Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Ж

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралары жоспарын әзірлесін және бекітсін;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіп пен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 874 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

      Ескерту. Мемлекеттік бағдарлама жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.09.2016 № 315 Жарлығымен.

      Астана, 2016 жыл

Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты

      2. Кіріспе

      3. Ағымдағы жағдайды талдау

      4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      6. Қажетті ресурстар

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіз

1. Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма.

Әзірлеуге жауапты

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.

Мақсаты

Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

Міндеттер

1) дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;

2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;

3) экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

4) инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;

2) өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 22%-ға өсуі;

3) өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге сомасында;

4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жылы - 134,98 млрд. теңге;

2016 жылы - 177,42 млрд. теңге*;

2017 жылы - 359,31 млрд. теңге*;

2018 жылы - 178,73 млрд. теңге*;

2019 жылы - 27,86 млрд. теңге*.

Ескертпе: * - тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес сомалар нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан-2050" стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

      Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы Қазақстан Республикасының үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясатының пайымы болып табылады. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ) шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.

      Ағымдағы Бағдарлама ҮИИДМБ-ның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесін ескереді. Бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жетілдіру қамтамасыз етіледі, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы", арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) бүкіл қызметі кезеңіне АЭА қатысушылары үшін тұрақтылық және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдіктер қамтамасыз етілетін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға, түзетулер енгізіледі, сондай-ақ энергияны үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтер жетілдіріледі.

      Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне сезімтал болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), "сары парақтар қағидатын" (Yellow Pages) ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларға (бұдан әрі - ТШИ) (FDI Confidence Index by A.Т. Kearney) сенім индексіне және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіруі, адами капитал индикаторларын жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылға тәуелді.

      Тұтастай алғанда, Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ауыл шаруашылығын, жер қойнауын пайдалануды, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, көліктік және өзге инфрақұрылымды, көрсетілетін қызметтерді, білім беруді қоса алғанда дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың (қолданыстағы және жаңадан қабылданған) оның түйінді қағидаттарына қайшы келмеуі және макроэкономикалық тұрақтылық шараларының қамтамасыз етілуі қажет.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      3.1. Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау

      "Индустрияландыру" термині ретінде өңдеуші өнеркәсіптің өзін дамытуға көшуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешеніне байланысты дәстүрлі ұғым қолданылады.

      Тау-кен өндіру секторына аса құбылмалылық тән екенін ескере отырып, экономиканың басқа секторларын - ауыл шаруашылығын, көрсетілетін қызметтерді, өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту қажет.

      Өңдеуші өнеркәсіп орта таптың қалыптасуына көбірек ықпал етуде. Айталық, Ақпараттық технологиялар және инновациялар қорының (АҚШ)1 деректері бойынша өңдеуші өнеркәсіпте 1 жұмыс орнын құру басқа секторларда 2-ден 5-ке дейін қосымша жұмыс орындарын құруға әкеледі, технологиялардың дамуы жұмысшылардың білімі мен дағдыларын арттыруға алып келеді; АҚШ-та өңдеуші өнеркәсіптегі жалақы деңгейі экономиканың басқа секторларына қарағанда орта есеппен 9%-ға жоғары; өңдеуші өнеркәсіп секторлары экономикадағы неғұрлым инновациялы секторлар - АҚШ-та бұл секторға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) 70%-ы тиесілі; өңдеуші өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтер секторының жай-күйі өзара тәуелді (мысалы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі - АКТ) негізделетін көрсетілетін қызметтер өңдеуші өнеркәсіп тауарларына өте тәуелді).

      1http://www2.itif.org/2011-national-manufacturing-strategy.pdf.

      2015 жылы Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркәсіп шамамен 25%-ды иеленетін болады, бұл ретте көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі салдарынан оның үлесі біртіндеп төмендеп бара жатыр: 2012 жылы — 29,2%, 2013 жылы — 27%, 2014 жылы — 26,6%. Дамыған, сол сияқты дамушы елдердің көбінде осыған ұқсас процестер байқалады. Дегенмен, көрсетілетін қызметтердің экспорттағы үлесі мардымсыз, сондықтан таяудағы болашақта экспорттың жалпы өсуіне көп ықпал ете алмайды. Сондықтан бүгінгі жағдайда мұнай емес экспорт, негізінен, өңдеуші сектор тауарларының есебінен өсуі мүмкін. 2015 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 30%-ды құрайды.

      Тау-кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 3,5%-ын (2012 жылы - 2,6%, 2013 жылы - 2,9%) және экономикадағы жалпы қосылған құнның 14,7%-ын (2012 жылы - 16,5%, 2013 жылы - 14,7%), ал өңдеуші сектор - тиісінше 6,3% (2012 жылы және 2013 жылы - 6,4%) және 10% (2012 жылы - 10,8%, 2013 жылы - 10,4%) қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 30%-ын құрайды (2012 және 2013 жылдары - 29%), ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 11% (2012-2013 жылдары - осындай 11%).

      ҮИИДМБ іске асырылған жылдары өңдеуші өнеркәсіп дамуға айтарлықтай серпін алды. Өндірістің нақты көлемінің индексі 2008 жылға қарағанда тау-кен секторын (20%) басып озып, 24,2%-ға өсті. Еңбек өнімділігі нақты мәнде 1,9 есе ұлғайды, ал ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен айырмашылық 69%-дан 55%-ға дейін қысқарды. Өткен 5 жылға қарағанда, өңдеуші өнеркәсіпке шамамен 3 есе артық ТШИ тартылған, ал олардың жалпы көлемдегі үлесі 10%-дан 15,5%-ға дейін (2012 жылы - 12%, 2013 жылы - 10,6%) 1,5 есе өсті. 20-дан аса жаңа маңызды секторлар пайда болды, ал қосымша 50 тауар салыстырмалы артықшылықпен (RCA индексі) экспорттала бастады.

      Қазақстан факторлар ілгерілететін экономикадан инвестициялар ілгерілететін экономикаға өту кезеңінде тұр. Сонымен қатар, қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда индустрияландыру және инвестициялар тарту процесінде Қазақстан объективті шектеулерге тап болды. Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі - ХВҚ) елдер бойынша 2013 жылғы қыркүйектегі есебіне2 сәйкес экономикада "голланд кеселінің" белгілері, атап айтқанда, сауда-саттықта қолайсыз жағдайлардың қалыптасуы, экономикадағы шығындар деңгейінің өсуі және институционалдық проблемалар байқалған. Бұдан басқа, Қазақстан "орташа кіріс тұзағы" - біліктілігі мен инновациялары жоғары дамыған экономикалармен де, кірісі төмен, жалақы деңгейі төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсуге қабілетсіздік проблемасымен бетпе-бет келді.

      2 ХВҚ елдік есебі № 13/291, қыркүйек 2013 жыл.

      Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнен (бұдан әрі - ЖІӨ) негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 2005 жылғы рекордтық 32%-дан 2014 жылы 16%-ға дейін түсіп кетті. Осыған ұқсас экономикадағы ақша көлемінің деңгейі 2009 жылғы ең жоғары 40,5%-дан 2014 жылы 32%-ға дейін төмендеп барады, әрі осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көптеген елдерден едәуір артта қалып қойды. Урбандалу деңгейі өте төмен, бұл сұранысты кең-байтақ аумаққа шашыраңқы орналастырады және адами капиталдың сапасына әсер етеді, бизнесті жүргізу шығындарын ұлғайтады.

      Жеке бастама әлсіз күйінде қалуда, оған бірнеше фактор әсер етеді: мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары болуы, бірқатар салалардың жоғары монополиялануы, жұмыс істемейтін кепілдеме активтер үлесінің жоғары болуы, қаржыландыруға шектеулі қолжетімділік, қор нарығының дамымауы және жоғары валюталық тәуекелдер.

      Инфрақұрылымдық шектеулер мен күрделі кедендік рәсімдер экспорттық мүмкіндіктерді төмендетеді. Көлік арналарының жеткіліксіздігі, логистиканың тиімсіздігі, көлік инфрақұрылымының тозуы және сауда инфрақұрылымының дамымағандығы, жоғары көліктік шығындар қазақстандық бизнестің бәсекелік артықшылықтарын айтарлықтай шектейді.

      Еңбек ресурстарының төмен сапасы және шетелдік қызметкерлерді жалдау қиындығы индустрияландыруды жүргізу мен бизнесті дамыту үшін шектеуші факторлар болып табылады.

      Металлургия және химия өнеркәсібі сияқты салаларда Бағдарлама үшін мамандықтарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарын аяқтаудың межеленген мөлшерімен тиісінше 96% және 89% сәйкес келеді. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі және машина жасау сияқты салаларда оқытып шығару бойынша жоспар Бағдарлама салаларының қажеттігінен 1,5-2 есе жоғары.

      3.2. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері

      Бағдарламаны әзірлеген кезде 100-ге жуық жаһандық тренд: жалпы әлемдік, экономикалық, технологиялық және метаүрдістер ескеріліп, бағаланды. Қазақстан үшін релеванттықты және Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікті бағалау негізінде іріктеу процесінің нәтижесінде мынадай түйінді мегатрендтер айқындалды.

      1. Цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік тізбектерді түрлендіру. Жеткізушілердің мамандануы, сегменттер бойынша әртараптандыру күшейеді және трансұлттық компаниялар (бұдан әрі - ТҰК мен ірі өңірлік өндірушілердің құн тізбегін құруға кіру есебінен бүкіл әлем бойынша жеткізілімдер кеңейе түседі. Бұл ретте ТҰК жергілікті жеткізушілер экожүйесінің болуына және олардың сапасына мүдделі болады. Тіпті еңбекті көп қажет ететін секторларда еңбек ресурстары құнының мәні төмендейді, олардың сапасы маңыздырақ факторға айналады.

      2. Көрсетілетін қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру және өнеркәсіптегі креативті секторлардың өсуі. Өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы бұдан былай әртараптандырудың және экономикалық өсудің көрсеткіші болып табылмайды, себебі көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі жаһандық трендке айналды. Өнімнің технологиялық күрделілігінің өсуіне және қазіргі заманғы өндіріс секторларындағы модульдік конструкцияларға өту шамасына қарай көрсетілетін қызметтер маңызды рөл атқара бастайды. Экономикалық белсенділік өндірістен адами капитал тұрғысынан ауқымды көрсетілетін қызметтер саласына ауысуда.

      3. Дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы. Тез дамушы елдерге капиталдың келуі 2000 жылғы 378 млрд. АҚШ долларынан 1,2 трлн. АҚШ долларына дейін 3 есе өсті, бірақ 2014 жылдан бастап күрт жылыстау байқалуда. Осы үрдісті болдырмау мақсатында бұл елдер преференциялар мен субсидиялар беру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, реттеушілік шектеулерді жұмсарту және капитал мен баламалы қаржы құралдарының нарығын дамыту бөлігінде инвестицияларды тартуға бағдарланған.

      4. Елдердің өндірісті орналастыру мен дамыту үшін бәсекелестігі. Дамушы елдердегі өндірістік алаңдардың маңыздылығы соңғы онжылдықтарда үнемі ұлғайып келеді және олардың арасындағы бәсеке күшеюде. Өндірістерді қайтару үшін дамыған елдер дамушы елдермен бәсекеге түсті және қайта индустрияландыру бағдарламаларын әзірлеуде. Өндіріс шығындары төмен, ресурстық базасы дамыған немесе жеткізушілердің экожүйесі дамыған әрі жаһандық қосылған құн тізбегіне (бұдан әрі - ҚҚТ) қатысу тұрғысынан қолайлы елдерге ауысуда.

      5. Еңбек өнімділігіне назар аудару. Әлемдегі бәсеке өнімділіктің өсуі есебінен күшеюде: соңғы 20 жылда еңбек өнімділігінің әлемдік деңгейі 2,6 есе артты. Өнімділік елдердің бәсекеге қабілеттілігінің бейнесіне айналуда және технологиялар мен инновацияларды, адами ресурстар мен машықты, кәсіпкерлікті, бәсекені, компанияларға корпоративтік қайта құрылымдауды жүргізуді дамытумен ұштасқан.

      6. Кәсіпкерлік рөлінің өсуі. Индустриялық даму бүкіл әлемде кәсіпкерлік әлеуетке сүйенеді. Көптеген секторларда интеграцияланған компаниялар жеткізушілердің көпдеңгейлі жүйелеріне жол береді, шағын және орта бизнестің рөлі өсуде. Шағын және орта бизнесі дамыған елдер өз аумағында жаһандық салалық тізбектердің жаңа сегменттерін сәтті дамытуға ең көп мүмкіндіктерге ие.

      7. Халықтың ұтқырлығы. Бүкіл әлемде адамдар жаһандану, басқа мәдениеттерге қызығушылықтың өсуі, көлікке қолжетімділік, сондай-ақ ел мен өңірдегі жағдайдың нашарлауы есебінен қозғалуда ұтқыр бола бастады. Әлеуетті тәуекелдерді жою және тиімді ден қою үшін жоғары білікті шетелдік кадрларды тарту мақсатында көші-қон рәсімдерін оңайлату, таланттарды ел ішінде сақтап қалу бойынша шараларды енгізу және HR функциялардың құзыреттілігін арттыру қажет.

      8. Урбандалу және қалалардың өсуі. 2000 жылдан бастап 2050 жылға дейін урбандалу пайызы 47%-дан 70%-ға дейін ұлғая отырып, шамамен 3,5 млрд. адам қалаларға көшіп келеді деп болжанады. Бұл ірі қалалар инфрақұрылымының жеделдетілген дамуын және өндірістік қуаттардың олардың айналасына шоғырлануын талап етеді.

      3.3. Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын дамытудың жаһандық трендтері

      Қара металлургия. Халықаралық нарықтарда дамушы елдердегі (Үндістан, Иран, Таяу Шығыс және Африка елдері) тұтынудың өсуі, урбандалу, экономиканың жаңа секторларында (жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК), жаңа көлік) артып келе жатқан тұтыну, балама өніммен алмастырудың қиындығы сияқты жаһандық трендтердің есебінен 2030 жылға қарай болатты тұтынудың 1,3 есе өсуі күтілуде.

      Жел және күн энергиясының көздері энергетиканың кез келген басқа көздеріне қарағанда, болатты көбірек қажет етеді. Мысалы, әдеттегі жел турбинасына шамамен 180 тонна болат пайдаланылады, офшорлық турбинаға шамамен 450 тонна болат пайдаланылады. World Steel Association3 деректері бойынша 2050 жылға қарай шамамен 1 млн. жерүсті турбина және 100 мың теңіз турбинасы орнатылатын болады.

      Жаңа буын кемелері мен автомобильдері болаттың жаңа түрлерін талап етеді, олар барынша берік әрі жеңіл болмақ. Таяудағы 10 жылда автомобиль корпорациялары ерекше беріктігімен, салмағының жеңілдігімен және экологиялылығымен сипатталатын болаттың AHSS4 (Advanced High-Strength Steels) жаңа маркаларын белсенді түрде енгізетін болады.

      Сонымен бірге, әлемдік қара металлургияның дамуы экологиялық, энергия тиімділігі және еңбек өнімділігі бойынша талаптарды күшейту жағдайларында жүргізілетін болады.

      3 Әлемдік болат өндірушілер қауымдастығы https://www.worldsteel.org.

      4 Алдыңғы қатарлы өте берік болаттар.

      Жаһандық трендтер мен өсіп келе жатқан жергілікті өткізу нарықтарын (Иран, Батыс Қытай, Шығыс Ресей) ескере отырып, Қазақстанның қара металлургия секторының экспорттық әлеуетін кеңейту бойынша перспективалары бар.

      Түсті металлургия. Түсті металлургия бойынша ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың өсуі болжанып отыр. Айталық, мыстың қажеттілігі 2030 жылға қарай 70%-ға, алюминий - 50%-ға, мырыш - тиісінше 70%-ға артатын болады. Бұған дәстүрлі секторлардағы тұтынудың өсуі (өсіп келе жатқан халық пен урбандалудың қажеттіліктерін қанағаттандыру), экономиканың секторларында (ЖЭК, жаңа көлік) артып келе жатқан тұтыну, сондай-ақ балама өніммен (қорғасыннан басқа) алмастырудың қиындығы ықпал етеді.

      Көліктің жаңа түрлері (электромобильдер), ЖЭК (жел және күн энергетикасы) сияқты экономиканың жаңа секторларында мыс, алюминий, мырыш, титан сияқты дәстүрлі металдар сұранысқа ие болады. Мысалға электромобильде мыс пен алюминий шығыны іштен жанатын қозғалтқыштары бар автомобильдерге қарағанда, тиісінше, 4 және 2 есе көп болады. Неғұрлым жетілдірілген, сапалы және экологиялық таза металдарға (құрамдастырылған металдар) сұраныс күшейеді. Сондай-ақ, кен орындарының сарқылуы есебінен әлемде қалдықтар мен сынықтардан жасалатын металдардың қайталама өндірісінің (recycling - өңдеу) үлесі ұлғаятын болады.

      Өндіріс процестерінің өзгеруі де түсті металлургия саласына ықпал ететін трендтердің бірі болып табылады. Олардың ішінде: өндірістің экологиялығы бойынша талаптарды күшейту және энергия тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру; шикізатты кешенді өңдеу (ілеспе металл алу) мен қалдықтарды өңдеудің маңызының артуы; шикізатты тереңдетіп қайта өңдеуге және дайын өнімдерге көшу.

      Халықаралық үрдістер Қазақстанның түсті металлургия өнімінің көлемін кеңейтуге және экспортын әртараптандыруға оң ықпалын тигізетін болады.

      Автомобиль өндірісі. KPMG5 болжамына сәйкес 2020 жылға қарай жаһандық деңгейде автомобильдер саудасы ағымдағы деңгеймен салыстырғанда 23%-ға өседі. Бұл ретте, тұтынудың өсуінің басты драйвері дамушы елдер болады. Бұл тұрғындардың жан басына шаққандағы автомобильмен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейіне және дамушы елдерде автомобиль паркінің орташа пайдаланылу мерзімінің жоғары деңгейіне байланысты. Мәселен, IHS Automotive6 болжамдарына сәйкес 2019 жылға қарай әлемде шығарылған автомобильдердің барлығының 57%-ы дамушы нарықтарға тиесілі болады.

      5 Үлкен төрттіктің аудиторлық компанияларының бірі.

      6 Автомобиль өнеркәсібіндегі халықаралық консалтингтік компания.

      Өндіріс процесінде: тігінен интеграцияланған ірі зауыттардан тікелей өткізу өңірінде орналасқан жинақы өндірістік құрастыру алаңдарына кезең-кезеңмен көшу.

      Өнімде: сұранысты балама отынмен (электр тогы, сутек) жүретін автомобильдерге ығыстыру. Бұл ретте дәстүрлі автомобильдердің де, балама отынмен жүретін автомобильдердің де өндірісі тиісті құзыреттер болған жағдайда, құрастыру алаңдарында салыстырмалы түрде оңай іске асырылады.

      Тұтыну тәсілінде: автомобильді жеке пайдаланудан бірлесіп пайдалануға көшу (car sharing, операциялық лизинг және т.б.). Автомобильдерді бірлесіп пайдалану жүйесі автомобильмен қамтамасыз етілу және адами даму индексінің деңгейі жоғары елдерде кеңінен таралған (1000 адамға 500-ден астам автомобиль).

      Әлемдік трендтер Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал ететін болады, бұл металлургия, резеңке бұйымдарының өндірісі, шыны өндірісі, тоқыма өнеркәсібі, электр жабдықтары мен аспаптарының өндірісі, ҒЗТҚЖ және т.б. сияқты аралас салаларды дамытуға ықпал етеді. Мықты ғылыми базасы мен технологиялары бар елдермен және ТҰК-пен әріптестік аталған аспектідегі түйінді шарт болып табылады. Отандық автомобиль өнеркәсібін Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтін әдістермен қолдаған жағдайда, осы өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі пайда болады.

      Электр жабдығының өндірісі. Electrical & Power Review7 деректеріне сәйкес әлемдік электр жабдықтарының нарығы 2030 жылға қарай 3 трлн. АҚШ долларынан 6,8 трлн. АҚШ долларына дейін артады. Бұл ретте 30%-дан артығын трансформаторлар нарығы иеленетін болады. Бұл өсу жекеше және мемлекеттік электр энергетикалық компаниялар тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты болады. The Business Research Company8 деректеріне сәйкес электр моторлары, жарық түсіру жабдығы, ауа баптау жүйелері сияқты сектордың негізгі өнімдерінің өндірісі мыс, алюминий және болат сияқты шикізатқа деген сұранысты тудыратын болады. Тұрақты ток электр энергиясын тұтынушылардың өсуі өнеркәсіптік автоматтандыру нарығының негізгі 10 трендінің бірі болып жарияланды.

      7 Дереккөз http://www.empmagazine.com/article.php.

      8 Тұтынушылар нарығын зерттеуге маманданған халықаралық консалтингтік компания https://www.newswire.com/press-release/electronic-equipment-global-market.

      Урбандалудың артып келе жатқан тренді, сондай-ақ орта тап өкілдерінің, әсіресе Үндістан мен Қытайда өсіп келе жатқан саны сектордың дамуында барынша үлкен рөл атқаратын болады.

      Азық-түлік өнімдерінің өндірісі. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көлемінің болжалды өсуі әлем халқының ұлғаюымен байланысты. Планета халқының негізгі өсуі дамушы елдерге тиесілі. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тұтынудың негізгі драйвері урбандалу болады.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша 2030 жылға қарай өндірілетін тамақ өнімінің жартысына жуығы Азия өңіріне тиесілі болмақ. Аталған тренд 2050 жылға қарай да күшейе түсетін болады - өндірілген өнімнің үштен екісі Азияға тиесілі болады.

      Климаттың өзгеруі жер және су ресурстарын пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін. Дүниежүзілік Банктің болжалды деректері бойынша 2030 жылға қарай климаттың жылыну тренді Цельсий бойынша 2 градус деңгейінде болжанады, бұл егістік алқаптарының 10%-ға азаюына алып келеді.

      Осының салдарынан жер ресурстарын сапалы басқару практикасын енгізу, су ресурстарын басқарудың "ақылды жүйелерін" енгізу, ауыл шаруашылығы саласындағы тәуекелді басқару құралдарын жақсарту және басқалары есебінен аграрлық сектор да өнімділікті арттыру болжанады.

      Халықаралық үрдістерді және ішкі факторларды ескере отырып, сондай-ақ Ресей мен Қытайдың ірі нарықтарының жақындығын назарға ала отырып, Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің өндірісі секторының жоғары экспорттық әлеуеті бар.

      Агрохимия. Әлемде минералды тыңайтқыштарды тұтынудың өсуі 2050 жылға қарай Жер тұрғындарының және азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуіне байланысты 1,9 есе ұлғаяды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша 2050 жылға қарай азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілік екі есе артады, ал тұрғындар кірісінің өсуі рационның өзгеруіне ықпал етеді (БҰҰ баяндамасы). Бұл ретте, әлемдік тұтынудың құрылымында калий тыңайтқыштарының үлесі айтарлықтай ұлғаяды, бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның дамушы елдерінде, Қытайда, Үндістанда, Бразилияда тұтынудың өсуімен байланысты.

      Әлемдік үрдістер Қазақстанда бәсекеге қабілетті агрохимия өндірісінің дамуына оң ықпалын тигізеді. Қазақстанның ішкі нарығы да жоғары даму әлеуетіне ие, тыңайтқыштарды енгізу деңгейі орташа әлемдік деңгейге дейін ұлғайса, минералды тыңайтқыштарды тұтыну 3 есе өседі.

      Мұнай-газ химиясы. Әлемдік практикада бастапқы жартылай өнімдерді химиялық өңдеуді тереңдету және олардан синтетикалық мономерлер, полимерлер және басқа да химиялық өнімдер алу шамасына қарай олардың бағасының шамамен 3-5 есе қарқынды өсуі байқалады. Осыған байланысты мұнай-газ химиясы әлемдегі мұнай-газ саласын одан әрі дамыту басымдықтарының бірі болады.

      Дамушы елдерде байқалатын тұрғындардың өсуі және тұрғындардың жан басына шаққандағы кірісінің артуы оларда дамыған елдермен салыстырғанда тауарларды тұтынудың неғұрлым тез өсуіне алып келеді. McKinsey бағалауы бойынша 2025 жылға қарай орта тап 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 млрд. адамнан 4,2 млрд. адамға дейін, 2 есе дерлік ұлғаяды. Сондықтан мұнай-газ химиясы саласының базалық өнімдерінің әлемдік импортының назары дамушы елдерге қарай ығысады.

      Осылайша, мұнай-газ химиясы өнімдерін тұтынудың екі есе артуын күтуге болады. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия (Қытай, Жапония және басқалары) нарықтарына бағытталған мұнай-газ химиясы өндірістерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, макроөңірдің басқа да нарықтарында (Түркия, Ресей) сұраныс артатын болады.

      Ұзақ мерзімді перспективада әлемдік нарықтағы мұнай-газ химиясы өнімдерінің арасында полиэтилен мен полипропилен ең көп сұранысқа ие болады, ал бұл барлық полимерді жалпы тұтынудың 60%-ы. Бұл ретте, аталған полимерлердің әлемдік өндірісі, тіпті 2025 жылға дейін болжанған барлық жобалар іске асырылғанның өзінде, сұраныстан артта қалатын болады. Халықаралық Platts9 және IHS10 маркетингтік компанияларының деректері бойынша полипропиленге сұраныс 2025 жылы 90 млн. астам тонна, ал ұсыныс тиісінше 90 млн. тонна құрауы мүмкін. Сондай-ақ полиэтиленге сұраныс 2025 жылы 160 млн. тоннаға дейін артуы, ал ұсыныс тиісінше шамамен 120 млн. тонна болуы мүмкін.

      9 Әлемнің әртүрлі өңірлерінде саудаланатын мұнайға, мұнай өнімдеріне, табиғи газға, мұнай химиясы өнімдеріне және өнеркәсіптік металдарға баға белгілеуді жариялауға маманданған ақпараттық агенттік (баға белгілеу агенттігі) (АҚШ).

      10 Аэроғарыш саласы, қорғаныс және қауіпсіздік; автомобиль жасау; химия өнеркәсібі; энергетика; теңіз көлігі және сауда; технология сияқты салалардағы талдауды және ақпаратты ұсынатын компания (АҚШ).

      Қытай, Жапония және басқалары сияқты Азия елдері әлемдік сұраныстың өсу драйвері болады. Бұл ретте, өндіріс тұрғысынан сапалы және арзан шикізаттың болуы мұнай-газ химиясының негізгі бәсекелік артықшылығы болып қалатынын атап өту керек.

      Аталған үрдістер әлемдік нарықта, Қытайдың урбандалу және индустриялану процестерін қоса алғанда, экспорт тұрғысынан Қазақстанның мұнай-газ химиясы секторының дамуына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, мұнай-газ химиясынсыз балама энергетиканы (күн панельдері, жел генераторларының қалақшалары, биохимия), жаңа материалдарды (композиттер) дамыту мүмкін емес.

      3.4. Индустриялық дамудың ағымдағы сценарийі

      Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасында екі стратегиялық шарт: әлемдік ресурстар нарығының конъюнктурасы және макроөңір ішіндегі интеграциялық дәрежесі негізінде 4 индустриялық даму сценарийі көзделді.

      Бағдарламаны іске асыру уақытында шикізат бағасы төмен болған жағдайда, макроөңірдегі интеграцияланудың тереңдеуі ықтимал, бұл орта мерзімді перспективада мынадай салдар тудыратын үшінші сценарийдің басталуына әкеледі:

      1) ресурстар бағасының төмендеуі экономиканы тұрақты жоғары кіріс көзінен айырады;

      2) макроөңір елдерімен интеграциялану есебінен Қазақстанның технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі бар;

      3) макроөңір елдерімен сауда-саттық мүмкіндігі өседі, бұл Қазақстанға нарықтарға қолжетімділік есебінен нарықтық позицияларын жақсартуға және шикізат емес экспортты өсіруге мүмкіндік береді;

      4) экономика құрылымы біртіндеп шикізат емес салаларға қарай өзгереді.

      Осы сценарий іске асырылған кезде өнімділікті және сол арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізгі мақсатқа айналады. Базалық реттеу:

      1) мемлекет тарапынан фискалды және фискалды емес ынталандырулар мен преференцияларды ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға;

      2) Қазақстан үшін жаңа және инновациялық өндірістерді дамыту үшін басым секторларға ТҰК тартуға;

      3) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) қағидаларымен тыйым салынбаған әдістермен экспортты қолдауға;

      4) кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ) ынталандыруға бағытталуға тиіс.

      Бұл ретте күтілетін межелер нақты болуға тиіс. Мемлекет тарапынан көп күш жұмсалған күннің өзінде ықтималдық үлесі жоғары болжанып отырған кезеңде күтілетін нәтижелер (жүргізілетін макроэкономикалық саясатты ескере отырып), өңдеуші сектордың, ондағы ШОБ үлесінің, өңделген өнім экспортының өсуі салыстырмалы түрде жоғары болмайды.

      Алайда, химияда және мұнай химиясында, түсті және қара металлургияда қайта өңделуі жоғары өнімдер өндірісіне, оқшауландыру үлесі жоғары толыққанды машина жасауды құруға өту арқылы базалық индустрияны қалыптастыруды аяқтау индустриялық дамудың жаңа деңгейіне өтуге және экономиканың мұнай секторына тәуелділігін азайтудың бастапқы міндетін шешуге мүмкіндік береді.

      Атап айтқанда, 2025 жылға қарай мыналарға:

      1) экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлар экспортының 43%-ға дейінгі үлесіне;

      2) өнімді көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіпте ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгейдің 68%-ына дейінгі еңбек өнімділігіне қол жеткізу күтіледі.

      Осы көрсеткіштерге қол жеткізу жаңа өндірістік технологияларды жалқы енгізуден жаппай енгізуге өтуге, ең заманауи ғылым мен инженерия негізінде жоғары тиімді индустриялық кәсіпкерлік құруға мүмкіндік береді.

      Осылайша, біртіндеп жылдамдатылған эволюциялық жолдың сәтті болу мүмкіндігі мейлінше жоғары. Мұны Оңтүстік Кореяның, Қытайдың және басқа да елдердің тәжірибесі дәлелдейді.

      Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның индустриялық-инновациялық қалыптасуына 1962 жылдан бастап 1991 жылға дейін экономикалық дамудың жүйелі және кезеңдік бесжылдық жоспарларын іске асыру есебінен қол жеткізілді11. Бұл ретте бірінші онжылдық кезең (1962 жылдан бастап 1972 жылға дейін) өнеркәсіптік инфрақұрылым мен базалық салаларды: тоқыма өнеркәсібін, қара металлургияны, ауыр машина жасауды, химия өнеркәсібін дамытуға бағдарланды. Екінші онжылдық кезең (1972 жылдан бастап 1981 жылға дейін) инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, базалық салаларды қайта құрылымдауға және технологиялық қабілеттілікті дамыту үшін негіздер құруға бағытталды. Келесі онжылдық кезеңде (1982 жылдан бастап 1991 жылға дейін) салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және инновациялық даму үшін негіз құру мақсаты көзделді.

      Қазіргі уақытта білім экономикасын құру Оңтүстік Кореяның экономикалық саясатының ұзақ мерзімді басымдығы болып табылады.

      Қытайда әзірленіп жатқан "China Manufacturing 2025"12 бағдарламасы 2050 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізу жолындағы 3 онжылдық жоспардың біріншісі ғана болып табылады. Бұл ретте 1949 жылы тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап Қытай өнеркәсібі дамудың отыз жылдағы 2 кезеңінен өтті:

      1952-1978 жылдар - ауыр өнеркәсіпке назар аудара отырып, базалық индустрия құру;

      1979-2014 жылдар - ауқымды (сандық) индустрияландыруды дамыту.

      "China Manufacturing 2025" Қытайдың өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға бағытталған. Ол Қытай өңдеуші өнеркәсібіндегі "Қытайда жасалған" басымдығынан "Қытай жасаған" басымдығына, жылдамдықтан сапаға және өнімдерден брендтерге өтуді меңзейді. Қытай экономикасының "орташа кіріс тұзағына" түсу қаупін еңсеруі, сондай-ақ оның орташа даму мәртебесінен жоғары даму мәртебесіне көшуі бұл бағдарламаны іске асырудың жалпы тиімділігі болуға тиіс.

      11 Дереккөз: Корея даму институты (Korea Development Institute) http://www.kdi.re.

      12 Дереккөз: Қытай Инженерлік Академиясының интернет-ресурсы (Chinese Academy of Engineering) - негізгі идеолог "China Manufacturing 2025") http://en.cae.cn.

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамытудың мақсаты, міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары

      Бағдарламаның мақсаты: Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

      Бағдарлама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады (1-кесте):

      1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;

      2) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 22%-ға өсуі;

      3) өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге сомасында;

      4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

      1-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі нысаналы индикаторлар

Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

Ақпарат көзі

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері экспортының құндық көлемінің өсуі

алдыңғы жылға %

ҰЭМ СК

94,3

106,3*

86

112,8

110,3

111,2

ИДМ, АШМ, ЭМ




2015 жылға қарай %


134

100

86

97

107

119


2.

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің нақты өсуі

алдыңғы жылға %

ҰЭМ СК

85,2

113,2*

101,3

104,2

106

109,1

ИДМ, АШМ, ЭМ



2015 жылға қарай %



100

101,3

105,6

111,9

122


3.

Өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млрд. теңге

ҰЭМ СК

729

774

750

828

1 032

1 149

ИДМ, АШМ, ЭМ

4.

Өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығы

2014 жылға қарай %

ҰЭМ СК

100

99

98

97

95

93

ИДМ


      Ескертпе: * - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы болжам Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес 2012 жылғы деңгейге қатысты көрсетілген.

      Осылайша, бұл индикаторларға қол жеткізу Бағдарламаны іске асыруға 0,9 трлн. теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінген және жалпы сомасы шамамен 3,6 трлн. теңге жеке, оның ішінде қарыз (теңгерімді нұсқа) инвестициялары тартылған жағдайда мүмкін болмақ.

      Өңдеуші секторға жалпы сомасы 3,7 трлн. теңге инвестициялар, оның ішінде 0,8 трлн. теңге көлемінде бюджет қаражаты мен 2,9 трлн. теңге көлемінде жекеше инвестицияларды тартқан жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі мен экспорт бойынша мәндерді 2015 жыл деңгейінде (жаһандық өзгерістердің басталған кезі) сақтап қалуға болады.

      2014 жылы жоспарланғандай (әлемдік экономикадағы жаһандық өзгерістерге дейін), 2012 жылғы деңгейге қатысты индикаторлардың 1,4 есе өсуін қамтамасыз ету үшін 1,7 трлн. теңге көлемінде бюджеттік қаржыландыру және жалпы сомасы 6,6 трлн. теңгеге жуық жекеше инвестициялар тарту талап етіледі.

      Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

      1) дәстүрлі секторларда кәсіпорындарды жаңғырту есебінен базалық тиімді индустрияны құруды аяқтау.

      Бұл міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1.

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобалар саны

бірл.


-


-

9

3

2

2

ИДМ, АШМ, ЭМ


      2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру.

      Бұл міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1.

Жаңа ірі жобалар саны

бірл.

-

-

5

2

2

1

ИДМ және басқалар

2.

Іске асырылған пилоттық аумақтық кластерлер саны

бірл.


-


-


-

6


-


-

ИДМ

3.

Global-2000/TҰK енгізілген компаниялар тізімінен тартылған инвесторлар саны

бірл.

5


-

7

5

5

5

ИДМ


      Индустриялық саясаттың ұзақ мерзімді мақсаты - ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейге тең еңбек өнімділігі деңгейіне қол жеткізу. Алайда, өнімділіктің өсуі жұмыскерлердің босатылуымен қатар жүреді. 2008-2015 жылдары барлық ЭЫДҰ елдерінен Германия мен Израиль ғана өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыскерлер санын ұлғайта алды (тиісінше 50 және 16 мың адамға жуық).

      Сондықтан Бағдарлама шеңберінде еңбек өнімділігін арттыра отырып, индустрияландыру шеңберінде іске қосылатын жаңа кәсіпорындарда жұмыс орындарын құру есебінен өңдеуші сектордағы жұмыскерлер санын сақтап қалу міндеті қойылған (2015 жылы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есепке алмағанда, 515 мың адамға жуық). Жалпы Бағдарлама шеңберінде өңдеуші секторда 70 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 400-ге жуық жобаны іске асыру межеленген;

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1.

Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың саны*

мың адам

495,4

515,3

515,3

515,3

515,3

515,3

ИДМ, ДСӘДМ, АШМ, ЭМ


      Ескертпе: * - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есепке алмағанда.

      3) экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған жоғары тиімді индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

      Бұл міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017жыл

2018 жыл

2019 жыл

1.

Құрылған қазақстандық экспорттық брендтер саны

бірл.


-


-

2

1

1


-

ИДМ, АШМ, СІМ, ҰЭМ

2.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар саны

бірл.

77

34

29

26

26

26

ИДМ


      4) келешекте инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.

      Бұл міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2014 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Өндіріске енгізілген технологиялар саны

бірл.

2


-

2

6

6

6

ИДМ, "ҰТДА" АҚ

2.

Салалардың технологиялық міндеттерін шешуге бағытталған жобалар саны

бірл.

-

-

2

2

2

2

ИДМ, "ҰТДА"

3.

Құрылған

бірл.

-

-

1

1

2

1

ИДМ,



технологияларды дамыту орталықтарының саны















"ИТП" АКҚ

4.

"ИТП" АЭА қатысушыларына қосу үшін кластерде инкубацияланған технологиялық жаңа компаниялардың саны

бірл.


-


7

11

14

18

ИДМ, "ИТП" АКҚ

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға
қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      Қазақстанның мемлекеттік өнеркәсіптік саясаты шынайылық (ағымдағы жағдайды және экономиканың нақты мүмкіндіктерін объективті бағалау), дәйектілік (алға қойылған ұзақ мерзімді мақсаттарға жоспарлы қол жеткізу), прагматикалық (алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің айқын пайымы) қағидаттарында жүргізіледі.

      2010 жылдан бері экономиканы әртараптандыру элементі ретінде проактивтік өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру басталды.

      Бұл ретте шикізат нарықтарындағы құбылмалылыққа және басқа да бақыланбайтын факторларға тәуелділігі мейлінше аз секторларды ынталандыру арқылы тау-кен өндіру секторының ықпалын төмендету жолымен экономиканың айтарлықтай орнықтылығын қамтамасыз ету әртараптандыру ретінде түсініледі.

      Мұндай секторларға өңдеуші сектор және өнімді көрсетілетін қызметтер секторы жатады.

      Өнімді көрсетілетін қызметтер - қосылған құнды қайта бөлумен (қаржы, сауда, делдалдық көрсетілетін қызметтер) емес, шынайы экономикалық құндылықты қалыптастырумен байланысты көрсетілетін қызметтер. Өнімді көрсетілетін қызметтерге инжиниринг пен сервисті, көліктік, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, білім беру және денсаулық сақтау, зерттеу саласындағы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, қызмет көрсету және тұрмыс, туризм және т.б. салаларды жатқызуға болады.

      Жағдайы (аумағы, халқы, шикізаттық бағдары және т.б.) ұқсас елдер - Канада және Аустралия бойынша талдау бұл елдер экономикаларының орнықтылығы ұзақ кезең бойы өңдеуші сектордың және өнімді көрсетілетін қызметтердің жиынтық үлесін ЖІӨ-ден 44-47% деңгейде сақтап тұрумен қамтамасыз етілетінін көрсетті (2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші сектор - тиісінше 11% және 6%, өнімді көрсетілетін қызметтер - 33% және 41%).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері және "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚИДИ" АҚ) есептері бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп пен өнімді көрсетілетін қызметтердің жиынтық үлесі 39% құрады. Орнықты сервистік-индустриялық экономиканы құру үшін бұл көрсеткіш 2035 жылға қарай 46%-ға дейін жеткізілуге тиіс (елдің шынайы мүмкіндіктері мен әлемдік экономикадағы көрсетілетін қызметтер үлесін ұлғайту бойынша жаһандық үрдісті ескере отырып).

      Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіптің үлесі салыстырмалы төмен деңгейде - шамамен 11-12% деңгейінде қалып отыр. Алайда, өңдеуші секторды дамытудың маңыздылығы жоғары технологиялы көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыруға, оларсыз "инновациялық экономиканы" қалыптастыру мүмкін болмайтын инженерлік құзыреттіліктерді және сапалы жұмыс орындарын құруға сайып келеді.

      Осылайша, таяудағы уақытта Қазақстан алдында "шикізаттық бәсекелестік" факторымен алға ілгерілейтін экономикадан кейіннен "инновациялар факторы" ілгерілететін экономиканы қалыптастыруды бастау алғышарттарына қол жеткізу арқылы "инвестициялар факторы" есебінен өсуге негізделген экономикаға көшу процесін жалғастыру міндеті тұр деуге болады.

      Өңдеуші секторда ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігімен салыстыруға келетін еңбек өнімділігінің деңгейіне қол жеткізу ондағы тиімді инновациялық экономикаға өтудің негізгі көрсеткіші болады. Есептер бойынша 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш бір жұмыскерге 105,3 мың АҚШ долларын құрайтын болады.

      2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі шамамен 42,6 мың АҚШ долларын құрады (ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен шамамен 45%13). Алайда, 2015 жылдың нәтижесі бойынша құнсыздану әсерін ескере отырып, көрсеткіш бір жұмыскерге шамамен 30-33 мың АҚШ долларына дейін төмендеп, еңсеру қажет алшақтықты одан сайын ұлғайтуы мүмкін.

      13 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және ЭЫДҰ деректерінің негізінде "ҚИДИ" АҚ есептері http://stats.oecd.org.

      Бұл өндірісті жаңғырту және заманауи жаңа жобаларды іске асыру саясатынан басқа, өнімнің өзіндік құнының азаюмен, энергияны үнемдеумен және ресурс тиімділігімен, оның сапасы мен игерілу жылдамдығының артуымен, өз өнімін маркетингтік сүйемелдеумен және ілгерілетумен байланысты үздік практикаларды енгізуге отандық кәсіпорындарды ынталандыруды күшейту қажеттілігін айқындап береді.

      Негізгі шикізаттық экспорттық тауарлар бағасының құлдырауы сауда теңгерімі көрсеткіштерінің нашарлауына кері әсер етеді, бұл ұлттық валютаның құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты таяудағы жылдары өнеркәсіптік саясат шеңберінде, ең алдымен, шикізат емес өнімді экспорттауға бағдарланған кәсіпорындарды дамыту мен қолдауға баса назар аударылатын болады.

      Сондай-ақ ұлттық валютаның бағамы құбылмалы айырбас режиміне өтуі шетелдік технологиялар мен жоғары технологиялы жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктерінің қымбаттауы есебінен нашарлауына, сондай-ақ отандық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) арқылы кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің нашарлауынан бизнес белсенділіктің жалпы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

      Бағдарлама қызметінің бүкіл кезеңінде макроэкономикалық көрсеткіштердің орнықтылығын қамтамасыз ету өнеркәсіптік саясаттың сәтті болуының ең қажетті шарты болып табылады, атап айтқанда, ұлттық валюта бағамының күрт құбылуы, өңдеуші секторды дамытуға бағдарланбаған салық және ақша-кредит саясаты, экономиканың шынайы секторын кредиттеудің жеткіліксіз көлемі Бағдарламаның міндеттері мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге шектеуші ықпал етеді.

      Есептер бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай өңдеуші сектордағы экспорт көлемін 19%-ға ұлғайту және еңбек өнімділігі деңгейін 22% -ға арттыру үшін негізгі капиталға 4,5 трлн, теңге инвестициялар қажет. Сондықтан, отандық қаржы секторының жағдайын тез арада қалыпқа келтіру ғана жеке бизнесті өңдеуші сектордағы жобаларды іске асыруға қажетті қолжетімді ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Шетелдік компаниялармен, ең алдымен ТҰК-пен жұмыстың тиімділігі мен атаулылығын арттыруға, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келетін тартымды инвестахуал құруға бағдарланған шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа саясаты ішкі нарықты қажетті ақша қаражатымен толықтыру бойынша маңызды шара болмақ.

      Жаңа нарықтарды игеруге және өнімділікке назар аударылып, мемлекеттік қолдаудың ағымдағы жүйесі түбегейлі өзгереді. Экономика салалары мен әлеуметтік саланың цифрлы тұғырнамаға өтуі, креативті адами капиталды дамытуды ынталандыратын орта құру түйінді бағдарларға айналады. Бұл ретте 5 саладағы (металлургия, химия, мұнай өңдеу, машина жасау, азық-түлік өнімдерінің өндірісі) 8 басым сектор (қара металлургия, түсті металлургия, агрохимия, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, автомобильдер өндірісі, азық-түлік өнімдерінің өндірісі, электр жабдықтарының өндірісі) кәсіпорындары неғұрлым көп қолдауға ие болады.

      Баяндалғанды ескере отырып, Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай негізгі тәсілдер қолданылатын болады:

      1. Жеке бастамаларды қолдаудың мемлекеттік бастамалардан басым түсуі.

      Мемлекеттік бастамалардан жеке бастамаларды ғана қолдауға кезең-кезеңмен өту жүзеге асырылады.

      Ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттары арқылы тікелей мемлекеттік қаржыландыру құралдары негізінен іске қосылуы индустриялық өсудің жаңа базасын құруға мүмкіндік беретін басталған, жаңа сала түзуші ірі жобаларды аяқтауға, сондай-ақ шикізат емес тауарларды өткізу үшін жаңа нарықтарды игеру бойынша өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға шоғырландырылатын болады.

      Даму институттарының атаулы қолдау шараларын ұсынуы бойынша өлшемшарттар (кредиттеу, қоса қаржыландыру, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және т.б.) бастамашының көбірек қаржылай қатысуы жағына қарай өзгертіледі. Еңбек өнімділігін ұлғайту және өңделген өнімдерді өткізу үшін нарықтарды кеңейту қаржылай қолдау көрсету үшін түйінді өлшемшарттар болады. Даму институттарының мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуының тәсілдері мен өлшемшарттарын қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізіледі.

      Экспортқа шығатын және (немесе) еңбек өнімділігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін мұнай емес сектордың жұмыс істеп тұрған кез келген кәсіпорны қолдау алады. 2017 жылдан бастап барлық қаражаттың кемінде 60%-ы, ал 2018 жылдан бастап - 80%-ы жаңа схема бойынша беріледі. Бұл шаралар ДСҰ, ЕАЭО және басқа ұйымдар шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сүйеніп көрсетіледі.

      2. Қолдаудың жалпы жүйелік шараларының тікелей жобалық қолдаудан басым түсуі.

      Бюджет шығындарын негізінен жалпы жүйелік сипаттағы шараларға - инфрақұрылым салуға, сервистік қолдауға және жаңа нарықтарды игеру мен еңбек өнімділігін ынталандыруға, ақпаратты-талдамалық қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, еңбек ресурстарының қолжетімділігіне, білім беру мен ғылыми зерттеулер сапасына, ынталандырушы техникалық стандарттарға және т.б. біртіндеп қайта бағдарлау процесі басталады.

      3. Назарды ішкі нарықта отандық кәсіпорындарды қорғаудан оларды Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін әдістермен сыртқы экспорттық нарықтарға бағдарлауға аудару.

      Кәсіпорындарды қолдау туралы шешім қабылдау кезіндегі негізгі өлшемшарт осындай қолдау нәтижесінде салыстырмалы еңбек өнімділігі мен өңделген өнімнің жалпы экспортын ұлғайту болып табылады. Бұл ретте импортты алмастыруда негізгі екпін отандық тауар өндірушілердің мүддесін тікелей ілгерілетуден ауысатын болады.

      Отандық өндірушілерді оқшауландыруды күшейту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ халықаралық актілер нормасы шеңберінде "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - "Атамекен" ҰКП) сертификаттауымен расталатын индустриялық дамудың тиісті деңгейі бар кәсіпкерлік субъектілерінен отандық өнімді жол берілетін басымдықпен сатып алу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Осы қағидаттарға негізделе отырып, Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жалғасатын болады.

      Бірінші бесжылдық кезеңде жаңа өнеркәсіптік саясатты белсенді іске асыру басталған кезден бері елді индустриясыздандыру процесін тоқтату жөніндегі міндеттер шешілді, индустриялық кәсіпкерліктің жаңа толқынын қалыптастыру үшін базалық жағдайлар жасалды - бірінші кезекте, индустриялық әлеуетті іске асырудың инфрақұрылымдық шектеулері алып тасталды. Бөлінген бюджет қаражатының шамамен 90%-ы осы мақсаттарға жұмсалды.

      Екінші бесжылдық барысында бұрын қол жеткізілген нәтижелерді бекітуден басқа, тиімді базалық индустрия құру аяқталады, өзінің еңбек өнімділігін арттыруға, неғұрлым бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды, ішкі нарық үшін ғана емес, сыртқы нарықтар үшін де бәсекелі күреске бағдарланған бизнесті қолдауға назар аударылатын болады.

      Бұл ретте 2019 жылға қарай еңбек өнімділігін және экспортты ынталандыру мақсаттарына бейімделген, жүйелік жағдайлар мен мемлекеттік қолдау құралдарының кешенін қалыптастыру жоспарлануда. Өндірістерді автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру элементтерін экономиканың барлық салаларына - өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына дейін, саудадан бастап көлікке дейін енгізу ерекше рөл атқаратын болады.

      Екінші бесжылдық аяқталатын кезде қарай жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, қазақстандық индустриялық бизнес өңірлік нарықта ілгерілеуге барынша жоғары мүмкіндіктер алатын ықтимал бағыттар анықталатын болады.

      Бұл ретте Бағдарлама өңдеуші сектордың даму проблемаларына ғана бағытталады, бұл экономиканың аралас секторларын - ең алдымен, өнімді көрсетілетін қызметтер секторын, ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ынталандыру, экономиканы цифрландыру және т.б. жөніндегі басқа бағдарламаларды қатар іске қосу қажеттілігін айқындап береді.

      Келешекте индустрияландырудың кейінгі кезеңдерінде тиімді қазақстандық өндірушілердің өңірлік нарықтарға жаппай шығуына және орнығуына қолдау көрсетіледі. Бизнес пен мемлекеттің күш-жігері Қазақстанның индустриялық-технологиялық көшбасшы елдердің қатарына кіруі қамтамасыз етілетін бірнеше бағытта мамандануын қалыптастыру мен бекітуге, сондай-ақ сұранысқа ие жаңа технологияларды шоғырландыруға мүмкіндік беретін қолайлы инновациялық ортаны қалыптастыруды аяқтауға жұмылдырылады. "Қазақстан-2050" Стратегиясында қойылған, Қазақстанның 15-20 жыл ішінде дамыған елдердің технологиялық даму деңгейіне жетуі жөніндегі міндет осылай орындалатын болады.

      Өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтердің аралас секторларындағы әрбір кәсіпорында тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі үздіксіз жұмыс индустрияландырудың барлық кезеңдеріндегі табысты трансформацияның сөзсіз шарты болады.

      Экономикалық дамудың ағымдағы жағдайын, жаһандық трендтерін және олардың Қазақстанға ықпалын талдау еңбекті бөлудің әлемдік жүйесінде лайықты орын алатын орнықты сервистік-индустриялық экономикаға өту үшін жүйе түзуші ірі жобаларды іске асыру және (немесе) жаңғырту арқылы базалық индустрия құру қажеттігін көрсетті. Осы "тартылыс орталықтары" уақыт өте келе икемді, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне жылдам бейімделе алатын өнеркәсіпті құру онсыз мүмкін болмайтын индустриялық кәсіпкерліктің сындарлы мөлшерін өсіруге мүмкіндік береді.

      Шикізатты экономикадан инновациялы экономикаға көшу бизнес пен мемлекеттің шынайы мүмкіндіктерін, экономикалық, саяси және әлеуметтік даму теңгерімі мен прогресті ескере отырып, үдемелі серпінді айқындайтын ұзақ мерзімді және дәйекті мемлекеттік саясатты талап етеді.

      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін құрылуы қажет индустриялық дамуды ынталандыру және қолдау жүйесінде өңдеуші сектордың дамуына тікелей және (немесе) жанама ықпалы бар 3 құрауышты бөліп көрсетуге болады:

      1) қолайлы жағдай жасайтын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары;

      2) өңдеуші секторды қолдаудың жүйелік шаралары;

      3) өңдеуші сектордың инвестициялық жобаларын қолдаудың атаулы шаралары.

      5.1. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

      1) ЕДБ арқылы кредиттеуге преференциялық қолжетімділікті қамтамасыз ететін өңдеуші секторды қаржылай ынталандыру (өңдеуші секторды дамытуға және өнімділігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыруға бағытталатын кредиттердің көлемі, валютасы жағынан да, олардың құны жағынан да), бұл өзгелермен қатар экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын бюджет шығындарын төмендетуге, ал ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттарына қаржы ресурстарын бизнеске дейін жеткізу функцияларынан біртіндеп алшақтауға мүмкіндік береді;

      2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттары мен тетіктерінің өзгермейтіндігіне, бюджеттік қаржыландыруды бөлу жөніндегі міндеттемелерді кепілді орындауға және т.б. негізделген экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетігін әзірлеу;

      3) мектепке дейінгі білім беруден жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық буындарында жүйелі өзгерістерге көшу жолымен білім берудің сапасын жақсарту арқылы білікті кадрлардың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ еңбек нарығына білікті шетелдік мамандардың қолжетімділігін жеңілдету. Білім беру жүйесі Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы экономиканы индустрияландыру мен әртараптандыру жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерге бағдарланады. Индустрияландыруды жоғары білікті еңбек ресурстарымен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді перспективада кадр қажеттілігін болжау тәсілдері жетілдірілетін болады;

      4) экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту арқылы бәсекелестікті дамыту (квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендіру, өңдеуші секторда жаңа мемлекеттік компанияларды құруға тыйым салу, банкроттық институтын дамыту);

      5) бизнесті әкімшілендіру деңгейін төмендету процесін жалғастыруды қоса алғанда, ЭЫДҰ стандарттары бойынша инвестициялық ахуал қалыптастыру;

      6) өңдеуші өнеркәсіпте, әсіресе басым секторларда инвестициялау және кәсіпкерлік қызмет үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасаудың орындылығы туралы мәселені пысықтау;

      7) инфрақұрылымдық саясат - сапалы және бәсекеге қабілетті көліктік, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, энергетикалық, коммуналдық және газ инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

      Экономикалық саясаттың көрсетілген бағыттарын іске асыру жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатының табысты болуының аса маңызды шарты болып табылады. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар кешенін толық іске асырмау немесе тиімсіз іске асыру Бағдарлама шеңберінде қол жеткізуге болатын нәтижелердің төмендеуіне әкеледі.

      2016 жылдан бастап барлық көрсетілген бағыттар бойынша тиісті бағдарламалық құжаттарға уәкілетті органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, "Атамекен" ҰКП үйлестіруімен әзірлеген өзгерістер енгізілетін болады.

      5.2. Өңдеуші секторды қолдаудың жүйелі шаралары мыналар арқылы іске асырылады:

      1) өңдеуші сектордағы инвестициялық ахуалды жақсарту.

      Жаңа экономикалық болмыс (дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы, шикізат бағасының құлдырауы) жағдайларында Бағдарлама Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыруға және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жандандыруға бағытталады. Ілгерілету құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі инвестициялық имиджін қалыптастыру және ілгерілету жөніндегі жұмыс күшейтіледі.

      Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен тығыз байланысты. Нәтижесінде Қазақстан 2017 жылы ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетіне кіруді жоспарлауда. Осылайша, Қазақстан қабылдаған ЭЫДҰ-ның ұсынымдары үздік әлемдік практикаға сәйкес болуға тиіс.

      Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай шаралар көзделген.

      1. Кіру тобы:

      1) көші-қонды бақылау рәсімдерін жақсарту;

      2) шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін жетілдіру;

      3) визасыз режимді кеңейту.

      2. Фискалдық жүйе:

      1) салық және кеден заңнамасын әкімшілендіруді жетілдіру;

      2) трансферттік баға белгілеуді жетілдіру;

      3. Жүйелік құралдарды жақсарту:

      1) Инвестициялық штаб шеңберінде стратегиялық инвесторлар мен ТҰК мәселелерін қарау;

      2) инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті жетілдіру.

      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынуда инвесторларға жәрдем көрсету бөлігінде орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауы арқылы инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті жетілдіру;

      3) "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, өңірлік инвестициялық ахуалды жақсарту;

      4) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің жұмысын жандандыру;

      5) "Kaznex Invest" өкілдіктерін құру.

      Бұдан басқа, Қазақстанның қайта өңдеуші секторына кемінде 10 ТҰК тарту және ұлттық экономикаға қайта инвестициялар ағынын ұлғайту жөніндегі міндеттер шешілетін болады.

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру мынадай бағыттарда жүргізіледі.

      Бірінші бағыт - "елдік тәсіл": басым елдермен, оның ішінде Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Иранмен және Түркия Республикасымен инвестициялар тарту жөніндегі елдік бағдарламаларды іске асыру. Бұл ретте екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты белсенді ілгерілету үшін бірлескен жобалардың тұрақты мониторингі жүргізіледі және Қазақстан Үкіметі мен көрсетілген елдер тарапынан әрбір жоба бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

      Екінші бағыт - жұмыс істеп жатқан инвесторларды қолдау (қайтадан инвестициялар). Кейіннен жаңа өнім түрлерін жасауды немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуді қайтадан инвестициялау үшін инвесторларға жан-жақты, оның ішінде туындайтын проблемаларға жедел ден қою әрі оларды инвестициялық омбудсменнің шешуі арқылы қолдау көрсетілетін болады.

      Үшінші бағыт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетігі арқылы инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту.

      Инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданатын болады. Бұл МЖӘ саласындағы жобаларды белсенді іске асыруға арналған заңнамалық негіз.

      Бұл үшін жұмыс инфрақұрылымдық ірі жобаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады.

      Инвесторларды іздестіруді жеделдету мақсатында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) жанынан жобаларды қаржыландыру және әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылады.

      Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар кейіннен инвесторларды іздестіре отырып, іске асырылуы МЖӘ тетіктері арқылы жүзеге асырылатын жобалар тізбесін айқындауы қажет.

      Төртінші бағыт - жекешелендіру. Бұл бағыт шеңберінде ел экономикасын дамытуды қаржылай қолдаудың жаңа шараларын енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      Бұдан басқа, қазіргі кезде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатқан Google сияқты технологиялық ірі компанияларды тарту, сондай-ақ Фраунгофер институты және т.б. сияқты мамандандырылған жетекші ұйымдармен бірлескен кәсіпорындар құру жоспарлануда. Нәтижесінде бұл компаниялар Қазақстан үшін зәкірлі инвесторларға айналмақ.

      Экономиканы дамыту және инвестицияларды ынталандыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылатын болады.

      3.1. Бірінші деңгейдегі қолдау шаралары (базалық пакет).

      Инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:

      1) технологиялық жабдықты, олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан және инвестициялық келісімшарттар шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортына салынатын қосымша құн салығынан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар.

      Инвестор бұл преференцияларды алу үшін ойын бизнесін, жер қойнауын пайдалануды, сондай-ақ акцизделетін тауарлар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерінің біріндегі қызметті жүзеге асыруға тиіс.

      3.2. Екінші деңгейдегі қолдау шаралары.

      Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:

      1) технологиялық жабдықты, оның жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салықтарынан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар;

      3) салық бойынша преференциялар корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) төлеуден 10 жылға, жер салығынан - 10 жылға, мүлік салығынан - 8 жылға босату;

      4) инвестициялық субсидия (инвестордың күрделі шығындарының 30%-ына дейін). Бұл ретте аталған жобалар үшін салық мөлшерлемелерін ұлғайтуға қатысты (қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) мен акциздерден басқа) және халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың орнықтылығына кепілдік пен шетелдік жұмыс күшін тартуға құқық беріледі.

      Инвестициялық басым жоба дегеніміз Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметтің белгілі бір басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын әрі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды алуға өтініш берілген күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген көлемі мөлшерінде инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық жоба. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі инвестициялық преференцияларды ұсынуға өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма төрт айдан ерте жүзеге асырылмауға тиіс.

      3.3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары.

      Барлық АЭА қатысушылары үшін мынадай салық жеңілдіктері көзделген:

      1) КТС-тан босату;

      2) жер салығынан босату;

      3) мүлік салығынан босату;

      4) АЭА аумағына өндіру процесінде толықтай тұтынылатын тауарларды өткізген кезде ҚҚС-тан босату.

      3.4. Инвестициялық омбудсмен.

      Инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде сотқа талап-арыздарды болдырмау үшін Инвестициялық омбудсмен институтының жұмыс істеуі жалғасады, оның негізгі міндеттері мыналар:

      1) инвесторлардың өтініштерін қарау және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып ұсынымдар шығару;

      2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады;

      2) экспортты дамыту және ілгерілету.

      Нарық көлемін, қашықтықты және сауда факторларын ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіп өнімін экспорттаудың негізгі бағыты ЕАЭО және Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері болады. Шекара маңындағы өңірлер және тұтастай Ресей Федерациясының нарығы ерекше рөл атқарады, оларда өңдеуші өнеркәсіптің импортында қазақстандық өнімнің үлесі ұзақ мерзімді перспективада 6%-ға жетуге тиіс. Сондай-ақ саудаға қатысушы елдердің ҚҚТ кіру арқылы "Жаңа Жібек жолы" жобасының әлеуеті пайдаланылады.

      Экспорттық саясатты жетілдіру, оның ішінде оны үйлестіру тиімділігін арттыру бөлігінде жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

      Экспортты дамыту және ілгерілету жүйесіне жалпыұлттық тәсілдер қолданылатын болады. Бұл ретте министрлердің және облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларына өздері жетекшілік ететін салалардағы экспорттың көрсеткіштері үшін жауапкершілік жүктелетін болады.

      "Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу" бағдарламасы шеңберінде экспортқа бағдарланған отандық компанияларға экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институттың базасында "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

      Бұл үшін экспортты сервистік және қаржылай қолдау жұмыстары, сондай-ақ мыналар жалғасады:

      1) ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.

      Өңдеуші салалардың экспорттаушыларына елдің экспорттық әлеуеті және әлеуетті өткізу нарықтары туралы ақпарат ұсыну (елдік, салалық шолу, арнайы мақсаттағы бриф-талдаулар, өңірлер бойынша шолулар). Әлемдік сауда дамуының негізгі үрдістерінің мониторингі (TradePerformance). Export.gov.kz. интернет-порталын дамыту және ілгерілету. Қазақстандық экспорттаушылар үшін оқыту тренингтерін, оқу турларын ұйымдастыру;

      2) экспортты ілгерілету жөніндегі іс-шаралар.

      Қазақстандық шикізат емес экспортты ілгерілету жөніндегі таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (сауда миссиялары, отандық тауар белгілерін таныстыру, кәсіпорындардың шетелдік көрмелерге, оның ішінде ұлттық стенд нысанында қатысуы). Отандық өндірушілердің өнімін гуманитарлық сатып алу нарығына ілгерілету (гуманитарлық ұйымдардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан біліктілік алдындағы инспекция, гуманитарлық сатып алу мәселелері бойынша оқыту, отандық кәсіпорындардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуы);

      3) экспорттық қабілетті дамыту.

      Өңірлік экспорттаушылар кеңестерін және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесін өткізу. "Қазақстанның экспорттық өнімі" анықтамалығын орыс және ағылшын тілдерінде, "Экспорттаушыға көмек" нұсқаулық материалдарын орыс және қазақ тілдерінде дайындап, басып шығару. Буып-түю индустриясы нарығын дамыту (оқу турлары/өндірістік тағылымдамалар, үйрету семинарлары/дөңгелек үстелдер, конференциялар);

      4) экспорттаушыларды шетелде қолдау.

      Басым елдерде - стратегиялық ірі нарықтарда шетелдегі экспорт пен сауданы ілгерілету жөніндегі өкілдіктер желісін ашу мәселесі пысықталатын болады;

      5) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:

      1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары;

      2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу;

      3) каталог әзірлеу және басып шығару;

      4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау;

      5) шетелде тауар белгілері мен өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізу;

      6) өнімді шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары.

      Қазақстандық экспорттық 3-4 бренд жасау және өткізу мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

      1) консалтингтік және сарапшылық қолдауды тарта отырып, нысаналы нарықтарда шатырлы брендтер жасау және ілгерілету;

      2) нысаналы нарықтарда отандық өндіруші компаниялардың бәсекеге қабілетті брендтерінің танымалдылығын ынталандыру (жарнамалық-таныстыру іс-шаралары, сауда желілері мен сауда үйлері арқылы жылжыту);

      6) экспорттаушыларды қаржылай қолдау.

      Экспорттаушыларды кешенді қолдау мақсатында экспорттау операцияларын коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру, сондай-ақ экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру бөлігінде отандық экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі функциялары бар "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымының базасында бірыңғай экспорттық агенттік - "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - ҚазЭкспортГарант) құру мәселесі пысықталатын болады.

      ҚазЭкспортГарант құралдарының желісін кеңейту мәселесі пысықталады, онда қаржылық-сақтандырушылық қолдау экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы экспорттаушылардың қаржыландыруға қолжетімділігін ұлғайтуға ықпал етеді.

      Бұдан басқа, ҚазЭкспортГаранттың экспорттық-кредиттік агенттік ретіндегі мәртебесін жоғарылату мақсатында ҚазЭкспортГарантқа тәуекелдерді сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту тетігін ұсыну мүмкіндігі қаралатын болады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру (заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша заңды тұлғаның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін төлемдер) және (немесе) жарғылық капиталды ұлғайту тетігі пысықталады.

      Бұдан басқа, ҚазЭкспортГарантқа Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының экспорттаушыларды сервистік қолдау бөлігіндегі функцияларын беру мәселесі пысықталады.

      Барлық аталған шаралар Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келеді, атап айтқанда, ЭЫДҰ-ның негізгі қағидаттары мен стандарттарына сай келеді, сондай-ақ назарды өз экспортын қолдау тетіктері мен құралдарын пайдаланатын ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесіне аударады.

      Бұдан басқа, ЕДБ-ны қорландыру және "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ субсидиялау есебінен экспорттық мәмілелерді қолайлы жағдайларда қаржыландыру арқылы отандық өнімнің бәсекелік артықшылықтарын жоғарылату мақсатында қаржыландырудан кейінгі мөлшерлемелерді субсидиялау тетігі пысықталады.

      "Қазақстан Даму банкі" АҚ қызметі экспорттық әлеуеті жоғары ірі жобаларды кредиттеуге, сондай-ақ өңделген тауарлардың экспорттық операцияларын кредиттеуге бағдарланатын болады;

      3) еңбек өнімділігін арттыру.

      Еңбек өнімділігін ынталандыру жүйесін жетілдіру өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін айқындаушы фактор болады.

      Бұл жұмыс нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер арқылы шешілетін жүйелі міндеттерді анықтауға бағытталған еңбек өнімділігін арттыру факторларын тұрақты талдау негізінде жүргізілетін болады.

      Еңбек өнімділігінің өзгеруін бағалау өлшемшарттарын мемлекеттік қаржылай қолдаудың барлық құралдарын ұсына отырып, ұлттық басқарушы холдингтер және даму институттары енгізеді.

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау құралдары өңдеуші кәсіпорындарды және онымен аралас өнімді көрсетілетін қызметтер секторы тарихи шығындарының орнын толтыру арқылы өз құзыреттілігін, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге және т.б. бағытталған ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын беру арқылы өзінің өнімділігі мен өндірісінің тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған және өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға ұмтылатын кәсіпорындарды сервистік және өзге қолдаудың негізгі құралы болып табылатын мемлекеттік қолдауды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасады.

      Осы жұмыс шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне "ҚИДИ" АҚ - индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Бұл ретте, өтеуді ұсыну процесін қоғамдық сыртқы бақылау рөлі "Атамекен" ҰКП-ға жүктелген. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру операторы "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" акционерлік қоғамы болып табылады.

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары өтелетін экономиканың басым секторларының тізбесін, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бөлінісіндегі шығындар түрлерін қоса алғанда, оны іске асырудың өзге де құжаттарын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Шығындардың түрлері бойынша олардың баптарының тізбесін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган алдын ала мақұлдағаннан кейін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты бекітеді.

      2017 жылдан бастап шығындарды өтеу тетігіне өтінімдерді онлайн қабылдау мүмкіндігі де кіреді.

      Көрсетілген тәсілдерді іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

      Ел халқында отандық тауарларды тұтынудың және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға үлес қосудың жағымды тұстарын қалыптастыру мақсатында жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты сапалы, сұранысқа ие өнімді өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау бойынша әлеуметтік идеологиялық материалдармен іс-шараларды жасауды және таратуды жүргізеді;

      4) интеграциялық саясат.

      ЕАЭО Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін маңызды интеграциялық бірлестік болып табылады.

      ЕАЭО шеңберінде ортақ экономикалық кеңістіктің жұмысы үшін құқықтық база жұмыс істейді. Мүше мемлекеттер өнеркәсіптік ынтымақтастықты жүргізетін болады.

      Өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру және жаһандық ҚҚТ жасау көзделді, олар бойынша басым бағыттар бойынша ЕАЭО-да барынша пайдалы өнеркәсіптік кооперация үшін құралдар ұсынылады.

      Сондай-ақ, ЕАЭО туралы шарттың 88-бабын іске асыру үшін тең қолжетімділік және әділ сауда жағдайларында Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуына практикалық қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.

      Осыған байланысты, өнеркәсіптік кооперацияны қолдау, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру және дамуын ынталандыру мақсатында кешенді ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеуді және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, оның ішінде:

      1) "Қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің интернет-порталы" мемлекеттік ақпараттық жүйесінің;

      2) "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолданыстағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай интеграциялану тетігі әзірленеді.

      Кедендік-тариф саясатын іске асырған, сондай-ақ еркін сауда аймақтары туралы келісімдер мен үшінші елдермен ЕАЭО-ның өзге де преференциялық келісімдерін жасасу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік мүддесін ескеру қажет.

      Қазақстан 2015 жылдан бастап ДСҰ мүшесі болды, бұл ел үшін көптеген артықшылық береді: сыртқы нарықтарда кемсітпеушілік тәсілі, ашықтық, инвестициялар мен сауда үшін қолайлы ахуал; сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі мен түрлері бойынша шектеулер.

      Бағдарлама шеңберінде отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне жол бермеу және ДСҰ мен ЕАЭО қағидаларына сәйкестігі мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жүйесі қайта қаралатын болады.

      Қазақстанның мүдделерін ескере отырып, индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың қолдауымен мемлекеттік органдар мен жеке бизнес үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өнеркәсіптік ынтымақтастық бөлігінде интеграциялық процестерді сарапшылық сүйемелдеу бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

      5) инновациялық-технологиялық даму.

      Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің ағымдағы деңгейін, инфрақұрылымның технологиялық әзірлігін, сондай-ақ адами капиталдың деңгейін ескере отырып, 2050 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті отыз елінің деңгейіне уақтылы қол жеткізу үшін ұлттық инновациялық жүйені кезең-кезеңімен дамыту ұсынылады.

      Бірінші кезеңде өзіндік инновацияларды дамыту үшін құзыреттілік пен инфрақұрылымды құруды бастау қажет.

      Бұл кезеңді іске асыру мынадай бағыттарда жүреді:

      Бірінші бағыт - өндірістік процесте жаңа тәсілдерді (автоматтандыру, роботтандыру, цифрлық модельдеу, симуляция мен визуалдау және т.б.) қолдану, энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу бойынша озық технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы кешені, көлік және мұнай химиясы сияқты экономиканың дәстүрлі (базалық) секторларын технологиялық жаңғырту. Жаңғыртудың негізгі талабы осы бағыттағы технологиялық көшбасшы елдердің ұқсас кәсіпорындарының деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету болады.

      Екінші бағыт - Қазақстан Республикасы үшін экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар сияқты экономиканың жаңа бағыттарын құру. Бұл ретте әлемдік ғылыми және технологиялық трендтер тұрақты негізде қадағаланатын болады.

      Үшінші бағыт - төртінші өнеркәсіптік революцияға өту үшін алдын ала дайындық. McKinsey Global Institute деректері бойынша бүгінгі күні әлемдік ЖІӨ-нің 1,7 трлн. АҚШ долларының интернет технологияларға қатысы бар, өнеркәсіптік интернетке қосылуы мүмкін (М2М) 1 трлн. құрылғы, бар 2025 жылы М2М технологияларының әлем экономикасына ықпалы орта есеппен 6 трлн. АҚШ долларын құрайды.

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде инновациялық-технологиялық даму саясаты мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Біріншіден, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметі инновациялық-технологиялық даму саясатын іске асыру шеңберінде мынадай бағыттарды іске асыруға бағдарланатын болады:

      1) технологиялық құзыреттіліктерді дамыту. Мақсаттар - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің озық технологиялар туралы хабардарлығын арттыру және оларды қолданудың тәжірибелік дағдыларына үйрету;

      2) шағын технологиялық компанияларды инкубациялау. Мақсаты - ең жаңа ғылыми білімдерге және (немесе) озық технологияларға негізделген стартаптарды қолдау және ілгерілету;

      3) өндірістік секторды технологиялық жаңғырту. Мақсаты - кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыру, олардың технологиялық міндеттерін шешу.

      Аталған бағыттарды тиімді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдамалық қызметті, технологиялық болжамдауды, инновациялық гранттар ұсынуды, инновациялық белсенділікті ынталандыруды және инновациялық қызметті насихаттауды қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын ұсыну бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

      Екіншіден, экономиканың барлық басым секторларында технологияларды (құзыреттерді) дамыту орталықтарын дамыту ұсынылады, олардың қызметін стратегиялық әріптестермен (ТҰК) әріптестік жасай отырып не тиісті салалардағы ірі отандық кәсіпорындардың құрамындағы консорциумдардың күшімен (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған салалық ғылыми-зерттеу орталықтарының базасында) ұйымдастыру ұсынылады. Технологияларды (құзыреттерді) дамыту орталықтарының рөлі экономика салаларында ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізуге сайып келеді, бұл ретте әлемдік технологиялық трендтердің мониторингіне ерекше назар аударылады.

      Айталық, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры шеңберінде 2019 жылға дейін тау-кен металлургиясы кешені бойынша "Ақылды индустрия", "Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар", "Ақылды орта", "Қаржылық технологиялар", "Жаңа энергетика және таза технологиялар" бағыттары бойынша технологияларды (құзыреттерді) дамытудың 5 орталығын құру жоспарлануда.

      2016 жылы индустриялық интернет (төртінші өнеркәсіптік революция - "Индустрия-4.0") бойынша ең жаңа шешімдерді тесттен өткізіп, автоматтандыру және тереңдетілген талдау бойынша тау-кен металлургиясы кешені бойынша технологияларды дамыту орталығының 4 модулінің алғашқысын іске қосу жүзеге асырылатын болады. 2016-2019 жылдары жаңа материалдар және аддитивті технологиялар бойынша ұқсас орталық (мұнай өңдеу саласының өнімдерінен жаңа композиттік материалдар, сондай-ақ аддитивті технологиялар арқылы бірегей бөлшектер алу), Ақылды технологиялар орталығы (5G, "заттар интернеті", "ақылды орта"), Қаржылық технологиялар орталығы (Blockhain, egov-Asset management, private placement market, банкаралық аударымдар), Жаңа энергетика және таза технологиялар орталығы (энергияны сақтау жүйесіне назар және гибридті элементтер) іске қосылатын болады.

      Қажет болған жағдайда, экономиканың басқа да басым секторларында технологияларды дамыту орталықтары құрылады.

      Назарбаев Университетінің "Астана Бизнес Кампусы" шеңберінде АҚШ-та жұмыс істейтін ұлттық зертханалар қағидаты бойынша ел үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым құру болжанады.

      Технологияларды дамыту орталықтарын құру экономиканың барлық салалары мен секторларында технологиялық саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді, оларды іске асыру үшін салаларды дамытудың технологиялық жол карталары әзірленетін болады.

      Салаларды дамытудың егжей-тегжейлі жол карталары барлық мүдделі тараптарды: білім және ғылым қоғамдастығын, жеке сектор өкілдерін, инновациялық инфрақұрылым объектілерін, отандық және шетелдік инвесторларды, даму институттарын және басқаларды тарта отырып әзірленетін болады. Экономика секторларының технологиялық әзірлік деңгейін және ерекшелігін ескере отырып, даму институттарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ заңнамалық сипаттағы шаралар ұсынылатын болады.

      Экономиканың салалары мен секторларында мемлекеттік технологиялық саясатты үйлестіруді технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.

      Осыған байланысты, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты экономиканың салалары мен секторларында технологиялық саясатты қалыптастыру жөніндегі бірыңғай (біріздендірілген) әдістемені қалыптастырады, ал индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган оны бекітеді.

      Үшіншіден, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары технологиялы өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алу тетігін дамыту арқылы инновацияларға сұранысты қамтамасыз ету мәселесі жүйелі шешіледі. Осыған байланысты, ірі ұлттық компаниялардың қатысуымен қазіргі нақты технологиялық міндеттерді шешуге отандық және шетелдік стартап компанияларды тарту бойынша жыл сайын конкурстар өткізілетін болады.

      Осылайша, шетелдік стартаптарды қоса алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне назар), 500 стартапты, сондай-ақ стартаптарға салынатын инвестицияларды басқару, қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау үшін үздік халықаралық венчурлік қорлар мен акселераторларды тарту мақсатында "Стартап Қазақстан" бағдарламасы іске қосылады.

      "Стартап Қазақстан" бағдарламасы үш кезеңде іске асырылады.

      Бірінші кезеңді іске асыру (салу алдындағы деңгей) - шетелдік стартаптарды қоса алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерге назар аудара отырып) 500 стартап тарту 2018 жылға қарай жетекші өңірлік стартап-хаб құруға мүмкіндік береді.

      Екінші кезең (салу деңгейі) - акселерация бағдарламаларының көмегімен 150 бәсекелес стартапты (оның ішінде бірінші кезеңге қатысушылар арасынан) тарту және іріктеу ұлттық инновациялық экожүйенің маңызды элементін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Қорытынды кезең - 50 стартап компанияны, оның ішінде сауданың 50%-дан астамын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүзеге асыратын қазақстандық 20 технологиялық компанияны инкубациялау.

      "Стартап Қазақстан" бағдарламасын қаржыландыру тетіктері:

      1) стартаптарға салынатын инвестицияларды басқару үшін үздік халықаралық венчурлік қорларды тарту (өз юрисдикциясында жұмыс істеу құқығымен кейіннен "Астана" халықаралық қаржы орталығына ауысу арқылы);

      2) стартаптар дайындау үшін әлемдік деңгейдегі бағдарламаларды ("Кремний жазығынан") тарту (акселераттау).

      Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстанда мынадай бағыттар бойынша креативті кәсіпкерлікті және креативті экономиканы дамытуға түрткі болады:

      1) кәсіпкерлік дағдылары мен "рухы" бар креативті таланттар тәрбиелеу;

      2) экономиканың құрылымын өзгерту бойынша қозғаушы күш болуға жарамды технологиялық стартаптардың сындарлы мөлшерін қалыптастыру;

      3) креативті экономикаға арналған тұғырнамаларды жандандыру - креативті экономика үшін экожүйелер қалыптастыру үшін хабтар құру;

      4) технологиялық шешімдердің жаһандық тізбегіне бір мезгілде кіру арқылы басым секторларда жаңа өндірістер құру.

      Төртіншіден, инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс 2016 - 2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ географиялық орналасуын ескере отырып, технологиялық парктерді бәсекелес ортаға беру мәселесі пысықталатын болады, мемлекеттің қатысуымен құрылған қазіргі конструкторлық бюролар базасында жаңа өнімдер (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеуге, кәсіпорындарда қолданылатын технологияларды жетілдіруге және үздік әлемдік технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жағдайларына бейімдеуге арналған тәжірибелік-эксперименттік учаскесі бар инжинирингтік орталық құрылады.

      6) кластерлік дамуды ынталандыру.

      Кластерлік тәсілдерді іске асыру өнеркәсіптік дамуға, бәсеке қабілеттілікке және экономиканың тиімділігіне жәрдемдесудің маңызды құралы болып танылған.

      Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган және индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің институционалдық қолдауымен аумақтық кластерлерді дамытуға шоғырландырылады.

      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын аумақтық кластерлерді дамыту операторы ретінде айқындау мәселесі пысықталады.

      Кластерлеу процесі нарық субъектілерінің өзара іс-қимылын дамытуға, технологиялық жаңғыртуға, өсудің нарықтық стратегияларына, жұмыс тиімділігі мен елдің барлық өңірлерінің даму қажеттіліктерін ескере отырып жеделдетілген инновациялық дамуға бағытталған.

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет кемінде алты пилоттық аумақтық кластерді және мұнай мен газды өндіру мен өңдеу, мұнай-газ химиясы, онымен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік көрсетілетін қызметтер бойынша бір ұлттық кластерді (бұдан әрі - Ұлттық кластер) дамытуға және теңгерімді қолдауға шоғырланады.

      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп, аумақтық кластерлерді дамыту саясатын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу процесін ұйымдастыру мен іске асыруды, кластерлерді үйлестірушілерді үйлестіруді, оқыту мен ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ кластерлік даму және аумақтық кластерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын іске асыру бойынша бастамаларды мониторингтеуді және бағалауды жүргізеді.

      Аумақтық кластерді дамытудың барлық кезеңдерінде нақты өңірлерде қолайлы инвестициялық және бизнес ахуалды жасау үшін жауапты және кластерлердің тиімді әрекет етуіне мүдделі жергілікті билік органдары өкілдерінің, сондай-ақ кластерлерді дамыту бастамалары мен олардың бәсекелік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралардан түпкілікті артықшылық алушылар болып табылатын жеке сектордың қатысуы маңызды.

      Кәсіпорындардың рөлі аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім әзірлеуге, сондай-ақ аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу мен іске асыруға қатысудан тұрады.

      Кластерлерді құру мен аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру, аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу мен сүйемелдеу бастамашысының рөлін кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік Кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-, қауымдастықтар атқара алады.

      Кластердің қосылған құны тізбегінің өңірлік жүйесінің қатысушылары бола отырып, бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар (ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, техникалық оқу орындары және т.б.) аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім әзірлеуге, аумақтық кластерлерді дамыту іс-шараларының жоспарларын іске асыру кезінде белсенді өзара іс-қимыл жасауға тартылуы мүмкін.

      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің қолдауымен аумақтық кластерлерді дамыту саясатын іске асырудың әдіснамалық негізін, оның ішінде өңірлерді бағалау мен секторларды талдауды, сол сияқты қандай да бір кластерді дамытудың орындылығын айқындайтын конкурстық іріктеу өлшемшарттарын бағалауды ескере отырып әзірлейтін болады.

      Аумақтық кластерлерді дамыту бойынша таңдалған өтінімдер стратегиялық талдауды және қосылған құн тізбегі, бизнестің жаһандық және елішілік үрдістері бойынша бәсекелес серпінді бағалау жөніндегі іс-шараларды, өсу үшін кедергілер мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктерін үйлестіретін бірқатар әдістемелік кезеңдерден өтеді.

      Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар белгіленген тәртіппен аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларын іске асыруға ықпал ететін барлық қажетті шараларды қабылдайды, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

      1) жаһандық қосылған құн тізбектеріне интеграцияны арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын айқындау мақсатында кластер қатысушыларының кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамыту;

      2) кластер қатысушылары үшін машықтар жинағы мен мамандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында кластердің адами ресурстарын дамыту;

      3) кластерді қатысушылардың санын арттыру арқылы оның ішінде: жобалар үшін бизнес-инкубаторлар құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық науқан жүргізу арқылы кеңейту;

      4) өнімдік, процестік инновацияларды және көрсетілетін қызметтер саласында инновацияларды дамыту мақсатында инновациялар мен технологияларды дамыту, оның ішінде: мамандандырылған инжинирингтік ұйымдар құру; жаңа өнімдерді әзірлеу үшін технологиялық алаңдар құру (тәжірибелік үлгілер мен партиялар); кәсіпорындарда бар технологиялар кластерін жетілдіру және үздік әлемдік технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жағдайына бейімдеу; кластер қатысушыларының ҒЗТКЖ бойынша бірлескен жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету (ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып); өнертабыстарды патенттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      5) бизнес-ахуалды және инфрақұрылымды жақсарту, оның ішінде кластер шеңберінде бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетілдіру мақсатында МЖӘ шарттарында жақсарту, оған өңірлердегі энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету; жасалатын жалпы пайдаланымдағы объектілерді, оның ішінде энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану; кластер кәсіпорындары (сынақ базалары және (немесе) зертханалар, оның ішінде сертификаттау зертханалары) шығаратын, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын қамтамасыз ету үшін өнімнің сапасын арттыруға жәрдемдесу арқылы қол жеткізіледі;

      6) тұтастай кластерді дамыту үшін басқа да өзіндік нақты іс-шаралар бойынша қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, стратегиялық жобаларды қаржыландыру және бірлесіп қаржыландыру арқылы барлық қажетті шаралар қабылданады.

      Кластерлік процестің барлық қатысушыларына құжаттарды дайындау және ақпаратты жариялау жолымен әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетілетін болады.

      Бағдарлама шеңберінде Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумағында Ұлттық кластерді дамыту жалғасады.

      Кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларына және Ұлттық кластерді дамыту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

      7) техникалық реттеу және метрология.

      Техникалық реттеу жүйесінің тұтастығын және бірлігін сақтау мен дамыту және ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын қамтамасыз ету мақсатында секторлардағы стандарттарды, сондай-ақ салалық заңнаманы өнімге қойылатын талаптарды өздігінен нормалауға және нормативтік құқықтық актілерде техникалық және технологиялық нормаларды белгілеуге мүмкіндік беретін алып қоюларды жою жолымен құқықтық нормалаудың техникалық және технологиялық нормалаудан аражігін нақты ажырату тұрғысынан талдау және жүйелендіру жүргізу жоспарланған.

      Экономика салаларын үдемелі индустриялық дамыту үшін халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың жыл сайын қабылдануын қамтамасыз ету қажет, бұл ретте Бағдарлама басымдықтарының сәйкестігі және нақты қажеттілігі қағидаттарында құрылатын ұлттық стандарттарды іріктеу қағидаты қайта қаралатын болады. Ол үшін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен бірлесіп, шығарылатын, тұтынылатын, импортталатын және экспортталатын өнеркәсіптік өнім номенклатурасына жыл сайын талдау жүргізетін болады, оның қорытындысы бойынша бірінші кезекте әзірлеу/өзектілендіру, халықаралық стандарттармен үндестіру қажет болатын стандарттардың тізбесі айқындалатын болады.

      Бұл талдау өнімнің қауіпсіздігімен тікелей байланысты, жеке сектор үшін рентабельді емес салалардағы сынақ зертханаларын жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды пайдалану туралы мәселені шешу кезінде де пайдаланылатын болады.

      Қазақстан ЕАЭО техникалық регламенттерін және олардың дәлел базасын - мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде халықаралық талаптармен үндестірілген халықаралық стандарттарды әзірлеу процестеріне қатысуын жандандыратын болады.

      Қазақстанның позициясын халықаралық және өңірлік деңгейлерде сақтау және күшейту үшін техникалық сарапшылардың қатысуымен халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттарды әзірлеуге байланысты жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ сарапшыларға олардың халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) техникалық комитеттерге қатысуға жұмсалған шығындарының бөлігін өтеуді субсидиялау тетігін пайдалану мүмкіндігі қаралады.

      Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

      Ғылымды қажет ететін жаңа технологиялардың қарқынды енгізілуіне байланысты эталондардың өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктерін озық дамыту қажетті талап болмақ.

      Бұл үшін мемлекеттік эталондарды және эталондық құрылғыны жаңғырту жүзеге асырылады, метрологиялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі.

      8) білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

      Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, экономиканы - әртараптандыру және индустрияландыру бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерге бағытталатын болады, сондай-ақ экономиканың өңдеуші салаларының сұраныстарына сәйкес құрылады.

      Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету кадрлар даярлау сапасын жақсарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған міндетті шешуге оқыту жүйесі мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жергілікті бюджет есебінен жетілдіру, ТжКБ ұйымдарында сенімгерлік басқару тетігін енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

      Нарық тетігін ескере отырып, уақтылы болжамдау экономика қажеттіліктерін барынша толық қамтамасыз етеді, бұл еңбек ресурстарының теңгеріміне алып келеді. Аталған жұмыс "Атамекен" ҰКП-ның белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болады.

      Өңдеуші секторды білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында "өмір бойы оқу" қағидатына және даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесіне негізделген тиімді кадрлық менеджмент енгізілетін болады. Аталған шара білім беру ұйымдарының экономиканың өңдеуші секторының субъектілерімен өзара тығыз іс-қимылын көздейді.

      Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жаңа білім беру бағдарламаларына өту жолымен білім беру сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріндегі жүйелі өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын болады. Базалық жоғары оқу орындары Бағдарламаның салалары мен басымдықтарын өзектілендіруді ескере отырып, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңартатын болады. Бұл өндірістің инновациялық технологияларын сипаттайтын заманауи технологиялардың негізгі міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін құзыреттер беретін жаңа пәндерді қосуды көздейді. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын қалыптастыратын тәжірибеге бағытталған сипатта болады, бұл мамандарға экономиканы әртараптандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жоғары оқу орындары және ТжКБ ұйымдары үшін білім беру бағдарламалары мен кәсіптік стандарттар әзірлеуге жұмыс берушілер тартылатын болады.

      Алдағы уақытта Бағдарламаның басым салаларының қажеттіліктеріне бағытталған магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және енгізудің оң тәжірибесі бакалавриат бағдарламасына кезең-кезеңімен таратылатын болады.

      Кадрлар даярлаудың нәтижелілігі, біріншіден, атаулы оқыту жүйесі, яғни, студенттерді нақты кәсіпорындарда кәсіптік практикадан бір мезгілде өткізе отырып оқыту арқылы; екіншіден, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы, бұл студенттердің негізгі құзыреттерді алуын болжайды; үшіншіден, кәсіпорындардың білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының сапасын сараптамалық бағалауы арқылы; төртіншіден, өндіріс мамандарын оқу процесіне белсенді түрде тарту арқылы; бесіншіден, базалық жоғары оқу орындары өткізетін ғылыми зерттеулерді кәсіпорындар қойған нақты технологиялық міндеттерге қайта бағыттау және осы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқытылатын пәндер мазмұнына қосу арқылы кәсіпорын қызметіне озық ғылыми нәтижелерді енгізу үшін мүмкіндіктерді қалыптастыра отырып қамтамасыз етілетін болады.

      2017 жылдан бастап бейіндік магистратураны үміткердің оқу үшін жоғары оқу орнын таңдау құқығына негізделген нарықтық моделіне көшіре отырып, оған қабылдау тетігі жетілдіріледі.

      Базалық жоғары оқу орындары мен колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізудің жинақталған тәжірибесін негізгі мамандықтарға ілеспе басқа мамандықтарға ауыстыра отырып, туындайтын қажеттіліктерге байланысты кадрлар даярлау бағытын кеңейтетін болады.

      Кәсіптік магистратурада мамандар даярлауға басымдық беріледі, бұл экономиканың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін барынша қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Экономиканы әртараптандыру базалық жоғары оқу орындарының қолданбалы зерттеулер жүргізуі негізінде Бағдарлама шеңберінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл базалық жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігін, оның ішінде МЖӘ есебінен әзірлеуді көздейді. Өңдеуші секторда ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

      Ресурстар зерттеу құнының кемінде 25%-ы көлемінде кәсіпорын тарапынан міндетті қоса қаржыландыру шартымен конкурстық негізде бөлінетін болады.

      Өңдеуші сектордың орнықтылығы, оның бәсекеге қабілеттілігі, инновациялық технологиялар мен технологиялық процестерге уақтылы өту кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың қалыптасқан жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Осы мақсатта екіжақты тәсілге негізделетін, заманауи технологиялық процестер үшін қажетті жаңа құзыреттерді сипаттайтын кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары әзірленетін болады. Бір жағынан, кәсіпорындар мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоғары оқу орындарының базасында жүзеге асырылады. Екінші жағынан, профессор-оқытушылар құрамының практикалық дағдыларын өзектілендіру және технологиялық процестерді тереңірек түсінуі мақсатында профессор-оқытушылар құрамы үшін Бағдарламаның басым салаларындағы озық кәсіпорындар базасында тағылымдамалардан өту жағдайлары пысықталатын болады.

      Бұдан басқа, профессор-оқытушылар құрамының, кәсіпорындар жұмыскерлерінің және оқытушылардың көптілділік даярлығын арттыру бойынша шаралар қабылданады.

      Жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының профессор-оқытушыларының құрамы кезең-кезеңімен әріптес кәсіпорындарда практикадан өтеді.

      Сонымен қатар, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру мақсатында жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының шетелдік әріптестерімен студенттер алмасу жүзеге асырылатын болады.

      9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

      Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

      Халықаралық деңгейде танылған энергия сервисі шарттарының тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту жөнінде жұмыс жүргізіледі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды қаржыландыру тетіктері құрылады.

      5.3. Өңдеуші секторды қолдаудың атаулы шаралары

      Индустриялық кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған атаулы көмек шаралары секторлардың басымдығына байланысты сегменттеледі, қолданыстағы өндіріс жұмыс істейді немесе мемлекеттік қолдауға үміт артқан жаңа жобалар жұмыс істейтін болады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін жобаларды іріктеу кезінде түйінді өлшемшарттар еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту болады.

      1. Бірінші деңгейдегі қолдау шаралары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына 1-қосымшада көрсетілген өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторларын және қажет болған жағдайда өнімді көрсетілетін қызметтердің аралас түрлерін (ақпараттық коммуникациялар, ғарыш қызметі, инжиниринг, ғылыми зерттеулер, геологиялық барлау және т.б.) қолдауға бағытталған және негізінен, еңбек өнімділігін ынталандыруға әрі дайын өнімдердің жаңа нарығын игеруге байланысты.

      Өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қолдау өнім экспортын ілгерілету, еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру, сервистік және ақпараттық-талдамалық көрсетілетін қызметтер, қарыздарды субсидиялау, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру арқылы жалғасатын болады.

      2. Екінші деңгейдегі қолдау шаралары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына 2-қосымшада көрсетілген, ішкі және өңірлік нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін алғышарттардың болуы ескеріле отырып іріктелген өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторын қолдауға бағытталған.

      Осы секторлар үшін бірінші деңгейдегі қолдау шараларынан басқа мынадай құралдар қолданылатын болады:

      1) инвестициялық преференциялар беру;

      2) ЕДБ арқылы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражаты мен жаңа жобаларын қаржыландыру;

      3) ЕДБ, Қазақстан Даму банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және өзге де заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

      5) микроқаржыландыру ұйымдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

      3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары экспорттық нарықтарға шығудың ең жоғары әлеуетін ескере отырып іріктелген мынадай басым сектордағы жобаларды қолдауға бағытталған:

      1) қара металлургия;

      2) түсті металлургия;

      3) агрохимия;

      4) мұнай өңдеу;

      5) мұнай-газ химиясы;

      6) автомобильдер өндірісі;

      7) азық-түлік өнімдерінің өндірісі;

      8) электр жабдықтарының өндірісі.

      Бұл секторларды дамыту үшін мына міндеттер түйінді болып табылады.

      Қара металлургияда: еңбек өнімділігін және өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында дәстүрлі өндірістерді қайта құрылымдау және жаңғырту;

      шетелдік инвесторларды тарту және жоғары қосындыланған болат, қосылған құны жоғары өнімдер, ішкі қажеттілікті және әлемдік болат құю өнеркәсібі үшін дәстүрлі және кешенді ферроқорытпалар өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; пішінді илектің (швеллерлер, арқалықтар, бұрыштамалар, рельстер), метиздердің (сымдар, сым арқандар, тростар), жалпақ илектің (тот баспайтын, электролиттік, гальваникалық жабыны бар) дайын өнімдерін шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірістерді одан әрі дамыту; шағын тонналы өндірістерді дамыту; ҒЗТКЖ жандандыру, оның ішінде металлургия саласындағы серпінді технологиялар мен озық өнімдерді игеру мақсатында МЖӘ негізінде "Шығыс Қазақстан облысындағы металлургия орталығы" тәжірибелік-эксперименттік кешенін құру арқылы (жоғары сапалы, беріктігі жоғары, тоттануға қарсы және басқа да болат, 3D басуға арналған ұнтақты металлургия) жандандыру.

      Түсті металлургияда: шетелдік инвесторларды тарту және мыс, алюминий, титан өндіруді одан әрі кеңейтуді, қорғасын, мырыш, никель және басқа да базалық металдар өндірісі үшін жаңа кен орындарын игеруді, сондай-ақ дайын бұйымдар мен қосылған құны жоғары өнімдер (мыс құбырлар, мыс таптағыш, алюминий табақтар және т.б.) өндіруді ұйымдастыруды көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыру; ілеспе металдарды, оның ішінде жерде сирек кездесетін металдар мен сирек кездесетін металдарды шығара отырып, шикізатты кешенді өңдеу; еңбек өнімділігін және экологиялылықты арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту; қосылған құны жоғары өндірістер құру бойынша жетекші шетелдік компаниялармен әріптестік (жаһандық ТҚҚ шеңберіндегі кооперация); озық өнімдер мен серпінді технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ (3D басуға арналған ұнтақты металлургия) жандандыру.

      Агрохимияда: тыңайтқыштар өндірісі бойынша өңірлік хаб құру; отандық тыңайтқыштардың әрекет етуінің пайдалылығы мен функционалдық сипаттамаларын әлемдік көшбасшы өндірушілердің тыңайтқыштары деңгейіне дейін жоғарылату; шетелдік инвесторларды тарту және калий мен күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; өнім топтарын әртараптандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; тыңайтқыштарды зияткерлік енгізу практикасын дамыту, бұл минералдық тыңайтқыштарды халықаралық тәжірибеге сәйкес пайдалану тиімділігін арттырады; агроөнеркәсіпті химияландыруды ынталандыру; озық агрохимиялық технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.

      Мұнай өңдеуде: К4, К5 экологиялық сыныпты мотор отындарын шығара отырып, отандық мұнай өңдеу зауыттарын (бұдан әрі - МӨЗ) (Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты) жаңғырту жобаларын аяқтау.

      Мұнай-газ химиясында: полипропилен өндіретін зауыттың және "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА инфрақұрылымының қажетті объектілерінің құрылысын аяқтау; мұнай-газ химиясы өндірісін ұйымдастыру үшін ірі инвесторларды тарту, кәсіптік кадрлармен және техникалық персоналмен қамтамасыз ету.

      Автомобиль өндірісінде: толық циклді зауыт салу (дәнекерлеу, бояу, автоқұрауыштар); индустрияландырудың үшінші кезенінің соңына қарай автомобильдер өндірісінің көлемін кемінде 200 мыңға дейін ұлғайту; автомобильдер экспортын өндіріс көлемінен кемінде 40%-ға арттыру; 2018 жылға қарай 50% оқшауландыруға қол жеткізу және құрауыштар базасы мен қосалқы бөлшектер (бамперлер, тығыздағыштар, бензин бактары, газ шығару жүйелері, электрлік бұраулар және басқалары) өндірісін дамыту; құрауыштар базасының отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында ҒЗТКЖ жандандыру.

      Азық-түлік өнімдерінің өндірісінде: шетелдік инвесторларды тарту және қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көтерме-тарату орталықтарын салу; экспорттық стратегияны әзірлеу; тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау және халықтың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру; ұлттық брендтер жасау және ілгерілету; ҒЗТКЖ-ға бизнесті тарту.

      Электр жабдықтарының өндірісінде: халықаралық сапа стандарттарына сәйкес қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғырту; шетелдік инвесторларды тарту және қосалқы электр станциялары, жарық диодты бұйымдар, сыйымды трансформаторлар, қуаты жоғары конденсаторлар, тарату құрылғылары және электр техникалық жабдықтарға және басқа да өнімдерге арналған жиынтықтауыштар өндірісі бойынша жобаларды іске асыру; шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарында жаңа басқару технологияларын енгізу; бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инновациялық өнімдер өндіру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.

      Аталған секторлар үшін бірінші және екінші деңгейдегі қолдау түрлерінен басқа, мынадай құралдар қолданылатын болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

      2) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;

      3) қарыздар бойынша кепілгерлік және кепілдік міндеттемелер беру.

      Бұдан басқа, квазимемлекеттік компаниялар жобаларды қаржыландыруға тартатын қарыздар бойынша валюта тәуекелдерін хеджирлеу құралдарын қолдану мүмкіндігі қаралатын болады.

      Жұмыс істеп тұрған өндірісті қолдау олардың өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, ресурс тиімділігіне және кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарға белсенді түрде шығару үшін өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейтуге бағытталған өндірісті жаңғырту және қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жүргізуі үшін ұсынылатын болады.

      Мұндай жобалар іске асырылатын секторлар қара және түсті металлургия, агрохимия, мұнай өңдеу болады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде минералды тыңайтқыштар өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және реконструкциялау аяқталатын болады.

      Мұндай жобаларды қолдау құралдары:

      1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген салықтық және өзге де преференциялар;

      2) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатымен әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеу және олармен келіссөздер жүргізу болып табылады.

      Бұдан басқа, жұмыстан босатылатын персоналды қайта оқыту және жұмысқа орналастыру міндетін шешу үшін "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын және өңірлерде іске асырылатын басқа да тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы оларға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ экспорттық сауданы қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру мүмкіндіктері қаралады.

      Бұл ретте кәсіпорындарға қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздестіруді және тартуды жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру, энергия тиімділігі, экспорт, өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша Бағдарламада қойылатын талаптарды сақтау жүктеледі.

      Дамытылуы жаңа базалық индустрияны, мысалы, агрохимия, мұнай-газ химиясы сияқты секторларда немесе өнімнің жаңа шектерін игеру және(немесе) өндірісті оқшауландырудың деңгейі жоғары және инженерлік-технологиялық құзыреттіліктерді (мысалы, автомобиль жасау, титан және мыс кіші секторлары және т.б.) біртіндеп арттыра отырып, толыққанды өндірістік кластерлерді құру қажет болатын секторларда мемлекеттің жаңа жобаларды қолдауы жүзеге асырылады.

      Аталған секторларда жаңа ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

      Нәтижесінде қара және түсті металдар, минералды тыңайтқыштар өндірісі, мұнай-газ химиясы, машина жасау секторлары, сондай-ақ олармен сабақтас өндірістер дамиды, бұл өнімділігі жоғары жаңа базалық индустрияны дамытуға күшті серпін береді.

      Мұндай жобаларды қолдау құралдары:

      1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген және Қазақстан экономикасының өңдеуші секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған салықтық және өзге де преференциялар;

      2) инвестициялық субсидиялар беру;

      3) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеуді жүзеге асыру және келіссөздер жүргізу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

      5) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқығын беру болып табылады.

      Жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде бәсекеге қабілеттілік факторларын іске асыру үшін қажетті сапалы және қымбат емес көлік, энергетика, коммуналдық және газ инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

      Жұмыс істеп тұрған өндірістер мен жаңа жобалар үшін қолдаудың барлық түрлері жариялылық, ашықтық, экономикалық орындылық қағидаттарында ұсынылады.

      Индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу мақсатында республикалық деңгейде Индустрияландыру картасына:

      1) өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторында іске асырылатын;

      2) салалық мемлекеттік орган оң қорытынды берген және Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссия отырысында мақұлданған;

      3) құны 4,5 млрд. теңгеден асатын;

      4) еңбек өнімділігін арттыру және дайын өнімнің жаңа нарықтарын игеру бойынша Бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу арқылы Бағдарлама нәтижесіне тікелей ықпал ететін ірі жобалар енгізілетін болады.

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия мемлекеттік қолдау шараларына қосу, алып тастау, ұсыну, сондай-ақ республикалық Индустрияландыру картасының негізгі параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

      Индустрияландыру картасының жобалары бойынша жалпы үйлестіру жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен бірге индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

      Өңірлер деңгейіндегі индустрияландыру картасының жобаларын мемлекеттік қолдаудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі.

      Өңірлер деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйенің мониторинг құралы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы (өңірлік карта) болып табылады, ол өңірдің экономикалық мамандануына сәйкес келетін және Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алған өңдеуші өнеркәсіп секторларында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобалар тізбесін қамтиды.

      Мемлекеттік қолдау құралдарының тиісті операторлары жергілікті атқарушы органдарға тоқсанына кемінде 1 рет индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетілген қолдау шаралары туралы ақпаратты ұсынады.

      Өңірлік картаның жобалары бойынша жалпы үйлестіру мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну операторларымен, жергілікті уәкілетті органдармен және "Атамекен" ҰКП-мен бірге өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

      Мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, даму институттары ұсынатын мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары 2016 жылдың соңына дейін Бағдарламада қойылатын талаптар ескеріле отырып түзетіледі.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өңдеуші сектор кәсіпорындарына көрсетілетін қолдау құралдарын қайта қарайды, оларды ұсыну осы Бағдарламаның міндеттері мен өлшемшарттарына тікелей байланысты болады. Даму институттары мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін жаңа жобаларды іріктеуді техникалық реттеу, метрология және ішкі нарықта отандық өндірушілерді қолдау жөнінде талаптарға сәйкестігін ескере отырып, тиісті қағидалар мен регламенттер негізінде жүзеге асыратын болады.

      Жаңа жобалардың бастамашылары, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері стратегиялық әріптесті, қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздеуді және тартуды өздеріне алады, сондай-ақ еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі, экспорт, өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша қойылатын талаптарға қол жеткізуге міндеттенеді. Мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың жобаға қатысуының міндетті шарты одан шығудың нақты жоспарының болуы болып табылады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды оңтайландыру мәселесі қаралатын және іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етілетін болады.

      Отандық өнімге сұранысты ынталандырудың жаңа құралдары, оның ішінде экономиканың басым секторларының кәсіпорындарында өндірілген өнімдерді сатып алушыларға жеңілдікпен кредит беру, сондай-ақ факторингтік мәмілелер әзірленетін болады. Аталған бағыт бойынша жұмыс даму институттары, қаржы ұйымдары және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның басқа да заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында да, өңірлік және халықаралық деңгейлерде де экономиканың шикізаттық емес салаларында перспективалы көшбасшы бола алатын неғұрлым бәсекеге қабілетті компанияларды қолдауды жүзеге асыратын болады. "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" бағыты ұзақ мерзімді болып табылады және қатысушы компанияларға кешенді қолдау көрсетуді болжайды.

      5.4. Бағдарламаны іске асыру тетігі, басқару және мониторингтеу.

      1. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

      Бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру үшін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылданады.

      Аталған құжатта объективті сандық талдауға және ірі жобалардың бар болуына негізделген өңдеуші өнеркәсіптің және өңірлердің басым және өзге де секторлары бөлінісінде нақты нысаналы индикаторлар көрсетілетін болады.

      2. Бағдарламаны іске асыруды басқару

      Бағдарламаны іске асыруды басқару үшін оны іске асыруға, мониторингтеуге және қаржыландыруға негізгі қатысушылардың арасында институционалдық тетіктер мен жауапкершілікті нақты бөлу бекітілген.

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық және жергілікті басқару органдарымен, ұлттық басқарушы холдингтермен және институттарымен қатар "Атамекен" ҰКП Бағдарламаны іске асыруға арналған құжаттарды, оның ішінде аумақтық кластерлерді дамыту мәселелері бойынша құжаттарды талқылауға және әзірлеуге белсенді қатысады.

      Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу, оның ішінде кәсіпкерлердің бизнес-шешімдерді қабылдауы үшін ақпарат көзі ретінде Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу және өзектілендіру арқылы жақсартылатын болады, сондай-ақ ұлттық технологиялық болжау институтының шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін зерттеудегі, әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеудегі, арнайы материалдар негізінде қосалқы мақсаттағы технологиялар трансфертіндегі рөлі күшейтілетін болады.

      ЭЫДҰ үздік тәжірибесі негізінде Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеу және бағалау сапасын арттыру үшін статистикалық әдіснаманы және ақпаратты жетілдіру бойынша шаралар қабылданады, сондай-ақ барлық мүдделі пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияға маңызды рөл беріледі.

      Бағдарламаны іске асыру барысында индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу көзделген: өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық көрсетілетін қызметтер; мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды әзірлеуді көздейтін Бағдарламаны басқару бойынша көрсетілетін қызметтер; Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультациялық-кеңесші орган қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін арттыруға, өнім берушілер жүйесін дамытуға және жаһандық салалық тізбектерге ықпалдастыруға, аумақтық кластерлерді дамытуды және процестерді сүйемелдеуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын дамыту; 2016 жылы - еңбек өнімділігін арттыру және 2017 жылы өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларын зерттеу жүргізілетін болады, бұл ретте осы факторлардың өзгерістерін талдау жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

      Еңбек өнімділігін ұлғайту және өңделген өнімді өткізу үшін нарықты кеңейту даму институттарының атаулы қолдау шараларын ұсыну кезіндегі түйінді өлшемшарттар болып табылады. Даму институттары көрсететін барлық атаулы қолдау шаралары осы өлшемшарттарға сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл ретте, даму институттары өлшемшарттардың барлық өзгерістерін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының сараптамалық қорытындысы негізінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге тиіс.

      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты егжей-тегжейлі есептер негізінде, оның ішінде Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өнеркәсіптік даму міндеттерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып, басым секторлар мен өңірлер бөлінісінде Бағдарламаның түйінді нысаналы индикаторларының (инвестицияларды тарту, экспортты ұлғайту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша) нақты декомпозициясы жүзеге асырылатын болады.

      Аталған жұмыс нәтижелері Бағдарламаны іске асыруға тартылған әрбір салалық және жергілікті мемлекеттік орган үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған нақты міндеттерді айқындау бөлігінде индустриялық-инновациялық даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысына негіз болады.

      Декомпозиция қорытындылары бойынша алынған жоспарлы мәндер жауапты мемлекеттік органдарға, ұлттық басқарушы холдингтерге және даму институттарына бекітілетін болады.

      2016 жылдың соңына дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялар негізгі нысаналы индикаторлар декомпозициясын ескере отырып, өздерінің стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегияларды түзетуі, өз құзыреттері шеңберінде нарықтарды кеңейту және кедергілерді алып тастау арқылы салалар мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасауы тиіс.

      Бағдарламаны іске асыруды бақылау және бағалау мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен тиісті іс-шаралар өткізу арқылы аралық қорытындылар жасайтын болады.

      Өңірлерде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган тиісті әдістеме негізінде ағымдағы үрдістер мен проблемалық мәселелерді уақтылы айқындауға, оларды шешу жолдарын белгілеуге, сондай-ақ өңірлердің индустриялық-инновациялық саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретін, өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын тұрақты мониторингтеу мен талдауын жүзеге асырады.

      "Атамекен" ҰКП, бизнес-қауымдастықтар, тәуелсіз сарапшылар Бағдарламаның тиімділігін тәуелсіз бағалауды жүргізетін болады.

      Бағалау міндеттерінің сипаттамасын, әдіснамасын, талдауды, қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы жария есеп тәуелсіз бағалау нәтижесі болады.

      Бұдан басқа, ЭЫДҰ әдіснамалық тәсілдерінің негізінде Бағдарламаны жекелеген міндеттер, іс-шаралар бойынша немесе қажет болған жағдайда, кешенді бағалауға беделді халықаралық сарапшыларды және консалтингтік ұйымдарды тұрақты негізде тарту мәселесі қаралады.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттің және жеке сектордың қаржы ресурстары шоғырландырылатын болады, бұл ретте мемлекет жеке инвестициялардың келуі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту үшін жағдай жасайтын қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге назар аударады.

      Қойылған мақсаттарға және индикаторларға қол жеткізу үшін өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялардың болжалды қажеттіліктері шамамен 4,5 трлн. теңгені құрайды. Бұл ретте, 2010-2014 жылдары қол жеткізілген 5-ке 1 деңгейіндегі негізгі капиталға инвестицияларға қатысты өңдеуші секторды қолдауға тікелей бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландырудың тарихи паритетін ескере отырып, Бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру қажеттілігі 5 жыл ішінде шамамен 0,9 трлн. теңгені құрайды.

      Бағдарламада көзделген іс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нақтыланатын болады.

  Қазақстан Республикасын
индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына
1-ҚОСЫМША

Өңдеуші өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтердің
жекелеген түрлері

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ кодына сәйкес қызмет түрлері

1

2

10

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

14

Киім-кешек өндірісі

15

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Жазылған материалдарды басып шығару және тыңдатып-көрсету

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі

23

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі

28

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдар өндірісі

31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге дайын бұйымдар өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату

71.2

Техникалық сынақтар және талдаулар

82.92

Буып-түю

  Қазақстан Республикасын
индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына
2-ҚОСЫМША

Өңдеуші өнеркәсіптің Бағдарлама шеңберіндегі басым секторлары

Басым сектор

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ кодына сәйкес қызмет түрлері

1

2

3

1. Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

24.20

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, ернемектер өндіру

24.31

Салқын тәсілмен созу

24.32

Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай таптау

24.33

Салқын қалыптау немесе бүктеу

24.34

Сымдарды салқын созу әдісі арқылы өндіру

24.51

Шойын құю

24.52

Құрыш бұйымдарды құю

2. Түсті металлургия

24.41

Бағалы (асыл) металдар өндіру

24.42

Алюминийді өндіру

24.43

Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі

24.44

Мыс өндіру

24.45

Басқа түсті металдар өндіру

24.53

Жеңіл металдарды құю

24.54

Басқа түсті металдарды құю

3. Мұнай өңдеу

19.20

Мұнайдың өңделген өнімдерін өндіру

4. Мұнай-газ химиясы

20.14

Басқа негізгі органикалық химиялық заттар өндіру

20.16

Бастапқы қалыпта пластик өндіру

20.17

Бастапқы қалыптағы синтетикалық каучук өндіру

5. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

10.11

Етті қайта өңдеу және консервілеу

10.12

Үй құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10.13

Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.20

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

10.31

Картопты өңдеу және консервілеу

10.32

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

10.39

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаудың өзге де түрлері

10.41

Май және тоң май өндіру

10.42

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

10.51

Сүтті өңдеу және сырды өндіру

10.61

Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

10.62

Крахмалды және крахмалдан өнімдер өндіру

10.71

Нан өндіру; ұннан жасалған кондитерлік жаңа өнімдерді, торттарды және пирожныйларды өндіру

10.72

Кептірілген нанды және печеньені өндіру; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, торттарды, пирожныйларды, пирогтарды және бисквиттерді өндіру

10.73

Макарон өнімдерін өндіру

10.81

Қант өндіру

10.82

Какаоны, шоколадты және қантты кондитерлік тағамдарды өндіру

10.83

Шайды және кофені өңдеу

10.85

Дайын тағам өнімдерін өндіру

10.86

Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерін өндіру

6. Агрохимия

20.15

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру

20.20

Пестицидтерді және басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

7. Өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру

20.11

Өнеркәсіптік газды өндіру

20.12

Бояғыш заттар мен пигменттерді өндіру

20.13

Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру

20.30

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндіру

20.41

Сабын және жуу құралдарын, тазалағыш және жылтыратқыш заттар өндіру

20.51

Жарылғыш заттар өндіру

20.59

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа химиялық өнімдер өндіру

8. Автомобильді жасау

29.10

Автокөлік құралдарын өндіру

29.20

Автокөлік құралдарына арналған шанақтарды өндіру; трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру

29.31

Автокөлік құралдарына арналған электрлік және электрондық жабдық өндіру

29.32

Автокөлік құралдарының және олардың қозғалтқыштарының бөлшектері мен құрал-саймандарын өндіру

30.99

Басқа топтарға енгізілмеген басқа көлік құралдары мен жабдықтарын өндіру

9. Электр техникалық машина жасау

25.21

Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру

25.29

Басқа металл цистерналар, сұйыққойлар және контейнерлер өндіру

25.30

Орталық жылыту қазандықтардан басқа, бу қазандықтарын өндіру

27.11

Электр қозғалтқышы, генераторлар, трансформаторлар өндіру

27.12

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндіру

27.20

Батареялар және аккумуляторлар өндіру

27.31

Талшықты-оптикалық кабель өндіру

27.32

Электр сымының және кабельдің басқа түрлерін өндіру

27.33

Электрмонтаждық құрылғыларды өндіру

27.40

Электрмен жарықтандыру жабдықтарын өндіру

27.90

Басқа электр жабдықтарын өндіру

28.11

Авиациялық, автокөлік және мотоциклді қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштарды және турбиналарды өндіру

28.25

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

10. Ауыл шаруашылығы машинасын жасау

28.30

Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы техникасын өндіру

11. Теміржол машинасын жасау

30.20

Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамаларды өндіру

12. Тау-кен машинасын жасау

28.91

Металлургияға арналған машиналар мен жабдықты өндіру

28.92

Тау-кен қазушы өнеркәсіпке, жер асты қазба жұмыстары мен құрылысқа арналған техниканы өндіру

13. Мұнай-газ машинасын жасау

28.12

Гидравликалық жабдықты өндіру

28.13

Басқа сорғыларды және сығымдағыштарды өндіру

28.14

Басқа крандар мен шұралар өндіру

28.29

Басқа топтарға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

28.99

Басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсатқа арналған басқа машиналар мен жабдықтарды өндіру

14. Құрылыс материалдарының өндірісі

16.21

Бір қабатты шпонды, фанерлерді, жұқа тақтайларды және панельдерді өндіру

22.21

Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндіру

22.23

Пластиктен құрылыс материалдарын өндіру

23.11

Жалпақ шыны өндіру

23.12

Жалпақ шыны жасау және өңдеу

23.13

Шұңғыл шыны өндіру

23.14

Шыны талшықтар өндіру

23.19

Шыныдан басқа бұйым түрлерін өңдеу және өндіру

23.20

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.31

Керамикалық төсемдер мен плиталар өндіру

23.32

Кірпіш, черепица және күйдірілген саздан өзге құрылыс материалдарын өндіру

23.42

Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдықтар өндіру

23.43

Керамикалық оқшаулау материалы мен оқшаулағыш гарнитура өндіру

23.49

Басқа керамикалық бұйымдар өндіру

23.51

Клинкерлерді қоса цементті өндіру

23.52

Әк және құрылыс гипсін өндіру

23.61

Бетоннан жасалған құрылыс заттарын өндіру

23.62

Құрылыс мақсаттары үшін құрылыс гипсінен жасалған бұйымдар өндіру

23.63

Пайдалануға дайын бетон өндіру

23.64

Құрғақ бетон қоспаларын өндіру

23.65

Асбетостоцементтен және талшықты цементтен бұйымдар өндіру

23.69

Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған басқа бұйымдарды өндіру

23.70

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.99

Басқа топқа енгізілмеген өзге бейметалл минералды өнім өндіру