Кенесары ханның қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызды тарихи рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен және Ақмола облысының әкімімен келісілген 2002 жылы Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Комиссия Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
4. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 157 P010157_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 48-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңінде
республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің
тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолда "Орындалу мерзімі" деген бағанда "2001" деген
сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
5. Ақмола облысының әкіміне жоғарыда аталған іс-шараны өткізу жөнінде
қажетті қаражатты 2002 жылға арналған жергілікті бюджетте көздеу ұсынылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 12 қарашадағы
N 1440 қаулысына
қосымша
Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау
және өткізу жөніндегі республикалық комиссияның
Құрамы
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрі, орынбасар
Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы - Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының бірінші хатшысы
(келісім бойынша)
Жолдасбеков Мырзатай - Л. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры
Қошанов Аманжол Қошанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының Қоғамдық
және гуманитарлық ғылымдар
бөлімшесінің хатшысы, академик
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Астана қаласының әкімі
Кулагин Сергей Витальевич - Ақмола облысының әкімі
Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі Мәдениет
комитетінің төрағасы
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Шәмша Көпбайқызы және ғылым министрi
Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Қайдар Сейсенбайұлы ғылым министрлiгiнiң Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология
институты директорының мiндетiн
атқарушы (келiсiм бойынша)
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.