Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 сәуір N 455. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137 қаулысымен. ~P000137

      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің IDF 27224-KZ Грантын Қазақстанда бидайды өндірудің өнімділігін, ұтымдылығы мен тұрақтылығын жақсарту үшін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің IDF 27224-KZ Грантын іске асыру жөніндегі осы Гранттың

 

қаражатына билік ету құқығы бар жауапты атқарушы болып белгіленсін.

     2. Грант қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан

Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




   Оқығандар:     

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.