Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қаңтар N 137. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Уәкілетті органға

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға және 2000 жылға

арналған республикалық бюджетте көлденең шығындарға арналған қаражатының

есебінен Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 7250 (жеті мың екі жүз

елу) мың теңге бөлсін."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.