Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәрте

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 172 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 5 қаңтарда № 6720 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аккумулятор батареяларының кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 315-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      1)тармақшада:
      бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «аяқталғанға дейін» деген сөздерден кейін «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитетін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов