Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгісiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 922 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.03. N 99 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң (бұдан әрi - ЖҚТБ) және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңестің құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2004 жылғы 1 қыркүйектегі 
N 922 қаулысымен      
бекiтiлген        

ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу және оларға
қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы

Әйтiмова                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Бiрғаным Сарықызы         орынбасары, төрайым

Досаев                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы       сақтау министрi, төрайымның орынбасары

Ерасылова               - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Исидора Бекмұхамедқызы    министрлiгiнiң "ЖҚТБ-ның алдын алу және
                          оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық
                          орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң бас
                          директоры, хатшы

Әбусейiтов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы            бiрiншi вице-министрi

Белоног                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович    сақтау вице-министрi

Диқанбаева              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы           сақтау вице-министрi

Досжан                  - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы         вице-министрі

Тасболатов              - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы          министрінің орынбасары

Өскiмбаев               - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қажымұрат Бейiсұлы        вице-министрi

Исаев                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы       бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Әшiтов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы      халықты әлуметтiк қорғау вице-министрi

Бекбосынов              - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Сабыржан Мәдиұлы          вице-министрi

Ойнаров                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы          вице-министрi

Шәмшидинова             - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Күләш Ноғатайқызы         ғылым вице-министрi

Қанағатов               - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы      спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                          орынбасары

Асқаров                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Альберт Мұхтарұлы         сақтау министрлiгінің Мемлекеттік
                          санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          комитеті төрағасының орынбасары

Қожымратов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылбек Әубакiрұлы        шаруашылығы министрлiгi ветеринария
                          департаментінiң директоры

Рақышев                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ғалымжан Боранқұлұлы      сақтау министрлiгi "Қазақстан
                          Республикасының туберкулез проблемалары
                          ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң
                          директоры

Косухин                 - ББҰ-ның АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша Бiрiккен
Александр Борисович       бағдарламасының ұлттық кеңесшiсi
                          (келiсiм бойынша)

Исманқұлова Гүлнара     - Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымының
                          Қазақстан Республикасындағы үйлестiру
                          және байланыс жөнiндегi бюросының
                          жетекшiсi (келiсiм бойынша)

Шарман Алмаз            - Американың халықаралық даму жөнiндегi
                          агенттiгінiң жұқпалы аурулар бойынша
                          кеңесшiсi (келiсiм бойынша)

Сиврюкова               - Қазақстанның Yкiметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна       конфедерациясының президентi (келiсiм
                          бойынша)

Тұрмағамбетова          - Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау
Жемiс Өтегенқызы          жөнiндегi Қазақстандық халықаралық бюросы
                          директорының орынбасары

Аманжолов Нұралы        - "Шапағат" АҚТҚ табылған және олардың
                          жақындарын қолдау қоғамдық қайырымдылық
                          қорының президентi (келiсiм бойынша)

Хамитов                 - "Испат-Кармет" ашық акционерлiк
Мықты Хамитұлы            қоғамының қызметкерлер жөнiндегi бас
                          менеджерi (келiсiм бойынша).

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2004 жылғы 1 қыркүйектегі 
N 922 қаулысымен      
бекiтiлген        

  ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға
қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды өткiзудегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
      2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
      3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде жетiлдiру;
      2) АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру әрi халықаралық және басқа ұйымдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
      3) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша негiзгi бағыттарды анықтау;
      4) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық Қормен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.
      5. Кеңестiң негiзгі функциялары:
      1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгінде жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарау;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы іс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуын талдау;
      3) мемлекеттiк органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез мәселелерi жөнiнде халықаралық және басқа да ұйымдармен бiрлескен жұмысын қамтамасыз ету;
      4) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу жөнiндегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-шараларын жетiлдiру жөнiндегi мәселелердi қарау;
      5) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегi Ғаламдық Қорға гранттық қаражат алуға өтiнiмдер берудi үйлестіру болып табылады.
      6. Кеңестiң өз мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
      3) ЖҚТБ-ға және туберкулез iндетiне қарсы iс-қимыл бойынша iс-шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланыста өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңесті оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарға төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басшылық етедi. Төраға болмаған уақытта, оның функциясын орынбасар атқарады.
      8. Кеңестің хатшысы отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар мен оны өткiзу үшiн материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
      9. Кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді.
      10. Шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол үшін Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      11. Кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
      12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2004 жылғы 1 қыркүйектегі 
N 922 қаулысына      
қосымша          

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестіру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1084  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 322-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 шілдедегi N 647  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839  қаулысы 1-тармағының бiрiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1290  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 614  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 сәуiрдегi N 397  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат).

      7. "ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегi Ғаламдық Қормен жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1037  қаулысы .

      8. "Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 317  қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 15, 151-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1084 және 1998 жылғы 7 шiлдедегi N 647 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 468  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 212-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 935  қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 379-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 шілдедегi N 647 және 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 317 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 ақпандағы N 212  қаулысы .