2010 жылғы 18 қарашада Бакуде жасалған Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) 3-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Келісім 2-бабының 1-тармағында көзделген салалардағы ынтымақтастыққа жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарының тізбесі белгіленсін:
Терроризмге қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қарудың кез келген түрлерінің және оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, әскери техниканың заңсыз айналымына қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
Контрабандаға қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарақшылыққа қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Адамдар саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
Биологиялық ресурстарды заңсыз өндіруге (браконьерлікке) қарсы күрес:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74; 20.02.2021 № 515 Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісім шеңберінде ынтымақтастықты үйлестіруге жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Келісімнің депозитарийі - Әзербайжан Республикасына қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |