Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 526 қаулысымен.

      Бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және мемлекеттiк басқару органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның құрамы бекiтілсiн.

      3. Комиссияға бiлiм беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты үйлестiру жүктелсiн.

      4. Мыналардың:

      "ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 желтоқсандағы N 1077 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж, N 49, 720-құжат);

      "ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі Қазақстан Республикасы ұлттық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 наурыздағы N 266 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 7 тамыздағы
N 1210 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегі
ұлттық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың ЮНЕСКО-ның халықаралық және аймақтық бағдарламаларына қатысуын жүзеге асыратын, сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығымен және ЮНЕСКО органдарымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы ведомствоаралық консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, ЮНЕСКО-ның жарғысын және ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиялардың жарғысын, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.

      3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi; Комиссия қызметiне жалпы бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады. Комиссия өзiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын тартуға құқылы. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi. <*>

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 266 қаулысымен .

2. Комиссияның негiзгi функциялары

      4. Комиссияның басты мақсаты ЮНЕСКО-ның құзыретiндегi салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ халықтардың өзара түсiнiсуiне, бiлiм беру бағдарламаларын жетiлдiруге, мәдениеттiң сан алуандығын дамытуға және таратуға, мәдени мұраларды, дәстүрлi машықтар мен бiлiмдердi сақтауға және көбейтуге, ақпараттың еркiндiгiне жәрдемдесуге бағытталған ЮНЕСКО-нiң қызметiне қатысу арқылы адамдардың рухани келiсiмi мен топтасуына жәрдем көрсету болып табылады.

      Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ЮНЕСКО-ның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және жекелеген азаматтармен ынтымақтастық жасайды;

      2) талап етiлетiн интеллектуальдық, ғылыми, әкiмшiлiк және шығармашылық қолдау көрсетудi қамтамасыз ете отырып, ЮНЕСКО бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың қатысуына жәрдем көрсетедi;

      3) ЮНЕСКО-ның мақсаттары, бағдарламалары және қызметi туралы ақпарат таратады;

      4) халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығымен немесе олардың қолдау көрсетуiмен жүзеге асырылатын бiлiм беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

      5) уақытша немесе тұрақты негiзде ЮНЕСКО-да жұмыс iстеу үшiн үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарының, ЮНЕСКО-ның Хатшылығы мен оның органдарының арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етедi, сондай-ақ ұлттық комиссиялар үшiн көзделген ЮНЕСКО-ның тұрақты консультациялары мен кеңестерiне қатысады;

      7) ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi арқылы басқа да ұлттық комиссиялардың өкiлдiктерiмен және ЮНЕСКО-ның үкiметаралық органдарымен, комитеттерiмен және комиссияларымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ЮНЕСКО-ның басшы органдарының қызметiне қатысуын қамтамасыз етедi;

      8) ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламаларының дамуын қадағалайды және ынтымақтастықтың басымдықты бағдарламаларына қатысуға тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарды тартады;

      9) ұлттық деңгейде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты үйлестiредi және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы бағдарламаларының барысын бағалауды жүзеге асырады, ЮНЕСКО Хатшылығының сұрау салуы бойынша есептердi, статистикалық сауалнамаларды және өзге де ақпаратты дайындауды қамтамасыз етедi;

      10) түрлi қазақстандық мекемелер жүзеге асыратын ЮНЕСКО-ның

      бағдарламалары мен жобаларының iске асырылуына басшылық жасайды, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның аймақтық және халықаралық бағдарламаларына Қазақстан Республикасының қатысуына жауапты болады;

      11) ЮНЕСКО басшылық органдарының шешiмдерi, сондай-ақ маңызды халықаралық форумдар мен кеңестер туралы ақпарат таратады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      5. Комиссия, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын Ислам конференциясы ұйымының мекемесi болып табылатын Бiлiм беру, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастықты жүзеге асырады.

3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияны Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады және таратады.

      7. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi

      бекiтедi.

      ЮНЕСКО-ның жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi лауазымы бойынша Комиссия мүшесi болып табылады.

      8. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде жүзеге асырылады. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ, кемiнде жылына екi рет, оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан кезде өткiзiледi.

      9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және дауыс беруге қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Дауыстар саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмдерi хаттамалық шешiмдер түрiнде ресiмделедi және қажет болған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылық назарына жеткiзiледi.

      10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      11. Комиссияның Бас хатшысы Комиссияның ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi, ЮНЕСКО және ИСЕСКО-ның Хатшылықтарымен және олардың органдарымен хат-хабар алмасуды жүргiзедi, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО органдарында Комиссияның мүддесiн бiлдiредi.

      12. Комиссияның ағымдағы қызметiн жүзеге асыру және мемлекеттiк, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен күнделiктi байланысты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Бас хатшыға бағынатын хатшылық құрады, оған қатысушы министрлiктер мен ведомстволардың жауапты өкiлдерi кiредi. Хатшылық құрамы Комиссия отырысында бекiтiледi.

      13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссия хатшылығын үй-жаймен, байланыс құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етедi, сондай-ақ хатшылықтың ағымдағы қызметiн жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлейдi.

      14. Комиссияны жинақтау, оның жұмыс құрал-жабдықтарын жаңғырту немесе қатысу бағдарламасы шеңберiнде ұлттық өтiнiмдердi орындау мақсатында ЮНЕСКО мен ИСЕСКО бөлетін қаржылық қаражатты мақсатты түрде пайдалануға билiк етудi және бақылау жасауды Комиссия Төрағасы және Бас Хатшы жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 7 тамыздағы
N 1210 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық
комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 № 343 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі,

      Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, бас хатшы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық Федерациясының президенті

      Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры (келісім бойынша)

      Ш. Уәлиханов атындағы Этнология және тарих институтының директоры (келісім бойынша)

      Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының директоры (келісім бойынша)

      Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісім бойынша)

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры (келісім бойынша)

      Түркі академиясының президенті (келісім бойынша)

      М. Әуезов атындағы Қордың президенті, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің құрметті төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)

      Халықаралық мұражайлар кеңесі (ИКОМ) комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов

Олжас Омарұлы

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Есім Ғарифолла

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Байпақов

Карл Молдахметұлы

-

Қазақстан Республикасының Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының құрметті директоры, бас ғылыми қызметкері (келісім бойынша)

Северский

Игорь Васильевич

-

Қазақстан Республикасы География институтының бас ғылыми қызметкері, ЮНЕСКО-ның Халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)

Ященко

Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Зоология институтының бас ғылыми қызметкері, "Адам және биосфера" ұлттық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)