Интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1354 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі бекітілсін.
      2. "Салық салуда жеңілдігі бар шет мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 784 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 418-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1318 қаулысымен    
бекітілген        

Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.01 № 870, 2012.07.23 N 960 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      1. Андорра Княздығы.
      2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті.
      3. Багам аралдары Достастығы.
      4. Барбадос Мемлекеті.
      5. Бахрейн Корольдігі.
      6. Белиз Мемлекеті.
      7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
      8. Вануату Республикасы.
      9. Гайана Кооператив Республикасы.
      10. Гватемала Республикасы.
      11. Гренада Мемлекеті.
      12. Джибути Республикасы.
      13. Доминика Республикасы.
      14. Доминика Достастығы.
      15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары белігінде ғана).
      16. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
      17. Кипр Республикасы.
      18. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
      19. Колумбия Республикасы.
      20. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.
      21. Коста-Рика Республикасы.
      22. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
      23. Либерия Республикасы.
      24. Ливан Республикасы.
      25. Лихтенштейн Княздығы.
      26. Ұлы Герцог Люксембург.
      27. Маврикий Республикасы.
      28. Мавритания Ислам Республикасы.
      29. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
      30. Мальдив Республикасы.
      31. Маршалл аралдары Республикасы.
      32. Монако Княздығы.
      33. Мальта.
      34. Мариан аралдары.
      35. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
      36. Мьянма Одағы.
      37. Науру Республикасы.
      38. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
      39. Нигерия Федеративтік Республикасы.
      40. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
      41. Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана).
      42. Палау Республикасы.
      43. Панама Республикасы.
      44. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
      45. Сан-Марино Республикасы.
      46. Сейшель аралдары Республикасы.
      47. Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті.
      48. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
      49. Сент-Люсия Мемлекеті.
      50. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.23 N 960 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      51. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      1) Ангилья аралдары;
      2) Бермуд аралдары;
      3) Британдық Виргин аралдары;
      4) Гибралтар;
      5) Кайман аралдары;
      6) Монтсеррат аралы;
      7) Теркс және Кайкос аралдары;
      8) Мэн аралы;
      9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
      10) Оңтүстік Георгия аралы;
      11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
      12) Чагос аралы.
      52. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      1) Американдық Виргин аралдары;
      2) Гуам аралы;
      3) Пуэрто-Рико Достастығы;
      4) Вайоминг штаты;
      5) Делавэр штаты.
      53. Суриам Республикасы.
      54. Біріккен Танзания Республикасы.
      55. Тонга Корольдігі.
      56. Тринидад и Тобаго Республикасы.
      57. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
      58. Филиппин Республикасы.
      59. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      1) Кергелен аралдары;
      2) Франциялық Полинезия;
      3) Франциялық Гвиана.
      60. Черногория Республикасы.
      61. Алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.09.01 № 870 Қаулысымен.
      62. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
      63. Ямайка.