Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 474.
     Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. ~P020397

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлену және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 810 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 340-құжат):
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа да орталық атқарушы органдар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Алматы қаласындағы мұражай үйiнiң құрылысы-қайта жаңарту жұмыстарына, сондай-ақ М.О.Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оған арналған мерейтой шараларын жүргiзуге байланысты шығыстарды тиiстi орталық атқарушы органдар мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен жүргiзсiн.
      Мерейтойлық шараларды әзiрлеу және өткiзу кезiнде мемлекеттiк сатып алулар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 P960586_ қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулардың жүйесi туралы Ережеге және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 P960925_ қаулысымен бекiтiлген, аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырылсын".
      2. "Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын мерекелеуге әзiрлiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 721 P960721_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 236-құжат);
      11-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына әзiрлiк жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар республикалық бюджетте көзделген тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қаражатының есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      Аталған шараларды жүзеге асыруға байланысты мемлекеттiк сатып алулар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 қаулысымен бекiтiлген, аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге сәйкес конкурстық негiзде жүргiзсiн".
      3. "II Орталық Азия ойындарын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 431-құжат):
      4 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. II Орталық Азия ойындарына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi шаралар 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қаражатының есебiнен жүргiзiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi II Орталық Азия ойындарына әзiрлiк және оны өткiзу кезiнде спорт құрылыстарын жөндеудi "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 қаулысымен бекiтiлген, аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге сәйкес жүргiзiлсiн".
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi