"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі.";
      14-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне мемлекеттік статистика саласында, оның ішінде респонденттер ұсынатын статистикалық деректердің және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов