Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
жалпыұлттық іс-шаралар жоспары
Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.
Р/с № | Іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы болуға тиіс | ||||
1. | Өнім экспорты мен технологиялар трансфертіне бағдарлана отырып, отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды жетілдіру және әзірлеу | мемлекеттік органдардың бұйрықтары | ИДМ, АКМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҚАӨМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
2. | Бірқатар өнеркәсіп орындарын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және алынған тәжірибені одан әрі кеңінен тарату | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, АКМ, ЭМ, ҚАӨМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша) | 2018-2020 жылдардағы желтоқсан |
3. | Назарбаев Университеті, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық орталықтарында Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу |
АКМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (Халықаралық |
АКМ, ИДМ, БҒМ, ҰЭМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Халықаралық | 2018 жылғы сәуір |
4. | Жер қойнауын пайдаланушылардан жинақталған қаражатты пайдалану тиімділігін айқындауды қоса алғанда, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының қызметіне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, АКМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, Алматы қаласының әкімдігі, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы мамыр |
5. | "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қызметін қайта ұйымдастыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, АКМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Алматы қаласының әкімдігі, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан |
6. |
Заңнамаға мынадай: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | АКМ, ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ҚАӨМ, ҰБ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "ТДҰА" АҚ (келісім бойынша), Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (келісім бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
7. |
Мыналарды: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ЕХӘҚМ, АКМ, ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 жылдары, |
8. |
"Цифрлық дәуір" өнеркәсібін (инновацияларға, технологиялар трансфертіне баса назар аудару, өңдеуші өнеркәсіпті цифрландыруға жәрдемдесу, стандарттау жүйесінің тиісті бейімделуі) қалыптастыруға бағытталған индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары | ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, ҚАӨМ, АКМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша) |
2018 жылғы |
9. | IT-, инжинирингтік қызмет көрсетулерді дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп | АКМ, ИДМ, ЭМ | 2019 жылғы наурыз |
10. | Зияткерлік меншікті қорғау тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қолдану | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар | Әділетмині, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, АКМ | 2018 жылғы тамыз |
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту | ||||
11. | Табиғи ресурстарды басқару кезінде кешенді ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ИДМ, ЭМ, АКМ, | 2018 жылғы қараша |
12. | Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуіне қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
ИДМ, ЭМ, ҰЭМ, | 2018 жылғы шілде |
13. | Энергия өндірушілердің өз жұмысының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ЭМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
14. | "Жасыл технологияларға" инвестициялау бөлігінде бизнесті ынталандыру жөніндегі шараларды тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ЭМ, ИДМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз |
15. | Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, ТҚҚ заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау | ЭМ-ге ақпарат, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктерінің қаулылары | Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
16. | Өңірлерде ТҚҚ кәдеге жаратудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын ендіру бойынша прогресті (қарқынды) мониторингтеу мен бағалау жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ЭМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы шілде |
17. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жобасын енгізу | Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы | ЭМ, ИДМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2019 жылғы желтоқсан |
3. "Ақылды технологиялар" – агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамыту мүмкіндігі | ||||
18. |
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мыналарды: | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Kazakh Export" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы шілде |
19. | Техникалық регламенттерді бұза отырып өндірілген азық-түлік өнімінен елдің ішкі нарығын қорғауды халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту жолымен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ИДМ, АШМ, ІІМ, ЭМ, Әділетмині, БП, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы маусым |
20. | Ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту және оларды өңірде көбейту үшін өңірдің ерекшелігін ескере отырып, әрбір өңірде модельдік пилоттық ауыл шаруашылығы кооперациясын құру жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы наурыз |
21. | Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қадағалаудың бірыңғай жүйесін "фермадан үстелге" қағидаты бойынша құру, сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық қызмет деңгейі жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | АШМ, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы мамыр |
22. | Жерді тиімді пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ынталандыру және сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып, тиімсіз пайдаланушыларға шара қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы маусым |
23. | Тиімсіз субсидияларды АӨК субъектілеріне арналған банк кредиттерін арзандатуға қайта бағдарлау және АӨК субъектілері үшін банктік кредиттеуге, микроқаржыландыруға және сақтандыруға қолжетімділікті кеңейту | АШМ бұйрығы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру | ||||
24. | Көлік ағындарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды әрі қарай дамытудың қажеттіліктерін айқындау үшін цифрлық технологияларды қолдана отырып, Интеллектуалдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау | ИДМ мен АКМ-нің бірлескен бұйрығы | ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
25. | Жүк қозғалысын онлайн режимінде мониторингтеу және кедендік рәсімдерді оңайлату үшін "блокчейн" және "ауқымды деректерді" талдау сияқты қазіргі заманғы технологияларды зерделеу мен енгізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2020 жылдардағы желтоқсан |
26. | Ішкі өңірлік мобильділікті жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен реконструкциялауды қаржыландыруды ұлғайту, жергілікті бюджеттерді ескере отырып жыл сайын бөлінетін қаражаттың жалпы көлемін орта мерзімді перспективада 150 миллиард теңгеге дейін жеткізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы желтоқсан |
27. | Жергілікті жол желілерінің (бөлінетін бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне, автожолдардың құрылысы мен күтудің үлестік шығындарын төмендетуге және т.б. көңіл бөле отырып) сапасын жақсарту бойынша өңірлер әкімдері жұмысының прогресін (қарқынын) мониторингтеу мен бағалау жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ИДМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы шілде |
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу | ||||
28. |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы: | ИДМ бұйрығы | ИДМ, ЭМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
29. | Тұрғын үймен қамту көрсеткішін 2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізе отырып, құрылыс пен ипотекалық кредиттеуді арзандату жөніндегі жүйелік шараларға көңіл бөліп, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы ұсыныстар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ҰБ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы маусым |
30. | Нормативтік құқықтық актілерге көппәтерлі тұрғын үйлерді интеллектуалдық басқару жүйелерімен жарақтауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасының Заңы, | ИДМ, АКМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2019 жылғы наурыз |
31. | Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін және ұсынылатын реттелетін қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау | Қазақстан Республикасының Заңы | ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
32. | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, ИДМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
6. Қаржы секторын "қайта жаңғырту" | ||||
33. | Банк портфелін "нашар" кредиттерден арылту ісін аяқтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині | 2018-2022 жылдардағы желтоқсан |
34. |
Мыналар: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, ЖС, БП, ҰҚК, МҚІСҚА | 2018 жылғы сәуір |
35. | Кредиттер бойынша төлемдерді қайта бастау үшін ынталандыру жасауға және берілген кредиттерге ("тоқтатып қою", айыппұл мен өсімақыларды есептен шығару, негізгі қарыздың сомасын азайту және т.б.) бұрын жүргізілген сараптамалардың сапасына жауапкершілікті екінші деңгейдегі банктер арасында бөлуге баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне "Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының (азаматтарының) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ | 2018 жылғы маусым |
36. |
Мыналар: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ | 2018 жылғы шілде, желтоқсан |
37. | Экономика салаларындағы нақты рентабельділікті есепке алатын мөлшерлемелермен бизнесті ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
38. | Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰҚ" (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
39. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұлттық компанияларының акцияларын жария орналастыруды кезең-кезеңімен өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде оларды "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңшасында IPO өткізуге даярлауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҰБ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (келісім бойынша) | 2018-2020 жылдардағы желтоқсан |
40. | "Астана" халықаралық қаржы орталығының базасында ШОБ үшін арнайы биржалық алаңша ашу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 жылдардағы |
7. Адами капитал – жаңғыртудың негізі | ||||
41. |
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына: | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, АКМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, МСМ, ЭМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
42. | Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу | БҒМ бұйрығы | БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, НЗМ (келісім бойынша) |
2018 жылғы |
43. | Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2019 жылғы қыркүйек |
44. | Юриспруденция саласында және қызметтің сабақтас салаларында мамандарды даярлау сапасын нығайту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, БП, ЖС, ІІМ, Әділетмині, СІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы желтоқсан |
45. | Орта білім беруде оқушыға түсетін жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша) |
2018 жылғы |
46. | Білім беру мекемелерінің арасында бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2020 жылдардағы желтоқсан |
47. | Барлық өңірлерде оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, зертханаларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, оларды ұстау тетігін қарастырумен, барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар желісін құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2019 жылдардағы желтоқсан |
48. | Тұрақты және жалпыға бірдей танылған терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аударуды шектеу бойынша тәсілдерді тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | МСМ, БҒМ | 2018 жылғы маусым |
49. | Бұрын қазақ тіліне аударылған жалпыға бірдей танылған терминдер мен ұғымдарды қайта қарау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | МСМ, БҒМ | 2018 жылғы қазан |
50. | Неғұрлым көп пайдаланатын бағдарламалар мен қосымшаларда, мәселен Microsoft Word, Google-аудармашы және т.б. сияқты, қазақ тілінің дұрыс грамматикасын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | АКМ, МСМ, БҒМ | 2019 жылғы ақпан |
51. | Білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшудің кестесін әзірлеу және бекіту | БҒМ бұйрығы | БҒМ, МСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы сәуір |
52. | Қызметкерлерден талап етілетін білімді, дағдылар мен құзыреттерді нақты бекіте отырып барлық негізгі басым мамандықтар бойынша қазіргі заманғы кәсіби стандарттар әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ЕХӘҚМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 жылдардағы |
53. | Жұмыс берушілерді тарта отырып жаңа және/немесе қолданыстағы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде халықаралық талаптар мен кәсіби стандарттарды негізге ала, цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ЕХӘҚМ, АКМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Кәсіпқор" холдингі" КАҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 жылдардағы |
54. | Жоғары білім беру ісінде ақпараттық технологиялар бойынша білім алған, жасанды интеллектімен және "ауқымды деректермен" жұмыс істеуді меңгерген түлектер санын ұлғайту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, АКМ, ҚАӨМ |
2018-2020 жылдардағы |
55. | Президенттің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде киберқауіпсіздік саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау (академиялық оқыту мен тағылымдамалар) және АКТ-мамандықтары бойынша ұлттық кадрларды жеделдетілген қайта даярлау үшін шетелдік оқытушылар мен ғалымдарды тарту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҚАӨМ, АКМ | 2018 жылғы шілде |
56. | Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүргізу кезінде ағылшын тіліне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ИДМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ | 2018-2019 жылдардағы қараша |
57. | Жоғары оқу орындарының шетелдердің жетекші университеттерімен және зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және трансұлттық компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыруы | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ИДМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, АШМ, Қорғанысмині, МСМ, ІІМ, ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2019 жылдардағы желтоқсан |
58. | Бюджеттік қаражаттарды бөлу кезінде қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке сектор тарапынан қоса қаржыландырудың болуы бойынша міндетті талаптар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, МСМ, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қараша |
59. | Заңнамаға жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының рейтингін жасауына және бағалауына көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін бекітуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Заңы | БҒМ, Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
60. | Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетін мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%-ға көбейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, Қаржымині, ЕХӘҚМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы сәуір, 2019-2020 жылдардағы қазан |
61. | Ұлттық біліктілік тест (ұстаздар үшін) пен оны өткізудің тетіктерін әзірлеу | БҒМ бұйрығы | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы маусым |
62. | Ұлттық біліктілік тест нәтижелері негізінде санат берген және/немесе оны растаған жағдайларда ұстаздық шеберлігі үшін (30%-дан 50%-ға дейін арттырумен) мұғалімдердің жалақысына қосымша ақының жаңа кестесін енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, Қаржымині, ЕХӘҚМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы қазан |
63. | Қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау | ДСМ бұйрығы | ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
64. | Астана қаласында ғылыми онкологиялық орталық құру жөніндегі іс-шараларды көздейтін, Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу және қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ, Қаржымині, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы маусым |
65. | Мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ | 2018 жылғы маусым |
66. | Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, "қағаз қолданбайтын" ауруханаға көшу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ДСМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері |
2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы |
67. | Медицинада инновациялық технологиялар енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде медицинаны дербестендіру және т.б.) | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ДСМ, АКМ |
2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы |
68. | Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдана отырып университет клиникаларын ашу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ДСМ, БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері |
2018-2019 жылдардағы |
69. | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы | ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2019 жылғы маусым |
70. | Бейресми жұмыспен қамтылған халықты деректендіру және оларды ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, БҒМ, Әділетмині, ІІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2019 жылдары тоқсан сайын |
71. | Өз-өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен қамтуды кеңейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ЕХӘҚМ, АШМ, БҒМ, ҰЭМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы |
72. | Республикада электрондық еңбек биржасын іске қосуды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау | Қазақстан Республикасының Заңы | ЕХӘҚМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018 жылғы наурыз |
73. | Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін деректендіруді, еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын электрондық нысанға ауыстыруды көздейтін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін заңдастыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЕХӘҚМ, ҰЭМ, АШМ, БҒМ, Әділетмині, АКМ, ІІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
74. | Кәмелеттік жастағы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын ата-аналар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау | Қазақстан Республикасының Заңы | ЕХӘҚМ, Қаржымині, Әділетмині |
2018 жылғы |
75. | Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемдер параметрлерін жетілдіруді және олардың еңбек өтілімен өзара байланысын күшейтуді көздейтін "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ | 2018 жылғы желтоқсан |
8. Тиімді мемлекеттік басқару | ||||
76. | Бизнесті қайта реттеуге (бақылау-қадағалау функцияларын төмендету және т.б.) бағытталған заң қабылдауды жеделдету | Қазақстан Республикасының Заңы | ҰЭМ | 2018 жылғы сәуір |
77. | Бизнестің "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдауды алу процесін цифрландыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, АКМ, МҚІА, АШМ, ИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ | 2018-2019 жылдардағы желтоқсан |
78. | Қалыптасқан өзіндік құнның, сондай-ақ 2016 - 2017 жылдар ішінде энергия өндіруші қуаттарға жүзеге асырылған инвестициялардың талдауын ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына негізделген тарифтерді белгілеу жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
79. | Бизнес ахуалды, әсіресе, өңірлік деңгейде жақсартуға, сондай-ақ бизнесті көлеңкеден шығаруды ынталандыру жөнінде жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, МҚІСҚА, барлық орталық мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
80. | Жекешелендіру объектілерінің тізбесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының санын қысқарту есебінен кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз |
81. | Жекешелендіру жоспарын (IPO-ға шығарылатын активтерді қоспағанда) іске асыруды жеделдету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
82. | Жекешелендіруге жататын компаниялар тізіміне енгізудің негізгі критерийлерін (қағидаттарын) бекіту, әкімшілік шығыстарды төмендету мақсатында шоғырландыруға жататын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін тексеру және айқындау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы тамыз |
83. | Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда фактор-балл шәкілі негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МҚІСҚА, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, |
2018 жылғы қыркүйек, |
84. | Визалық рәсімдерді жеңілдетуді, "кіру-шығу" бақылауын цифрландыруды, инфрақұрылым-ды дамыту мен туризм саласындағы кедергілерді жоюды көздейтін сырттан келу туризмі мен ішкі туризмді дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, АКМ, Әділетмині, ДСМ, СІМ, ІІМ, ИДМ, БҒМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "Kazaкh Tourism" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҰҚК, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
85. | Бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді, функцияларды бөлу және саны мәселелерін қарастыра отырып, шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге беру үшін заңнамалық базаны дайындау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018-2019 жылдардағы желтоқсан |
86. |
Қазақстан Республикасының 2017 - 2020 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және одан туындайтын киберқауіпсіздік бойынша құжаттарға: | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | ҚАӨМ, АКМ, ҰҚК, барлық орталық мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
87. | Осалдықтарды және зиянды бағдарламалық қамтылымды зерттеу жөніндегі ұлттық зертхананы ашу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҚАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
9. Жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі | ||||
88. |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасы Президентінің | МҚІСҚА, БП, ЖС, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз |
89. | Қылмыстық және әкімшілік-деликтік процестерді, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау мәселелерінде цифрландыруды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету | бірлескен бұйрық | БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, ҰҚК, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз |
90. | "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау | Қазақстан Республикасының заңдары | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы маусым |
91. | Құқықтық мәртебесі мен соттылықты айқындай отырып, тергеу соттарын қалыптастыру | нормативтік құқықтық актілер | ЖС, ЖСК, ГП, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы сәуір |
92. |
Ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету мақсатында, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | Әділетмині, БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2018 жылғы наурыз |
93. |
Мыналарға: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | БП, ЖС, ҰҚК, МҚІСҚА, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
94. | Қылмыстық жазаларды орындау жүйесін одан әрі ізгілендіру бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ІІМ, БП, МҚІСҚА, ҰҚК, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
95. | Көшелерде және адам көп жиналатын орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ІІМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2018-2019 жылдардағы мамыр |
10. "Ақылды қалалар" "ақылды ұлт" үшін | ||||
96. | Астана қаласы мен басқа елді мекендердің қолда бар тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталондық" стандартын қалыптастыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
АКМ, Астана қаласының әкімдігі, ДСМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, Әділетмині, ИДМ, ҰЭМ, Алматы қаласының, облыстардың әкімдіктері, | 2018 жылғы шілде |
97. | Өңірлік деңгейде бұл жұмысты үйлестіруді күшейте отырып, тиімділігі аз жүйелерді енгізуге бюджет шығыстарын төмендету үшін "Смарт Ситидің" озық шешімдерін тәжірибелік байқаудан өткізу тетіктерін тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | АКМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, ДСМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ |
– "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес |
АКМ | – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi |
"АХҚО" әкімшілігі" АҚ | – "Астана халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
"Атамекен" ҰКП | – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АШМ | – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi |
Әділетмині | – Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БП | – Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы |
БҒМ | – Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi |
ДСМ | – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕХӘҚМ | – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖС | – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
"Зерде" ҰИХ" АҚ | – "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы |
ИДМ | – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
"ИТП" ДКҚ | – "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры |
"Kazakh Export" АҚ | – "Kazakh Export" акционерлік қоғамы |
"KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ | – "KAZAKHINVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Kazaкh Tourism" ҰК" АҚ | – "Kazaкh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | – "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы |
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ | – "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ | – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
"ҚИДИ" АҚ | – "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ |
"Қазақстан қор биржасы" АҚ | – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы |
ҚАӨМ | – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қаржымині | – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қорғанысмині | – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МЖӘ | – мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
МҚІСҚА | – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
МҚІА | – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
МСМ | – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
"Назарбаев Университеті" ДБҰ | – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы |
НЗМ | – "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СІМ | – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi |
"ТДҰА" АҚ | – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы |
ТҚҚ | – тұрмыстық қатты қалдықтар |
ҰБ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ІІМ | – Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі |
ЭМ | – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |