Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігiнің "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк қызметшiлердi шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) жасалатын шарттарды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң тиiстi бағдарламалар бойынша 2006 жылға арналған қаражаты есебiнен қаржыландыру жүргiзудi;
      3) осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі