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 9-тармағы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6720 тіркелген).