"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 622 қаулысымен
бекітілген

"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға
арналған даму стратегиясы

      Ескерту. Стратегияға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

      "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған ӘКК-нің даму тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленді.

      Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.

      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін және ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Стратегия ӘКК қызметінің мақсаттары мен бағыттарының ұлттық және өңірлік даму басымдықтарына сәйкес келу қағидатын пайдалана отырып әзірленген. Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

      7-1) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығының;

      8) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      9) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

      10) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

      11) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының;

      12) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысының;

      13) "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысының;

      14) "2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысының;

      15) "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысының;

      16) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

      ӘКК құру кезінде экономикалық даму үшін өңірлік локомотивтер қалыптастыру идеясы айқындалды. ӘКК-ге қызметі өңір тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған орнықты бизнес-құрылымның рөлі белгіленді.

      Стратегияны әзірлеу мыналармен негізделеді:

      1) негізгі басымдықтар, оларды іске асыру көздері мен тетіктері туралы нақты түсінігі бар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы бағдарларының болу қажеттігі;

      2) өңірдің әлеуметтік саласын үйлесімді дамыту қажеттігі;

      3) ӘКК әлеуетін іске асыру үшін басым болып табылатын бағыттар мен қызмет салаларын айқындау;

      4) ӘКК дамыту саясаты мен оның жұмыс істеу моделін қалыптастыру;

      5) өңірлік даму институты ретінде ӘКК одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясына сәйкес Стратегияның басты мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Дамыған экономикасы бар мықты мемлекеттің негізінде берекелі қоғам құру, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы үш бірдей жаңғырту жүргізу: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту міндетін белгілеп берді. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты экономикалық прагматизм қағидаттарына негізделеді.

      ӘКК өз қызметін Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі – облыс) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының жалпы саны 576 мың адамды құрады (оның ішінде 41,84 %-ы қала халқы және 58,2 %-ы ауыл халқы) және Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының 3,4 %-ын құрайды. Облыс аумағының ауданы 98 000 шаршы км құрайды (Қазақстан Республикасының жалпы аумағының 3,6 %-ы).

      Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау

      Қолайлы климат және құнарлы топырақ пен жайылымдардың ауқымды алқаптарының болуы облыста ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) басымдықпен дамуына негіз болды. Өндірістік мамандануы бойынша облыс бидай-астық өндірісінің, дамып келе жатқан ірі тауарлық мал шаруашылығының аймағына жатады.

      Облыс аумағы уран кені, алмас шығатын және қалайы - сирек кездесетін металл Солтүстік Қазақстан провинциясының бір бөлігі болып табылады. Мұнда минералды шикізаттың қомақты қоры анықталған, олар Қазақстан Республикасы қорларының қалайы бойынша – 65 %, цирконий бойынша – 36,6 %, уран бойынша – 19 %, титан бойынша – 5 %, вольфрам бойынша – 1,1 % құрайды. Минералды-шикізат базасын кеңейтудің перспективасы айтарлықтай зор, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында, бұл ретте алтынның, күмістің, техникалық және зергерлік алмастың, қалайының, титанның, түсті және сирек металдардың, қоңыр көмірдің бірқатар маңызды кен орындары мен кен білінулері бар.

      Тұтастай алғанда, бай табиғи ресурстарын, қолайлы климат жағдайларын және ыңғайлы географиялық орналасуын есепке алғанда, облыстың бәсекеге қабілетті әлеуетті өндірістер құру бойынша (әсіресе, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша, машина жасау өнімін шығару және құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту бойынша) айтарлықтай әлеуетінің бар екені туралы тұжырым жасауға болады.

      Облыс экономикасының құрылымын талдау

      Облыс экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (негізінен, өңдеуші), көтерме және бөлшек сауда мен жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қомақты үлес алады. Бұл ретте өңірдің жалпы өңірлік өніміне (бұдан әрі – ЖӨӨ) өңдеуші өнеркәсіптің үлесі ЖӨӨ-нің 9,3 %-ын құрайды.

      Қазіргі уақытта ЖӨӨ негізгі көлемін қамтамасыз ететін экономикалық қызметтің негізгі түрі ауыл шаруашылығы болып табылады, оның үлесіне өндірілген ЖӨӨ -нің қомақты бөлігі – 24,1 %-ы тиесілі. Алайда, еңбекті қажет етудің жоғары деңгейі, негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, жаңа заманауи технологияларды енгізудің жеткіліксіз деңгейі және қаржыландырудың тапшылығы саланың үдемелі дамуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.

      Облыс өнеркәсібінің 2012 жылғы құрылымын мына салалармен көрсетуга болады: кен өндіру, энергетика, сумен жабдықтау және өңдеуші өнеркәсіптің салалары – азық-түлік өнімдерінің өндірісі, машина жасау және металл өңдеу, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі. Облыс өнеркәсібінің құрылымында 2012 жылғы кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 1,2 %-ды, өңдеуші өнеркәсіптің – 77,7 %-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 17,9 %-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 3,2 %-ды құрайды.

      2012 жылы кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 1 540,4 млн.теңге, өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығару көлемі 2012 жылы 97 771,1 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларында 22 535,4 млн. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау салаларында бұл көрсеткіш 2012 жылы 4041,7 млн. теңге болды.

      Облыс экономикасының басым салаларының жай-күйін бағалау

      Ауыл шаруашылығы

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлеміндегі өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің үлес салмағы 2011 жылы – 15,5 %-ды, 2012 жылы – 12,6 %-ды 2013 жылы – 13,1 %-ды құрады.

      Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жалпы жинаудағы облыс көлемінің үлесі 29,2 %-ды, 2012 жылы осы көрсеткіш – 34,1 %-ды, 2013 жылы – 25,4 %-ды) құрады, 2011 жылы Қазақстандағы сойыс салмағындағы ет өндірісінің жалпы көлеміндегі облысың сойыс салмағындағы ет өндірісінің үлесі – 6,44 %-ды, 2012 жылы осы көрсеткіш сойыс салмағындағы ет өндірісінің көлемінен – 6,37 %-ды, 2013 жылы – 6,39 %-ды құрады. Сүттің барлық түрінің өндірісіндегі көлемі 2011 жылы Қазақстандағы жалпы көлемнің 10,6 %-ын, 2012 жылы – 9,2 %-ды, ал 2013 жылы – 9,4 %-ды, 2011 жылы Қазақстандағы жұмыртқа өндірісінің жалпы көлемінде облыстағы жұмыртқы өндірісінің көлемі 10,8 %-ды, 2012 жылы бұл көрсеткіш – 11,9 %-ды, ал 2013 жылы – 12,5 %-ды құрады.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың ауыл шаруашылығы секторында 6 349 ауыл шаруашылығы кәсіпорны болды, оның ішінде 1104 заңды тұлға және 5 245 шаруа (фермер) қожалығы және дара кәсіпкерлер, оның ішінде 3 512-і – шаруа (фермер) қожалықтары, 1994 – дара кәсіпкерлер болды.

      2012 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласының құрылымы 69,9 % өсімдік шаруашылығы және 30,1% мал шаруашылығы түрінде көрсетілген.

      1-кесте. Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы, млн. теңге

Салалардың атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Ауыл шаруашылығы, барлығы

214 391,0

166 754,7

353 527,5

252 502,0

277 269,4

Өсімдік шаруашылығы

163 355,0

102 098,5

273 545,7

176 517,9

202 683,9

Мал шаруашылығы

51 036,3

64 656,2

79 981,8

75 984,1

74 585,9


      1-кестенің деректері бойынша облыстың ауыл шаруашылығы саласында 2011 жылы өнім шығарылымының өсуі орын алды, мал шаруашылығындағы өсім 23,7 %-ды, өсімдік шаруашылығындағы өсім 167,9 %-ды құрады. 2012 жылы өндіріс көлемі төмендеді, бұл 2011 жылмен салыстырғандағы шығымдылықтың төмендеуіне байланысты, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2013 жылы өнім шығарудың 9,8 %-ға өскені анықталады.

      Өсімдік шаруашылығы

      Облыстың үлесіне Қазақстан Республикасының барлық егіс алқаптарының 20,5 %-ы тиесілі, бұл 2012 жылы 4 507,9 мың гектарды, ал 2013 жылы егіс алқаптарының 4 362,4 мың гектарын құрады. 6 жыл ішінде (2007 – 2013 жылдар аралығындағы кезең) әлемдік нарықтағы өсімдік шаруашылығының өнімдеріне сұраныстың өсуі есебінен егіс алқаптары 22,0 %-ға ұлғайды.

      2013 жылы облыстың егіс алқаптарының құрылымында: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 3 572,2 мың гектар (81,9 %); майлы дақылдар – 437,8 мың гектар (10 %); картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 32,6 мың гектар (0,8 %), жем-шөп дақылдары – 319,7 мың гектар (7,3 %) болды.

      Қазақстан Республикасының дәнді және бұршақ (астыққа) дақылдарын жинаудың жалпы құрылымында соңғы 10 жылдағы облыстың үлесі дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы жиналуынан 27,2 %-ды құрайды.

      2-кесте. Дәнді және бұршақ дақылдарын жалпы жинау (астыққа), мың тонна

Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Қазақстан Республикасы

12 185,2

26 960,5

12 864,8

17 886,8

Солтүстік Қазақстан облысы

3 730,4

7 879,4

4 391,1

4 544,1

Облыс үлесі, %

30,6

29,2

34,1

25,4


      Ауа райы-климаттық жағдайларының қиын болуына байланысты облыс тәуекелді диқаншылық аймағына жатады, мұның өзі ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларға, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің құбылмалы жағдайларға бейімделу қабілетіне негізделетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын игеруді талап етеді.

      Өңірдің өзі өндіретін көкөністерге, жем-шөп және техникалық дақылдарға мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттігі өсімдік шаруашылығын одан әрі дамытудың ерекшелігін сипаттайтын маңызды фактор болып табылады, мұның өзі өсімдік шаруашылығы саласын дамытуда қосымша мүмкіндіктер ашады.

      Мал шаруашылығы

      Облыста мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары – ет және сүт өндірісі болып табылады.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің ірі қара мал санындағы облыс үлесі 4,9 %-ды, қой және ешкі – 1,8 %-ды, шошқа – 20,6 %-ды, құс – 10,1 %-ды, жылқы – 5,7 %-ды құрады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағыттар бөлінісінде: сүт бағытындағы ірі қара мал – 6,1 %, ет бағытындағы ірі қара мал – 1,9 %.

      3-кесте. Облыстағы мал және құс саны, мың бас

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Ірі қара мал

355,2

356,1

259,7

280,7

271,1

Шошқа

254,7

261,0

221,8

213,0

154,5

Қой және ешкі

258,7

279,0

288,0

315,1

283

Жылқы

92,4

96,7

94,1

96,2

89,4

Құс

3 033,7

3 102,1

3 193,3

3 373,3

3 577,7

БАРЛЫҒЫ:

3 994,8

4 094,9

4 056,9

4 278,3

4 375,7


      2011 жылы Қазақстан Республикасындағы ет өндірісінің құрылымында облыс үлесінің біршама төмендегені байқалғанын атап өткен жөн. Бұл басқа өңірлерде осы саладағы өсімнің серпінді қарқынына байланысты.

      Мал шаруашылығында жалпы облыс бойынша соңғы жылдары мал мен құстың барлық түрлерінің санын өсіруге, сиыр мен құстың өнімділігін өсіруге, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаты өндірісінің көлемін ұлғайтуға қол жеткізілді.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, негізінен, астық өндірісінің үлесі жоғары өсімдік шаруашылығының өнімдеріне маманданады. Бұған егіс алқаптарының қалыптасып отырған құрылымы сәйкес келеді, мұнда дәнді дақылдардың егістігі облыстың барлық егіс алқабының 85,4 %-ын құрайды, ал жем-шөп дақылдарын егетін шағын алқаптар мал шаруашылығының үдемелі дамуын қамтамасыз ете алмайды.

      Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласын дамыту жүзеге асырылуда, ол асыл тұқымды мал шаруашылықтарын құрумен, аталықтармен және ірі мал шаруашылығы кәсіпорындарымен сипатталады.

      Облыстың ауыл шаруашылығының негізгі проблемалары:

      1) материалдық-техникалық базаның моральдық және табиғи тозуы, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеу технологиялары деңгейінің төмен болуы салдарынан өнімнің әлемдік нарықтағы қажеттіліктерге (талаптарға) сәйкес келмеуі;

      2) ауыл шаруашылығы өнімін терең қайта өңдеудің нашар дамуы;

      3) шикізатты өндіру мен сатып алу процесін ұйымдастыру үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қаржы ресурстарына шектеулі қолжетімділік, қаржы институттарының кепілді қамтамасыз етуге қоятын талаптарының қатаң болуы;

      4) еңбек ету жағдайларының тартымсыз болуына байланысты кадр әлеуетінің жеткіліксіз деңгейі.

      Өнеркәсіп

      Өңірде өнеркәсіптің мынадай салалары жұмыс істейді – кен өндіру, өңдеу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау.

      2012 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ағымдағы бағалармен 122,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді (шағын кәсіпорындарды, қосалқы шаруашылықтарды, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда), бұл ретте өнім өндірісінің өсуі 2011 жылдың деңгейіне қатысты 102,5 %-ды құрады. 2013 жылы жалпы өнеркәсіп бойынша тауарлар өнімінің көлемі 152 млрд. теңгені құрады.

      2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 есе өсті. 2013 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьер қазудағы өнім көлемі 1 934,9 млн. теңгені құрады. 2012 жылға қатысты бұл көрсеткіштің пайыздық өсуі 102,4 %-ды құрайды.

      Өңдеуші өнеркәсіптегі нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы – 102,4 %, 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы – 108 %-ды құрады. 2013 жылы тамақ өнімдерінің өндірісі ұлғайып, 57 580,4 млн. теңгені құрады. Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2013 жылы – 1 068 млн. теңге, машина жасауда 2013 жылы – 32 285,2 млн. теңге құрады.

      Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларында НКИ 2012 жылы 2011 жылғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда – 97,4 %-ды, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылауда – 97,8 %-ды құрады. 2013 жылы көрсетілген салаларда НКИ 2012 жылдың деңгейіне қарағанда, тиісінше – 103,1 % және 99,2 %-ды құрады.

      Кен өндіру өнеркәсібі

      Кен өндіру өнеркәсібі – облысты дамытудың перспективалы салаларының бірі. Қазіргі уақытта кен өндіру саласын дамыту бастапқы кезеңде тұр, бұл бұдан бұрын өңірде осы саладағы кәсіпорындардың болмауына және өндірістік ауқымда пайдалы қазбаларды өндірудің жүзеге асырылмауына байланысты.

      Облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемінің құрылымындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 2009 – 2011 жылдардағы кезеңде мына түрде болды: облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінен 2009 жылы – 0,35 %, 2010 жылы – 0,45 %, 2011 жылы – 0,69 %.

      Кен өндіру өнеркәсібіндегі НКИ 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда – 86,2 %-ды құрады. 2012 жылы НКИ 2011 жылмен салыстырғанда – 199,3 % болды, оның ішінде металл кендерін өндіру 2012 жылы 2,8 есе есті, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары 2011 жылмен салыстырғанда 149,6 %-ды құрады. 2013 жылы НКИ 2012 жылдың деңгейіне қарағанда,121 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі өнімдерінің құрылымы өңдеу дәрежесі жоғары және қосылған құны жоғары өнімі жоқ саланың, негізінен, шикізатқа бағдарланғанын көрсетеді.

      Саланың қалыптасып отырған құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің өнім өндірісінің көлемін пайдалы қазбаларды терең өңдеу, сондай-ақ жаңа кен орындарын игеру есебінен ұлғайтуға болады.

      Осылайша, шикізатты қайта өңдеудің озық технологияларын енгізу, қосылған құны жоғары дайын өнім алу арқылы жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз ету кен өндіру өнеркәсібін технологиялық дамытудың перспективалы мүмкіндіктері болып табылады.

      Өңдеуші өнеркәсіп

      Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі негізгі үлес 2012 жылы: азық-түлік өнімінің өндірісі – 54,7 %, машина жасау – 30,3 %, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 4,4 % және басқалар – 10,6 % болды. 2013 жылы өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың көлемі 2012 жылдың деңгейіне қарағанда – 114 941 млн. теңге, НКИ – 108%-ды құрады.

      Тамақ өнімдерінің өндірісі

      2009 – 2013 жылдардағы кезеңде облыстың өнеркәсіп өнімдері көлемінің құрылымындағы тамақ өнімдерінің өндірісі саласының даму серпіні мынадай болды:

Көрсеткіштердің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі, млн.теңге

78 110,0

85 111,4

115 241,5

125 888,6

151 991,3

Тамақ өнімдерінің өндірісі, млн. теңге

34 710,3

35 661,0

47 652,6

53 440,7

67 580,4

Үлесі, %

44,44

41,9

41,4

42,5

44,5


      Сала кәсіпорындары 2011 жылы 47 652,6 млн. теңгеге сомасына өнім өндірді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 37,3 %-ды құрайды, 2012 жылы 53 440,6 млн. теңге сомасына тамақ өнімдері өндірілді, 2009 жылға қатысты өсуі 54 %-ды құрайды, 2013 жылы 67 580,4 млн. теңге сомасына өнім өндірді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 94,7 %-ды құрады.

      6-кесте. Облыстағы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге

Өндіріс номенклатурасының атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Ет өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

3 273,0

4 180,9

4 704,7

6 920,8

8 298,2

Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу

4 043,2

2 515,0

3 344,6

3 234,2

3 460,4

Сүт өнімдерінің өндірісі

6 899,0

8 853,9

11 449,4

14 402,4

21 163,5

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

9 465,9

8 926,4

12 190,3

13 640,2

16 298,3

Нан-тоқаш және ұннан жасалатын өнімдер өндірісі

6 264,4

6 752,0

8 309,0

8 883,3

9 503,4

Өсімдік және жануар майлары мен тоң майларының өндірісі

1 500,9

1 499,2

3 673,5

3 130,9

4 649,6

Балықты, шаян тәрізділер мен ұлуларды өңдеу және консервілеу

811,5

886,7

1045,7

124,4

144,2

Басқа тамақ өнімдерінің өндірісі

772,0

264,6

745,6

652,1

665

Малға арналған дайын жем-шөп өндірісі

1 680,5

1 782,4

2 189,8

2 452,3

3 397,8

ЖИЫНЫ

34 710,4

35 661,1

47 652,6

53 440,6

67 580,4


      Саланың қазіргі дамуымен қатар, бірқатар шешілмеген проблемалары да бар:

      1) өндіріс тиімділігінің өсуін төмендетуге әкеп соқтыратын жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының жоғары деңгейі;

      2) өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

      3) саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, кәсіпорындарда айналым қаражатының тапшы болуы;

      4) қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмен болуы;

      5) тартылатын қаржы ресурстарының жоғары құны.

      Машина жасау саласы

      Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің құрылымындағы машина жасау саласы үлесінің 2009 – 2013 жылдардағы кезеңде даму серпіні 7-кестеде келтірілген.

      7-кесте

Өнімнің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі, млн.теңге

78 110,0

85 111,4

115 241,5

125 888,6

151 991,3

Машина жасау, млн. теңге

16 006,1

17 947,2

29 959,3

29 673,3

32 285,2

Үлесі,%

20,49

21,08

26,0

23,6

21,2


      Негізінен, экономиканың мұнай өндіру, көлік секторларының жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағдарланған машина жасау кәсіпорындарында 2011 жылы 29 959,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 87,1 %-ды құрады. 2012 жылы 29 673,3 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 83,3 %-ды құрады, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 32 285,3 млн. теңгені, 2009 жылға қатысты өсуі 101,7 %-ды құрады.

      8-кесте. Облыстың машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге

Атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

191,4

340,0

3 071,7

2 911,1

3 602,4

Электр жабдықтарының өндірісі

1 323,3

1523,3

2 808,7

3 207,0

2 524,7

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

4 973,3

5 460,1

6 714,5

7 558,0

7 610,5

Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

1 752,1

1 838,0

1 524,4

3 176,8

3 259,3

Басқа көлік құралдарының өндірісі

3 350,8

3 943,8

7 434,1

3 955,2

3 974,6

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

4 415,2

4 841,9

8 594,3

8 865,3

11 313,8

ЖИЫНЫ

16 006,1

17 947,1

30 147,7

29 673,4

32 285,3


      Саланың дамуының проблемалары:

      1) өндіріс тиімділігінің өсуінің төмендеуіне әкеп соқтыратын жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының жоғары деңгейі;

      2) өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

      3) саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, кәсіпорындарда айналым қаражатының үнемі тапшы болуы;

      4) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның (ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық бюролардың, тәжірибелік-эксперименттік базалардың, сынақ және техникалық бақылау орталықтарының) едәуір бөлігінің жойылуы;

      5) қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмен болуы;

      6) жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық қайта жарақтану жоспарлары, олардың машина жасау өнімінде деген ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жыл сайынғы сатып алу қажеттіліктері туралы ақпараттың болмауы;

      7) өндірісті дамыту мақсатында тартылатын қаржы ресурстарының жоғары құны.

      Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

      Облыстың кәсіпорындары құрылыста пайдаланылатын өнімдердің мол ассортиментін шығарады. Бұл – құм, қиыршық тас, құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар, тауарлық бетон, есіктер, терезелер, сэндвич-панельдер, құбырлар және басқа бұйымдар.

      9-кесте. Облыстың құрылыс индустриясы өнімінің заттай мәндегі өндірісі

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Табиғи құмдар, мың текше метр

118,3

155,6

213,3

224,9

Тас түйіршіктері, үгіндісі, ұсақ тас, қиыршық тас, мың текше метр

181,3

253,4

420,5

580,1

Полимерлер негізінде жасалған бояулар мен лактар, тонна

403

307

416

420

Құбырлар, түтіктер, түтік құбырлар мен шлангтер, олардың пластмассадан жасалған фитингтері, кг

1 630 754

4 784 191

6 683 947

4 214 571

Есіктер, терезелер, терезе жақтаулары, жалюзи және пластмассадан жасалған осыған ұқсас басқа бұйымдар, кг

1 616 160

1 631 698

1 630 408

1 751 949

Құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар, тонна

34 265

33 709

32 521

27 706

Плиткалар, плиталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған осыған ұқсас бұйымдар, тонна

6 126

7 804

6 745

6 200

Тауарлық бетон, тонна

102 690

155 702

162 967

160 285

Асфальттан немесе орамалардағы осыған ұқсас материалдардан жасалған жабын немесе әрлеу бұйымдары, мың шаршы метр

140

70,9

110,5

162,5

Жалатылған болат табақтан жасалған сэндвич панельдер, тонна

254

389

390

306

Құрастырмалы құрылыс металл конструкциялары, тонна





258




      2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2012 жылы НКИ: пластмассадан жасалған терезелер мен есік блоктарының өндірісі бойынша – 99,9 %, полимерлер негізінде жасалған бояулар мен лактар – 135,5 %, табиғи құм – 136,1 %, ұсақталған тас, қиыршық тас, ұсақ тас – 165,9 %, ағаш материалдары, шпалдар – 2,2 есе, ағаштан жасалған терезелер, терезе жақтаулары, есіктер – 2 есе, құбырлар, шлангтер мен олардың пластмассадан жасалған фитингтері – 139,7 %, жалатылған болат табақтан жасалған сэндвич панельдер – 100,3 %, құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар – 96,5 %, жабын бұйымдары – 155,9 %, тауарлық бетон – 104,7 % болды.

      Заттай мәнде 2011 жылмен салыстырғанда полимерлер негізінде бояулар мен лактар өндірісі 35,5 %-ға, тас түйіршіктері, үгіндісі мен тас ұнтағы, малта тас, ұсақ тас, қиыршық тас өндірісі 65,9 %-ға, табиғи құм өндірісі 36,1 %-ға, ағаш материалдары мен шпалдар өндірісі 120 %-ға, құбырлар, шлангтер мен олардың пластмассадан жасалған фитингтерінің өндірісі 39,7 %-ға, сэндвич панельдер өндірісі 0,3 %-ға, жабын бұйымдарының өндірісі 55,9 %-ға ұлғайды.

      Ағымдағы жағдайды талдау облыстың құрылыс индустриясының дамуында мынадай проблемалар орын алып отырғанын анықтады:

      1) сала кәсіпорындарының техникалық деңгейінің төмен болуы;

      2) технологиялық жабдықтардың әбден тозуы, негізгі қорларды жаңарту жылдамдығының төмен болуы;

      3) жаңғырту үшін кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіз болуы;

      4) ресурстарды көп қажет ету және тиісінше өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы;

      5) импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялар қажеттігі.

      Көлік және коммуникация

      Облыстың көліктік-коммуникациялық кешені құрлықта жүретін өзге де көлікті (автомобиль, жүк, жолаушы көлігі, такси, троллейбус), өзен көлігін, қатынас жолдарын, почта байланысы мен телекоммуникацияларды қамтиды.

      Облыстағы жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 807 км теміржолдан, 8 998 км автомобиль жолынан, 70 км кеме жүзетін ішкі су жолдардан, 26,9 км троллейбус жолынан тұрады. Облыс бойынша қатты жабын төселген автомобиль жолдарының тығыздығы республикадағы ең жоғарыларының бірі және 1000 км2 аумаққа шаққанда 72,6 км құрайды (республика бойынша орта есеппен – 31,6 км), теміржолдар – 8,2 км.

      10-кесте Экономикалық қызмет түрлері бойынша көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері:

Атауы

2010

2011

2012

2013

Көлікпен жүк тасымалдау, мың тонна

40 078,9

46 127,5

46 211,99

49 263,4

Жүк айналымы, млн. тонна-километр

2 811,2

3 202,5

3 220,2

3 223,3

Жолаушылар тасымалдау, млн. адам

365,5

453,9

470,7

378,0

Жолаушылар айналымы, млн. жолаушы-километр

2 284,6

3 065,3

3 487,3

3 784,1


      Барлық көрсеткіштер өсу серпінін көрсетеді, мұның өзі көлік саласының дамығанын айғақтайды. Алайда, автокөлік инфрақұрылымының қомақты бөлігі нормативтік мерзімнен артық пайдаланылатынына байланысты көлік жұмысының қауіпсіздігі жөніндегі ахуал нашарлап барады, саланың даму көрсеткіштерінің өсуі автожолдар желісінің тозу процесін жеделдете түспек.

      Облыстың көлік-коммуникация кешенін дамыту проблемалары – автокөлік инфрақұрылымының тозуына, теміржол желісінің жеткілікті дамымауына, негізгі қорларды жаңғыртуға жеткілікті қаржы бөлінбеуіне және нарықта жеткілікті бәсекелестіктің болмауына байланысты.

      Телекоммуникациялар мен почта байланысы саласы – экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі, оның дамуына зор мән беріледі. Экономиканы өзгертуде, оның бәсекеге қабілеттігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың атқаратын рөлі өте маңызды. Сала көрсетілетін қызметтердің көлемі мен ауқымын ұлғайтып, орнықты дамып келеді.

      2011 жылы пошта және курьер қызметінің кәсіпорындары 421,9 млн. теңге сомасына, байланыс кәсіпорындары – 5 287,6 млн. теңге сомасына қызметтер көрсетті. 2012 жылы почта және курьер қызметінен түскен кіріс 405,2 мың теңгені, 2013 жылы – 415,5 мың теңгені құрады. 2012 жылы байланыстың кірісі 5 661,4 мың теңгені, 2013 жылы – 6 341,1 мың теңгені құрады.

      Цифрлық жабдықтарды енгізу базасында көрсетілетін жаңа қызметтерді дамыту басымдығымен телекоммуникациялар желісін жаңғырту жоспарлануда, мұның өзі сапаны жақсартуға және сыйымдылығын ұлғайту арқылы қызмет әрекет ету аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Байланыс және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар секторының жоғары даму қарқынын ұстап тұру және дамуын жеделдету үшін секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз етуге және инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру үшін венчурлік капитал тартудағы белсенділікті ұлғайтуға байланысты туындайтын проблемаларды шешу қажет.

      Экономиканың басым салаларының даму болжамы және олардың облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға әсері

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсу қарқыны 2011 жылғы ЖІӨ-мен салыстырғанда 2012 жылы 105,0%-ды құрады. 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері орта мерзімді кезеңге арналған негізгі макро-экономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде әзірленген. Бастапқы параметрлерді ескерсек, ЖІӨ нақты өсуі 2013 жылы 6,5 %-ды, 2014 жылы 7,1 %-ды құрамақ.

      Елдің ЖІӨ өсуі, сонымен қатар ЖӨӨ-нің тиісінше өсуімен де қамтамасыз етіледі. Аталған салалардың ЖӨӨ-дегі үлесінің ұлғаюы тұрғындар кірістерінің артуына және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, тиісті бюджеттерге кірістердің түсуіне мүмкіндік туғызады, экономиканың дамуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландырудың өсуіне ықпалын тигізеді.

      Облыстың экспорттық әлеуетін бағалау

      Қазіргі уақытта облыс экспорты мейлінше шектелген. Экспорттың негізгі баптары шикізат бағытындағы тауарлар топтарына тиесілі: бидай және ұн. Ал импорт құрылымында жабдықтар, көлік құралдары, қара металл мен одан жасалған бұйымдар, минералды отын қомақты үлес алады.

      Сонымен қатар, облыстың астық экспорты бойынша ғана емес, өнеркәсіптік өнім өндірісін және оның экспортын өрістету бойынша да айтарлықтай әлеуеті бар.

      Облыстағы инвестициялық ахуалды бағалау

      Негізгі капиталға инвестициялар

      Жете бағалауды ескергенде негізгі капиталға құйылған инвестициялар 2012 жылы 97 998,8 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылға қатысты инвестиция сомасының 136,3 %-ын құрайды. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың қомақты бөлігін – 70,1 %-ын жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерген, мемлекеттік сектордың үлесіне – 28,6 %, шетелдік сектор үлесіне – 1,3 % тиесілі.

      Мыналар негізгі капиталға құйылатын инвестициялар бағытталған басым салалар болып табылады:

      1) ауыл, орман және балық шаруашылықтары – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 30,4 %-ы және 2013 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 33,4 %-ы;

      2) өнеркәсіп – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 24,6 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 15,5 %-ы;

      3) көлік және қоймалау – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 7,8 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 12,4 %-ы;

      4) жылжымайтын мүлікпен операциялар – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 4,8 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 5,2 %-ы;

      Инвестициялар көлемінің қомақты үлесі машиналар мен жабдықтаулар сатып алуға – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 60,7 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 59 %-ы, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 35,1 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 36 %-ы тиесілі. 2012 жылы негізгі капиталға қаржы салу көзі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындардың меншікті қаражаты – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 59,7 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 72,3 %-ы, бюджет қаражаты – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 27,4 %-ы және 2013 жылдың инвестициялар көлемінің 21,8 %-ы, қарыз қаражаты – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 12,7 %-ы және 2013 жылдың инвестициялар көлемінің 5,8 %-ы болды.

      11-кесте. Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың көлемі, млн. теңге

Экономика саласының атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

ауыл, орман және балық шаруашылығы

12 704,4

24 712,5

39 490,3

44 741,4

өнеркәсіп

6 252,8

9 936,2

31 954,0

20 700,1

кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазу

214,2

417,4

421,5

422

өңдеуші өнеркәсіп

1 806,1

4 305,3

9 743,1

9 800

электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

4 232,5

5 213,6

21 789,5

22 058

құрылыс

1 387,9

617,8

478,5

701,4

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

6 389,2

2 673,5

1 024,2

1 331,1

көлік және қоймалау

4 086,0

3 429,5

10 116,2

16 598

күнкөріс және тамақтандыру жөнінде көрсетілетін қызметтер

24,6

33,5

20,6

30

ақпарат және байланыс

1 517,2

2 819,1

3 193,5

3 200,1

қаржы және сақтандыру қызметі

461,7

335,9

236,1

446,3

жылжымайтын мүлікпен операциялар

3 589,4

7 454,4

6 298,2

6 931,9

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

637,9

543,0

456,2

905

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

39,6

49,2

257,8

262,7

мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

12 367,5

14 807,0

830,4

281,6

білім беру

966,6

1 092,4

1 753,6

1 012,1

денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

589,8

370,0

1590,6

4106,2

өнер, ойын-сауық және демалыс

68,7

77,9

227,3

172,3

басқа қызмет түрлерін көрсету

119,8

38,4

71,2

84,3

жиыны:

57 455,9

78 926,6

129 952

133 785,4


      12-кесте. Өңірлік инвестициялардың үлесі

Жылдар

Қазақстан Республикасы, млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы, млн. теңге

Ұлттық экономикаға құйылатын инвестициялардағы өңірдің үлесі, %

2003

1 327 864

12 353

0,93

2004

1 703 684

18 186

1,07

2005

2 420 976

37 229

1,54

2006

2 824 523

34 328

1,22

2007

3 392 122

37 287

1,10

2008

4 210 878

41 279

0,98

2009

4 585 298

49 505

1,08

2010

4 653 528

51 203

1,10

2011

5 010 231

68 990

1,38

2012

5 473 161

97 999

1,79


      Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес ұлттық экономикаға құйылатын инвестициялардың жалпы көлемінің 1,79 %-ы ғана өңірлік инвестициялардың үлесіне тиесілі. Бұл көрсеткіш өте төмен және өңір кәсіпорындары мен ұйымдарының инвестициялық ресурстарды айтарлықтай қажет ететінін көрсетеді.

      Осыған байланысты, ұлттық экономикаға инвестициялар тартуға бағдарланған мемлекеттік органдардың және даму институттарының өңірге инвестициялық ресурстардың келуін қамтамасыз етудегі рөлі айтарлықтай артады.

      Шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар тарту үшін тартымды жағдай жасау мақсатында 2012 жылдан бері ӘКК-нің ұйымдық құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Құрылымдық бөлімше инвесторға толық сервистік қолдау көрсетеді және өңірге инвестициялардың келуіне жәрдемдесуді жүзеге асырады.

      Облыстың инвестициялық әлеуетін дамытудың негізгі проблемалары:

      1) тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың нақты тетіктерінің болмауы;

      2) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіз болуының салдарынан стратегиялық инвесторлар белсенділігінің төмен болуы;

      3) кредиттік ресурстарға және ұзақ мерзімді қаржыландырудың басқа да құралдарына қол жеткізудің шектеулі болуы;

      4) инвестициялық жобаларды дайындаудың төмен деңгейі;

      5) перспективалы жобаларды қаржыландырудың өңірлік көздерінің болмауы.

      Негізгі тұжырымдар:

      1) дәстүрлі көздерден инвестициялар тартудағы жалпы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты облыс кәсіпорындарының инвестициялық қызметті қаржыландырудың балама нұсқаларын іздеуге, оның ішінде мемлекеттік ресурстар есебінен іздеуге деген қажеттілігі айтарлықтай жоғарылады;

      2) экономиканың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың нақты секторының қажеттілігін қанағаттандыруға және кеңейтілген өндіріс үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін облысқа құйылатын инвестициялардың жоғары өсу қарқынын қалпына келтіру қажет;

      3) негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың ағымдағы құрылымы облыс экономикасын дамытуда шикізат секторы жағына қарай теңгерімсіздік орын алып отырғанын көрсетеді. Ал облыс экономикасын қалпына келтіру және сапалы, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларында шикізатты терең өңдеу өндірісін басымдықпен дамыту талап етіледі.

      Облыстағы инновациялық белсенділікті бағалау

      Облыстың инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуеті бар:

      минералдық шикізат базасы;

      индустриялық-өнеркәсіптік өңір;

      құрылыс өнімдерін шығару жөніндегі өндірістік қуаттар;

      жоғары білікті ғылыми және өндірістік кадрлар.

      Облыстың Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 40,8 млрд. теңге болатын 30 инвестициялық жоба кіреді, пайдалану кезеңінде 1 839 жұмыс орны құрылмақ.

      25,8 млрд. теңге сомасына 26 жоба пайдалануға берілді, бұл ретте 1 083 тұрақты жұмыс орны құрылды.

      4 жоба іске асырылу сатысында:

      1) сүт өңдеу кешенінің құрылысы – "Зенченко и КҮ" коммандиттік серіктестігі (655 млн. теңге);

      2) бордақылау алаңы бар 2 000 басқа арналған асыл тұқымды молықтырушы шаруашылық – "SC FOOD Солтүстік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (3 296 млн. теңге);

      3) жылыжай кешенін жаңғырту – "Наурыз 2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (432 млн. теңге);

      4) қуаты жылына 1 млн. тонна құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдеу жөніндег "Сырымбет" кен байыту кешенін салу.

      2011 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 49,9 %-ға азайды және 1 469,5 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 22,9 млн. теңгеге көрсетілді, бұл көрсеткіш 2010 жылы 112,7 млн. теңге болды.

      2010 жылы технологиялық инновацияларға капиталдық және ағымдағы шығындар – 478,9 млн. теңгені, 2011 жылы – 184,9 млн. теңгені құрады. Бұл ретте, жаңа өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді және оларды өндіру (беру) әдістерін, өндірістік жаңа процестерді зерттеуге және әзірлеуге жұмсалған шығындар 2011 жылы 23,3 млн. теңгені құрады, технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға – 108,1 млн. теңге, жаңа технологияларды (өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді пайдалануға берілетін патенттерге, лицензияларға құқықты) сатып алуға – 1,5 млн. теңге, бағдарламалық құралдарды сатып алуға – 21,6 млн. теңге, өндірістік жобалау, жаңа өнімдерді шығару, жаңа қызметтерді және оларды өндіру (беру) әдістерін енгізу үшін өндірісті дайындаудың басқа түрлеріне – 25,6 млн. теңге, инновациялармен байланысты қызметкерлерді оқытуға және даярлауға – 1,9 млн. теңге, маркетингтік зерттеулерге – 1,2 млн. теңге жұмсалды, технологиялық инновацияларға жұмсалатын басқа шығындар 1,7 млн. теңгені құрады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы "Мұнай-маш" акционерлік қоғамының мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдар шығару үшін өндірісін жаңғырту жөніндегі жобасы толығымен қаржыландырылды. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру шеңберінде 2012 жылдың қазанында Жапония, Америка Құрама Штаттары мен Бразилияда жасалған цифрлық бағдарламамен басқарылатын заманауи көп функционалды 12 станок пайдалануға енгізілді. Жобаны іске асыру кәсіпорынға бөлшектерді механикалық өңдеуге жұмсалатын уақытты қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын азайтуға, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Инновациялық қызметтің дамуын тежейтін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

      1) кәсіпорындардың (ірі машина жасау кәсіпорындарынан басқа) инновациялық белсенділігінің төмен болуы және инновацияларға сұраныстың болмауы;

      2) инновациялық өнім мен инновациялық қызметтерді көрсету көлемінің төмен болуы;

      3) инновациялық инфрақұрылымның жетілмеуі;

      4) инновациялық компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының жетілмеуі;

      5) кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмен болуы;

      6) инновацияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіз болуы;

      7) ғылым мен өндіріс арасында қалыптасқан алшақтық, бизнес және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетігінің болмауы.

      Сыртқы орта факторларының ықпал етуі

      Соңғы жылдары өзекті міндетке айналған кәсіпорындардың қызметіне сыртқы ортаның әрқилы факторларының ықпалын барынша азайту міндетін шешу үшін олардың жұмысына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және жүйелендіру талап етіледі. Сыртқы орта факторларының ықпалы салдарынан туындауы мүмкін келеңсіз салдарды айқындау жөніндегі шараларды осының негізінде ғана әзірлеуге болады.

      Экономикалық дағдарыстардың туындау себептерін зерттеу көрсеткендей олардың ішінен ең басты біреуін бөліп көрсету мүмкін емес. Экономикалық дағдарыстар ішкі сипаттағы да, сыртқы сипаттағы да көптеген мән-жайлардан туындайды. Мұндай себептердің неғұрлым толық жиынтығын былайша көрсетуге болады. Сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторлар.

      Саяси және құқықтық факторлар

      Ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы, сыртқы қауіптердің болмауы және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық ел мен өңір экономикасының қарқынды әрі серпінді дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекет қабылдап отырған шаралар кешені халық шаруашылығы салаларының, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің, өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының дамуына мүмкіндік туғызады. Саяси және құқықтық факторлар арқылы қалыптасатын келеңсіз өзгерістер (сырттан төнетін қауіптің болуы, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарындағы проблемалар) ӘКК-нің қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.

      Шаруашылық факторлар

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап ЖІӨ мен ел экономикасына құйылатын инвестициялардың өсу қарқынын біртіндеп ұлғайту жоспарлануда, бұл экономиканың басым секторларын дамыту жөніндегі инвестициялық қызметті жандандырады.

      Экономикалық өзгертулердің үдемелі іске асырылуы Қазақстанның, оның ішінде өңірлердің де экономикасын қалпына келтіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның өзі әлемдік экономикада алдын ала болжанбаған қолайсыз оқиғалар болмаған жағдайда, ӘКК-нің қызметіне жағымды әсерін тигізеді.

      Әлемдік нарықтағы қолайсыз оқиғалардың туындауы, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі және тиісінше инвестициялық қызметтің құлдырауы ӘКК қызметінің нәтижелілігіне теріс әсер етеді.

      Демографиялық факторлар

      Әлемде демографияны дамытудың екі негізгі үрдісі бар – өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және өлім деңгейін төмендету. Тиісінше, халық санының жалпы өсімі байқалады, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісінің тиісінше ұлғаюы және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту талап етіледі. Аталған жағдай инвестициялық салымдарды ұлғайтуды, соның салдарынан инвестициялық қаражат іздестіруді талап етеді.

      Демографиялық факторлардың теріс ықпал етуін уақтылы есепке алу ӘКК үшін көптеген зардаптардан құтылуға көмектеседі – кадрлар тапшылығы, сұраныстың төмендеуі, өндірістің жеткіліксіз көлемі және басқалар.

      Бұл жағдайда ӘКК облыстың экономикалық әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту бойынша мемлекеттің міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.

      Экологиялық факторлар

      Облыста тазарту құрылыстарының тиімсіз жұмыс істеуіне немесе облыс аудандарының басым бөлігінде мұндайлардың болмауына байланысты шиеленісті экологиялық ахуал сақталуда, сонымен қатар қалдықтарды басқаруға байланысты проблема аса өткір күйінде тұр. Қызметтің мұндай жағдайлары өз қызметін облыс аумағында жүзеге асырып жатқан компаниялар қызметінің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары үшін экологиялық проблемалар астықтың шықпай қалуына, малдың қырылуына әкеп соғуы мүмкін, өңдеуші кәсіпорындар үшін жабдықтың істен шығу тәуекелі артады, құрылыс саласы, кен өндіру өнеркәсібі мен көліктік-коммуникациялық кешен үшін жабдықтар мен механизмдердің істен шығу, құрылыстардың, көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымның қирау тәуекелі артады. Бұл мән-жайлар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығына ықпалын тигізуі мүмкін.

      Технологиялық факторлар

      Негізгі технологиялық факторларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді дамыту үрдісі мен оларға түрлі көздерден жұмсалатын шығындар, зияткерлік меншікті қорғаудың қолданыстағы жүйесі, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы мемлекеттік саясат, жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа өнімдер (жаңарту жылдамдығы, идеялар көздері), жаңа патенттер жатады.

      Технологиялық факторлардың ӘКК қызметіне теріс ықпал етуі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің даму қарқынының төмендеуінен көрінуі мүмкін, бұл өнім сапасы деңгейінің төмендеуіне, нарықтың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкін еместігіне және нәтижесінде ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

      ӘКК қызметінде аталған факторларды есепке алуды уақтылы қамтамасыз ету өңір экономикасының қолда бар бәсекелік артықшылықтарын дамытуға және сақтауға мүмкіндік береді.

      Ішкі ортаны талдау

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ӘКК-ге мемлекеттік активтер берілген. Осы активтердің базасында ӘКК жобаларды жеке бизнеспен әріптесе отырып іске асырады.

      ӘКК алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу инфрақұрылым, бизенс-орта құру, өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыру үшін жағдайлар жасау және инвестициялар тарту, сондай-ақ өңірде орын алып отырған әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге жәрдемдесу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

      Ұйымдық қалыптасуы

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

      ӘКК-нің мемлекеттік тіркелуі "Тобыл" ӘКК" ұлттық компаниясы" АҚ-ның қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде жүргізілді.

      "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес 2007 жылғы 8 қазанда құрылды.

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес "Тобыл" ӘКК" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті 50 % тең үлестермен Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының коммуналдық меншігіне берілді.

      ӘКК-нің қайта ұйымдастырылуына байланысты акционерлер 2010 жылғы 1 қазанда акционерлік қоғамды "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына және "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына бөлу туралы шешім қабылдады.

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 347-ОД бұйрығына сәйкес облыстың географиялық шекарасында қызметтің бейінді түрлері бойынша ӘКК құруға келісім алынды.

      ӘКК-ні мемлекеттік тіркеу 2011 жылғы 11 қаңтарда жүзеге асырылды. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ға ұлттық компания мәртебесі берілді.

      ӘКК дамуындағы жаңа кезең – Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын жандандыру жөніндегі жобалардың іске асырылуына байланысты. Сондай-ақ ӘКК-ге мынадай мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік нысаналы іс-шараларды іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген:

      1) салалық бағдарламаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекіткен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ);

      1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ИИДМБ);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы(бұдан әрі – ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы);

      2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы;

      2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы);

      3-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту – 2020" жол картасы;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы;

      4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген 2015 – 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы);

      6) азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      7) сервистік-дайындау орталықтарын құруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені.

      Осыған байланысты стратегиялық перспективада ӘКК-нің қызметі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету бөлігіндегі мемлекеттің бастамаларын іске асыруға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуға бағдарланатын болады.

      ӘКК қызмет еткен жылдары оның қалыптасуының ұйымдастырушылық кезеңі, негізінен аяқталды:

      1) ӘКК-де құрылған корпоративтік басқару жүйесі заңнамалық және өзге де құқықтық актілерде жазылған ережелер мен талаптарға толық сәйкес келеді;

      2) ұйымдық құрылымы және еңбекақы төлеу жүйесі қалыптасқан;

      3) ӘКК-ның қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар пакеті әзірленді;

      4) жарғылық қызметті жүргізу үшін бастапқы ресурстар (қаржы активтері, жер, жер қойнауы, мүлік) қалыптастырылған.

      ӘКК-нің корпоративтік басқару жүйесін талдау

      ӘКК-нің ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

      Ішкі ұйымдық құрылым – ӘКК қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне тиімді қол жеткізуге арналған ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелері мен олардың өзара байланысуының жиынтығы.

      ӘКК-нің құрылымы мынадай түрде көрсетілген:

      1) жоғары органы – жалғыз акционер (бұдан әрі – акционер);

      2) басқару органы – директорлар кеңесі;

      3) алқалы атқарушы орган – басқарма;

      4) ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган – ішкі аудит қызметі.

      ӘКК-дегі корпоративтік басқару акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидаттарында негізделген және ӘКК-нің тиімді қызметіне, оның ішінде ӘКК активтерінің өсуіне және ӘКК-нің қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал етеді. Акционер заңнамада және ӘКК Жарғысында көзделген құқықтарға ие.

      Корпоративтік басқару акционерлерге ӘКК-ні басқаруға қатысуына байланысты өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға нақты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. ӘКК органдары заңнама мен Жарғы нормаларын бұзатын әрекеттер жасаған жағдайда, акционерлер өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңнамада көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

      2020 жылға дейін мемлекеттік активтерді басқару саясатындағы жаңа тәсілдерге сәйкес жергілікті деңгейде мемлекет қатысатын ұйымдармен қызмет салаларын талдау және қызметінің коммерцияға бағдарланған сипаты бар кәсіпорындардың тізбесін айқындау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

      Бәсекелестік дамыған салаларда жұмыс істейтін компаниялар сатылатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін компаниялар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі тетіктерін қолдану арқылы жеке меншік кәсіпкерлік субъектілеріне берілуі мүмкін немесе жеке бизнес тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда, мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылатын болады. Коммерцияға бағдарланған компаниялардың қалғаны, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі активтер оңалтудан өткізу және бәсекелі ортаға беру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басқаруына беріледі, бұл ретте акционер беріліп отырған активтерді оңалтуды бастапқы қаржыландыруды жүргізетін болады.

      Директорлар кеңесі ӘКК қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады.

      Басқарма ӘКК-нің ағымдағы қызметін жедел басқару бойынша шешімдер қабылдайды, акционер мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.

      Ішкі аудит қызметі ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметін және ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін, ішкі аудиттің өткізілуін және ӘКК жай-күйін әділ бағалау мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстардың көрсетілуін бақылауды жүзеге асырады.

      ӘКК-дегі корпоративтік басқару жүйесі, бір жағынан, құрамына акционердің өкілдері мен тәуелсіз директорлар кіретін директорлар кеңесі арқылы, екінші жағынан ӘКК қатысуымен құрылатын мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компаниялардың басқару органдарына қатысу жолымен оларды басқару арқылы іске асырылады.

      Сыртқы ұйымдық құрылым – стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге тиімді қол жеткізу мақсатында құрылған және жұмыс істейтін, ӘКК оларға қатысты меншік иесі немесе инвестор болып табылатын мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компаниялардың жиынтығы.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК 4 еншілес және 12 тәуелді компанияға қатысушы болып табылады.

Еншілес компаниялардың атауы

ӘКК қатысу үлесі

1

"Солтүстік" басқару компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100,0 %

2

"Солтүстік" қаржы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100,0 %

3

"СК-Финанс" микрокредит ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100,0 %

4

"Петропавл" әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100,0 %

5

"Қызылжар ауданы" СДО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

88,3 %

6

"Есіл ауданы" СДО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

48,0 %

7

"Асық Тобыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

38,27 %

8

"Престиж" тігін үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30,44 %

9

"АртоСам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30,0 %

10

"Явленское каръероуправление" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30,0 %

11

"Наурыз-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27,73 %

12

"Баксинское MZM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

24,0 %

13

"Құрғақ көбік-бетон қоспаларының зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,0 %

14

"Қызыл ту – Тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,0 %

15

"Новоишим цемент зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,0 %

16

"Биік шыңға жоба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,0 %

17

"Астық Неруд Тобыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20,0 %

18

"Володаровское PRP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15,0 %


      ӘКК-ні, мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компанияларды басқару органдарының өзара іс-қимыл жасау деңгейін жоғарылату және оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығару мақсатында ӘКК еншілес және тәуелді ұйымдар мен компанияларда корпоративтік басқаруды енгізу және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл шаралар бизнес-жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және компаниялар құнының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Корпоративтік басқару рейтингін беру мақсатында ӘКК-дегі корпоративтік басқару практикасын бағалау жүргізілген жоқ. Осыған байланысты рейтингтің ағымдағы мәні айқындалмаған, ӘКК бойынша рейтинг (ИСО 9001 – 2009 жылғы Қазақстан Республикасының сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттай отырып, сапа менеджменті жүйесін енгізу) алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу 2014 жылға жоспарланған.

      Корпоративтік басқару рейтингі – бұл ӘКК-дегі корпоративтік басқару практикасын төрт құрамдауыш бойынша кешенді бағалау: акционерлердің құқықтары, басқару және бақылау органдарының құрамы мен жұмысының тиімділігі, ақпаратты ашып көрсету, өзге мүдделі тараптардың мүдделерінде қызмет ету және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік. Корпоративтік басқару рейтингі, сондай-ақ ӘКК-нің корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау болып табылады.

      Корпоративтік басқару рейтингі компанияның директорлар кеңесінің, атқарушы органының және акционерлерінің өзара тиімді іс-қимыл жасау жүйесін бағалай отырып, ӘКК құнының өсуіне ықпал етеді және ұзақ мерзімді перспективада инвесторлардың сенімін қолдайды.

      Корпоративтік басқару жүйесін дамыту ӘКК жалғыз акционерінің шешімімен – "Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген Корпоративтік басқару кодексімен, ӘКК жалғыз акционерінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 286 шешімімен бекітілген Жарғымен және ӘКК-нің ішкі нормативтік құжаттарымен регламенттелген. Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес корпоративтік басқарудың мынадай негіз қалаушы қағидаттары айқындалған:

      1) акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

      2) директорлар кеңесінің және басқарманың ӘКК-ні тиімді басқару қағидаты;

      3) директорлар кеңесі қызметінің қағидаты;

      4) басқарма қызметінің қағидаты;

      5) ӘКК-нің дербес қызметінің қағидаты;

      6) ӘКК-нің қызметі туралы ақпараттың ашықтығы және оны ашудың объективтілігі қағидаты;

      7) заңдылық және әдептілік қағидаты;

      8) тиімді дивиденд саясатының қағидаты;

      9) тиімді кадр саясатының қағидаты;

      10) қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

      11) корпоративтік жанжалдарды және мүдделер қақтығысын әділ реттеу қағидаты;

      12) жауапкершілік қағидаты.

      Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында ӘКК-нің интернет-ресурсында өзінің қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады. ӘКК-нің интернет-ресурсына 2013 жылы 6 653 пайдаланушы кірген.

      2011 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан бірлескен ынтымақтастық туралы 258 өтінім, оның ішінде 2011 жылы – 10, 2012 жылы – 129, 2013 жылы – 119 өтінім келіп түсті.

      Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі көрсеткіштерді талдау өңірдің шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің ӘКК қызметіне белгілі бір қызығушылық білдіретінін көрсетеді.

      2012 жылдан бері ӘКК-де тәуелсіз аудиторлық компаниялар қаржылық-шаруашылық қызметке аудит жүргізеді.

      2014 жылы ӘКК қызметін ИСО 9001 – 2009 жылғы Қазақстан Республикасының сапа стандартына сәйкес ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда, оның нәтижесінде сапа менеджментінің жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) енгізілетін болады.

      Персоналға деген ағымдағы және болашақтағы қажеттілікті қамтамасыз етуге ӘКК қызметкерлерін жалдау, оларды ауыстыру, ротациялау және олардың мансаптық өсуін жоспарлау жүйесін қолдану арқылы қол жеткізіледі.

      Қызметкерлердің өздері иеленіп отырған лауазымдарға сай болуын айқындау және орын алған сәйкессіздіктерді анықтау мақсатында ӘКК-де қызметкерлердің жыл сайынғы аттестациясы өткізіледі, оның нәтижелері бойынша қызметкерлердің біліктілік және құзырлылық деңгейі белгіленіп, расталады.

      Бұл ретте, ӘКК-де кадрлардың тұрақсыздығымен, қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін бағалаудың, оларға сыйақы беру мен оларды көтермелеудің тиімділігі жеткіліксіз жүйесімен байланысты белгілі бір проблемалар бар.

      2011 жылы ӘКК кадрлардың тұрақтамауы қызметкерлер санының жылдық орташа тізімінің 36,9 %-ын құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 14,4 % болды. 2013 жылы кадрлардың тұрақтамауы 2013 жылғы қорытынды бойынша ӘКК қызметкерлері тізімінің орташа санының 58,3 %-ын құрады. 2013 жылы кадрлардың тұрақтамау дәрежесінің жоғары болуы ӘКК-нің құрылымының жаңару кезеңіне, персоналды іріктеуге байланысты туындаған болатын.

      ӘКК-нің кадр саясаты перспективада ӘКК алдында тұрған міндеттерді шешумен тығыз байланысты және адами ресурстарға ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандырып, болашақ қажеттіліктерді жоспарлауға бағдарланған.

      ӘКК іске асыратын негізгі жеті HR (Human Resources – адами ресурстар) практикасы:

      1) персоналды оқыту – компаниялардың құнын арттыруға бағдарланған басқарушы кадрларды оқытуды тұрақты негізде ұйымдастыру;

      2) білікті персоналды тарту – бизнестің жемісті дамуы үшін білікті персонал қажет. Білікті үміткерлерді іздестіру және іріктеу персоналды басқару тәжірибесінде ең маңызды элементке айналады;

      3) жаңа қызметкерлерді бейімдеу – офистік қағидаларды, рәсімдерді және практиканы зерделеуді қамтитын бейімдеудің көмегімен еңбек қызметінде және жүріс-тұрысында туындайтын болашақ проблемалардың көпшілігінен арылуға болады;

      4) қызметкерлерді көтермелеу – қызметкерлерді көтермелеу тиімді жұмыс істеуі үшін жалақылар, сыйақылар беру мен әлеуметтік пакет жүйесінің көмегімен қызметкерлерді ынталандыруды қамтиды;

      5) денсаулық пен қауіпсіздік – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыста жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алады. Бұдан басқа, соңғы уақытта салауатты өмір салты мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікке ықпал ететін денсаулықты нығайту бағдарламаларының маңызы ұлғайды;

      6) жұмыспен қамтылудың тең мүмкіндіктері – жұмыс бабындағы барлық мәселелерде барлық қызметкерлерге тең көзқарас қалыптастыру. Еңбек құқығының талаптарын сақтау, кемсітушіліктің барлық нысандарын болдырмау;

      7) қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас – компания қызметкерлерін құрметтеу жоғары адамгершілік рух қалыптастырады және жұмыстың тиімділігін арттыруға, сонымен қатар болашақта қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы наразылықтарды төмендетуге әкеледі.

      Компаниялар менеджментінің тұрақтылығын және сабақтастығын сақтау компаниялар қызметі тұрақтылығының маңызды шарты болып табылады.

      2011 – 2012 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындыларын талдау

      2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ӘКК теңгерімінің валютасы 7 596,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде теңгерім валютасының 5 617,8 млн. теңгесін немесе 74 %-ын ӘКК-нің ұзақ мерзімді активтері құрады, оның ішінен теңгерім валютасының жалпы сомасының 3 073 млн. теңгесін немесе 40,45 %-ын негізгі құралдар алады.

      1 978,8 млн. теңгені немесе 26 %-ын қысқа мерзімді активтер құрады, оның ішінен ақшалай қаражат пен оның баламасы ӘКК теңгерім валютасының жалпы сомасының 973,7 млн. теңгесін немесе 49,2 %-ын құрады. Жарғылық капитал 6 122,3 млн. теңгені құрады.

      ӘКК-нің 2011 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша, шоғырландыру қорытындылары бойынша 139 млн. теңге мөлшерінде шығын шықты. Бұл нәтиже ӘКК өз қызметін алғашқы жыл жүзеге асыруының салдарынан қалыптасты, тиісінше инвестициялық жобалардың іске асырылуының нәтижелеріне әлі қол жеткізген жоқ.

      2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша теңгерім валютасы 10510,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 2012 жылдың соңындағы теңгерім валютасының жалпы сомасының 6716,6 млн. теңге немесе 63,9 % ӘКК-нің ұзақ мерзімді активтері құрады, оның ішінен 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша теңгерім валютасының жалпы сомасының 568,8 млн. теңгесін немесе 5,4 %-ын негізгі құралдар алады.

      Қысқа мерзімді активтер 3754, млн. теңгені немесе 2012 жылдың соңындағы теңгерім валютасының жалпы сомасының 35,7 %-ын құрады, оның ішінен ақшалай қаражат пен оның баламасы 721,5 млн. теңгені немесе 6,8 %-ды құрады. Жарғылық капитал 7246,4 млн. теңгені құрады.

      2012 жылғы қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша шоғырландыруды ескергенде 57,5 млн. теңге мөлшерінде табыс түсті. Шығынсыздық деңгейіне ӘКК 2012 жылы шықты.

      ӘКК-нің негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта ӘКК қалыптасу және мемлекет берген активтерді айналымға тарту кезеңін басынан өткеріп жатқанын көрсетеді. Активтердің құрылымы, негізінен, қомақты инвестицияларды талап ететін және ұзақ мерзімді перспективада кіріс әкелетін активтерден тұратындықтан, бұл активтерден түсетін табыс инвестициялаудың 6 – 10 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана түсе бастайды деп межеленіп отыр.

      2012 жылы мынадай қаржы институттарынан қарыз қаражатын тарту жүзеге асырылды:

      1) айналым қаражатын толықтыру үшін 200 млн. теңге мөлшерінде "Цеснабанк" акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалынан;

      2) құрылысты қаржыландыру үшін 500 млн. теңге мөлшерінде "Темірбанк" акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалынан.

      3) есепті кезеңде ӘКК қызметін қаржыландырудың негізгі көзі – республикалық және облыстық бюджеттердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және белгілі бір инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жарғылық капиталды толықтыруға бөлген қаражаты. 2013 жылы ӘКК бюджеттен қаржыландырылған жоқ және банктерден қарыз қаражатын тартқан жоқ.

      ӘКК-нің инвестициялық қызметінің қағидаттары

      ӘКК-нің инвестициялық қызметі ӘКК-нің ішкі құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі.

      Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 2 ӘКК-тің Инвестициялық декларациясына сәйкес экономиканың мынадай салаларында ӘКК-нің инвестициялық қоржынын әртараптандыру көзделіп отыр:

      1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;

      2) кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазу;

      3) өңдеуші және тамақ өнеркәсібі;

      4) сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау;

      5) құрылыс;

      6) көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу;

      7) көлік және қоймалау;

      8) тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер;

      9) ақпарат және байланыс;

      10) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

      11) әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;

      12) басқа қызмет түрлерін ұсыну.

      Қызметтің басым салалары

      ӘКК өз қызметін мынадай басым салаларда жүзеге асырады:

      1) қарыз беру;

      2) бірлескен кәсіпорындар құру/жұмыс істеп тұрған заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алу;

      3) ӘКК активтерін лизингке беру;

      4) ӘКК активтерін алу (сатып алу, құру) және (немесе) сенімгерлікпен басқаруға, жалға, кейіннен сатып алатын жалға беру, сондай-ақ ӘКК активтерін сату.

      Бұл ретте қарыз беру өңір экономикасының басым салаларында жүзеге асырылады және тиісті мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ меншікті жобаларды іске асыру шеңберінде өңірдің басқа қаржы мекемелеріндегі шарттардан гөрі тартымдырақ шарттармен жүзеге асырылады.

      Өңірде бірлескен кәсіпорындар құру саласында осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын ӘКК-тен басқа ұйым жоқ. Тиісінше қызметтің осы саласында бәсекелестік жоқ.

      Қаржылық лизинг қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет арқылы ӘКК жобаларды іске асыру шеңберінде өзінің әріптестеріне көрсетілетін қызметтердің толықтығын қамтамасыз ету үшін қызмет салаларын әртараптандырады, бұл ретте лизинг қосымша құрал ретінде пайдаланылады, тиісінше ӘКК өңірде әрекет ететін мемлекеттік және жеке лизингтік компаниялармен тікелей бәсекеге түспейді.

      ӘКК активтерін алу (сатып алу, құру) және (немесе) сенімгерлікпен басқаруға, жалға, кейіннен сатып алатын жалға беру немесе сату саласындағы қызмет 2020 жылға дейін мемлекеттік активтерді басқару саясатындағы жаңа тәсілдерге сәйкес коммуналдық меншік объектілерін оңалту және кейіннен бәсекелес ортаға беру рәсімдері шеңберінде болашақта оларды алуға бағытталған.

      Инвестициялық жобаларға қатысу

      ӘКК инвестициялық жобаларға қатысуды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретінде активтер беру арқылы не сенімгерлік басқаруға беру арқылы бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

      Жерді, жер қойнауын пайдалану құқығы мен басқа мүлікті қоса алғанда, ақша, жылжымайтын мүлік ӘКК-нің активтері болып табылады.

      Мыналар ӘКК-нің инвестициялық жобаларға қатысуының негізгі критерийлері болып табылады:

      1) ӘКК-тің жобадағы үлесі (ӘКК-нің жобадағы ең төмен үлесі 1 %, жобадағы ең жоғары үлесі – 100 %) құрайды;

      2) жобаның рентабельділік деңгейі (жобаның ең төменгі рентабельділігі 15 %-дан кем болмауы тиіс).

      ӘКК жер қойнауын пайдалану құқығымен инвестициялық жобаларға қатысқан жағдайда, мыналар міндетті шарт болып табылады:

      1) әлеуетті әріптестің немесе аффилирленген және/немесе мердігер компаниялардың жобаны іске асыру үшін білікті кадрларының болуы;

      2) әлеуетті әріптестің немесе аффилирленген және/немесе мердігер компаниялардың әрбір жоба үшін оның ерекшелігіне сәйкес жеке белгіленетін жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық базасының болуы;

      3) әлеуетті әріптестің немесе аффилирленген және/немесе мердігер компаниялардың жер қойнауын пайдалану саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      ӘКК жобаларға ақшалай қаражатпен қатысқан жағдайда, әлеуетті әріптестің жобаға мүлкінен басқа ӘКК-нің сұратылатын ақшалай қаражатының жалпы сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі ақшамен қатысуы міндетті шарт болып табылады.

      Қарыз берген жағдайда, қарыз алушыға қойылатын талаптардың ең жоғары жалпы мөлшері ӘКК-нің меншікті капиталы мөлшерінің 25 %-ынан аспауы тиіс (ӘКК-нің қатысу үлесі 40 % - 50 %-дан астамды құрайтын қоржынды компаниялар үшін).

      Жоспарланып отырған бизнес-жоба ӘКК-нің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар жоспарланып отырған жобаның рентабельділігі ӘКК-нің ішкі құжаттарында белгіленген рентабельділіктің жобалық деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

      Жобалар ӘКК-нің оларға қатысуы тұрғысынан қарастырылған жағдайда, инвестициялық салымдардың тиімділігін бағалау үшін жалпыға бірдей қабылдаған халықаралық практика көрсеткіштері пайдаланылады.

      Инвестициялық басым жобалар еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің және экспортқа бағдарланудың мәні неғұрлым жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ инновациялық құрамдас бөлігі болған жағдайда айқындалады.

      ӘКК-нің инвестициялық қоржынын бағалау

      Инвестициялық қоржынның өсу қарқыны ӘКК-нің инвестициялық белсенділігінің дәрежесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол талданып отырған кезең (2011 – 2012 жылдар) ішінде мынадай көлемде болды:

      13-кесте. ӘКК инвестициялары көлемінің өзгеруі

Атауы

30.12.2011

31.12.2012

31.12.2013

Инвестициялық қоржын көлемі, млн. теңге

4474,1

6203,9

6203,9

Алдыңғы жылға қарағанда инвестициялық қоржынның өсуі, %

-

138,6

-


      Көрсетілген деректерден 2011 жылы белгіленген инвестициялық қоржын көлемінен 2012 жылы инвестициялық қоржынның өсуі 38,6 %-ды құрағанын көруге болады, бұл ретте өсім мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы қаражатын игеру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жер қойнауын пайдалану салаларындағы жобаларды іске асыру арқылы пайда болды. 2012 жылға қарағанда 2013 жылы инвестициялық қоржын жобалар бөлінісінде өзгерген жоқ және жалпы толықтырылған жоқ.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК-тің инвестициялары мен капитал салымдарының жалпы көлемі 6,33 млрд. теңгені құрады, бұл ретте игерілуіне 3,8 млрд. теңге жұмсалған 22 жоба іске асырылуда. 2,9 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық инвестициялар (қарыздар берілді), оның ішінде 1,5 млрд. теңге меншікті қаражат пен 1,3 млрд. теңге қарыз ресурстары жүзеге асырылды. ӘКК-нің инвестициялық жобаларының жалпы құны 8,6 млрд. теңгеден сомасынан асады.

      Аталған бизнес-жобаларды іске асыру үшін қаржыландырудың (активтер берудің) мынадай құралдары қолданылды: бірлескен кәсіпорындар құру – 22 бизнес-жоба, оның ішінде 11 бизнес-жоба жер қойнауын пайдалану саласында, 5 жоба ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде 3 жоба аралас қаржыландырылады (бірлескен кәсіпорындар құру және қарыз беру), 1 жоба– микрокредит беру саласында, 1 жоба – қызметтер көрсету саласында, 2 жоба – құрылыс материалдарының өндірісін ұйымдастыру бойынша, 1 жоба – ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша және 1 жоба – өңірлік тұрақтандыру қорының қызметін іске асыру бойынша.

      28 қарыз берілді, оның ішінде 22-сі ауыл шаруашылығы саласында, 2-уі микрокредиттеу саласында, құрылыс материалдарының өндірісі, қаржылық лизинг саласында – 3 жоба.

      3 жоба (АӨК-де 1, жер қойнауын пайдалану саласында 2) дербес қызмет сатысына өтті.

      Инвестициялық қызметтің қағидаттары мен басымдықтары

      Мыналар қызметтің барлық салаларында басқарушылық шешімдерді таңдауды және қабылдауды айқындайтын стратегиялық қағидаттар болып табылады:

      1) ӘКК-нің қызметіне қызығушылық білдіретін тараптар мүдделерінің теңгерімділігін сақтау;

      2) ӘКК құнының ұзақ мерзімді өсуіне бағдарлану.

      ӘКК-нің жемісті қызметіне қызығушылық білдіретін тараптарға мыналар жатады:

      1) мемлекет – меншік иесі және бұқаралық мүдде субъектісі ретінде;

      2) бизнес-әріптестер – ӘКК-нің қолдауымен жаңа бизнес ұйымдастыруға немесе жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға үміттенетін инвестициялық процеске қатысушылар ретінде;

      3) инвесторлар – инвестициялық жобаларды іске асыру аясында бизнес-әріптестермен бірлесіп құрылған экономикалық жағынан тартымды қоржынды компаниялардың жарғылық капиталдарындағы ӘКК-нің қатысу үлестерін (акцияларын) ықтимал сатып алушылар ретінде.

      14-кесте. Мүдделі тараптардың негізгі топтары және олардың ӘКК қызметінен күтулері

Мемлекет

Бизнес-әріптестер

Инвесторлар

пайдаланылмайтын мемлекеттік активтерді шаруашылық айналымға тарту;

мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына белсенді қатысу;

өңірге инвестициялар тарту;

шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыру;

нарықты отандық тауарлармен молықтыру, импортты алмастыруды дамыту;

өңірдің экономикалық мамандануын ескере отырып, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту;

жаңа жұмыс орындарын құру.

пайдаланылмайтын мемлекеттік активтерді алу және оларды шаруашылық айналымға тарту;

жұмыс істеп тұрған бизнесті жаңғырту және жаңа бизнесті құру бойынша инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру;

бизнес-идеяның талдауын жүргізуге және жобалық құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;

бірлесіп іске асыру кезеңінде бизнес-жобаларды қолдау;

ӘКК мен оның еншілес және қоржынды кәсіпорындары мен ұйымдарының тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі мұқтаждықтарына өнім беру.

олардың қорғалуының және қайтарымдылығына кепіл берудің жоғары деңгейі қамтамасыз етілген жағдайда, қарыздар мен инвестициялар беру;

ӘКК-ден қоржынды компаниялардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін (акцияларды) сатып алу;

ӘКК-ден бизнес-идеяларды сатып алу.


      ӘКК құнының ұзақ мерзімді өсуін өңірлік инвестициялық жобалардың іске асырылуына тиімді қатысу арқылы қамтамасыз етуге болады.

      Инвестициялық саясаттың басымдықтары, инвестициялық жобаларға қатысу шарттары, инвестициялау лимиттері мен инвестициялық портфельді әртараптандыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ инвестициялық қызметті шектеу Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 2 шешімімен бекітілген ӘКК-нің Инвестициялық декларациясында регламенттелген.

      Инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары облыстың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын және оның серпінін бағалау, инвестицияланатын саланың жай-күйін және ӘКК-нің өз мүмкіндіктерін талдау негізінде қалыптастырылған. Инвестициялық саясат басымдықтарында өңірдің салалық мамандануы, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан– 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының бағдарламалық бағдарлары, ҮИИДМБ-ның, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасының басымдықтары есепке алынады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарға сәйкес қазіргі заманғы мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы мемлекет экономикасы құрылымында қосылған құны жоғарырақ өңдеу өндірістерінің үлесін арттыруға бағытталған прогрессивті құрылымдық қозғалыстарды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан стратегиялық перспективада ӘКК қызметі мынадай басым бағыттарды іске асыруға бағдарланатын болады:

      1) азық-түлікті әртараптандыра отырып және оларды терең қайта өңдеуге дейін технологиялық тізбекті жалғастыра отырып, дәстүрлі экспорттық секторларды дамыту;

      2) қосылған құны жоғары және еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары өнімді шығару бойынша инновациялық өндірістерді дамыту.

      Ішкі орта факторларының ықпалы

      ӘКК-нің қызметі

      ӘКК қызметінің негізгі мақсаты активтердің құнын ұлғайту болып табылады, оған қолда бар активтерді тиімді басқару және жаңа жобаларға, құрылатын активтерге инвестициялардың өсуін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. ӘКК активтерін басқару оларды қалыптастыру, қолдау және тиімді пайдалану процесін басқаруды көздейді. Активтерді тиімді басқарудың жеткіліксіздігі қызметтің теріс нәтижелеріне және ұйымды тарату қаупіне әкелуі мүмкін.

      Өз кезегінде активтердің тиімді басқарылуын ұйымдастыру қарыздық және меншікті капиталдың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге және қызмет нәтижелері бойынша табыстың ең жоғары мәнін алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ӘКК инвестициялық жобаларға, қарыздарға, уақытша бос қаражатты орналастыруға қойылатын талаптар бойынша ішкі құжаттарды әзірледі, сапа стандарттарын әзірлеу мен енгізу жоспарлануда.

      ӘКК-нің инвестициялық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін акционердің, инвестордың қаражатын тарту, даму институттарының мүмкіндіктерін пайдалану, қарыз қаражатын тарту есебінен қалыптастырылатын тиісті ресурстар қажет. Инвестицияларды жүзеге асыру үшін қаржы қаражатының жетіспеуі ӘКК қызметінің белсенділігіне ықпал етуі және кірістердің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайға жол бермеу мақсатында инвестициялық ресурстарды тарту қажет.

      Сонымен қатар, даму институттарымен ынтымақтастықтың айтарлықтай маңызы бар, олармен ресурстық мүмкіндіктерді шоғырландыру синергия әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған бағыт шеңберінде 2012 – 2013 жылдары "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алу жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс 2014 – 2023 жылдары қызмет салаларына сәйкес жобаларды іске асыру бойынша басқа даму институттарымен жалғасатын болады.

      Персонал

      Адамдар кез келген басқару моделінде түйінді фактор болып табылады. Персоналды басқару әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналдың өзара іс-қимыл жасауы, жас мамандарды жалдау, оқыту және тәжірибелі білікті кадрларды ілгерілету, еңбек нәтижелерін бағалау және оны ынталандыру, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарды құру және қолдау процестерінен тұрады. Осы салада туындауы мүмкін теріс құбылыстар, мысалы кадрлардың тұрақтамауы, қызмет тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады және сайып келгенде ұйым табысының көлеміне ықпал етеді. Мұндай құбылыстарға жол бермеу үшін персоналмен өзара іс-қимылды жалдау рәсімдерінің ашықтығы, оқыту және біліктілікті жоғарылату мүмкіндігі, еңбек нәтижелерін тиісінше бағалау және оны ынталандыру бөлігіндегі мүддені ескере отырып, ашықтық пен тілектестік негізінде орнату қажет.

      ӘКК-нің кадр саясаты озық дағдылары мен құзыреттерге ие жоғары деңгейдегі кадрларды тартуға, оқытуға және ұстап қалуға бағытталатын болады.

      Акционермен өзара іс-қимыл жасау

      Акционермен өзара іс-қимыл жасаудың түйінді аспектісі ӘКК қызметінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы болып табылады. ӘКК-нің ақпаратты ашып көрсету және акционермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы қызметі қазақстандық заңнамаға, Жарғы мен ішкі регламенттерге сәйкес келуі тиіс. ӘКК қаржы есептілігін дайындауға қатаң және мұқият көзқарасты қолданады, мұның өзі ақпаратты көпшілікке жария етудің жоғары деңгейіне кепілдік береді.

      Акционермен, сонымен қатар басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдіру мақсатында ӘКК корпоративтік басқару рейтингін алуды жоспарлауда.

      SWOT-талдау

Мықты тұстары:

Осал тұстары:

ұлттық компания мәртебесі;

мемлекеттік активтерді шаруашылық айналымға тарту мүмкіндігі;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асырудың жеткіліксіз тәжірибесі;

коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласуы ӘКК-нің алдында басымдықты белгілеуге мүмкіндік бермейді;

басқа даму институттарымен өзара іс-қимыл жасаудың жеткіліксіз белсенділігі;

ӘКК-нің бизнес-жобаларының портфелі қалыптастырылды;

маркетингтік зерттеулер базасы қалыптастырылды;

бизнес-жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді;

жеке капиталды тарту тәжірибесінің болмауы;

инновациялық, технологиялық және инженерлік сипаттағы инвестициялық салымдардың төмен үлесі;

қоржында ұзақ мерзімді бизнес-жобалардың қомақты үлесінің болуы, тиісінше ағымдағы кезеңде инвестициялық қызметтің әлеуметтік тиімділік алу қиындау;

қызмет тиімділігінің оң көрсеткіштері;

операциялық және қаржылық қызметтен түсетін ақшаның оң ағындары.

аграрлық-өнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы мен экономиканың басқа салаларының жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру барысында қаржы тәуекелдерінің жоғары болуы;

жобалау компанияларының қаржылық қызметін модельдеуде тәжірибенің болмауы;

отандық, шетелдік компаниялармен ынтымақтастық жолға қойылып, дамуда;

ӘКК-нің іске асырылатын және жоспарланып отырған бизнес-жобаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпараттың әлеуетті инвесторларға жеткізілу тетігінің әлсіз дамуы;

Мүмкіндіктер:

Ықтимал тәуекелдер:

ӘКК бүгінгі таңда түрлі институттар мен ведомстволар операторлары болып әрекет ететін өңірдегі мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың бірыңғай үйлестірушісі мен ықпалдастырушысы бола алады;

ИСО 9001 – 2008 жылғы Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесін енгізу;

қызметтің басқа даму институттарымен қайталануы;

ұзақ мерзімді қаржыландыру нарығының дамымауы;

инвестициялар тартуға жоғары сұраныс;

ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері;

облыс экономикасы салаларының өніміне сұраныстың төмендеуімен байланысты жұмыссыздық деңгейінің өсуі нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеу тәуекелі;

мемлекеттік-жекешелік әріптестікте ынтымақтастық түрлерін кеңейту мүмкіндіктері;

Кеден одағының құрылуына байланысты өткізу нарықтарын кеңейту мүмкіндіктері;

сатып алу белсенділігінің ықтимал құлдырауына әкеп соғатын өндіруші салалардың өнімі бағаларының өсуі;

қаржы нарықтарындағы орнықсыз жағдайдың салдарынан инвестициялық ұсыныстардың азаюы;

ауыл шаруашылығының пайдаланылмайтын қорларын айналымға енгізу арқылы жаңа өндірістер құру мүмкіндігі;

пайдалы қазбаларды өндіру көлемін және құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуын арттырудағы мүмкіндіктер;

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік саясатты күшейтуі;

өңір экономикасын әртараптандырудың төмен болуы салалардың тым болмаса бірінің тоқырауымен байланысты ауқымды экономикалық құлдырау тәуекеліне ұшыратады;

ӘКК-нің мемлекеттік органдармен, нарықтың басқа субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауы саласындағы заңнаманы жетілдіру;

заңнама мен реттеуші шаралар өзгерісінің ықпалына ұшырау қаупінің жоғары болуы;

өндіріс пен басқарудың инновациялық технологияларын енгізу жолымен ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру;

мамандану салаларының қажетті техникалық жабдықталуының артта қалуы және болмауы;

өңірдің салалық мамандануына сәйкес облыста инженер кадрлар мен білікті жұмысшыларды даярлау мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту

халықтың кәсіпкерлік қызметке дайын болмауы;

еңбек нарығының теңгерімсіздігі


      Стратегиялық дамудағы шектеулер мен мүмкіндіктер

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

      Мықты және осал тұстарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді құрылымдалған талдау ӘКК дамытудағы негізгі шектеулерді анықтауға мүмкіндік берді:

      1) облыстың инвестициялық әлеуетінің даму деңгейінің төмен болуы;

      2) халықтың кәсіпкерлік белсенділігі деңгейінің төмен болуы;

      3) облыс экономикасының құрылымында шикізат құрамдасының үстем болуы;

      4) демографиялық ахуалдың қолайсыз болуы;

      5) нысаналы аудитория тарапынан мемлекеттік даму институттары қызметінің кәсіпқойлығы мен тиімділігіне сенімсіздіктің болуы.

      ӘКК-ні одан әрі дамытудың мейлінше жоғары мүмкіндіктеріне мыналар жатады:

      1) мемлекет берген құзіреттің болуы және қызметті мемлекеттің қолдауы;

      2) дәнді дақылдардың, ет-сүт өнімдерінің терең өңделген өнімдерін тұтынудың ұзақ мерзімді өсу үрдісі;

      3) стратегиялық инвесторлар тарапынан азық-түлік ресурстарының жеткізушісі ретінде облысқа деген қызығушылықтың артуы;

      4) өңірді капиталдандырудың өсуіне ықпал ететін "серпінді" инвестициялық жобаларды, өңіраралық жобаларды және ірі бизнесті дамытудың өңірлік стратегияларын іске асыру;

      5) өңірде өндірілетін өнімді өткізудің әлеуетті сыйымды нарықтарының жақын орналасуы;

      6) өңірдің көліктік жүйесінің жаһандық желіге кірігуі;

      7) экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және экспортты әртараптандыру.

      ӘКК-нің бірқатар мықты тұстары бар, оларды келешектегі өсу мен дамуды қамтамасыз ету үшін тірек нүктелері ретінде пайдалануға болады және солай болуға тиіс. Перспективада мүмкіндіктерді іске асыру және осал тұстарың қауіптерін нивелирлеу үшін қызмет ӘКК-нің мықты тұстарын пайдалануға бағытталатын болады.

      Өңірдің экономикалық базасын дамыту және әртараптандыру, сыртқы ортаның өзгерістерін есепке алу және оған бейімделу, ӘКК қызметінің тиімділігін арттыру ӘКК-ні одан әрі дамытудың аса маңызды қозғаушы күштері болып табылады.

      Экономиканың ӘКК үшін басым секторларын айқындау өңірде қалыптасқан экономикалық мамандануды және ҮИИДМБ-да және облыс әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 353 қаулысымен бекітілген облыс аумақтарын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасында жазылған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын есепке ала отырып жүзеге асырылған.

      Бірінші бесжылдықта 31 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске асырылды, оның ішінде 21 – жаңа өндіріс, бір жарым мыңдай жұмыс орны ашылды.

      Осының нәтижесінде 2014 жылдың өзінде-ақ өнеркәсіптің 3,5 %-ға (150-ден 160 млрд. теңгеге дейін), өңдеуші өнеркәсіптің 3,4 %-ға 115-тен 120 млрд. теңгеге дейін, инвестицияның 8,7 %-ға (101-ден 115 млрд. теңгеге дейін), бұл ретте шетелдік инвестицияның 5,9 %-ға (79,6-дан 512 млрд. теңгеге дейін) өсуіне қол жеткізілді.

      Бірінші бесжылдықта инвестициялар 2,2 есе (51-ден 115 млрд. теңгеге дейін), инновациялық белсенділіктің деңгейі 4 есе (2,6 %-дан 11 %-ға дейін), еңбек өнімділігі 1,7 есе (12 мыңнан 22 мың АҚШ долларына дейін) өсті.

      2010 – 2014 жылдары және 2015 жылдың 5 айында облыстың іске қосылған жобалары 66,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді.

      "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын және "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 164 қаулысымен облыстың 2015 – 2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасына өзгерістер енгізілді. Облыстың көрсетілген Индустрияландыру картасына инвестицияның жалпы көлемі 13430,9 млн. теңге болатын 39 жоба енгізілді. Құрылыс кезеңінде – 1027, пайдалану кезеңінде – 1041 жұмыс орны жоспарланған.

      ӘКК қызметінің басым бағыттары

      16-кесте. Экономиканың басым секторларын іріктеу схемасы

Экономиканы индустриялық дамытудың басым секторлары (ҮИИДМБ-ға сәйкес)

Өңірдің экономикалық мамандану салалары

Агроөнеркәсіптік кешен

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі

Энергетика кешені

Тұрғын үй құрылысы

Машина жасау, ауыл шаруашылығы техникасы және жабдықтар

Азық-түлік тауарларының көтерме саудасы

Көліктік-логистикалық сектор

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу

+









+





құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту



+



+









көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту













+



таза энергетиканы дамытуды қоса алғанда, энергетика





+











туристік қызмет







+


машина жасау





+




жеңіл және тамақ саласын дамыту








+


      Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу

      Аталған секторды таңдау өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісіндегі бәсекелік басымдықтарына негізделген

      Ауыл шаруашылығының өңір бойынша жалпы қосылған құнның қалыптасуына қосатын үлесі республика бойынша орта есеппен 5 есе жоғары. Елдің жалпы қосылған құнындағы өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісінің жиынтық үлесі 5 жыл ішінде үштен бір бөлікке өсті. Осылайша, аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығы өнімінің терең қайта өңдеуді өңірдің экспорттық әлеуетінің шикізаттық емес негізгі құрылымдық бөлігі ретінде дамыту ӘКК үшін ұзақ мерзімді перспективада күш-жігер мен ресурстарды жұмсаудың басым бағыты болып табылады. ӘКК астықты қайта өңдеу, ет-сүт, көкөніс-жеміс кластерлерінде қосылған құн тізбегін қалыптастырудың инфрақұрылымын құру жолымен өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесуді жоспарлауда (оның ішінде мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, оның ішінде көкөніс шаруашылығы салаларында нақты жобаларды іске асыру жолымен қалалар төңірегінде азық-түлік белдеуін құра отырып, өнімнің дайындалуы мен сақталуын ұйымдастыру).

      Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту

      Жалпы республиканың, сол сияқты облыстың құрылыс индустриясының өнеркәсіптік базасы құрылыс саласының қажеттілігін көлемі бойынша да, шығарылатын өнімінің номенклатурасы бойынша да толығымен қанағаттандырмайды.

      ӘКК өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс үшін заманауи құрылыс материалдарын, конструкцияларды, бұйымдарды шығару жөніндегі өндірістерді дамытуға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

      Көліктік инфрақұрылымды дамыту

      Қазақстанның экономикалық және географиялық ерекшеліктері (ұлан-байтақ аумағы мен халық тығыздығының төмендігі; шикізат көздері мен оларды қайта өңдеу орталықтарының алшақ орналасуы; елеулі транзиттік әлеуеті) өңірлердің көліктік инфрақұрылымның жағдайына тәуелді болуының жоғарылауына негіз болады.

      Облыс аумағы арқылы халықаралық негізгі алты транзиттік дәліздің үшеуі өтеді: "Астана – Петропавл – Омбы (РФ)", "Астана – Петропавл – Түмен (РФ)", "Астана – Петропавл – Қорған (РФ)". Аталған бағыттарды отандық та, сондай-ақ шетелдік те тасымалдаушылар белсенді пайдаланатындықтан, олар ең қарбалас бағыттардың бірі болып табылады.

      Көліктік инфрақұрылымды дамыту және автомобиль жолдарын заманауи халықаралық талаптар деңгейінде сервистік күтіп ұстауды қамтамасыз ету елді инновациялық индустрияландыруға және өңір аумағы арқылы сауда ағындарын ұлғайтуға мүмкіндік туғызатын болады.

      ӘКК өз қызметін өңір экономикасының көліктік-логистикалық секторының қызметін дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр.

      Жеңіл және тамақ саласын дамыту

      Жеңіл және тамақ өнеркәсібі – бұл экономиканың көп бағдарлы инвестициялық тартымды секторы. Аталған сектор кәсіпорындары бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару шартымен орнықты өткізу нарығын иелене отырып, құйылған ресурстардың жоғары, жылына екі-үш рет айналымын және тиімділігін, кең өңіраралық және салааралық кооперациясын қамтамасыз етеді. Сектордың ауқымды инновациялық әлеуетінің де негізі қаланған, өйткені дамыған елдерде бүгіннің өзінде өндірістік технологиялар мен құрал-жабдықтың түрлері бар әрі олар үздіксіз жетілдірілуде.

      ӘКК экономиканың бұл салаларын, бірінші кезекте өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін қайта өңдеу (оның ішінде, былғары шикізатын, жүнді қайта өңдеу) саласында қосылған құны жоғары өнім шығару арқылы дамытуды жоспарлауда.

      Машина жасау

      Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала аралас салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше есе ұлғайтады және сол арқылы тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл салада "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының қатысатынын ескерсек, машина жасау саласында ӘКК үшін техника мен жабдықтардың жекелеген түрлерін, қосалқы бөлшектер мен бұйымдар шығару сегменттері мүдделілік тудырады.

      Экономиканың басым секторларында жүргізіліп отырған инвестициялық қызметпен бірге ӘКК экономиканың басқа салаларында басым жобалар қатарына енгізілмеген, бірақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зор маңызы бар бизнес-жобаларды іске асыруға қатысатын болады.

      2. ӘКК миссиясы, пайымы, мақсаттары

      ӘКК миссиясы – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты.

      Мақсаты – өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру.

      Позициясы

      Миссияға және мемлекет жалпы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүктеп отырған стратегиялық міндеттерге сәйкес ӘКК, бір жағынан, облыстың экономикалық саласы субъектілерінің дамуын қолдау бойынша мемлекет саясатын жүргізетін өңірлік даму институты болып табылады. Екінші жағынан, ӘКК пайымының шеңберінде – бұл нарықтың тең құқықты коммерциялық субъектісі – бәсекелес ортада орналасқан және нарықта өзінің еншілес құрылымдары мен қоржынды компанияларының позициясын дамыту және нығайту үшін барлық маркетингтік құралдарды пайдаланатын инвестициялық холдинг.

      Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, ӘКК өзін облыс аумағында іске асырылатын жеке бизнес-құрылымдардың жобаларына инвестиция құятын мемлекеттік инвестициялық холдинг ретінде көрсетеді.

      3. ӘКК қызметінің стратегиялық бағыттары

      Стратегияның іске асырылу қорытындылары бойынша ӘКК-нің нарықтық пайымына сәйкес келетін нысаналы бағдарларға қол жеткізу үшін және қабылданған миссия шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс өткізу жоспарлануда:

      1) коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру;

      2) инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту;

      3) ұйымды басқару процесінің тиімділігін арттыру.

      Әрбір стратегиялық бағыт шеңберінде ӘКК қызметінің қағидаттары мен басымдықтарын есепке ала отырып, тиісті мақсаттар мен міндеттер қалыптастырылды, оларға қол жеткізу және олардың шешілуі ӘКК-нің стратегиясын ойдағыдай іске асыру үшін қажет.

      Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ)

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

      1-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру

      Нәтижелі коммерциялық қызмет – ӘКК-ге мемлекет жүктеген міндеттемелердің орындалуын айғақтайтын түйінді көрсеткіштердің бірі.

      Коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру бағыты бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін мынадай мақсаттар белгіленді:

      1) ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) инвестициялардың өсуі мен тиімділігін қамтамасыз ету;

      3) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      4) беріліп отырған мемлекеттік активтерді оңалту;

      5) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

      1-мақсат. ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету

      Міндеттер:

      Акционерлік қоғам ретінде ӘКК қызметінің тиімділігін мынадай міндеттерді іске асыру арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда:

      1) ӘКК-нің операциялық қызметінен түсетін кірістілікті арттыру;

      2) ӘКК-нің операциялық шығыстарының жабылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;

      3) ресурстық әлеуетпен қамтамасыз етілген жобаларды басым қолдауды қамтамасыз ету;

      4) бюджеттеу қағидаттарын, қызмет бағыттары бойынша бағдарламаларды енгізу;

      5) ӘКК активтерінің құнын ұлғайту;

      6) тәуекелдерді анықтау және олардың деңгейін төмендету;

      7) өзгерістерге икемділік пен бейімделгіштікті арттыру;

      Таза пайда ӘКК қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, персонал санын ескере отырып, қызмет тиімділігін бағалау мақсатында бір қызметкерге шаққандағы таза кіріс көрсеткіші қолданылатын болады.

      Бұдан басқа, активтердің рентабельділігі көрсеткішінің де маңызы зор, ол ӘКК қызметінде қолда бар активтер қаншалықты тиімді пайдаланатынын көрсетеді.

      Іс-шаралар:

      1) бірлескен кәсіпорындармен бірге жүргізілетін жұмыстан, инвестициялық қызметтен түсетін кірісті арттыру. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралардың көлемін ұлғайту және олардың сапасын көтеру;

      2) операциялық қызметті жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, индустриялық аймақтарды, еркін экономикалық аймақтарды құруға және олардың операторлық қызметіне, инвесторларды қолдау бағдарламаларына, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларына, басым салаларды қолдау бағдарламаларына қатысу;

      3) ресурстық әлеуетпен қамтамасыз етілген, барынша пысықталған, материалдық-техникалық базасы, техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы бар, ӘКК қызметінің басым бағыттары бойынша бюджеттелетін жобаларды басым қолдау;

      4) инвестициялық және операциялық қызмет есебінен активтердің құнын ұлғайту;

      5) ӘКК-де тәуелкел-менеджменті қызметінің жұмысын ұйымдастыру, іске асырылып жатқан жобалардың мониторингін жүзеге асыру, жергілікті және халықаралық консалтингтік агенттіктерді тарту арқылы іс-шараларды талдау жолымен тәуекелдерді анықтау;

      6) ӘКК қызметін мониторингтеу және сыртқы ортаны мониторингтеу жолымен (экономиканың жай-күйі және даму перспективалары, заңнаманың өзгеруі және т.б.) ӘКК-нің сыртқы орта өзгерістеріне икемділігі мен бейімделгіштігін арттыру, жоспарланып отырған жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламалары бойынша ақпаратты уақтылы жаңартып тұру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) негізгі қызметтен түсетін таза пайда;

      2) бір қызметкерге шаққандағы таза пайда;

      3) активтердің рентабельділігі.

      Күтілетін нәтижелер:

      "ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету" деген 1-мақсаттың түйінді көрсеткіштеріне ӘКК-нің қол жеткізуі нәтижесінде негізгі қызметтен түсетін таза кіріс мөлшері 2015 жылға қарай 50,0 млн. теңгені, ал 2023 жылға қарай 300,0 млн. теңгені құрайтын болады. Бұл ретте, ӘКК-нің бір қызметкеріне шаққандағы таза кіріс 2015 жылға қарай 1,66 млн. теңгені құрап, 2022 жылға қарай 10 млн. теңгеге дейін жететін болады. Активтердің рентабельділігі тиісті кезеңде 0,7 %-ға және 4 %-ға дейін жететін болады.

      2-мақсат. Инвестициялардың өсуі мен тиімділігін қамтамасыз ету

      Қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі бизнес-құрылымдардың басты проблемасы болып табылады, өйткені олардың жоспарлы дамуына, жаңғыртуды өткізуге, өндірістің жаңа бағыттар мен түрлерін құруға кедергі жасайды.

      Кейіннен инвестициялық мақсаттарда пайдалану үшін қосымша қаржы ресурстарын тарту үшін ӘКК мынадай міндеттерді шешуді жоспарлап отыр:

      1) инвесторлардан қаржы ресурстарын тарту мақсатында жобаларды шоғырландыру жөніндегі жұмысты жандандыру;

      2) бюджеттен тыс инвестицияларды, оның ішінде даму институттарымен бірлескен қызмет шеңберінде шетелдік инвестицияларды да тарту, оның ішінде бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту;

      3) әлеуетті әріптестермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау салаларын кеңейту;

      4) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе түзуші және ірі компаниялары төңірегінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын үйлестіру, жобалық командаларды дайындай отырып, өңір салаларын дамыту бағдарламаларын әзірлеу;

      5) ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді белсендірек ілгерілету үшін өнімнің брендингіне жәрдемдесу;

      6) өңір жобаларының және кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекеттік ресурстар мен бағдарламаларды тарту.

      Кредиттік және инвестициялық, ең алдымен, олар ұсынатын ресурстар құнының төмен болуына байланысты шетелдік құрылымдар әрекет ететін жеке капитал нарығы қаржы қаражатын тартудың перспективалы бағыты болып табылады.

      Іс-шаралар:

      Қаржы ресурстарын, оның ішінде инвесторлардан тарту үшін тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жоспарлануда:

      1) отандық және шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты кеңейту және нығайту, басым салалар саның ұлғайту;

      2) шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерімен түйісу нүктелерін белгілеу мақсатында өңірдің ірі инвесторлары мен компанияларына талдау жүргізу, өңірде шағын және орта бизнестің әлеуетін ұлғайту үшін кластерлер құру;

      3) бренд әзірлеп шығару бойынша маркетингтік және консалтингтік компанияларды жергілікті өнімнің брендингі үшін, оны отандық және шетелдік нарықтарда ілгерілетуді ұлғайту үшін тарту;

      4) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды, оның ішінде шетелдік компанияларды тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) инвестициялық қоржын көлемінің өсуі;

      2) тартылған инвестициялардың рентабельділігінің өсуі;

      3) ӘКК-нің бірлескен жобаларға құйған қаражатына жеке инвесторлардың қаражатын тарту коэффициентінің өсуі.

      Күтілетін нәтижелер:

      "Инвестициялардың өсуі мен тиімділігін қамтамасыз ету" деген

      2-мақсатқа ӘКК-нің қол жеткізуі нәтижесінде инвестициялық қоржын көлемінің өсуі 2015 жылға қарай 4 %-ды құрап, 2023 жылға қарай 8 %-ға дейін жететін болады. Инвестициялардың рентабельділігі 2015 жылға қарай 4 % мөлшерге жетіп, 2023 жылға қарай 7 %-ға дейін жететін болады. ӘКК бірлескен жобаларға құйған қаражатына жеке инвесторлар қаражатын тартудың арақатынасы 2015 жылға қарай 250 %-ға дейін жетіп, 2023 жылға қарай 900 %-ды құрайды.

      3-мақсат. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру

      ӘКК қызметінің негізгі мақсаты өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру болып табылады.

      Бұл қызмет ӘКК-де бар жобаларды іске асырудың түрлі тетіктерін қолдана отырып, сондай-ақ басқа даму институттарының мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Міндеттер:

      ӘКК аталған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешуді жоспарланып отыр:

      1) өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді (агроөнеркәсіптік кешеннің, құрылыс материалдары өндірісінің) құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, оның ішінде инвестициялық жобаларды іздеу немесе әзірлеу. Агроөнеркәсіптік кешеннің жобалары картоп, сондай-ақ басқа да көкөністерді өсіретін, оларды сататын, өңдейтін және сақтайтын жұмыс істеп тұрған әрі жаңадан құрылған агроқұрылымдардың қатысуымен жоспарланады. 2015 жылы сервистік-дайындау үлгісінде 2 кәсіпорын ашылады. 2023 жылға дейін тамшылатып суаруды ұйымдастыру жөніндегі жобаларды және басқа да инновациялық жобаларды, сондай-ақ ірі қара мал терісін, жүнді, қаз мамығын өңдеу жөніндегі жобаларды енгізе отырып, өзі өсірген көкөністі өңдеуді және консервілеуді қоса алғанда, қызметі ауыл шаруашылығы бағытында болатын 7 бірлескен кәсіпорын ашу көзделіп отыр. Бұдан басқа, 2023 жылға дейін заманауи құрылыс материалдарын инновациялық технологиямен шығаратын 3 бірлескен кәсіпорын ашу жоспарланып отыр;

      2) жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың тиімді схемаларын белгілеу;

      3) инвестициялық жобаны іске асыру барысын оның барлық кезеңінде үйлестіру – инвестициялық өтінім түскен сәттен бастап меншік құралдарының көмегімен және басқа қатысушылардың ресурстарын біріктіру арқылы өнім шығаруға дейін.

      Кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа заманауи технологияларды енгізу және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету өндірістік қызметті ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асырудың міндетті шарты болып табылады.

      Іс-шаралар:

      Аталған мақсаттар шеңберінде ӘКК мынадай іс-шаралардың іске асыруды жоспарланып отыр:

      1) жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың тиімді схемаларын белгілей отырып, өңір экономикасының басым секторларында, атап айтқанда агроөнеркәсіптік секторда, құрылыс өндірісінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту бойынша өңірлік инвестициялық жобаларды іздеу немесе әзірлеу;

      2) қаржы қаражатының қолда бар көздерін талдауды өткізу, қаржыландырудың өзге көздері мен тетіктерін іздестіру;

      3) ӘКК күшімен және әріптестермен бірлесіп іске асырылатын жобалардың мониторингі.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) көкөніс өсіру, өңдеу, сақтау, ірі қара мал терісін, қаз мамығын жинау және өңдеу жөнінде бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу, сонымен қатар басқа да өндірістерді құру;

      2) қосымша жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) еңбек өнімділігін арттыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      "Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру" деген 3-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде 2015 жылға қарай бәсекеге қабілетті 2, 2023 жылға қарай – 10 жаңа өндіріс құру жоспарлануда. 2015 жылға қарай – 40, 2023 жылға қарай – 150 жұмыс орны құрылатын болады. Еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай артуы 1,5 есе өседі, ал 2023 жылға қарай – 2,2 есе асады.

      4-мақсат. Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту

      Мемлекеттік активтерді басқару саясатындағы 2020 жылға дейінгі жаңа тәсілдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының "Бәсекелестік туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес жергілікті деңгейде мемлекет қатысатын ұйымдармен қызмет салаларын талдау және қызметінің коммерцияға бағдарланған сипаты бар кәсіпорындардың тізбесін айқындау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

      Бәсекелестік дамыған салаларда жұмыс істейтін компаниялар сатылатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін компаниялар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі тетіктерін қолдану арқылы жеке меншік кәсіпкерлік субъектілеріне берілуі мүмкін немесе жеке бизнес тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда, мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылатын болады. Коммерцияға бағдарланған компаниялардың қалғаны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басқаруына беріледі, бұл ретте акционер беріліп отырған активтерді оңалтуды бастапқы қаржыландыруды жүргізетін болады.

      ӘКК корпоративтік басқарудың озық стандарттарын енгізу арқылы өзінің қол астындағы компаниялардың тиімділігін арттыруға және олардың құнының өсуіне мүмкіндік туғызатын өңірлердегі басқарушы компаниялар болып қалады.

      Міндеттер:

      Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

      1) мемлекеттік активтердің іскерлік айналымға енгізілуін қамтамасыз ету, проблемалық активтерді оңалту және олардың негізінде бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      2) беріліп отырған активтерді оңалту бойынша шаралар кешенін әзірлеу;

      3) активті қызметтің шығынсыздық деңгейіне шығару;

      4) активті сату.

      Іс-шаралар:

      Аталған міндеттерді іске асыру үшін ӘКК мынадай іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр:

      1) ӘКК үшін тартымдылығын анықтау тұрғысынан бәсекелес ортаға беру жоспарланып отырған мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін және активтерді талдауға қатысу;

      2) беріліп отырған активтерді оңалту тетігін, қаржыландыру көздерін, жүргізу схемасын әзірлеу, персоналды жасақтау және оңалту жоспарын әзірлеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      оңалтудан өткен (сауықтырылған) кәсіпорындардың санын арттыру.

      Күтілетін нәтижелер

      "Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту" деген 4-мақсатқа қол жеткізі нәтижесінде 2016 жылы ӘКК 1 кәсіпорынды оңалтуды (сауықтыруды) жүзеге асыратын болады, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 2 кәсіпорынға дейін жеткізіледі, мұның өзі коммерцияға бағдарланған коммуналдық кәсіпорындарды бәсекелес ортаға ауыстыру процесіне тиімді әсер етуге мүмкіндік береді.

      5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

      Осы қызмет ӘКК-де бар жобаларды іске асырудың әртүрлі тетіктерін пайдалану арқылы, сондай-ақ дамудың басқа институттарының мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану арқылы да жүзеге асырылады.

      Міндеттері:

      Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

      1. Қаражатты инвестициялау кезінде тәуекелдерді анықтау және олардың деңгейін төмендету.

      2. АӨК субъектілерімен өзара іс-қимыл аясын кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды тарту;

      2) ӘКК-ге мақсатты қаржылық көмек алу үшін жүгінген АӨК субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу;

      3) бар қаржы құралдарына талдау жүргізу, қаржыландырудың өзге көздері мен тетіктерін іздестіру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі.

      Күтілетін нәтижелер:

      № 5 мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылы өнімін өндірушілер (ӘКК-де бос қаржы құралдары болса) ӘКК-ден қосымша қаржылық қолдау алады.

      2-ҚСБ. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

      Бұл стратегиялық бағыт ӘКК-нің инновациялық дамуға, сондай-ақ өңірге инвестицияларды тартуға күш-жігер жұмсау бағытын белгілейді. Бұл стратегиялық бағыт шеңберінде ӘКК-де инновацияларды дамытуды, сондай-ақ өңірге инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге бағдарланған мынадай мақсаттарды іске асыру көзделеді:

      1) ӘКК-нің инновациялық дамуы;

      2) өңір экономикасына инвестициялар тарту.

      1-мақсат. ӘКК-нің инновациялық дамуы

      Қазіргі жағдайларда ӘКК-нің қызмет етуінің сыртқы ортасының жоғары шапшаңдығы және болжауға болмайтындығы оның ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. ӘКК-нің инновациялануын арттыру дамудың ең маңызды мақсаттарының біріне айналады.

      Міндеттер:

      Бұл мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жоспарланып отыр:

      1) өңірдің инновациялық инфрақұрылымының жай-күйін зерттеу және оны дамыту;

      2) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықта әдістемелік, консультативтік, тәжірибелік және өзге де көмек көрсету;

      3) инновацияларды дамыту инфрақұрылымын (R&D орталықтарын, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, бірлескен зертханалар, коммерцияландыру кеңселерін, венчурлік қаржыландыру қорларын және басқаларын) құру;

      4) инновациялардың тиімді енгізілуін және жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қолдау;

      5) инновациялық бизнес-идеялар мен жобаларды іздестіру, талдау және сүйемелдеу;

      6) инновациялық бизнес-идеялар мен жобалар банкін қалыптастыру;

      7) кейіннен оларды коммерцияландыру мүмкіндігімен ең перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертабыстық ұсыныстарды іріктеу;

      8) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      9) жобаларды баламалы энергетиканы және энергия тиімді технологияларды қолдана отырып іске асыру.

      Іс-шаралар:

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін ӘКК мынадай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:

      1) инновациялық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік құрылымдардан, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында әдістемелер, ақпарат алу;

      2) инновацияларды дамытудың инфрақұрылымын (R&D орталықтарын, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, бірлескен зертханаларды, коммерцияландыру кеңселерін, қаржыландыру қорларын және басқаларды) құру мәселелерінде ӘКК-нің қаржыландыру көздері мен қатысу схемаларын белгілеу және пысықтау;

      3) инновациялық даму, баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар саласында өңірлік кәсіпкерліктің әлеуетін тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      инновациялық инфрақұрылымның құрылған элементтерінің саны;

      1) іске асыруға іріктеп алынған инновациялық бизнес-идеялар саны;

      2) баламалы энергетика мен энергия тиімді технологияларды қолдану арқылы іске асырылатын жобалар саны.

      Күтілетін нәтижелер:

      "ӘКК-нің инновациялық дамуы" деген 1-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде өңірде 2017 жылға қарай 1 бірлік инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылатын болады, 2023 жылы жүйеде 3 бірлік болады (R&D орталықтары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, бірлескен зертханалар, коммерцияландыру кеңселері, венчурлік қаржыландыру қорлары және басқа бірліктер). Іске асыруға іріктеп алынған бизнес-идеялар саны 2016 жылға қарай 2 бірлікті құрайды, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 12 бірлікке дейін жетеді. Баламалы энергетика мен энергия тиімді технологияларды қолдану арқылы іске асырылатын жобалар саны 2015 жылы 2 жобаны құрап, 2023 жылға қарай 16 жобаға дейін өседі.

      2-мақсат. Өңір экономикасына инвестициялар тарту

      Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

      1) өңірлерге перспективалы жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;

      2) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздестіру және анықтау;

      3) Қазақстанда бизнес ашумен және оны жүргізумен байланысты қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      4) консультацияларды, оның ішінде инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны іске асыру сатыларында жүзеге асыру;

      5) ақпараттық, таныстыру іс-шараларына қатысу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; ақпаратты баспасөз, телевизия және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарында орналастыру);

      6) жобаларды үлескерлікпен қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы іске асыруда инвесторларға көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру;

      7) инвесторлар мен инвестициялық жобалардың дерекқорын қалыптастыру.

      Іс-шаралар:

      Аталған міндеттер шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр:

      1) өңірге басқа өңірлерден, сонымен қатар шет елдерден жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа мүдделі компанияларды тарту;

      2) салалық, сондай-ақ өңірлік бөліністе инвестициялар құю саласында мониторинг жүргізу;

      3) құжаттама дайындауда және ұйымды тіркеуде көмек көрсете отырып, шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру;

      4) инвесторға жетекшілік ету, жобалар туралы ақпарат алуға көмектесу, әлеуетті әріптестермен кездесулерді ұйымдастыру. Бизнес-жоспарларды жасауда және жобалық талдауды өткізуде көмек көрсету;

      5) жобалардың іске асырылуы, өңірлік және республикалық маңызы бар бизнес-форумдарға қатысу бойынша өзекті ақпарат беру бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру. Кәсіпкерлер (жобалардың бастамашылары) мен инвесторлардың кездесулерін ұйымдастыру;

      6) инвестормен бірлескен кәсіпорындар құру, жергілікті қаржы институттарымен ынтымақтастық жасай отырып, көмек және жәрдем көрсету, сондай-ақ инвесторларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істеу, бағдарлама шеңберінде преференция алу, сонымен қатар инвесторларды қолдау бағдарламалары шеңберінде инвесторлармен жұмыс істеу бойынша бірлескен бағдарламаларға қатысу;

      7) инвесторлар дерекқорын жасау мен оны белсенді және белсенді емес инвестор санаттары бойынша өзектілендіру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын шетелдік инвестициялардың көлемін кемінде 15 %-ға ұлғайту;

      2) тартылған инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын бизнес-жобалардың жыл сайынғы саны – кемінде 5 жоба;

      3) өңірге жыл сайын шетелдік инвесторларды тарту (жылына кемінде 2 бірлік. Оның ішінде 2023 жылға дейін Global 2000 тізімінен кемінде 3 бірлік).

      Күтілетін нәтижелер:

      "Өңір экономикасына инвестициялар тартуға" деген 2-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК инвесторларға қызмет көрсету орталығы бола отырып және инвесторларға толық сервистік қолдау көрсету бойынша ұйымдық іс-шараларды атқара отырып, облысқа құйылатын отандық және шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады. Тартылған инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар қатысатын бизнес-жобалар саны 2023 жылға қарай кемінде 50 бірлікті құрайды. 2014 жылдан бастап жыл сайын 5 инвестициялық жобаны, оның ішінде 2 жобаны (баламалы энергетика және жеңіл өнеркәсіп) іске қосу жоспарланып отыр.

      Жыл сайын өңірге 2 шетелдік инвестор тарту жоспарланған, 2023 жылдың соңына қарай олардың тізімі 20 бірліктен кем болмайды. Өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялардың көлемін 15%-ға дейін ұлғайту жобаланып отырғандықтан, өңдеуші өнеркәсіп секторында өңірде инновациялық технологиялар бойынша және заманауи жабдықтармен жасалған, халық тұтынатын және өндірістік мақсаттағы тауарлар пайда болады.

      3-ҚСБ. Ұйымды басқару процесінің тиімділігін арттыру

      Аталған стратегиялық бағыт менеджменттің күш-жігерін ӘКК мен үлестес құрылымдарды басқару процестерінің тиімділігін арттыруға жұмылдырады.

      Бұл стратегиялық бағытты жүзеге асыру үшін мынадай мақсаттар қалыптастырылды:

      1) корпоративтік басқару рейтингін алу;

      2) сыртқы ортамен өзара іс-қимылды жақсарту;

      3) тиімді кадр саясатын қалыптастыру.

      1-мақсат. Корпоративтік басқару рейтингін алу

      Корпоративтік басқару рейтингін алу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру жоспарланып отыр:

      1) қоржынды компаниялар арасында коммуникацияларды дамыту және дағды алмасу, оның ішінде ӘКК-нің, үлестес құрылымдардың корпоративтік басқару стандарттарын дамытуға және жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік актілерін әзірлеу және енгізу;

      2) ӘКК-нің корпоративтік басқару деңгейін арттыру;

      3) сапа менеджментінің жүйесін енгізу;

      4) тәуекелдерді басқару сапасын арттыру;

      5) активтерді басқару тиімділігін арттыру;

      6) акционермен өзара іс-қимыл жасау процестерінің тиімділігін арттыру;

      7) инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау процестерінің тиімділігін арттыру;

      8) серіктестермен қатынастардың тиімділігін арттыру.

      Іс-шаралар:

      1) корпоративтік басқару стандарттарын енгізу арқылы заңнама талаптарына және ӘКК мен байланысты компаниялар қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес ішкі нормативтік актілерді әзірлеу;

      2) ӘКК-де 2014 – 2015 жылдары, үлестес құрылымдарда 2015 – 2016 жылдары ИСО сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу және енгізу;

      3) 2014 – 2015 жылдары тәуекелдерді, активтерді басқару жүйесін әзірлеу және енгізу;

      4) 2015 жылы ӘКК-нің корпоративтік басқару рейтингін алуы.

      ӘКК-нің еншілес компаниялары үшін корпоративтік басқару жүйесін енгізу 2015 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. Қаржылық-шаруашылық жағдайды есепке алғанда, корпоративтік басқару рейтингін алуды ӘКК-нің еншілес компаниялары 2016 жылы жүзеге асыратын болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1) ӘКК мен еншілес компаниялардың корпоративтік басқару рейтингі көрсеткішінің өсуі.

      Күтілетін нәтижелер:

      "Корпоративтік басқару рейтингін алу" деген 1-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК-де талаптарға сай келетін корпоративтік басқару жүйесі қалыптастырылатын болады. Бұл ретте ӘКК мен еншілес ұйымдардың 2023 жылы корпоративтік басқарудың жақсы практикасының деңгейіне қол жеткізуі арқылы 2015 – 2016 жылдары корпоративтік басқарудың орташа деңгейіне қол жеткізу жоспарланып отыр.

      2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасау

      Сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау рәсімі жергілікті мүдделі тараптармен, оған қоса тұрғындармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен, тұтынушылармен, жеткізушілермен, ықтимал әріптестермен, ғылыми және басқа мекемелермен жақсы өзара қарым-қатынастарды құру және қолдау үшін жетекші қағидаттарын ұсынады.

      Міндеттері:

      Сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ӘКК мынадай міндеттерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

      1) компания қызметінің аясында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      2) компанияның сыртқы мүдделі тараптарының сенімін иелену және оларға құрмет көрсету;

      3) мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауда дамушы және айқын көшбасшылық көрсету;

      4) компанияның жағымды бренді мен имиджін құру және қолдау;

      5) ӘКК қызметінің айқындылығын және ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

      6) бірлескен қызметке әлеуетті әріптестерді тарту.

      Іс-шаралар:

      1) мемлекеттік бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде консультация беру, ақпараттық қызметтер көрсету және өзге де көмек көрсету арқылы бизнеске қаржылай емес көмек көрсету;

      2) жеткізушілермен, кредиторлармен және қарыз алушылармен, жобалар және мемлекеттік бағдарламалар бойынша әріптестермен өзара іс-қимыл жасауды жақсарту бойынша тұрақты жұмысты жүзеге асыру, ашық ұйым имиджін қалыптастыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      Интернет-ресурсына келушілер көрсеткіші;

      кәсіпкерлерден бірлесіп қызмет жасауға қарастыруға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны;

      өңір кәсіпкерлерінің қанағаттануының өсу коэффициенті.

      Күтілетін нәтижелер:

      "Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасау" деген 2-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК 2015 жылы корпоративтік интернет-ресурсқа келушілер санын 10 000-ға, 2023 жылы – 45 000-ға жеткізуді жоспарлауда. Келіп түскен бизнес-өтінімдер бойынша 2015 жылы бірлескен жобаларды іске асыруға 140 өтінім алу жоспарлануда, 2023 жылы өтінімдер санының өсуі 180-ге жететін болады. Өңір кәсіпкерлерінің ӘКК қызметіне қанағаттану коэффициентінің мәні бойынша 2015 жылы бірлескен қызметті іске асыру және консультациялар мәселелері бойынша ӘКК-ге жүгінген кәсіпкерлердің жалпы санынан қанағаттанғандарының санын 60 %-ға жеткізу жоспарланған, бұл көрсеткішті 2023 жылы 90 %-ға жеткізу жоспарлануда.

      3-мақсат. Тиімді кадр саясатын қалыптастыру

      ӘКК-нің кадр саясаты озық дағдылары мен құзыреттері бар жоғары деңгейлі кадрларды тартуға, оқытуға және ұстап қалуға бағытталатын болады. Мыналар аталған мақсаттың негізгі міндеттері болып табылады:

      1) жұмыс тәжірибесі, соның ішінде бизнес-жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша тәжірибесі бар білікті мамандарды, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы мен шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарту;

      2) қызметкерлерді оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      3) жаңа қызметкерлерді бейімдеу бағдарламаларын енгізу;

      4) қызметкерлерді ынталандыру мен көтермелеу жүйесін дамыту;

      5) персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Іс-шаралар:

      Жоғарыда аталған міндеттер шеңберінде мынадай іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:

      1) қызметкерлерді іріктеу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу;

      2) отандық және шетелдік орталықтар мен біліктілікті арттыру курстары базасында оқыту және біліктілікті арттыру жүйесін енгізу;

      3) жаңа қызметкерлерді бейімдеу бағдарламаларын, оның ішінде тәлімгерлік пен тәжірибе алмасу тетіктері арқылы әзірлеу;

      4) еңбек нәтижелілігін арттыратын рухани және материалдық ынталандырулар жүйесін енгізу арқылы қызметкерлерді ынталандыру мен көтермелеу жүйесін әзірлеу және енгізу;

      5) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен медициналық сақтандыру жүйелерін енгізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) кадрлардың тұрақтамау коэффициенті;

      2) оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициентінің өсуі;

      3) жұмысқа қабылданған "Болашақ" бағдарламасы мен шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, сондай-ақ шетелдік мамандар саны.

      Күтілетін нәтижелер:

      "Тиімді кадр саясатын қалыптастыру" деген 3-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК 2015 жылға қарай кадрлар тұрақтамауының мәнін 6 %-ға, 2023 жылға қарай – 3,2 %-ға жеткізуді жоспарлауда. Оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті бойынша 2015 жылы 20 %-ға, 2023 жылға қарай – 90 %-ға қол жеткізу жоспарлануда.

      4. Стратегияны іске асыру тетігі

      Стратегияны іске асыру құралдары

      Стратегияны ойдағыдай іске асыру нысаналы бағдарларға сәйкес келетін, алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін ұдайы бақылап және бағалай отырып әрі басқарушылық шешімдер мен іс-қимылдарды түзету тетігі арқылы стратегиялық басқару жүйесін құруды талап етеді.

      Мыналар Стратегияның ойдағыдай іске асырылуына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады:

      1) Стратегия, орта мерзімді даму жоспарлары, жыл сайынғы бюджеттер, инвестициялық бағдарламалар мен жобалар арасында ажырамас байланыстың болуы;

      2) қызметтің белсенділігі мен тиімділігінің нысаналы индикаторларын мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу;

      3) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және ағымдағы міндеттерді шешуге бағдарланған қызметкерлерді ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу;

      4) ӘКК-нің сыртқы ортасының жай-күйін мониторингтеу нәтижелері мен жұмыстың қол жеткізілген нәтижелерін есепке ала отырып, тактикалық іс-қимылды кезең-кезеңімен түзету, жаңа басқарушылық шешімдер іздестіру және қабылдау.

      Мыналар Стратегияның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып табылады:

      1) іске асырылуы Стратегияда негізі қаланған нысаналы бағдарларға қол жеткізу үшін қажетті барлық бастамалар мен іс-шараларды біріктіретін ӘКК орта мерзімді даму жоспарлары;

      2) жылдық ағымдағы бюджеттер;

      3) ӘКК-нің инвестициялар, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, бос ақшалай қаражат пен кепілдікті қамтамасыз етуді басқару саласындағы саясаты;

      4) регламенттер, стандарттар мен басқа құжаттар;

      5) тиісті жағдайдағы іс-қимыл жасау тәртібін бір мағыналы айқындайтын қағидалар.

      Стратегияны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

      Межеленген мақсаттарға қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді шешу бөлігінде әзірленген Стратегияны іске асыру ӘКК-нің бесжылдық даму жоспарларына сәйкес екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бұл стратегиялық ұстанымдардың орындалу мониторингін неғұрлым тиімді жүзеге асырып, тактикалық жоспарларға, қажет болған жағдайда, Стратегияға уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, өйткені сыртқы нарықтық орта үздіксіз өзгеруде, мұның өзі ӘКК менеджменті тарапынан барабар ден қоюды талап етеді.

      Әрбір кезең үшін жекелеген стратегиялық даму бағыттарының шеңберінде нысаналы индикаторлардың (қызметтің түйінді көрсеткіштерінің) тиісті мәндері айқындалған (1-қосымша).

      1-кезең – 2014 – 2015 жылдар

      Бірінші кезеңде мықты тұстар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалану жолымен ӘКК осал тұстарын күшейту және ықтимал қауіптерді нивелирлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады, мұның өзі ӘКК-нің осы стратегияны іске асырудың екінші кезеңіне шығуына мүмкіндік береді, бұл кезең айналымды ұлғайтуға ғана байланысты. Аталған кезеңде мынадай нәтижелерге қол жеткізу көзделеді:

      1) дебиторлық берешекті жабу;

      2) қызметі залалды еншілес компанияларды сауықтыру;

      3) авариялық күйдегі жылжымайтын мүлік объектілерін қалпына келтіру;

      4) имиджді жоғарылату бойынша белсенді жұмыс;

      5) инвестициялық климатты жақсарту.

      2-кезең – 2016 – 2023 жылдар

      Екінші кезеңде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша кең ауқымды тиімді жұмыс жүзеге асырылмақ, оларды іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      2) өңірдегі жұмыс орындарының санын ұлғайту;

      3) экспортқа бағдарланған, қосылған құны жоғары отандық өнімді өткізу, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      4) берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету – активтерді қайта құрылымдау және ӘКК құрамына кіретін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне көтерілу;

      5) ӘКК еншілес кәсіпорындарының қор нарықтарына шығуы, сондай-ақ ӘКК-нің өзінің бастапқы орналастыруға (ІРО) дайындығын қамтамасыз ету;

      6) ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өсуін қамтамасыз ету.

      ӘКК-нің тиімді жұмыс істеуі мақсатында қызметтің стратегиялық бағыттары шеңберінде 1-қосымшада ықтимал қатерлерді, тәуекелдің және оның зардаптарының сипаттамасын, осы тәуекелдің алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және ол туындаған жағдайда компанияның іс-қимылын білдіретін тәуекелді басқару жүйесі көзделеді.

  "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
қосымша

"Солтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ стратегиялық дамуының негізгі түйінді көрсеткіштері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

1-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру

1-мақсат. ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1

Негізгі қызметтен түсетін таза пайда, млн. теңге

20,0

50,0

100,0

130,0

150,0

180,0

210,0

250,0

300,0

340

2

Бір қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге

0,66

1,66

3,33

4,3

5,0

6,0

7,0

8,3

10,0

12

3

Активтердің рентабельділігі, %

0,5

0,7

0,8

1,1

2

3,0

3,5

3,7

4

4,2

     

      2-мақсат. Инвестициялардың өсуі мен тиімділігін қамтамасыз ету

1

Инвестициялық қоржын көлемінің өсуі, %

3

4

4

5

5

6

6

7

8

9

2

Инвестициялардың рентабельділігі, %

3,5

4

4,5

5

5,5

6

6,5

7

7

8

3

ӘКК-нің бірлескен жобаларға құйған қаражатына жеке инвесторлардың қаражатын тартудың арақатынасы, %

230

270

300

350

400

500

600

700

900

950


      3-мақсат. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру

1

Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру, бірлік

-

2

4

6

7

7

8

9

10

10

2

Жұмыс орындарын құру, адам

-

40

60

70

80

90

100

120

150

150

3

Еңбек өнімділігін арттыру, есе

-

1,5

1,6

1,7

1,8

1,9

2,0

2,1

2,2

2,5


      4-мақсат. Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту

1

Оңалтудан өткен (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны, бірлік

0

0

1

1

1

1

1

2

2

2


      5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру

1

ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі, млн. теңге

00

00

100

150

200

250

300

350

400

450


2-ҚСБ. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

1-мақсат. ӘКК-нің инновациялық дамуы

1

Қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымның құрылған элементтерінің саны, бірлік

-

-

-

1

-

-

1

-

1

1

2

Іске асыруға іріктеп алынған инновациялық бизнес-идеялар саны, бірлік

1

2

3

4

5

5

7

9

12

13

3

Баламалы энергетика мен энергия тиімді технологияларды қолдану арқылы іске асырылатын жобалар саны, бірлік.

1

2

4

6

8

10

12

14

16

17


      2-мақсат. Өңір экономикасына инвестициялар тарту

1

Өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайту

2

4

6

8

9

10

11

13

14

15

2

Тартылған шетелдік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын бизнес-жобалардың, бірлік

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

3

Өңірге тартылған инвесторлар саны, бірлік

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

4

2023 жылға дейін Global 2000 тізімінен өңірге тартылған инвесторлар саны, 2023 жылға дейін кемінде 3 бірлік

0

0

0

0

0

1

0

1

0

1

3-ҚСБ. Ұйымды басқару процесінің тиімділігін арттыру

1-мақсат. Корпоративтік басқару рейтингін алу

1

Корпоративтік басқару рейтингінің көрсеткіші, оның ішінде






















ӘКК

-

3

-

4

-

5

-

6

-

70


еншілес ұйымдар, оның ішінде






















"Солтүстік" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

-

-

3

-

4

-

5

-

6




"Солтүстік" қаржы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

-

-

3

-

4

-

5

-

6




"СК-Финанс" микрокредит ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

-

-

3

-

4

-

5

-

6



2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасау

1

Компанияның веб-сайтына келушілер көрсеткіші, бірлік

7000

10000

14000

20000

25000

30000

35000

40000

45000

50000

2

Қарастыруға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны, бірлік

130

150

160

165

170

175

170

160

170

180

3

Өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану коэффициенті, %

50

60

70

75

80

85

88

90

90

95

3-мақсат. Тиімді кадр саясатын қалыптастыру

1

Кадрлардың тұрақтамау коэффициенті, %

8,0

6,0

5,0

4,0

4,0

3,6

3,4

3,4

3,2

3,0

2

Оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті, %

45

50

60

65

70

75

80

85

90

90

3

Жұмысқа қабылданған "Болашақ" бағдарламасы мен шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, сондай-ақ шетелдік мамандар саны

2

2

3

3

4

4

5

5

6

7

  "Солтүстік" әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға
арналған даму
стратегиясына
1-қосымша

"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттардың шеңберіндегі стратегиялық тәуекелдер

      Ескерту. Стратегия 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2016 № 160 қаулысымен.

Р/с

Стратегиялық бағыттарға қол жеткізу үшін тәуекелдер немесе қатерлер

Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары)

Тәуекелді іске асырудан болуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы

Алдын алу шаралары

1

№ 1 қызметтің стратегиялық бағытына қол жеткізбеу тәуекелі: коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру

1)

Сыртқы тәуекелдер




Әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс:

доллар, Ресей рублі бағасының өсуі;

әлемдік дағдарыс салдарынан экспортталатын өнім бағасының түсуі

еліміздегі экономикалық ахуалдың күрт өзгеруі, табыстың төмендеуінен контрагенттердің өз міндеттемелерінің шарттарын сақтамауы; контрагенттердің дефолты салдарынан ӘКК-нің қаржылық шығын тәуекелі; әлемдік экономиканың өзгеруі;

нарық үлесінің жоғалуы, бәсекелестіктің күшеюі;

Қаржылық тәуекелдің іске асуынан табыс және капиталды жоғалту түрінде қолайсыз қаржылық салдардың туындауының жоғары ықтималдығы күтіледі.

Әлемдік қаржылық дағдарыс басталған жағдайда, мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

ішкі инвестицияны өсіруді ынталандыру;

меншікті қаражат шығыстарын оңтайландыру;

отандық инвесторлармен бірлескен жобаларды енгізу жөніндегі жұмысты күшейту;

ЕЭК елдерінде тауар өткізу нарығын іздестіру.

2)

Ішкі тәуекелдер




Қаржылық тәуекел, оның ішінде:

кредиттік;

инвестициялық.


Дебиторлық берешектің өсуі, ағымдағы шығыстардың өсуі, шығынның бар болуы, жарғылық капиталдың азаюы, штатты қысқарту арқылы шығыстарды оңтайландыру.

Баламалы іс-шараларды іске асыру:

ӘКК үшін табыс іздеу жөнінде жүйелі жұмыс;

ағымдағы шығыстарды оңтайландыру;

кредиттік тәуекел қарыз алушылардың қарызы және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ алдындағы кепілдіктері бойынша сомадан, сондай-ақ клиенттердің басқа мәмілелер бойынша борыштарынан құралады. Бұл тәуекелді басқару үшін мынадай іс-шаралар жоспарланады:

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүліктік кепілдігіне қойылатын талаптың орындалуы бойынша бақылауды күшейту;

кепілдіктерді тәуелсіз сарапшылардың бағалауымен, комиссиямен қабылдау;

ӘКК-нің Кепілдік саясатының бұлжытпай орындалуы.

Инвестициялық тәуекел ӘКК-нің инвестициялық қызметін жүзеге асыру процесінде қаржылық шығындардың туындауы ықтималдығын сипаттайды.

Баламалы іс-шаралар:

мемлекеттік органдармен және даму институттарымен, сондай-ақ ЕДБ-мен және шетелдік инвесторлармен жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен тікелей қаржыландыру мақсатында үздіксіз жұмыс;

әкімшілік персоналдың құрамына басқару есептілігінің, сондай-ақ жобаның тәуекелдерін басқару негізінде қаржы-шруашылық қызметті бақылау мақсатында қаржы директоры штаттық бірлігін енгізу;

ай сайын ӘКК-нің коммерциялық қызметінің жоғарылауына әсер ететін көрсеткіштерге талдау жүргізу.

2

№ 2 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі:

инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

1)

Сыртқы тәуекелдер




сыртқы нарықтағы бәсекелестік:

инвесторлар қызығушылығын төмендеуі

Шетелдік және отандық инновациялық технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы шығарылған өнім тауар өткізу нарығында тез өтетін өнімнің мәртебесін ала алмайды. Инновациялық техникалық сипаттамаларымен танысу үшін уақыт кезеңі талап етіледі.

Уақтылы және толық көлемде өткізудің болмауы, шығынның болуы, жарнама және өткізу шығыстарының артуы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар:

инновациялық технологиялар және заманауи жабдықтар жеткізу шартымен шетелдік инвесторлар қатысатын инвестициялық жобаларды іздеу және енгізу;

жобаларды іске асыруға арналған ақшалай қаражаттың ықтимал шектеулілігіне байланысты жобаларды қарастыру кезеңінде бағалауды күшейту;

өңір үшін инновацияларды анықтау мақсатында инвестициялық жобалардың сараптамасын жасау;

сенімді әріптес ретінде ӘКК-нің имиджін арттыру.

2)

Ішкі тәуекелдер




инновациялық тәуекел, коммерциялық тәуекел (елдің ішінде)

Инновациялық тәуекел инновациялық идеяларды тұжырымдаудан бастап нарықта іске асырылғанға дейін инновациялық саладағы белгісіздікке байланысты.

Аталған өткізу нарығында күшті жарнаманың болмауынан не сатып алушылардың жаңа өнімді сатып алуға дайын болмауынан нарық жаңа өнімге дайын емес (қаржыландыру, жаңа сатып алуларды ұйымдастыру, өнімнің сипаттамаларын зерделеу).

Жаңа өнімді өткізу маркетинг қағидаттарымен тығыз байланысты, нарықтың ұдайы өзгеріп тұратын талаптарын есепке алуға бағытталған.

Бұл жағдайда инновациялық қызмет объектілерін жасау, игеру және тарату процесінде қолайсыз салдардың туындау ықтималдығы пайда болады.

Технологиялық факторлардың ӘКК-нің қызметіне теріс ықпал етуі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің даму қарқынының төмендеуінен көрініс табуы мүмкін, бұл өнім сапасының төмендеуіне, нарықтың өскен қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмауға, нәтижесінде ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Коммерцияның маркетингпен тығыз байланысы және уақытында толық көлемде өткізу болмаса, шығын пайда болады.

Тәуекелді басқару жөніндегі баламалы іс-шаралар:

шығасыны барынша азайту және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша әріптестермен жобаны қаржыландырудың баламалы көздерін тарту жөніндегі бірлескен мақсатты жұмыс;

маңызды инновациялық жобаларды іздестіру;

өнімді өткізу нарығын зерделеу, жақын шетелден әріптестер іздеу.

3

№ 3 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі:

ұйымды басқару процесінің тиімділігін арттыру

1)

Сыртқы тәуекелдер




ӘКК-де талап етілетін мамандықтар бойынша "Болашақ" бағдарламасының және шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің болмауы тәуекелі

Аталмыш білімі бар мамандар кейін өз білімінің құнын төлеу мақсатында еңбекақысының деңгейі әлдеқайда жоғары болатын ұлттық компанияларды таңдайды.

Аталған мамандардың білімін инновациялық жобаларда қолданбау.

Іс-шаралар:

уәкілетті органды бос жұмыс орындары туралы хабардар ету;

"Болашақ" түлектерін ӘКК-ге жіберу үшін сұрау салу.


2)

Ішкі тәуекелдер




ӘКК үшін корпоративтік рейтингін айқындау кезінде төмен баға алу тәуекелі ӘКК-ден білікті кадрлардың кету тәуекелі

Әртүрлі агенттіктерде корпоративтік рейтингті айқындауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар әртүрлі.

Мансаптық өсу және еңбекақы үшін өз бастамашылығын көрсетуі.

Анағұрлым жоғары бағамен қайта рейтинг алу жөніндегі шығыстарды арттыру.

Кадр резервін ауыстыру, жобаларды ұйымдастыру жөніндегі процестердің баяулауы.

Тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар:

осы Стратегияда көзделген мақсаттар мен міндеттердің аясында ӘКК корпоративтік басқару рейтингінің ең жоғары бағасын алғанға дейін корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды болжайды.

Агенттіктің осы рейтингті беру жөніндегі ескертулерін жою жөнінде жыл сайын мына бағытта жұмыс жүргізу:

басқарма және директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін арттыру;

басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру;

менеджментті бағалау және сыйақы беру жүйесін дамыту;

кадр резервін құру;

ӘКК қызметінің ашықтығын арттыру.

Корпоративтік басқару қағидатын сақтау ӘКК-ге ӘКК-нің акционерлері, директорлар кеңесі және атқарушы органы арасында өзара қарым-қатынас және жауапкершілік деңгейін нақты айқындауға, сондай-ақ еншілес ұйымдармен сындарлы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Кадр тұрақтамаушылығының жоғары деңгейі стратегиялық жоспарлаудың кейбір аспектілерінің олқылығына әкеліп соғуы мүмкін.

Баламалы іс-шаралар:

жоғары білікті қызметкерлер үшін еңбекақы төлеуді арттыру мақсатында ЕҚК (еңбекке қатысу коэффициенті) ұлғайту туралы мәселені қарау;

ӘКК-ге "Болашақ" бағдарламасының түлектерін және шетелдік оқу орындарының түлектерін тарту; кадр тұрақтамаушылығын төмендету:

кадр резервін құру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу. Моральдық және материалдық ынталандыруларды енгізу.