Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.2. Жауапты мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген |
Индустрияландыру картасы
Ескерту. Индустрияландыру картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
Р/с № | Жобаның атауы | Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг | Өңiр | Жобаға өтiнiш берушi | Iске асыру мерзiмi*/ жобаның мәртебесі |
---|
кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. |
Болат өндiрiсiн жылына 5 млн тоннаға дейiн ұлғайту | ИИДМ | Қарағанды облысы | "АрселорМиттал Теміртау" АҚ | 2010 – 2022 жылдар |
2. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
3. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
4. | Рельсті арқалық зауытын салу |
ИИДМ, Ақтөбе облысының әкімі | Ақтөбе облысы | "Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС | 2012 – 2015 жылдар |
5. | Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу | ИИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ | 2010 – 2022 жылдар |
6. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу | ИИДМ | Жамбыл облысы | "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС | 2011 – 2021 жылдар |
7. | Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу | ИИДМ | Қызылорда облысы | "Орда Гласс" ЖШС | 2013 – 2021 жылдар |
8. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
9. | Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (бірінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
Атырау |
"Kazakhstan | 2010 – 2022 жылдар |
10. | Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
Атырау | "KLPE" ЖШС | 2010 – 2025 жылдар |
11. | К5 экологиялық класты мотор отынының өндірісі | ЭМ | Батыс Қазақстан облысы | "Конденсат" АҚ | 2012 – 2016 жылдар |
12. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
13. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
14. | "Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу | ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | Қызылорда облысы | "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ | 2014 – 2023 жылдар |
15. | Қарағанды кешенді қорытпа зауытын салу | ИИДМ | Қарағанды облысы | "Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" ЖШС | 2011 – 2022 жылдар |
16. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен. | ||||
17. |
Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі | ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | Жамбыл облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | 2014 - 2021 жылдар |
18. | Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту (2-кезең) | ИИДМ | Маңғыстау облысы | "ҚазАзот" ЖШС | 2015 – 2021 жылдар |
19. | Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту | ИИДМ | Жамбыл облысы | "Қазфосфат" ЖШС | 2015 – 2020 жылдар |
20. | Кальцийлендірілген сода өндіру зауытын салу | ИИДМ | Қызылорда облысы | "АралСода" ЖШС | 2017 – 2021 жылдар |
21. | Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын өндіретін зауыт салу | ИИДМ | Алматы қаласы | "Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" ЖШС | 2015 – 2018 жылдар |
22. | Ферросилиций өндіру зауытын салу | ИИДМ | Қарағанды облысы | "YDD Corporation" ЖШС | 2017 – 2019 жылдар |
23. | Ақтоғай КБК өңдеу қуатын жұмыс істеп тұрған сульфидий фабрикасын қайталау арқылы кеңейту | ИИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС | 2018 – 2021 жылдар |
24. | ЭТБЭ/МТБЭ және ұнтақ полипропилен шығаратын зауыт салу | ЭМ | Шымкент қаласы | "Шымкент Химия Компаниясы" ЖШС | 2017 – 2022 жылдар |
25. | Тау-кен комбинаты құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын және "Жанар" жерасты суы кен орнын өнеркәсіптік игеру | ИИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "Айдарлы Проджект (AidarlyProject)" ЖШС | 2019 – 2069 жылдар |
26. | Ақмола облысы Бурабай және Бұланды аудандарында инженерлік инфрақұрылымын орналастырумен жылына 5,0 млн тонна кен өндіретін тау-кен гидрометаллургия кешенінің құрылысы | ИИДМ | Ақмола облысы | "RGProcessing" ЖШС, "RGGold" ЖШС | 2018 – 2022 жылдар |
27. | Қуаты жылына 400 000 тонна кальцийленген сода зауытының құрылысы | ИИДМ | Жамбыл облысы | "Qazaq-Soda" ЖШС | 2020 – 2022 жылдар |
28. | Екібастұз қаласында ферроқорытпа зауытын салу | ИИДМ | Павлодар облысы |
"EkibastuzFerro Alloys" ЖШС |
2021 – 2023 |
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ | - | акционерлiк қоғам |
ЖШС | - | жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк |
ИИДМ | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
МӨЗ | - | мұнай өңдеу зауыты |
МХЗ | - | мұнай-химия зауыты |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы |
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ | - | "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi |