Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан
Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған
акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26
маусымдағы N 608
P980608_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Арақ, ликер-арақ бұйымдары,
күшейтілген сусындар,
күшейтілген шырындар
және бальзамдар 1 литр 80 1,7"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Арақ, ликер-арақ бұйымдары,
күшейтілген сусындар,
күшейтілген шырындар
және бальзамдар 1 литр 90 1,7".
2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді және
жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.