Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 612 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 612 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы біліктілік талаптары:

      1) білімі бойынша талаптарды;

      2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

      3) кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды;

      4) құзыреттер бойынша талаптарды қамтиды.";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан және департамент басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында департамент басшыларынан және еншілес ұйымдардың басшыларынан төмен емес лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5-тарау. Құзыреттер бойынша талаптар

      20. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін құзыреттердің болуы талап етіледі.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін құзыреттердің тізбесін және оларды бағалау тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.".

      2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік саяси лауазымдарынан "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;".

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) үйлестіру кеңесінің ережесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 44-13), 44-14), 44-15), 44-16), 44-17), 44-18) және 44-19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-13) келісімшарттық қызметшінің біліктілік талаптарын және оның мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл алгоритмін келісу;

      44-14) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған дерекқорда (ақпараттық жүйеде) мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін толтырудың сапасын мониторингтеу;

      44-15) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының орынбасарлары мен басшылары үшін міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді әзірлеу және бекіту;

      44-16) заңнамамен біліктілік талаптары белгіленген орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері үшін міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлу нысанын әзірлеу және бекіту;

      44-17) мемлекеттік саяси қызметшілер арасында міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуіне, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарына талдау жүргізу;

      44-18) "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу тәртібін бекіту;

      44-19) мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдарында бірыңғай кадр жүйесін (ақпараттық жүйесін) қалыптастыру және енгізу;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы бекітеді.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшыларын мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптар міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлумен айқындалады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін құзыреттердің болуы талап етіледі.

      Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін құзыреттердің тізбесін және оларды бағалау тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының мемлекеттік саяси лауазымдарының міндеттерін (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы бекітеді.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган департаменті бастығының орынбасарынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;";

      7-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақтарпен толықтырылсын:

      "2-1) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган департаменті бастығының орынбасарынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін сондай-ақ ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы талап етіледі.";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы талап етіледі. Аталған лауазымдарға орналасу үшін сондай-ақ:";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган басқармасының бастығынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес бөлім бастығы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;".

      _______________________

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 612 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Төрағаның хатшылығы (Департамент)

      Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті

      Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті

      Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

      Аналитикалық жұмыс және бюрократиядан арылту департаменті

      Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті

      Цифрландыру департаменті

      Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті

      Жұртшылықпен байланыс департаменті

      Заң департаменті

      Персоналды басқару департаменті

      Әкімшілік департаменті

      Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      Ішкі аудит қызметі

      Әдеп жөніндегі уәкіл

      ____________________