"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 және «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
(бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және  мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 862 қаулысымен  
бекітілген     

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы 1. Бағдарлама паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

Бағдарламаның         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
атауы

Әзірлеуге             Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
негіздеме             21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің
                      аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға
                      дейінгі болжамды схемасы;
                      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
                      28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге
                      қалаймыз!» атты Жолдауы;
                      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
                      18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген
                      Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы
                      «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты
                      Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
                      жалпыұлттық іс-шаралар жоспары.

Бағдарламаны          Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
әзірлеуге             сауда министрлігі
және жауапты
іске асыруға
мемлекеттік
орган

Бағдарламаның         Өңірлердің перспективада өзекті
мақсаты               әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу

Бағдарламаның         1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын
міндеттері            шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын
                      анықтау және оларды жою үшін жергілікті
                      атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді
                      тетігін әзірлеу;
                      2. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың
                      экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды
                      кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық
                      қолдау.

Іске асыру            1-кезең – 2011-2012 жылдар (пилоттық)
мерзімі               2-кезең – 2013-2020 жылдар

Нысаналы              2015 жылға қарай:
индикаторлар

                      ЖӨӨ-ның нақты мәнде алдыңғы жылға өсуін
                      қамтамасыз ету:

                      Облыс/қала     2011  2012  2013  2014  2015
                      Ақмола         108,2 107,4 107,2 108,5 107,2
                      Ақтөбе         108,1 108,3 108,7 107,4 105,8
                      Алматы         105,8 105,8 106,0 106,1 106,4
                      Атырау         103,2 103,8 103,0 107,2 111,6
                      Батыс          106,1 105,6 104,0 104,6 104,4
                      Қазақстан
                      Жамбыл         108,8 106,6 106,4 106,9 105,7
                      Қарағанды      106,4 106,0 105,2 105,3 106,5
                      Қостанай       105,8 107,0 106,7 106,9 108,2
                      Қызылорда      104,1 105,2 104,3 105,5 105,4
                      Маңғыстау      106,1 105,7 106,9 107,0 107,9
                      Оңтүстік       108,1 108,1 108,0 109,2 109,7
                      Қазақстан
                      Павлодар       106,0 105,7 105,1 104,9 105,8
                      Солтүстік      107,0 105,6 105,6 106,1 104,6
                      Қазақстан
                      Шығыс          108,0 106,9 106,7 108,0 107,4
                      Қазақстан
                      Астана қаласы  108,5 108,1 106,8 107,0 106,1
                      Алматы қаласы  108,2 108,8 108,4 107,9 107,1
 
                      Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты
                      көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне
                      ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;
                      өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық
                      индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын
                      инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін
                      кемінде 0,70 мәніне дейін жақсарту;
                      өзін өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің
                      санын 19,0 пайызға (2009 жылғы деңгейге
                      шаққанда) азайту;
                      2020 жылға қарай:
                      Бағдарлама шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты
                      көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне
                      ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;
                      өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық
                      индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын
                      инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кем
                      дегенде 0,75 мәніне дейін жақсарту;
                      өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің
                      санын 38,5 пайызға (2009 жылғы деңгейге
                      шаққанда) азайту;
                      дамыған инженерлік-көліктік және өнеркәсіптік
                      инфрақұрылымы бар, маятникті көші-қоны орнықты
                      және жұмыспен қамтылуы тиімді, халқының жалпы
                      саны 5,3 млн. адам болатын агломерация құру.

Қаржыландыру            Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және
көздері мен           жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ
көлемі                Қазақстан Республикасында заңнамасында тыйым
                      салынбаған басқа да көздер есебінен және
                      шегінде жүзеге асырылатын болады.
                      Бағдарламаны республикалық бюджеттен
                      қаржыландыру көлемі:
                        2011 жылы – 176,5 млн. теңгені,
                        2012 жылы – 1 050,0** млн. теңгені,
                        2013 жылы – 14 000,0** млн. теңгені,
                        2014 жылы – 15 000,0** млн. теңгені құрайды.
                        Жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру
                      көлемі республикалық бюджеттен Бағдарлама
                      шеңберінде іске асырылатын инвестициялық
                      жобаларға бағытталатын қаражат көлемі
                      айқындалғаннан кейін анықталатын болады.
                        2015 – 2020 жылдарға – _______ **.
                        **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының
                      заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына
                      арналған республикалық және жергілікті
                      бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде
                      анықталатын болады.

2. Кіріспе

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)       Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленген.
      Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының маңызды бөлігі жаңа өңірлік саясат болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар, яғни агломерациялардың (Астана мен Алматы қалалары) және елдің батысындағы (Атырау, Маңғыстау облыстары) экономикалық өсудің шикізат орталықтарының үдемелі өсуінен айқын көрінеді. 2009 жылы он алты өңірдің төртеуі (республикалық маңызы бар қалалар Алматы, Астана және Атырау және Қарағанды облыстары) елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын (47,2%) қамтамасыз етті. Дәл осы өңірлерде негізгі инвестициялар мен экономиканың басқа да ресурстары шоғырланған.
      Басқа жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың (мысалы, моно-қалалар, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ) ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына алып келді және қоғамда қиын әлеуметтік үдерістерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.
      Алайда, елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан үдерістерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрыңғы тәсілдер сақталуда. Мәселен, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау, практикасы жалғасуда.
      Мемлекет ресурстарын өңірлердегі іс жүзінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі.
      Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгіленген негізгі басымдықтарға тікелей байланысты. Бағдарламаның іс-шаралары мен жобалары жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға, экономиканың барлық салаларына қазіргі заманғы инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде өңірлерде әлеуметтік-рекреациялық сала объектілерін, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт, саябақ аймақтарын және басқаларды салу және қайта жаңғырту бойынша жобалар («Жұмыспен қамту 2020», «Өнімділік 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ-Бұлақ» салалық бағдарламалары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы) қарастырылады.
      Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды мыналар жүзеге асырады:
      Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары (бұдан әрі – Бағдарламаның үйлестірушілер);
      Уәкiлеттi орган – Бағдарламаны iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi (бұдан әрi – Уәкiлеттi орган);
      Жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бағдарламаны iске асыруды жүзеге асыратын Өңірлік даму комитеті (бұдан әрi – Жұмыс органы);
      Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық кеңесші орган;
      Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

      Елде үдемелі индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру бағытына бет алуы «экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жоспарларымен» тікелей байланысты. Республиканың өңірлік дамуына жаңа серпін беру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында да ерекше айтылған, онда «индустриялизация өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын құрайды» делінген.
      Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты өңірлердің ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту, еңбек пен капитал ресурстарының экономикалық өсу орталықтарында (аумақтық) шоғырлануы, республика тұрғындарының өңірлік жұмыспен қамтылуын және өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай мен факторлар қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.
      Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі өңірлерде халыққа тұрақты және тиімді жұмыс орындарын құратын өнеркәсіптерді құру және іске қосу үшін өңірдің (табиғи, шикізат, еңбек, инфрақұрылым) әлеуетін қолдану дәрежесімен және тиімділігімен анықталады. Өңірлер бір-бірінен өз әлеуеті арқылы әр түрлі болатындықтан, әр өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясаты да әр түрлі болады.
      Өңір жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кәсіпорындарда олардың бәсекеге қабілеттілігін іске асыруға және арттыруға жағдай жасай алғанда ғана бәсекеге кабілетті бола алады. Оның үстіне, өңір тек кәсіпорындар үшін ғана емес, сонымен қатар ең маңызды ресурстарының бірі болып табылатын жергілікті халыққа да тартымды болуы тиіс.
      Жергілікті атқарушы органдарының өңірдегі іскерлік және инвестициялық ахуалға әсер ететін ең шешуші міндеттерінің бірі инфрақұрылымды дамыту мен қолдау және соның негізінде жекелеген кәсіпорындар мен өндірістердегі орын алған шектеулерді алып тастау болып табылады. Сонымен қатар, аумақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторларға қоршаған ортаның тартымдылығы мен қолайлы экологиялық жағдай да жатады.
      Жаңа өңірлік саясаттың тағы бір маңызды бағыты өңірлік аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру болып табылады, ол ұлттық экономиканың экономикалық өсуінің ең маңызды орталықтары болып табылатын урбанизациялануы үдерістері мен агломерациялардың дамуын ынталандыруды және реттеуді, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтиды.
      Қазіргі уақытта Қазақстандағы ірі агломерациялық орталықтар Алматы және Астана болып табылады. Жылдам өсуші агломерация елдің оңтүстігінде Шымкент қаласының айналасында қалыптасуда. Республиканың батысында орталығы Ақтөбе қаласындағы агломерация перспективалы болып табылады.
      «Екінші деңгейдегі» қалаларда да халықтың шоғырлануының өсуі (ауыл тұрғындары мен қалалар тұрғындарының ағыны есебінен, бірақ агломерацияларға қарағанда аз қарқынмен) және қала маңы аймағын дамыту жоспарлануда. Перспективалы индустриялық дамыту есебінен келешекте оларды бәсекелестік басымдығы бар бейінді қызмет түрлеріне мамандандыру күшейеді. Қалалардың осы топтарының дамуын мемлекеттік қолдау экономикалық өсу орталықтары рөліне үміткерлердің екінші құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      Жаңа өңірлік саясат міндеттерінің бірі даму әлеуеті жоғары қалаларды және ірі АЕМ-ді дамыту және қолдау болып табылады. Осыған байланысты келешекте барлық деңгейдегі қоныстар олардың даму перспективасының мәніне кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді.
      Жаңа өңірлік саясатты іске асыру бара-бар және пәрменді, оның ішінде қаржы құралдарын талап ететінін атап өту қажет.
      Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де сондай-ақ реципиенттерді де) ынталандырмайды. Осы жағдай көбінесе трансферттерді (жалпы сипаттағы трансферттерді қоспағанда) есептеудің бірыңғай жүйесінің және нысаналы трансферттерді қалыптастырудағы айқын басымдықтардың болмауынан қалыптасты.
      Әлемдік тәжірибеде өңірлік саясатты іске асырудың маңызды қаржы құралдары: құрылымдық қорлар (Еуропалық Қоғамдастықта белсенді қолданылады), инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары (Канада), өңірлік/муниципиалдық дамыту қорлары (Ресей Федерациясын, Бразилияны, Үндістанды, Латвияны қоса алғанда 50-ден астам ел) болып табылады. Бұл қорлар, атап айтқанда ЕО құрылымдық қорлары, ұзақ мерзімді перспективада олардың табыстылығын ұлғайту үшін бәсекеге қабілеттілік пен өңірлік экономикалардың өнімділігін арттырудың негізгі құралдары болып табылады.
      Шет елдерде мемлекеттің қамқорлығымен құрылған жоғарыда көрсетілген қорлар мен бағдарламалар инфрақұрылымға, адами капиталға инвестицияларды, инновациялық мүмкіндіктерді іске асыру мен өңірлердегі қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуды қолдайды. Бұл ретте, қаржыландырудың: мемлекет пен өңірлік билік арасындағы бірнеше жылға арналған келісімшарттар (Франция, Германия); Еуропалық Одақтың гранттары мен қоса қаржыландыруы; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (Ресей) сияқты түрлі схемалары қолданылуда.
      Осындай қорлардың қызметі негізінде қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру үшін осыған ұқсас құралдарды әзірлеу мен қолдануды өзекті етеді.
      Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының бюджеттік практикасына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы сияқты арнайы қаржылық құралды енгізу ұсынылады, ол өсу әлеуеті мен жоғары экономикалық белсенділігі бар аумақтарды қолдауға бағытталатын болады. Бұл «тар жерлерді» айқындауға және даму әлеуеті бар өңірлерді одан әрі дамытуға қарқын беруге мүмкіндік береді. Осындай өңірлер өз ерекшелігіне байланысты осы құралды пайдаланудан ең үлкен жиынтық мультипликативті әсер бере алады. Түпкі нәтижесінде өңірлердің перспективада әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді, өңірлік даму мен өсу әлеуетін жандандыру бойынша жергілікті бастамаларды қаржылық қолдауды көздейтін бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары өңірлер арасындағы дамуда диспропорцияның азаюына әкеледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлеу бойынша тапсырма берілді.
      Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдарының толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық құқықтық, ұйымдық және экономикалық база жасалғанын атап көрсету қажет. Алайда, жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі көп жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті заңдардың барлық кешенінің бар болуына ғана емес, сондай-ақ халықтың өзінің жергілікті өзін-өзі басқаруға іс жүзінде және тікелей қатысуына да, яғни халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын іс жүзіндегі (нақты) іске асыру қабілетіне де байланысты.
      Осы тұрғыдан алғанда, Бағдарламада ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауыл халқының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды (іс-шараларды) айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықтың өзін тарту көзделеді.
      Бұл ретте, қаржылық көмек тек (Ауыл шаруашылығы, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтау бойынша критерийлерге сәйкес) оң демографиялық үрдісі мен даму жағынан экономикалық әлеуеті бар ауылдарға (селоларға) берілетінін атап көрсету қажет.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері 1. Бағдарламаның мақсаты

      Өңірлердің перспективада өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу.

2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

      2015 жылға қарай:
      ЖӨӨ-ның нақты мәнде алдыңғы жылға өсуін қамтамасыз ету: 

Облыс/қала

2011

2012

2013

2014

2015

Ақмола

108,2

107,4

107,2

108,5

107,2

Ақтөбе

108,1

108,3

108,7

107,4

105,8

Алматы

105,8

105,8

106,0

106,1

106,4

Атырау

103,2

103,8

103,0

107,2

111,6

Батыс Қазақстан

106,1

105,6

104,0

104,6

104,4

Жамбыл

108,8

106,6

106,4

106,9

105,7

Қарағанды

106,4

106,0

105,2

105,3

106,5

Қостанай

105,8

107,0

106,7

106,9

108,2

Қызылорда

104,1

105,2

104,3

105,5

105,4

Маңғыстау

106,1

105,7

106,9

107,0

107,9

Оңтүстік Қазақстан

108,1

108,1

108,0

109,2

109,7

Павлодар

106,0

105,7

105,1

104,9

105,8

Солтүстік Қазақстан

107,0

105,6

105,6

106,1

104,6

Шығыс Қазақстан

108,0

106,9

106,7

108,0

107,4

Астана қаласы

108,5

108,1

106,8

107,0

106,1

Алматы қаласы

108,2

108,8

108,4

107,9

107,1

      Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;
      өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кемінде 0,70 мәніне дейін жақсарту;
      өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 19 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;
      2020 жылға қарай:
      Бағдарлама шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;
      өңірлердің бәсекеге қабілеттігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кем дегенде 0,75 мәніне дейін жақсарту;
      өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 38,5 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;
      дамыған инженерлік-көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар, маятникті көші-қоны орнықты және жұмыспен қамтылуы тиімді халқының жалпы саны 5,3 млн. адам болатын агломерация құру.

3. Міндеттер

      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

      Бағдарламаның алдағы онжылдық кезеңге арналған мақсаттарын негізге ала отырып, оны іске асыру мынадай екі негізгі міндет бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу.
      2. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.
      Бұл ретте, Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең (2011 – 2012 жылдар) қолда бар резервтер мен пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтай отырып өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуды перспективалы талдау көзделетін пилоттық болып табылады. Осы кезеңде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлерді перспективалы дамыту жөніндегі іс-қимылдарының нақты тетіктеріде әзірленетін болады.
      Екінші кезеңде (2013-2020) Бағдарламаны толық ауқымда іске асыру жүзеге асырылатын болады, оның шеңберінде осы Бағдарламада белгіленген тәртіппен өңірлерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық бағдарламалар іріктеліп, іске асырылатын болады. Екінші кезеңде де ұлттық компаниялар аумақтар мүддесі іске асырылатын мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларын үйлестіру көзделген.
      1-міндет. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу;
      Осы міндетті іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) айналымға қолда бар резервтер (оның ішінде қаржылай) мен пайдаланылмаған шаруашылық активтерін (оның ішінде айналымнан шығарылған, тұрып қалған өндірістер және ауыл шаруашылығы алқаптары) тарту жолымен өңірлердің экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету;
      2) жұмыс істеп жатқан өндірістерді кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін әкімдіктердің жанынан Инвесторлардың өңірлік кеңесін құру жолымен өңірлерді перспективалы әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешу үшін отандық және шетелді инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу. Бұл ретте, осы міндеттерді шешу бойынша облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің қызметін бағалау үшін жобалар санының ұлғаюы, тартылған инвестициялардың сомасы, өңірлерде іске асырылып жатқан жобалардың жобалық қуатына шығуы сияқты көрсеткіштер ескерілетін болады;
      3) инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау (жоғары технологиялық өндірістерді, мысалы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы сияқты шағын инновациялық компанияларды дамыту);
      4) өңір экономикасының барлық салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (әкімшілік рәсімдерді, рұқсат беру жүйесін және басқаларды жеңілдету);
      5) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлердегі ірі жүйе құраушы (мысалы, аграрлық компанияларға, шикізат өндіруші компаниялар және басқалар) кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді экономикалық бақылауы;
      6) өңір экономикасының барлық салаларында энергия, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу және энергияның балама көздерін қолдану;
      7) республика қалаларының айналасында азық-түлік белдеулерін құру.
      2-міндет. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.
      Екінші міндет мына екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау;
      2) Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына ықпал ету.
      Бірінші бағыт агломерацияларды реттелетін дамуы мен тұтастай елдегі урбандалу үдерістері, сондай-ақ ішкі көші-қон ағымдарын реттеу арқылы ұтымды аумақтық ұйымдастыруды және тиімді таратып орналастыру жүйесін қалыптастыру аспектілеріне көбірек бағытталған. Екінші бағыт өңірлердің бәсекеге қабілеттілік әлеуетін жандандыру бойынша міндеттерге тікелей байланысты.
      Бағдарламаның қаражаттары есебінен қаржылық қолдаудағы басымдық жылдам өсуші және перспективалы, яғни экономикалық дамудың үлкен әлеуеті бар, сондай-ақ халық санының тұрақты өсуіне ие іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларға (бұдан әрі – БИЖ) берілетін болады. Өңірлердің перспективалылығын 2011 жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы қалалардың, аудандар мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын зерттеу нәтижелерінің негізінде Уәкілетті органның ұсынысы бойынша ВАК айқындайтын болады.
      Көрсетілген екі бағыт бойынша қаржыландыру көлемін Уәкілетті орган тең үлесте анықтайды. Бұл ретте, бір бағыт бойынша өтінімдердің жетіспеушілігі мен басқасы бойынша ең үлкен қажеттілік болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағыттары арасында қаражат жедел қайта бөлінуі мүмкін.
      Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын БИЖ-дың құны 10,0 млрд. (он миллиард) теңгеден аспауы тиіс, іске асыру кезеңі 3 жылдан аспауы тиіс («Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына жәрдемдесу» деген 2-бағыттың «Өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік тетігін енгізу» 3-басымдығын қоспағанда).
      Қаражатты бөлу (жобаларды қаржыландыру) өтінілген республикалық және/немесе өңірлік басымдықтарға сәйкес, конкурстық негізде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес қаржыландыру принциптерінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының тиісті жылға шығыстық міндеттемелері көзделген жобаларды іске асыруға ұсынылмауы мүмкін.
      Бірінші бағыт:
      Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау.
      Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу елді мекендердің (аумақтардың) мынадай санаттары үшін жүзеге асырылады:
      1. Агломерациялар1.
      2. «Екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары).
      3. Даму әлеуеті жоғары қалалар мен ірі АЕМ.
      4. Шекара маңындағы аумақтар (жобаларды қарау жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын есепке ала отырып, 2011 жылдан кейін жүзеге асырылатын болады).
__________________
1Жинақы орналасу, тек қана кеңістіктік мағынада ғана емес, сондай-ақ дамыған өнеркәсіптік, мәдени, рекреациялық байланыстарға ие біріккен қоныстарды топтастыру.
 
       «Өсу полюстері» саясатының контекстінде Қазақстан үшін инновациялық өндірістерді қалыптастыру мен дамыту үшін ғылыми, зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие агломерациялардың дамуын қолдау барынша өзекті міндеті болып табылады. Сондықтан агломерациялардың дамуын қолдау жөніндегі міндеттер басым және бөлінетін қаражаттың үлкен көлемін талап етеді.
      Елді мекендердің жоғарыда көрсетілген санаттарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін кешенді шешуге бағытталған БИЖ-ді іске асыруда мынадай басымдықтар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.
      1-басымдық. Көліктік қол жетімділікті арттыру және халықтың «маятникті» еңбек көші-қоны мен тиімді жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау.
      Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарында іске асырылатын БИЖ жатады:
      1) халықтың «маятникті» еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін агломерациялық құрылымдар ішінде жол желілерін дамыту бойынша;
      2) облыс ішілік көлік коммуникацияларын салу мен жаңғырту бойынша.
      2-басымдық. Коммуналдық-инженерлік (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері) және әлеуметтік-рекреациялық (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) инфрақұрылымдарды дамыту.
      Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарындағы коммуналдық-инженерлік объектілері (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен қамтамасыз ету жүйелері) мен әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымын (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) салу мен қайта құру бойынша БИЖ жатады.
      Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Жұмыс органы қарауы кезінде агломерацияларға, екінші деңгейдегі қалаларға, қалалар мен ірі АЕМ-ге көліктің қол жетімділігін арттыруға және оларда коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1 және 2-басымдықтар бойынша мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;
      жүру уақытын қысқартуда;
      қозғалыс жылдамдығын ұлғайтуда;
      коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруда;
      жұмыссыздық деңгейін төмендетуде көрсетілген жиынтық мөлшері.
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      3-басымдық. Қалалардағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту.
      3-басымдық бойынша қаражатты бөлу қалаларда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін жоғарылату бойынша іске асырылатын, оның ішінде:
      қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;
      суды кешенді тазалау бойынша;
      атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша;
      салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.
      Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Жұмыс органының қарауы кезінде 3-басымдық бойынша жобаға жоғары баға мынадай өлшемдер негізге алына отырып артықшылық берілетін болады:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:
      бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;
      атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету пайызы;
      ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;
      қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
      энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;
      өнім өндіру көлемінің өсімі;
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы.
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      4-басымдық. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту.
      Аталған басымдық бойынша қаражат бөлу шекара маңындағы аумақтарда іске асырылатын БИЖ-ге бағытталатын болады.
      Бағдарлама шеңберінде:
      көлік инфрақұрылымын дамытуға;
      әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілерін) жақсартуға;
      бизнес-жоспарларды іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылымды (су құбыры, кәріз, газбен-, жылумен-, электрмен жабдықтау, ирригациялық жүйелер) жүргізуге;
      сауда-сатып алу қызметін дамыту үшін инфрақұрылым құруға қолдау көрсетілетін БИЖ.
      Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Жұмыс органы қараған кезде 4-басымдық бойынша жобаға мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:
      шекара маңындағы аудандарда құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санында;
      шекара маңындағы аудандағы халық санының өсімінде/тұрақтандыруда;
      өндіріс көлемінің (ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, қызметтер) өсімінде;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрсетілген жиынтық мөлшері.
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      Екінші бағыт:
      Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамытуға жәрдемдесу.
      Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі оның аумағындағы экономикалық құрылымдар мен қоныстандыру құрылымдарын қалыптастыру үшін жағдай жасайтын оның сипаттамаларының физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жиынтықтары ретінде түсіндіріледі. Өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар мыналар: табиғи ресурстардың, білікті мамандардың, дамыған инфрақұрылымның, институционалдық дамудың деңгейінің (мемлекеттің бизнесті дамыту үшін жасайтын жағдайларының) және басқаларының бар болуы. Республиканың индустриялық-инновациялық даму жағдайында бірінші орынға зерттеулер мен технологиялық даму салаларында өңірлердің әлеуетін, инновацияны енгізуші кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз етуді нығайту бойынша мәселелер шығады.
      Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті және өңірлердің экономикалық дамуын арттыру мақсатында Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытының басымдықтары мыналарға байланысты болады:
      1) туризм саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешеннің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша) өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және өңірлерде инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті ынталандыру;
      2) энергияның балама көздерінің инфрақұрылымын дамыту;
      3) өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігін енгізу;
      4) жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
      1-басымдық. Туризм және кәсіпкерлікті қолдау саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенінің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде, өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде, көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен, қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуді құру бойынша) өңірлік жобалары үшін өңірлерде инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.
      1-басымдықтың шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетуде тез өсетін және перспективалы, яғни даму әлеуеті жоғары, сондай-ақ халық санының өсуі тұрақты өңірлерде іске асырылатын БИЖ-ге артықшылық берілетін болады. Аталған өңірлерде жобаларды іске асыру республика үшін барынша мультипликативті тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға перспективалы бизнес жобаларды, сонымен қатар ескірген өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар аймақтарды конверсиялау бойынша БИЖ-ді іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырын, темір жолдың тұйық жерлерін, шағын электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және қайта жаңғырту) салу және жүргізу бойынша БИЖ жатады.
      Инфрақұрылымды салу мен жүргізу бірнеше бизнес-жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым салу және жүргізу бойынша БИЖ-ді қарау кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып жобаларға артықшылық беріледі:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің, олар:
      өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында көрініс тапқан мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      2-басымдық. Баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту.
      2-бағыт бойынша қаражат бөлу шалғай АЕМ-дерде және туристік рекреациялық әлеуеті бар жерлерде іске асырылатын БИЖ-дерге бағытталатын болады (баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту).
      Бағдарлама шеңберінде
      мыналар:
      1) коммуналдық және өндірістік мақсаттарға электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында фермерлік шаруашылықтар (қолданыстағы және жаңадан құрылатын);
      2) шалғайдағы энергиямен жабдықтаудың негізгі және/немесе резервті көздері ретінде АЕМ;
      3) вахта (уақытша) кенттері;
      4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар алыс жерлер, үшін жаңартылатын энергия көздерінің бір түрінен көп энергия өндірісі үшін пайдаланылатын гибридті қондырғыларды қоса алғанда, бастапқы жаңартылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн және басқа да энергиясы) электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін қондығылар сатып алу мен монтаждауға (қоса қаржыландыру түрінде көмек) қолдау көрсетілетін БИЖ.
      Жұмыс органының жергілікті атқарушы органдардың 2-бағыт бойынша БИЖ-ді қарауы кезінде мынадай өлшемдерді негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің:
      өңірде құрылған тұрақты /уақытша жұмыс орындарының санында;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;
      өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрініс тапқан мөлшері;
      2) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі;
      3-басымдық.
      МЖӘ тетігін өңірлерде енгізу.
      1. МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету.
      МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету қызметтерін жобалар бойынша концессиялық ұсыныстар және қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖӘ жобаларын іске асыруға жергілікті бюджеттер қатысуының қаржылық даярлығы болғанда (мүмкіндігі) экономикалық өсу орталықтары (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) көрсетеді.
      Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың және МЖӘ саласындағы бизнес-ортаның білім әлеуеті көтеріледі.
      2011 жылы Бағдарлама шеңберінде өңірлерде МЖӘ жобаларын дайындау кезінде консультативтік көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
      2. МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру мүмкіндігі.
      МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) әлеуметтік (білім беру және денсаулық сақтау) және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылым (сумен, жылумен, газбен, кәрізбен қамтамасыз ету жүйесі) объектілерінің құрылысы саласы бойынша көрсетіледі.
      МЖӘ жобаларын қаржыландыру тетігі құрылыс салу сатысында жобаларды қоса қаржыландыруға негізделеді.
      Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық жобаларды іріктеу тетігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Әлемдік тәжірибеге сәйкес МЖӘ сипаттайтын негізгі элементтердің бірі жобаларды мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады.
      Қазіргі уақытта қызметті қолдау мақсатында концессионерге мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін, оның ішінде:
      1) құрылыс салу сатысында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      2) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
      3) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде онда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.
      Жұмыс органының жергілікті атқарушы органдар ұсынған МЖӘ жобаларын қарауы кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:
      1) жобаны экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерацияларда, екінші деңгейдегі қалаларда, қалалар және әлеуеті жоғары ірі АЕМ-де) іске асыру;
      2) мемлекеттік және жеке қаржы көздері арасындағы қоса қаржыландыру арақатынасы;
      3) елді мекеннің әлеуметтік және коммуналдық–тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу дәрежесі (тапшылық және/немесе тозуының жоғары болуы);
      4) өңірде құрылған тұрақты /уақытша жұмыс орындарының саны;
      5) мемлекеттік бюджетке жүктемені қысқарту;
      6) жаңа технологиялар енгізу және қызметтердің тұтынушының қажеттіліктеріне барынша нақты бағытталуы;
      7) жобаны іске асыру мерзімін қысқарту;
      8) тәуекелдердің бір бөлігін жеке секторға беру;
      9) қызметтерге тариф деңгейі.
      4-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
      Осы басымдық шеңберінде жобаларды (іс-шараларды) іске асыру экономикалық әлеуеті жоғары және орташа ауылдарда (селоларда) ғана жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде іске асырылатын жобаларды (іс-шараларды) анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықты тарту жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл (село) әкімдері оларда ұсыныстар талқыланатын және бірінші кезектілігіне, өзектілігіне негізделе отырып жобаларды (іс-шараларды) іріктеу бойынша (іс-шараларды (жобаларды) «төменнен жоғарыға» іріктеу қағидаты) шешімдер қабылданатын жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстарын (жиындарын) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      коммуналдық шаруашылық бойынша 2012 жылы: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыстарды әкету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      2013 – 2014 жылдары:
      1) күрделі және ағымдағы жөндеу: білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін;
      2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қалдықтарды әкету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орта және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;
      4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық ғимараттарын қалпына келтіру;
      5) өзге де: телефон орнату, Интернет.

4. Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы

      Ескерту. 4-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

4.1. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығын қоспағанда, Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы

      1. Аудандардың және қалалардың әкімдері облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне инвестициялық ұсыныстарды жібереді, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттарды қоса отырып, инвестициялық ұсыныстардың тізімдерін қалыптастырады және Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      2. Бағдарламаның Үйлестірушісі:
      1) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген инвестициялық ұсыныстарды қарайды және аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған инвестициялық ұсыныстар бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытынды жібереді.
      3. Жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде инвестициялық ұсыныстардың Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының мақсаттары мен міндеттеріне және Бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін қарайды және олар бойынша Бағдарламаның Үйлестірушісіне қорытынды жібереді.
      4. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының инвестициялық ұсыныстарға оң қорытындысын алғаннан кейін БИЖ-дің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдар әрі - ТЭН) әзірлеуге және қажетті сараптамалар жүргізуге қаражат бөлу жөніндегі қорытындыны қалыптастырады және бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      5. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған инвестициялық ұсыныстар бойынша аудандардың және қалалардың әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ТЭН әзірлейді және тиісті сараптамалар жүргізеді және экономикалық қорытындыны алу үшін Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      6. Бағдарламаның Үйлестірушісі:
      1) БИЖ-дің ТЭН-ін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамаларды қарайды және аудандардың және қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытындыны жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған БИЖ бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытындыны жібереді.
      7. Жұмыс органы:
      1) ТЭН және БИЖ ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстарды тиісті орталық мемлекеттік органдарға салалық сараптама дайындау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса жібереді;
      2) оң сараптамаларды ескере отырып, БИЖ тізбесін қалыптастырады және Уәкiлеттi органның қарауына жібереді.
      8. Уәкiлеттi орган БИЖ тізбесін ВАК қарауына енгізеді.
      9. ВАК:
      1) БИЖ тізбесін мақұлдайды;
      2) бағыттар бойынша Бағдарламаны қаржыландыру лимиттерін келіседі;
      3) шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
      10. ВАК-тың оң қорытындысы жобаларды Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне қосу үшін негіз болып табылады.
      11. Жұмыс органы ВАК шешімін Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      12. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынады.

4.2. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы

      1. Қаржыландыру лимитін бөлу:
      1.1. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әр облыстың ВАК мақұлдайтын қаржыландыру лимитін ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ өңірдің ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санына байланысты айқындайды.
      1.2. Облыс әкімі қаржыландыру лимитін ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санын байланысты әр ауданға жеткізеді.
      1.3. Аудан әкімі қаржыландыру лимитін даму әлеуеті жоғары және орта әр ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санына байланысты әрбір ауылдық (селолық) округке жеткізеді.
      Бұл ретте, аудан әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдарды (селоларды) алып тастайды және оны даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық (селолық) округтарға және ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарға (селоларға) қайта бөледі.
      1.4. Ауылдық (селолық) округтың әкімі округтың барлық ауылдарына (селоларына) есептелген қаржы көлемін тек даму әлеуеті жоғары және орта ауылдарға (селоларға) бөледі және қайта бөледі.
      2. Іріктеу рәсімі:
      2.1. Ауыл (село) тұрғындарының жиынында ауылдық (селолық) округ әкімі жеткізген қаржы көлемінің шеңберінде жобалар (іс-шаралар) анықталады және тұрғындар жиынының хаттамасымен ресімделеді.
      2.2. Мақұлданған жобалар бойынша ұсыныс (тұрғындар жиынының шешімі) ауылдық (селолық) округтің әкіміне түседі.
      2.3. Ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдың (селоның) әкімі мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныстарды (тұрғындар жиынының шешімін) аудан әкімдігіне жібереді.
      2.4. Аудан әкімдігі бағыттарды ескере отырып ұсынылған Жобалар (іс-шаралар) тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттармен қоса Бағдарламаның Үйлестірушісіне жолдайды.
      2.5. Бағдарламаның Үйлестірушісі жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады.
      2.6. Бағдарламаның Үйлестірушісі жобаларға (іс-шараларға) берілген қорытындылардың нәтижесін аудан әкімдігіне жолдайды.
      Өз кезегінде аудан әкімдігі Бағдарлама Үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық (селолық) округтардың, ауылдардың (селолардың) әкімдеріне жібереді.
      Ауылдық (селолық) окугтардың, ауылдық (селолық) округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) әкімдері тұрғындардың жиынында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген жобалар (іс-шаралар) туралы ақпарат жеткізеді.
      2.7. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының қарауына қажетті құжаттар пакетін және іріктеліп алынған жобалар (іс-шаралар) бойынша оң қорытындыны жібереді.
      2.8. Жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде жобаларды (іс-шараларды) Бағдарламаның басымдығына сәйкестігін қарайды және олар бойынша қорытындыны жібереді.
      2.9. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының жобаларға (іс-шараларға) берген қорытындыларының нәтижелерін аудан әкімдігіне жібереді.
      Өз кезегінде аудан әкімдігі Жұмыс органының қорытындысын ауылдық (селолық) округтардың, ауылдардың (селолардың) әкімдеріне жібереді.
      Ауылдық (селолық) округтардың, ауылдық (селолық) округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) әкімдері тұрғындардың жиынында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген жобалар (іс-шаралар) туралы ақпаратты жеткізеді.
      3. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынады.

5. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өңірлік дамуға және өсу әлеуетін жандандыру жөніндегі өңірлік бастамаларды ілгерілетуге қаржылық қолдау көрсетуді ұлғайту көзделген.
      Бағдарламаның негізгі нәтижелері мыналар болады:
      1. Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жолымен өңірлерде экономикалық белсенділікті арттыру.
      2. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
      3. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, кеңістіктік дамуды қамтамасыз ету.
      4. Агломерациялар мен перспективалы қоныстарды дамытуды қолдау арқылы елдегі аумақтық шоғырлануды арттыру.
      5. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің деңгейі төмен және жоғары өңірлер арасындағы айырмашылықты 2009 жылғы 10 еседен 2020 жылы 8 есеге дейін азайту.
      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
      1-кезең – 2011 – 2012 жылдар – пилоттық болып табылады.
      Пилоттық жылы Бағдарламаның бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің шарттары, тетігі және тәртібі анықталатын болады, Бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай-ақ әлеуметтік сектор мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобаларын дайындау кезінде өңірлерге консультативтік көмек көрсетіледі.
      2-кезең – 2013 – 2010 жылдар.
      Бұл кезеңде өткен жылдары жиналған тәжірибені ескере отырып, өңірлерді дамыту бойынша толық ауқымда тиімді жұмыс жүзеге асырылатын болады.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Ескерту. 6-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі:
      2011 жылы – 176,5 млн. теңгені;
      2012 жылы – 1 050,0** млн. теңгені;
      2013 жылы – 14 000,0** млн. теңгені;
      2014 жылы – 15 000,0** млн. теңгені құрайды.
      Жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған қаражат көлемі айқындалғаннан кейін анықталатын болады.
      2015 – 2020 жылдарға - _______ **.
      **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде айқындалатын болады.

7. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Бағдарламаны іске асыру бойынша ұйымдастыру іс-шаралары

1.1.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобын құру

ЭДСМ-нің бұйрығы

ЭДСМ




1.2

«Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині




1.3.

Ағымдағы және болжанатын жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшін мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша жұмыс орындарын құру туралы ақпарат жинауды қамтамасыз ету

ЭДСМ-ге ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері




2. Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру және қолдау

2.1

Қазақстан Республикасы қалаларының, аудандарының және ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономика ық дамуы мен олардың одан әрі даму перспективасына зерттеу жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ, АШМ

2011 жылғы
қаңтар

2011 жыл – 161,0

Республикалық бюджет

2.2

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 № 1485 Қаулысымен.

2.3

Әлеуметтік сектор мен ТКШ-да жобаларды іске асыру үшін МЖС-тің жобаларын дайындау кезінде МЖС тетіктері бойынша өңірлерге консультативтік қызмет көмек көрсету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ

2012 жылғы 15 ақпан

2011 жыл – 15,5
2012 жыл – 50,0**

Республикалық бюджет

3. Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикалық дамуына жәрдемдесу

3.1

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қолдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 – 2020 жылдар

2012 жыл – 1 000,0** млн. теңге;
2013 жыл – 14 000,0** млн. теңге;
2014 жыл – 15 000,0** млн. теңге;
2015-2020 – **

Республикалық бюджет

3.2.

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге және жаңа жобаларды іске асыруға жеке бизнесті, шет елдік инвесторларды белсенді түрде тарту үшін әкімдіктер жанынан Инвесторлардың өңірлік кеңесін құру

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 жылғы 1 ақпан

Талап етілмейді


3.3.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оны дайындау және сақтауды ұйымдастыруға, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде, көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларының айналасында азық-түлік «белдеуін» дамыту бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

АШМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 1 ақпан, 1 тамыз

Талап етілмейді


3.4

Барлық өңірлерде қоқыс өңдейтін зауыттар салу үшін инвесторлар іздеу мақсатында өңірлерде жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемінің есебін жүргізу

ЭДСМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 1 ақпан, 1 тамыз

Талап етілмейді


3.5

Өңірлік, мемлекетаралық ынтымақтастықты және көлік дәліздерін әсіресе, интеграциялық келісімдер шеңберінде дамытуды, жандандыру, бойынша нақты ұсыныстар мен жобалар енгізу

ЭДСМ-ге ақпарат

ККМ, шекара маңы аумақтарының әкімдері

Жыл сайын 1 ақпан, 1 тамыз

Талап етілмейді


3.6.

Бағдарламаның тиісті бөлімдерін жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау жөніндегі шаралармен толықтыру бөлігінде түзету жолымен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ

2011 жылғы 10 қараша




Республикалық бюджеттен барлық қаражат




2011 жыл – 176,5 млн. теңге;
2012 жыл – 1 050,0** млн. теңге;
2013 жыл – 14 000,0** млн. теңге;
2014 жыл – 15 000,0** млн. теңге;
2015-2020 - **


Ескертпе:
      **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталатын болады.

аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ             – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                   сауда министрлігі;
Қаржымині        – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Еңбекмині        – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                   әлеуметтік қорғау министрлігі;
АШМ              – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі;
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрлігі;
ККМ              – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі;
«ЭЗИ» АҚ         – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік
                   қоғамы.