"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1258 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хайуанаттар бақтарының жануарлармен импорттық және экспорттық операциялар жасауды және оларды басқа да зоологиялық салалы мекемелермен ауыстыруды іске асырудың тәртібін бекітемін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 10 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 511 тіркелген) бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков