Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 202 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығы.
2. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығы.
3. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 180 Жарлығы.
4. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 355 Жарлығы.
5. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 488 Жарлығы.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 701 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы.
10. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 121 Жарлығы.
11. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы.
12. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 240 Жарлығы.
13. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 маусымдағы № 354 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
14. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
15. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 605 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.