Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда № 6714 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 165-ө-м Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының, 3 тармағына сәйкес 2011 жылы Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің шақыру учаскесінде 1994 жылы туған азаматтарды тізімге алуды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтар тізімін алу Успен ауданының қорғаныс Бөліміндегі шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюповаға жүктелсін.
      3. Осы  шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов