Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 807 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағай" республикалық оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бурабай" республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарына қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

      2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі