Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1157 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 № 478 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 51  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 2, 19-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ережеде:
      тақырыбындағы, кiрiспедегi, 1, 2 және 3-тармақтардағы "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "кең ауқымда және аймақтық ауқымда" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы абзац "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздердiң алдынан "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі