Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 818 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 91-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум бекiтiлсiн.";

      "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ертіс" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы", "Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;

      2) "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.";

      "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум алып тасталсын.

      3. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;

      2) "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.";

      "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум алып тасталсын.

      4. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді босату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 636 қаулысында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босату туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тізімі осы өзгерістерге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 37, 38-тармақтар алып тасталсын.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:

      "1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы" деген бөлімде:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты бұл ӘКК-лер қайта ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасында 16 ӘКК құрылды.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) даму жоспарларының бекітілмеуі және соның салдарынан инвестицияларды іске асыруда жүйеліліктің болмауы, нақты мамандандырылудың болмауы;";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘКК өз қызметін даму жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырады.";

      оныншы бөлік алып тасталсын;

      "2. ӘКК дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері" деген бөлімде:

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері" деген кіші бөлімде:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘКК өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, индустрия және индустриялық-инновациялық даму, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм, бәсекелестікті қорғау, жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттілік шеңберінде белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасауға тиіс.";

      "Тиімділікті бағалау" деген кіші бөлімде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘКК қызметінің тиімділігін бағалауды даму жоспарларын іске асыру бойынша ЖАО жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ мынадай тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады:";

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Корпорациялардың директорлар кеңестері алға қойылған ҚШК-ге қол жеткізу тұрғысынан даму жоспарларының іске асырылуын кезеңдік бағалау арқылы менеджментті бағалауды жүзеге асырады. Корпорацияның менеджментіне сыйақы беру жүйесі корпорация қызметінің нәтижесіне байланыстырылуға тиіс.";

      "Тұжырымдаманы іске асыруға ұсынылып отырған нормативтікқұқықтық актілер тізбесі" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Тұжырымдаманы іске асырудың қолда бар құралдары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары болып табылады.".

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.11.2021 № 854 қаулысымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
1-қосымша

"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      1. Құру мақсаты

      "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Сарыарқа" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Қарағанды облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Сарыарқа" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
2-қосымша

"Epтic" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      1. Құру мақсаты

      "Ертіс" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Ертіс" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Ертіс" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Ертіс" ӘКК"

      АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Ертіс" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, "Ертіс" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Ертіс" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Ертіс" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Ертіс" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
3-қосымша

"Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      1. Құру мақсаты

      "Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Жетісу" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Алматы облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Жетісу" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Жетісу" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Жетісу" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Жетісу" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Жетісу" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Жетісу" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Жетісу" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
4-қосымша

"Тобыл" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      1. Құру мақсаты

      "Тобыл" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Тобыл" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Қостанай облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Тобыл" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Тобыл" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Тобыл" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Тобыл" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері, "Тобыл" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Тобыл" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Тобыл" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Тобыл" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
5-қосымша

"Каспий" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      1. Құру мақсаты

      "Каспий" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Каспий" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Каспий" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Каспий" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Каспий" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Каспий" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Каспий" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Каспий" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Каспий" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Каспий" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, "Каспий" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Каспий" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Каспий" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Каспий" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 маусымдағы
№ 636 қаулысына
қосымша

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде ауыл шаруашылығы жерлерін ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тізбесі

      1. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      2. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      3. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      4. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      5. "Байқоныр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      6. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      7. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      8. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      9. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      10. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      11 "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      12. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      13. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      14. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      15. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      16. "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 818 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 461 қаулысы.

      2. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 477 қаулысы.

      3. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысы.

      4. Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 741 қаулысы.

      5. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 794 қаулысы.

      6. "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 804 қаулысы.

      7. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 814 қаулысы.

      8. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 819 қаулысы.

      9. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 820 қаулысы.

      10. "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 821 қаулысы.

      11. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" ұлттық компания" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 838 қаулысы.

      12. "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 842 қаулысы.

      13. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 887 қаулысы.

      14. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 889 қаулысы.

      15. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 890 қаулысы.

      16. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 908 қаулысы.

      17. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 160 қаулысы.