Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7552 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 67 қаулысымен бекітілді

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қаржы ұйымының, банк холдингiнiң iрi қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен iрi қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиiсiнше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарында, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында белгіленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлестері қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының көлеміне тиісінше және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына қарай есептеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн немесе банк
холдингi мәртебесiн иеленуге өтiнiштi беру және қарау тәртiбi

      3. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға - заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірін (бар болса), Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді және заңды мекенжайын (тұрғылықты жері) көрсете отырып, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуы болжанып отырған акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының тиісінше орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегергенде) акцияларының санына және (немесе) дауыс беруші акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсетіп, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім бере отырып, қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге еркін нысанда жасалған өтінішті береді.

      Заңды тұлға банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленген жағдайда, заңды тұлға Банктер туралы заңда және Сақтандыру туралы заңда көзделген тәртіппен бір мезгілде банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруға (иеленуге) рұқсат алуға немесе банк холдингінің ұйымның және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш береді.

      Талап етілген құжаттарды қоса бере отырып қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жасалған өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен:

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінішпен бірге тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 4-1, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9, 9-1 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

      Бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін бір мезгілде алған кезде өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте ұсынады.

      Тұлғаға банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

      Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер білім беру туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мыналарды:

      азаматтық алған елінде (шетелдіктер үшін) немесе олардың тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) жасаған қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқ екендігі туралы азаматтық алған елінің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) немесе өтініш беруші - жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып ұсынылады. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын 3 (үш) айдан аспауы тиіс;

      Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылады.

      Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат кірістер мен мүлік бойынша құжаттарды растайтын көшірмелерді қоса бере отырып Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:

      қаржы ұйымының ағымдағы ахуалын бағалау;

      банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауының есебі және нашарлауға әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа да көрсеткіштерінің нашарлау жағына қарай өзгеруі);

      қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа да іс-шаралар орындалатын шамаға дейін қалпына келтіруге бағытталған қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды (ақша салынымының сомасын және дереккөздерін көрсете отырып) жан-жақты сипаттау;

      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімі;

      сауықтыру іс-шараларының болжанатын экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа да көрсеткіштерінің өзгеруі).

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.

      Егер өтініш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)) қаулыларымен.

      6. Бизнес-жоспар төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттауды;

      қаржы ұйымының қызметін талдауды (сыртқы және ішкі ортаны талдауды);

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және ауқымын;

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына толық жылдық қаржылық жоспарды (негізгі қаржылық көрсеткіштерді есепке алу, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспарын (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және алдағы бес қаржы (операциялық) жылына оларды басқару тәсілдерін);

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына еңбек ресурстарын тарту жоспарын қамтиды.

      Бизнес-жоспар өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Қаржы ұйымының iрi қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа:

      1) тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер тiзбесiнде № 8318 болып тiркелген) белгiлеген халықаралық рейтингілік агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы мәлiметтердi қосымша береді;

      2) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес-жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.

      Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдірген жеке тұлғалар Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес-жоспарды ұсынады.

      Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін тұлғалар сондай-ақ Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.

      Қаржы ұйымының iрi қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етiлмейдi.

      Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 11-тармағында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингiнiң мәртебесін берумен бiр уақытта тиiстi қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесі берiледi.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін өтініш беруші - жеке тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын өтініш беруші - жеке тұлғаның меншіктік құқық иелігіндегі мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      2) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);

      3) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;

      4) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

      5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;

      6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер;

      7) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәлімет, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат;

      9) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлғаның мекендеу елінің тиісті мемлекеттік органының жазбаша растауы, не көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының өтініші.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші - заңды тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің тиісті органының қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      2) заңды тұлғаның акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін, сондай-ақ осы заңды тұлғаның шешімін шарт күшінде не өзге тәсілмен анықтауға мүмкіндігі бар немесе бақылауы бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер және растайтын құжаттар;

      3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі;

      4) осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;

      6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер;

      7) құрылтайшы құжаттарының көшірмелері (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін нотариатта куәландырылған), өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      8) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру;

      10) өтініш берушінің және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансымен қоса тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауы, егер бар болса іс-шаралар жоспарымен және ұйымдық құрылымымен қоса өтініш берушінің тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату жөніндегі, қайта құру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметі немесе басқаруы жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9-1. Өтініш берушінің банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленудің қаржылық салдарларын талдау мыналардың:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі бойынша құжаттардың, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметіне байланысты құжаттардың болуын;

      2) егер өтініш берушінің банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі, тиісінше банк конгломератын немесе сақтандыру тобын қалыптастыруға әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауын тексеруді қамтиды.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу, оның ішінде қаржы ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын білдіреді.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында және 9-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтингілік агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтер;

      3) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      2) өтініш берушінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш берушінің осы ел заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растау, не осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініші.

      12. Осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органға бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың күні, нөмірі) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Тұлға қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:

      1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар);

      2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;

      3) қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан да көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.

      Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:

      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;

      жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;

      осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.

      Сондай-ақ заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.

      Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу пайыздан астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.

      Егер заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма пайызға асатын болса, заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.

      14. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі туралы берілген өтініш бойынша шешімді Банктер туралы заңның 17-1-бабының 14-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 12-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 12-тармағында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып, хат жібереді.

      Жеке немесе заңды тұлға ескертулерді жояды және келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды жіберілген жазбаша хабарламада уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      15. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-2-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

      Өтініш берушіге қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күнінен немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтерде өзгерістер туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні үшінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.

      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін бұрын берілген келісімге өзгеріс енгізуге және осы өзгерістерге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті орган аталған келісімді берген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.

      Жаңадан құрылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға қаржы ұйымының акцияларын мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.

      Үзінді-көшірме осы тармақта белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.

      19. Бұрын банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен банктің ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгісін ғана иеленіп отырған тұлға көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті орган алдында уәкілетті органның осының алдында банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсына отырып банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін беру туралы өтініш білдіреді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгісін иеленбеген тұлға көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсына отырып уәкілетті орган алдында уәкілетті органның бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтініш білдіреді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның берген келісімін кері қайтарып алу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша кері қайтарып алады.

      Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында тиісінше көрсетілген талаптарды сақтаған сәттен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға растауды береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім
беру, оны кері қайтарып алу
қағидаларына және көрсетілген
келісімді алу үшін табыс
етілетін құжаттарға қойылатын
талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
__________________________________________________________________
(қаржы ұйымының толық атауы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)___________________________________

      ________________________________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_____________________________________

      ________________________________________________________________________

      3. Азаматтығы____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына,

      азаматтығы жоқ тұлғаларға) _______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      5. Тұратын жері және заңды мекенжайы _____________________________________

      ________________________________________________________________________

      6. Телефон нөмірі (үй, жұмыс) ______________________________________________

      7. Қаржы ұйымының және қаржы ұйымының еншілес заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында қатысуы туралы мәлімет:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлерінің тізбесі) туралы деректер

Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      8. Жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары

      (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары,

      інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) қаржы ұйымының және

      қаржы ұйымының еншілес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы

      мәлімет:

Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Атауы

Жарғылық капиталға қатысу сомасы/, сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен),

Жеке иелік ету

Бірлесіп иелік ету

тікелей

жанама

пайызы

заңды тұлғаның атауы/ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

8

9

10

11

      9. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

2

3

4

5






      10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның

      iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге

      асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, қаржы ұйымы тіркелген елді көрсету)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      11. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)

      12. Өтініш беруші жеке тұлға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      13. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________

      сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздері және осындай шешімді

      ________________________________________________________________________

      қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      14. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      ________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып

      ________________________________________________________________________

      тәртіптік жазаны немесе сот шешімін қолдану туралы актінің деректемелері).

      15. Бар жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:

      ____________________________________________________________________

      Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      (өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы

      қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні _________________

  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының
ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны кері
қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін
құжаттарға қойылатын
талаптарға 2-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі

      қатысушы не басшы қызметкері болып табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық

      жай-күйі нашарлау немесе банкроттық фактісі болуы:

      ________________________________________________________________________

      2. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

      ________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), үлестес болудың белгілері көрсетілсін)

      3. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:

      ________________________________________________________________________

      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________

      (өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерінің өз

      қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні _________________

  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының
ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім
беру, оны кері қайтарып алу
қағидаларына және көрсетілген
келісімді алу үшін табыс
етілетін құжаттарға қойылатын
талаптарға 3-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәлімет, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      2. Есепті кезең (осы мәліметті ұсынатын күннің алдыңғы 12 (он екі) айға тең кезең)___

      __________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері

      бойынша болған берешегі туралы ақпарат:

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезең үшін

Есепті кезең үшін

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:


X


X


X


1.1

Жалақы


X


X


X


1.2

Ұйымдардың жарғылық капиталында (акцияларында) қатысу үлестерінен түскен дивидендтер мен кіріс


X


X


X


1.3

Салымдар бойынша сыйақы


X


X


X


1.4

Мүлікті жалға беруден түскен кіріс


X


X


X


1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс


X


X


X


1.6

Мүлікті өткізуден түскен кіріс


X


X


X


1.7

Кірістің басқа түрлері (талдамасымен)


X


X


X


2.

Мүлік:








2.1

Ақша:
ұлттық валютамен,
оның ішінде:
шетел валютасымен банк шоттарындағы қолма-қол ақшамен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы
қолма-қол ақшамен


X
X
X
X
X


X
X
X
X
X


X
X
X
X
X


2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылық берілген акциялар, облигациялар








2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің (пайызбен)

X







2.4

Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)








2.5

Өзге мүлік (талдамасын қоса бере отырып)








2n



X


X


X


3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек


X


X


X


3.1

Өтелмеген қарыздар


X


X


X


3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек


X


X


X


3.3

Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X


3n



X


X


X


      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Өтініш беруші

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

                  (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 67 қаулысының қосымшасы

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5165 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5397 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5618 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылдың 3 қарашасында № 456 (26299) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 9-тармағы.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6720 тіркелген).