Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26888 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 3 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде құжаттардың олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін банкті немесе банк холдингін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ банкке немесе банк холдингіне алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Банк, банк холдингі ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше тыңдауды дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын уәкілетті органның Басқармасының қарауына жібереді. Уәкілетті орган Басқармасы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету шегінде) банктің немесе банк холдингінің "жеке кабинетіне" портал арқылы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру туралы хабарламаны не Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін мәні бар нақты жағдайларды белгілеу қажеттігіне орай 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда жауапты бөлімше 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін банкті мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ банкке алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Банк ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше тыңдауды дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының банктің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын уәкілетті органның Басқармасының қарауына жібереді. Уәкілетті орган Басқармасы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету шегінде) банктің немесе банк холдингінің "жеке кабинетіне" портал арқылы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру туралы хабарламаны не Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін мәні бар нақты жағдайларды белгілеу қажеттігіне орай 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда жауапты бөлімше 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін банкті немесе банк холдингін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ банкке немесе банк холдингіне алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Банк, банк холдингі ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше тыңдауды дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын уәкілетті органның Басқармасының қарауына жібереді. Уәкілетті орган Басқармасы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) портал арқылы банктің немесе банк холдингінің "жеке кабинетіне" банктің немесе банк холдингінің ұйымдар капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін мәні бар нақты жағдайларды белгілеу қажеттігіне орай 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.";

      37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілім, тіркеу, орындау туралы жазбалар, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізуге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      38. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      39. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жауапты бөлімшенің қызметкері Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше рұқсат жобасын және рұқсат беруден бас тартуды дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсат жобасына не рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсат жобасына не рұқсат беруден бас тартуға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сәйкестік туралы актімен қоса рұқсатты не рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген рұқсатты алуға арналған құжаттарды ұсынған жағдайда және кредиттік бюро Кредиттік бюро туралы заңның 8-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестік туралы акті көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) қол қойылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілім, тіркеу, орындау туралы жазбалар, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізуге болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін жағдайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.