Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 22.12.2017 № 332 қаулысымен және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

      1. Айдарлы, Бесарық, Ақжарма, Іңкәрдария, Қоғалыкөл, С.Сейфуллин, Шаған, Шіркейлі, Қалжан ахун, Жетікөл, Тоқмағанбетов, Құндызды, Аманкелді, Н.Ілиясов елді мекендерінің қайтадан анықталған шекаралары қосымша құжаттарға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Тәуіпбаев

Аудандық мәслихаттың кезектен


тыс ХХІ сессиясының төрағасы

Қ. Жұмахметов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Атақаев


  2010 жылғы 05 наурыздағы
аудан әкімдігінің және аудандық
мәслихаттың 98/231
Бірлескен қаулы және Шешіміне
қосымша

      Сызбаны қағаз жүзінде қараңыз.