Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7552 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 67 қаулысымен бекітілді

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидалары

      Осы Қағидалар 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы) мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қаржы ұйымының, банк холдингiнiң, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен iрi қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиiсiнше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарында, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарында және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 1 және 36-1-баптарында белгіленді.
      2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлестері қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының көлеміне тиісінше және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының дауыс беретін акцияларының санына қарай есептейді.

2. Қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн немесе банк холдингi мәртебесiн иеленуге өтiнiштi беру және қарау тәртiбi

      3. Жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушы (бұдан әрі – өтініш беруші) мәртебесін иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтерді, заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының орналастырған акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
      Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуды қалайтын қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.
      Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлесі) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      4. Өтініш беруші өтінішпен бірге Комитетке Банктер туралы заңның 17-1-бабының 45677-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6789 және 10-тармақтарында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 6789 және 10-тармақтарында тиісінше көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
      Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші осы Ереженің 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларының 8910 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте береді.
      5. Өтініш беруші жеке тұлға туралы, оның атқару органының бірінші басшысы болып табылатын өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер білім беру туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес мыналар қоса берілетін мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтама нысанында берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар – олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;
      осы Қағидаларының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      кірістер және мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат кірістер мен мүлігі бойынша құжаттарды растайтын көшірмелерін қоса бере отырып осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі;
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтама нысанында берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар – олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі.
      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөнiндегi іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөнiндегi шаралар, қаржы ұйымының меншiктi капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кiрiстер алу жөнiндегi іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөнiндегi iс-шаралардың күнтiзбелiк орындалу мерзiмi;
      қалпына келтiру жөнiндегi іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесi (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншiктi капиталы мөлшерiнiң өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткiштерiнiң өзгеруі).
      Егер өтiнiш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының iрi қатысушысы болған жағдайда, онда Комитетке ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi ескеріле отырып жасалады.
      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажеттiлiгi болған кезде Комитет тиiстi органдардан және ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.
      6. Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға маркетингтік жоспар (нарықтың таңдалған сегментінің қажеттілігін және тұтынушылық аудитория, баға белгілеу, өнімді (қызметтерді) өткізу және жылжыту, сатуды ынталандыратын әдістерін, маркетинг бюджетін ашумен);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      7. Қаржы ұйымының iрi қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы осы Қағидаларының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа:
      1) тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасы «Болу қажеттiлiгi қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер тiзбесiнде № 4139 тiркелген) 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 55 қаулысымен белгiлеген халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы қосымша мәлiметтердi береді;
      2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында тиісінше көзделген жағдайларда ең таяу бес жылда бизнес жоспарды береді.
      Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін жеке тұлғалар осы Қағидаларының 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.
      Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін тұлғалар сондай-ақ осы Қағидаларының 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.
      Қаржы ұйымының iрi қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етiлмейдi.
      Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 11-тармағында және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингiнiң мәртебесін берумен бiр уақытта тиiстi қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесі берiледi.
      8. Өтініш беруші - жеке тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын өтініш беруші - жеке тұлғаның меншіктік құқық иелігіндегі мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);
      3) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;
      4) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;
      5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;
      6) осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес өтініш беруші туралы қысқаша деректер;
      7) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер;
      8) осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның мекендеу елінің салық органдарымен немесе өзге уәкілетті тұлғаларымен расталған кірістер және мүлік туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлғаның мекендеу елінің тиісті мемлекеттік органының жазбаша растауы, не көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының өтініші.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші - заңды тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жоғарғы органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;
      2) заңды тұлғаның акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін, сондай-ақ осы заңды тұлғаның шешімін шарт күшінде не өзге тәсілмен анықтауға мүмкіндігі бар немесе бақылауы бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер және растайтын құжаттар;
      3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі;
      4) осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
      5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;
      6) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;
      7) құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;
      8) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру;
      10) өтініш берушінің және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансымен қоса тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауы, егер бар болса іс-шаралар жоспарымен және ұйымдық құрылымымен қоса өтініш берушінің тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату жөніндегі, қайта құру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметі немесе басқаруы жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.
      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында және 9-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
      2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер;
      3) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
      2) өтініш берушінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш берушінің осы ел заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растау, не осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініші.
      12. Осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы құжаттар үштен астам жыл бұрын ұсынылған және осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда (заңнамада осындай құжаттардың мерзімі белгіленген жағдайда) оларды Комитетке бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште Комитетке бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.
      13. Тұлға қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:
      1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар);
      2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;
      3) қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан да көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.
      Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:
      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;
      жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
      осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
      Сондай-ақ заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.
      Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу пайыздан астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.
      Егер заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма пайызға асатын болса, заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
      14. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтінішті бергеннен кейін үш ай ішінде қабылдайды.
      15. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді беруден Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-1-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-2-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.
      Өтініш берушіге қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      17. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күнінен немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтерде өзгерістер пайда болғаннан бастап он бес жұмыс күні үшінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп, Комитетті хабардар етеді.
      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін осының алдында берілген келісімге өзгеріс енгізуге және осы өзгерістерге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.
      18. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті орган аталған келісімді берген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.
      Жаңадан құрылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға қаржы ұйымының акцияларын мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.
      Үзінді-көшірме осы тармақта белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.
      19. Бұрын банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған және соңынан банктің ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгісін ғана иеленіп отырған тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Комитет алдында уәкілетті органның осының алдында банк холдингі мәртебесіне ие болуға берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсыну арқылы банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін беру туралы өтініш білдіреді.
      20. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және соңынан қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгісін иеленбеген тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсыну арқылы Комитет алдында уәкілетті органның осының алдында берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтініш білдіреді.

3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның берген келісімін қайтарып алу тәртібі

      21. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабында көрсетілген негіздемелерге сәйкес кері қайтарып алады.
      Бұл жағдайда қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның берген келісімі қайтарып алынған тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында тиісінше көрсетілген іс-шараларды орындайды және қысқарту басталған немесе өзіне тиісті міндеттеме алған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн ішінде растаушы құжаттарды қоса ұсыну арқылы Комитетке хабарлама береді.

Банктің, банк холдингінің ірі     
қатысушысы, сақтандыру            
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі   
қатысушысы, сақтандыру холдингінің,
жинақтаушы зейнетақы қорының      
немесе зейнетақы активтерін       
инвестициялық басқаруды жүзеге    
асыратын ұйымының ірі қатысушысы  
мәртебесін иеленуге келісімді беру,
беруден бас тарту, қайтарып алу   
қағидаларының 1-қосымшасы      

Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы
қызметкері туралы қысқаша деректер ___________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, бар болғанда әкесінің аты
_____________________________________________________________________

2. Азаматтығы
_____________________________________________________________________

3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер
_____________________________________________________________________

4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________

5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс телефоны
_____________________________________________________________________

6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-аналары, інілері (ағалары), сіңлі-әпкелері (қарындастары) балалары және жегжаттары (ата-аналары, інілері (ағалары), сіңлі-әпкелері (қарындастары), жұбайының (зайыбының) балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болғанда әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық-қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

Жарғылық капиталда қатысу сомасы/ атауларын көрсете отырып, заңды тұлғалардың сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)

Осы тұлғаның иелігіндегі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталында қатысу үлесі (пайызбен)

Жеке иелену

Бірлесіп иелену

тура

жанама

пайыз

заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, бар болғанда әкесінің аты

1










2










7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері











8. Соңғы үш жылда біліктілікті жоғарылату бойынша семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген орны және күні

Сертификаттың деректемелері







9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер: 

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның бар болуы

Жұмыстан шығару, лауазымынан босатылу себептері
















10. Жарияланымдары, ғылыми еңбектері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________

Мен осы ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

Өтініш беруші жеке тұлға_____________________________________________
                            (Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты,
                                баспа әріптермен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                қолы

Өтініш беруші заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, баспа әріптермен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                қолы

Мөр орны
Күні_________________

Банктің, банк холдингінің ірі     
қатысушысы, сақтандыру            
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі   
қатысушысы, сақтандыру холдингінің,
жинақтаушы зейнетақы қорының      
немесе зейнетақы активтерін       
инвестициялық басқаруды жүзеге    
асыратын ұйымының ірі қатысушысы  
мәртебесін иеленуге келісімді беру,
беруден бас тарту, қайтарып алу   
қағидаларының 2-қосымшасы      

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы
қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы қысқаша деректер

1. Алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың бар болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабы

Соттың Іс жүргізу шешімін қабылдаған күні



















2. Өтініш берушінің ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған мерзімінде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау немесе банкрот болу фактісінің бар болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

3. Қаржы ұйымының үлестестігінің бар болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
           (иә/жоқ, үлестестігінің белгілері көрсетілсін)

4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мен осы ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

Өтініш беруші жеке тұлға_____________________________________________
                            (Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты,
                                баспа әріптермен толтырылады)
____________________________________________________________________
                             қолы

Өтініш беруші заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, баспа әріптермен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                қолы

Мөр орны
Күні_________________

Банктің, банк холдингінің ірі     
қатысушысы, сақтандыру            
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі   
қатысушысы, сақтандыру холдингінің,
жинақтаушы зейнетақы қорының      
немесе зейнетақы активтерін       
инвестициялық басқаруды жүзеге    
асыратын ұйымының ірі қатысушысы  
мәртебесін иеленуге келісімді беру,
беруден бас тарту, қайтарып алу   
қағидаларының 3-қосымшасы      

Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәлімет,
сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған
берешегі туралы ақпарат

1. Тегі, аты, (бар болса – әкесінің аты)
____________________________________________________________________

2. Жеке куәлігі (төлқұжаты)
____________________________________________________________________
            (кіммен және қашан берілген, сериясы, нөмірі)

3. Жарғылық капиталында есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып
табылатын қаржы ұйымдарының атауы
____________________________________________________________________

4. Тұрғылықты жері _________________________________________________

5. Үйінің телефоны _________________________________________________
             жұмыс _________________________________________________

6. Есепті кезең ____________________________________________________

7. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңге

Есепті кезеңге

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:


X


X


X


1.1

Жалақы


X


X


X


1.2

Ұйымдардың жарғылық капиталында (акцияларында) қатысу үлесінен түскен дивидент пен кіріс


X


X


X


1.3

Салымдар бойынша сыйақы


X


X


X


1.4

Мүлікті жалға беруден түскен кіріс


X


X


X


1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс


X


X


X


1.6

Мүлікті өткізуден түсетін кіріс


X


X


X


1.7

Кірістің басқа түрлері (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X


2.

Мүлік:








2.1

Ақша:
ұлттық валютамен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы қолма-қол ақшамен
шетел валютасымен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы
қолма-қол ақшамен


X

X
X

X
X


X

X
X

X
X


X

X
X

X
X


2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акция артықшылықты акция облигация








2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акция санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жалпы санындағы қатынасы (пайызбен)

X







2.4

Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)








2.5

Өзге мүлік (талдамасын қоса бере отырып)








2n



X


X


X


3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек


X


X


X


3.1

Өтелмеген қарыздар


X


X


X


3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек


X


X


X


3.3

Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X


3n



X


X


X


      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті әрі толық болатынын растаймын.

Өтініш беруші________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, баспа әріптерімен толтырылады)
____________________________________________________________________
                                (қолы)

Мөр орны

Күні _________________________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы  
№ 67 қаулысының қосымшасы

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5165 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5397 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5618 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылдың 3 қарашасында № 456 (26299) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 9-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6720 тіркелген).