"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 160 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған ӘКК-нің даму тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленді.";

      бесінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығының;";

      11) тармақшадағы "№ 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген." деген сөздер "№ 1145 қаулысының;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысының;

      13) "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысының;

      14) "2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысының;

      15) "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысының;

      16) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.";

      "1. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "Ұйымдық қалыптасуы" деген кіші бөлімде:

      алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ИИДМБ);";

      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы;

      2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту – 2020" жол картасы;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген 2015 – 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;";

      "Стратегиялық дамудағы шектеулер мен мүмкіндіктер" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Бірінші бесжылдықта 31 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске асырылды, оның ішінде 21 – жаңа өндіріс, бір жарым мыңдай жұмыс орны ашылды.

      Осының нәтижесінде 2014 жылдың өзінде-ақ өнеркәсіптің 3,5 %-ға (150-ден 160 млрд. теңгеге дейін), өңдеуші өнеркәсіптің 3,4 %-ға 115-тен 120 млрд. теңгеге дейін, инвестицияның 8,7 %-ға (101-ден 115 млрд. теңгеге дейін), бұл ретте шетелдік инвестицияның 5,9 %-ға (79,6-дан 512 млрд. теңгеге дейін) өсуіне қол жеткізілді.

      Бірінші бесжылдықта инвестициялар 2,2 есе (51-ден 115 млрд. теңгеге дейін), инновациялық белсенділіктің деңгейі 4 есе (2,6 %-дан 11 %-ға дейін), еңбек өнімділігі 1,7 есе (12 мыңнан 22 мың АҚШ долларына дейін) өсті.

      2010 – 2014 жылдары және 2015 жылдың 5 айында облыстың іске қосылған жобалары 66,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді.

      "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын және "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 164 қаулысымен облыстың 2015 – 2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасына өзгерістер енгізілді. Облыстың көрсетілген Индустрияландыру картасына инвестицияның жалпы көлемі 13430,9 млн. теңге болатын 39 жоба енгізілді. Құрылыс кезеңінде – 1027, пайдалану кезеңінде – 1041 жұмыс орны жоспарланған.";

      "3. ӘКК қызметінің стратегиялық бағыттары" деген бөлімде:

      "Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ)" деген кіші бөлімде:

      "Коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру" деген 1-ҚСБ-да:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.";

      мынадай мазмұндағы 5-мақсатпен толықтырылсын:

      "5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

      Осы қызмет ӘКК-де бар жобаларды іске асырудың әртүрлі тетіктерін пайдалану арқылы, сондай-ақ дамудың басқа институттарының мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану арқылы да жүзеге асырылады.

      Міндеттері:

      Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

      1. Қаражатты инвестициялау кезінде тәуекелдерді анықтау және олардың деңгейін төмендету.

      2. АӨК субъектілерімен өзара іс-қимыл аясын кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды тарту;

      2) ӘКК-ге мақсатты қаржылық көмек алу үшін жүгінген АӨК субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу;

      3) бар қаржы құралдарына талдау жүргізу, қаржыландырудың өзге көздері мен тетіктерін іздестіру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі.

      Күтілетін нәтижелер:

      № 5 мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылы өнімін өндірушілер (ӘКК-де бос қаржы құралдары болса) ӘКК-ден қосымша қаржылық қолдау алады.

      "4. Стратегияны іске асыру тетігі" деген бөлімде:

      "Стратегияны іске асыру кезеңдері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ӘКК-нің тиімді жұмыс істеуі мақсатында қызметтің стратегиялық бағыттары шеңберінде 1-қосымшада ықтимал қатерлерді, тәуекелдің және оның зардаптарының сипаттамасын, осы тәуекелдің алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және ол туындаған жағдайда компанияның іс-қимылын білдіретін тәуекелді басқару жүйесі көзделеді.";

      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 5-мақсатпен толықтырылсын:

      "

5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру

1

ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі, млн. теңге

00

00

100

150

200

250

300

350

400

450


      ";

      көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ 160 қаулысына
қосымша
  "Солтүстік" әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға
арналған даму
стратегиясына
1-қосымша

"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттардың шеңберіндегі стратегиялық тәуекелдер

Р/с

Стратегиялық бағыттарға қол жеткізу үшін тәуекелдер немесе қатерлер

Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары)

Тәуекелді іске асырудан болуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы

Алдын алу шаралары

1

№ 1 қызметтің стратегиялық бағытына қол жеткізбеу тәуекелі: коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру

1)

Сыртқы тәуекелдер



Әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс:

доллар, Ресей рублі бағасының өсуі;

әлемдік дағдарыс салдарынан экспортталатын өнім бағасының түсуі

еліміздегі экономикалық ахуалдың күрт өзгеруі, табыстың төмендеуінен контрагенттердің өз міндеттемелерінің шарттарын сақтамауы; контрагенттердің дефолты салдарынан ӘКК-нің қаржылық шығын тәуекелі; әлемдік экономиканың өзгеруі;

нарық үлесінің жоғалуы, бәсекелестіктің күшеюі;

Қаржылық тәуекелдің іске асуынан табыс және капиталды жоғалту түрінде қолайсыз қаржылық салдардың туындауының жоғары ықтималдығы күтіледі.

Әлемдік қаржылық дағдарыс басталған жағдайда, мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

ішкі инвестицияны өсіруді ынталандыру;

меншікті қаражат шығыстарын оңтайландыру;

отандық инвесторлармен бірлескен жобаларды енгізу жөніндегі жұмысты күшейту;

ЕЭК елдерінде тауар өткізу нарығын іздестіру.

2)

Ішкі тәуекелдер



Қаржылық тәуекел, оның ішінде:

кредиттік;

инвестициялық.


Дебиторлық берешектің өсуі, ағымдағы шығыстардың өсуі, шығынның бар болуы, жарғылық капиталдың азаюы, штатты қысқарту арқылы шығыстарды оңтайландыру.

Баламалы іс-шараларды іске асыру:

ӘКК үшін табыс іздеу жөнінде жүйелі жұмыс;

ағымдағы шығыстарды оңтайландыру;

кредиттік тәуекел қарыз алушылардың қарызы және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ алдындағы кепілдіктері бойынша сомадан, сондай-ақ клиенттердің басқа мәмілелер бойынша борыштарынан құралады. Бұл тәуекелді басқару үшін мынадай іс-шаралар жоспарланады:

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүліктік кепілдігіне қойылатын талаптың орындалуы бойынша бақылауды күшейту;

кепілдіктерді тәуелсіз сарапшылардың бағалауымен, комиссиямен қабылдау;

ӘКК-нің Кепілдік саясатының бұлжытпай орындалуы.

Инвестициялық тәуекел ӘКК-нің инвестициялық қызметін жүзеге асыру процесінде қаржылық шығындардың туындауы ықтималдығын сипаттайды.

Баламалы іс-шаралар:

мемлекеттік органдармен және даму институттарымен, сондай-ақ ЕДБ-мен және шетелдік инвесторлармен жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен тікелей қаржыландыру мақсатында үздіксіз жұмыс;

әкімшілік персоналдың құрамына басқару есептілігінің, сондай-ақ жобаның тәуекелдерін басқару негізінде қаржы-шруашылық қызметті бақылау мақсатында қаржы директоры штаттық бірлігін енгізу;

ай сайын ӘКК-нің коммерциялық қызметінің жоғарылауына әсер ететін көрсеткіштерге талдау жүргізу.

2

№ 2 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі:

инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

1)

Сыртқы тәуекелдер



сыртқы нарықтағы бәсекелестік:

инвесторлар қызығушылығын төмендеуі

Шетелдік және отандық инновациялық технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы шығарылған өнім тауар өткізу нарығында тез өтетін өнімнің мәртебесін ала алмайды. Инновациялық техникалық сипаттамаларымен танысу үшін уақыт кезеңі талап етіледі.

Уақтылы және толық көлемде өткізудің болмауы, шығынның болуы, жарнама және өткізу шығыстарының артуы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар:

инновациялық технологиялар және заманауи жабдықтар жеткізу шартымен шетелдік инвесторлар қатысатын инвестициялық жобаларды іздеу және енгізу;

жобаларды іске асыруға арналған ақшалай қаражаттың ықтимал шектеулілігіне байланысты жобаларды қарастыру кезеңінде бағалауды күшейту;

өңір үшін инновацияларды анықтау мақсатында инвестициялық жобалардың сараптамасын жасау;

сенімді әріптес ретінде ӘКК-нің имиджін арттыру.

2)

Ішкі тәуекелдер



инновациялық тәуекел, коммерциялық тәуекел (елдің ішінде)

Инновациялық тәуекел инновациялық идеяларды тұжырымдаудан бастап нарықта іске асырылғанға дейін инновациялық саладағы белгісіздікке байланысты.

Аталған өткізу нарығында күшті жарнаманың болмауынан не сатып алушылардың жаңа өнімді сатып алуға дайын болмауынан нарық жаңа өнімге дайын емес (қаржыландыру, жаңа сатып алуларды ұйымдастыру, өнімнің сипаттамаларын зерделеу).

Жаңа өнімді өткізу маркетинг қағидаттарымен тығыз байланысты, нарықтың ұдайы өзгеріп тұратын талаптарын есепке алуға бағытталған.

Бұл жағдайда инновациялық қызмет объектілерін жасау, игеру және тарату процесінде қолайсыз салдардың туындау ықтималдығы пайда болады.

Технологиялық факторлардың ӘКК-нің қызметіне теріс ықпал етуі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің даму қарқынының төмендеуінен көрініс табуы мүмкін, бұл өнім сапасының төмендеуіне, нарықтың өскен қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмауға, нәтижесінде ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Коммерцияның маркетингпен тығыз байланысы және уақытында толық көлемде өткізу болмаса, шығын пайда болады.

Тәуекелді басқару жөніндегі баламалы іс-шаралар:

шығасыны барынша азайту және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша әріптестермен жобаны қаржыландырудың баламалы көздерін тарту жөніндегі бірлескен мақсатты жұмыс;

маңызды инновациялық жобаларды іздестіру;

өнімді өткізу нарығын зерделеу, жақын шетелден әріптестер іздеу.

3

№ 3 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі:

ұйымды басқару процесінің тиімділігін арттыру

1)

Сыртқы тәуекелдер



ӘКК-де талап етілетін мамандықтар бойынша "Болашақ" бағдарламасының және шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің болмауы тәуекелі

Аталмыш білімі бар мамандар кейін өз білімінің құнын төлеу мақсатында еңбекақысының деңгейі әлдеқайда жоғары болатын ұлттық компанияларды таңдайды.

Аталған мамандардың білімін инновациялық жобаларда қолданбау.

Іс-шаралар:

уәкілетті органды бос жұмыс орындары туралы хабардар ету;

"Болашақ" түлектерін ӘКК-ге жіберу үшін сұрау салу.


2)

Ішкі тәуекелдер



ӘКК үшін корпоративтік рейтингін айқындау кезінде төмен баға алу тәуекелі ӘКК-ден білікті кадрлардың кету тәуекелі

Әртүрлі агенттіктерде корпоративтік рейтингті айқындауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар әртүрлі.

Мансаптық өсу және еңбекақы үшін өз бастамашылығын көрсетуі.

Анағұрлым жоғары бағамен қайта рейтинг алу жөніндегі шығыстарды арттыру.

Кадр резервін ауыстыру, жобаларды ұйымдастыру жөніндегі процестердің баяулауы.

Тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар:

осы Стратегияда көзделген мақсаттар мен міндеттердің аясында ӘКК корпоративтік басқару рейтингінің ең жоғары бағасын алғанға дейін корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды болжайды.

Агенттіктің осы рейтингті беру жөніндегі ескертулерін жою жөнінде жыл сайын мына бағытта жұмыс жүргізу:

басқарма және директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін арттыру;

басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру;

менеджментті бағалау және сыйақы беру жүйесін дамыту;

кадр резервін құру;

ӘКК қызметінің ашықтығын арттыру.

Корпоративтік басқару қағидатын сақтау ӘКК-ге ӘКК-нің акционерлері, директорлар кеңесі және атқарушы органы арасында өзара қарым-қатынас және жауапкершілік деңгейін нақты айқындауға, сондай-ақ еншілес ұйымдармен сындарлы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Кадр тұрақтамаушылығының жоғары деңгейі стратегиялық жоспарлаудың кейбір аспектілерінің олқылығына әкеліп соғуы мүмкін.

Баламалы іс-шаралар:

жоғары білікті қызметкерлер үшін еңбекақы төлеуді арттыру мақсатында ЕҚК (еңбекке қатысу коэффициенті) ұлғайту туралы мәселені қарау;

ӘКК-ге "Болашақ" бағдарламасының түлектерін және шетелдік оқу орындарының түлектерін тарту; кадр тұрақтамаушылығын төмендету:

кадр резервін құру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу. Моральдық және материалдық ынталандыруларды енгізу.