Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысы.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2023 № 1005 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.

      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.

      3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.

      4. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Негізгі міндеттер

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен.

      5. ЖҒТК-ның міндеттері:

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;

      2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау;

      3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;

      4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау;

      5) Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдары негізінде гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін бекіту;

      6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау;

      7) ғылым саласына шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау;

      8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      9) Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қарау болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2022 № 329 қаулысымен.

3-тарау. ЖҒТК құзыреті

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен.

      6. ЖҒТК-ның мынадай құқықтары бар:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелері жөнінде, мемлекеттік инновациялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру проблемалары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      3) ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс топтары мен секцияларды құру;

      4) мыналарды:

      ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және басқа салалық мемлекеттік органдарды орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын, ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге елдің әлеуетті мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Ғылым туралы ұлттық баяндамаға енгізілетін ұсыныстар туралы ұлттық және салалық академияларды;

      қызметтерінің нәтижелері және Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру, ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөнінде ұсынымдары және туралы Ұлттық ғылыми кеңестерді, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын тыңдау.

4-тарау. ЖҒТК жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен.

      7. ЖҒТК-ның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      8. Жұмыс органы ЖҒТК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ЖҒТК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар ЖҒТК отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса ЖҒТК мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      9. ЖҒТК отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы ЖҒТК мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. Ереже 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша) қабылданады және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      ЖҒТК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және дауыс беру парағына қоса берілуі тиiс.

      ЖҒТК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЖҒТК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      ЖҒТК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2021 № 603 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 846 қаулысымен.

      11. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЖҒТК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЖҒТК-нің жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 846 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия
туралы ережеге
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшеcінің дауыс беру парағы

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 846 қаулысымен.

      ___________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы/атағы

      отырыс №________ күні: ________


Мәселенің

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

ерекше пікір
(егер шешім қолдау тапса, толтырылмайды)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________________

      Қолы

      Ескертпе: Комиссия отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2023 № 1005 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.

      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

      8. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша).

      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

      10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі.

      12. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.

      13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

      14. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

      15. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

      16. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

      17. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

      18. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.

      19. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.

      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

      21. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

      22. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.

      23. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

      24. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      25. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).

      26. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).

      27. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      28. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      29. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).

      30. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      31. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).

      32. Здоровец Максим Владимирович – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).

      33. Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісу бойынша).

      34. Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша).

      35. Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      36. Пя Юрий Владимирович – "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      37. Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 сәуірдегі
N 429 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 57, 551-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1010 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 жылғы, № 11, 119-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 221-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 454-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 мамырдағы № 489 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 115-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 382-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1186 қаулысы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 16, 197-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 352-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 27-құжат).

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 619-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 390-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 325-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 260-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 168 қаулысы.