Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы N 1158 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырмалар беру, қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығару, сондай-ақ оларды атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
      Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.»;
      4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 169-құжат):
      11-тармақта «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы» деген сөздер алып тасталсын;
      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 N 156 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев